Лекции.Орг
 

Категории:


ОБНОВЛЕНИЕ ЗЕМЛИ: Прошло более трех лет с тех пор, как Совет Министров СССР и Центральный Комитет ВКП...


Архитектурное бюро: Доминантами формообразования служат здесь в равной мере как контекст...


Объективные признаки состава административного правонарушения: являются общественные отношения, урегулированные нормами права и охраняемые...

Рефлекстер және оның түрлері



 

Жүйке жүйесінің қызметі, әсіресе оның жоғары бөліктерініңқызметі, ұзақ уақыт зерттелмей келді. Жоғары жүйкеніңфизиологиясын зерттеуде дүние жүзінде орыс ғалымдарыныңсіңірген еңбегі ерекше. Орыс физиологиясының атасыИ.М.Сеченов (1829-1905) алғаш рет бас мидың материалистікфизиологиясын құрудың жолдарын белгіледі. 1963 жылы оның«Бас ми рефлекстері» атты белгілі еңбегі жарияланды. «Адамдапсихикалық және физиологиялық қозғалыс, - деп жазды ол, - пайда болу тәсілі бойынша рефлекстер» И.М.Сеченовтынбастаған мидың рефлексторлық қызметін зерттеу жұмысын
И.П.Павлов қатаң эксперименталдық негізге құра білді, рефлексұғымына жаңа мазмұн берді, шартты рефлекстерді алудыңмеханизмін ашты, жаңа ғылыми пән - жоғары жүйке қызметіфизиологиясыннегіздеді,психологияныңғылыми-жаратылыстану негізі, іргетасы болып табылады.

Рефлекс дегеніміз тітіркендіргішке агзаның кері жауабы, іс-әрекетті болып табылады. Мысалы, қолга электр тогін тигізетін болсақ, қолды тартып аламыз, ас ішкенде сілекей бөлінеді.

Ағзаның рефлекторлық әрекеті сыртқы немесе ішкі тітіргендіргіштердің әсерімен пайда болады. Сыртқы тітіркендіргіштерге сыртқы дүниеден әсер еткен тітіркендіргіштер (дыбыстар, жарық, дәм, иіс, жоғары немесе төменгітемпература) жатады. Ішкі тітіркендіргіштерге ағзаныңішкі ортасынан әсер ететін тітіркендіргіштер (ішкі мүшелердің қызметіндегі өзгерістер) жатады.

Рефлексте жүйке қозуы өтетін жолды рефлекторлық доға деп атайды. Рефлекторлық доға 5 түрлі бөлімнен тұрады:

1. рецептор;

2. сезгіштік немесе афферентік, ол арқылы тітіркендіргіш аймақтардан орталыққа беріледі;

3. орталық бөлім қозуды сезгіштік жүйкеден қозгалыс жүйкесін жасушаларына береді;

4. қозғалыс немесе эфференттік бөлім қозуды орталықтан орындаушы мүшеге береді;

5. орындаушы мүше бұлшық еттер мен бездерге жатады.

Рефлекстер - жүйке-физиологиялық қызметтері көмегімен жануарлар ағзасының сыртқы ортаға бейімделуі және оныңортамен байланысы іске асады.

Шартсыз рефлекстер - бұл туа біткен рефлекстер. Түйреуішті денеге тигізгенде, қолды тартып алу, ауызға тамақ барғанда сілекейдің бөлінуі - шартсыз рефлекстерге мысал бола алады.

Шартты рефлекстер - шартсыз рефлекстердің негізінде қалыптасады. Мәселен, иттерде (немесе басқа жануарларда) тамақ ішетін ыдысын көргенде (итаяғын) сілекейі боліне бастайды. Бұл

жерде тамақ ішетін ыдысы шартсыз емес, шартты тітіркендіргіш болып табылады.

Шартты рефлекс жануарларда, әсіресе адамдарда әруақытта да қалыптасады. Бұл құбылыс сыртқы ортаның өзгермелілігімен байланысты, оған жүйке жүйесі бейімделуі қажет, онымен жаңа уақытша байланыстар құру керек. Шартты рефлекстер әдісін пайдалана отырып, И.П.Павлов бас ми жартышарларының қызметі сыртқы ортадан жүйке жүйесіне және сонымен қатар ағзаның өзінен әсер ететін көптеген тітіркендіргіштердің талдаужәне жинақтау үрдістерінен тұрады.

Талдау мен жинактау И.П.Павлов анализатор деп атаған ерекше жүйке тетігінің көмегімен іске асады. Анализатор оның пікірінше жүйке-физиологиялық аппарат, ол сезгіштік жүйкенің перифериялық шегінен, жүйкенің өзінен сол тітіркендіргіштерді қабылдайтын үлкен жартышарлардың саласынан тұрады. Үлкен жартышарлар қабығы сыртқы ортадан келетін әртүрлі сигналдардың әсерімен күрделі аналитикалық-синтетикалыққызмет атқарады.

Сигналдар, ең алдымен анализаторға өз қасиетімен әрекет етуші қоршаған ортаның заттары мен құбылыстары болып табылады. Бұл әртүрлі көру, есту, дәм, иіс тітіркендіргіштерін И.П.Павлов бірінші сигнал жүйесі деп атады. Ол жануарларда және адамдарда болады.

Сөздер мен сөз тіркестері, ең алдымен адамдар оны естиді, сонымен қатар белгілі бір заттар мен құбылыстар туралы оған сигнал береді. Сөздер мен сөз тіркестерін И.П.Павлов екінші сигнал жүйесі деп атады. Екінші сигнал жүйесі адамның қоғамдық өмірінің жемісі және тек қана адамға тән. Жануарларда екінші сигнал жүйесі болмайды. Екінші сигнал жүйесін (сөзді, тілді) сигналдардың сигналы деп атады. Бірінші және екінші сигнал жүйелері бір-бірімен өзара тығыз байланыста іске асады. Екінші сигнал жүйесі адамзат ойлауының негізіне жатады, ол жинақталған түрде білімді есте сақтауға мүмкіншілік жасайды, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қызмет етеді.

 





Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 4003 | Нарушение авторских прав


Рекомендуемый контект:


Похожая информация:

  1. Ақшаның капиталға айналу процесін талдау және капиталдың жалпыға бірдей формуласын түсіндіру
  2. Ақшаның пайда болу ерекшеліктеріне тоқтала отырып, мәнін анықтау және негізгі атқаратын қызметтеріне талдау жасау
  3. Абілет пен табиғи нышандар және темперамент
  4. Азот тыңайтқыштарының құрамы мен қасиеттері және тиімділігін арттыру жолдары
  5. Активті және пассивті тарту кезіндегі темекі түтінінің әртүрлі ингредиенттерінің деммен алынған дозасы
  6. Алгебралық және трансцендент теңдеулерді сандық шешу. Графиктік әдіс
  7. Анталаудың түрлерін атап көрсетіңіз
  8. Атерсіз және қатерлі ісіктерге жалпы сипаттама беріңіз
  9. Бағыттылық түрлері: қалау, мүдде, идеал, дүниетану, сенім-наным
  10. Бап. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар және олар үшiн жауапкершiлiк
  11. Дәріс мәнмәтіні. Ндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстар
  12. Дәріс. Мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөліністер азаматтық-құқықтың субъектісі рерінде


Поиск на сайте:


© 2015-2019 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.002 с.