Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Психология салалары




 

Психологиялық білімдердің даму ерекшеліктері психологияның басқа ғылымдарға тәуелді байланысынан ғана емес, көп жағдайда олар қоғамдық тәжірибенің өрістеп жатқан қажеттерімен белгіленеді. Егер психология алғашқы уақытта теориялық тарапы басымдау, дүниетанымдық пән болса, қазіргі кезде ол өзінің танымдық қызметін сақтай отырып, өндірістегі, мемлекеттік басқарудағы, білім беру жүйесіндегі, денсаулық, заң мекемелеріндегі, мәдениеттегі, спорттағы және т.б. кәсіби тәжірибелік іс-эрекеттің бір саласына айналуда.

Сонымен, осы заман психологиясы көп тармақты білімдер жүйесі ретінде танылып, әртүрлі еңбек тәжірибесімен байланысуда. Әдетте, психология салаларын жіктеудің негізгі принципі - психиканың іс-әрекетте даму принципі. Сондықтан, көбінесе психология салаларын топтастыру негізіне адамдардың әртүрлі еңбектік әрекеттері алынады. Осыған орай психология келесі салаларға бөлінеді.

Еңбек психологиясы адамның қоғамдық өнімге бағытталған әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми үйымдастырудың психологиялық тараптарын зерттеумен бірге психология ғылымының дербес салаларына айналған білімдерге жіктеледі. Олардың ішінде: инженерлік психология, әуе психологиясы, ғарыштық психология және т.б. бар. Инженерлік психология негізінен адам мен машинаның қызметін бөлу және үйлесім проблемаларын шешетін автоматтандырылған жүйелерді басқарушы оператордың қызметін зерттейді; әуе психологиясы ұшуды үйрету мен ұшуды орындау үрдісінде адамның іс-әрекетін психологиялық тұрғыдан зерттейді; космос психологиясы ағзаға шамадан тыс психологиялық ауыртпалық түсетін ауасыз жагдайдағы адам іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін зерттейді.

Педагогикалық психологияның қызметі – адамдыоқыту ментәрбислеудің психологиялықзаңдылықтарын ашу. Педагогикалық психологияның бөлімдеріне немесе салаларына мыналар жатады: оқыту психологиясы (дидактикалық психология негіздерін зерттейді); тәрбие психологиясы (мектептегі тәрбие жұмысының психологиялық негіздерін зерттейді); ұстаз психологиясы (мұғалім мен шәкірттер арасындағы қарым-қатынастардың, мұғалімге қойылатын талаптардың психологиялық мәселелерін зерттейді).

Медиңиналық психология дәрігер қызметінің және ауру мінез-құлқының психологиялық мәселелерін зерттейді. Ол нейропсихологияға, психофармакологияға, психотерапияға, психопрофилактика мен психогигиенаға бөлінеді.

Нейропсихология - психикалық қүбылыстардыңфизиологиялық ми құрылымдарымен арақатынасын зерттейді.

Психофармакология - дәрі-дәрмек заттардың адамның іс-әрекетіне әсерін зерттейді.

ІІсихотерапия - ауруды емдеу үшін психикалық әсер ету тәсілдерін қолдануды зерттейді.

ІІсихопрофилактика мен психогигиена - адамдардың денсаулығын қамтамасыз ету үшін шаралар жүйесін талдауды зерттеу болып табылады.

Арнаулы психология - бірнеше бөлімдерге белінеді: патопсихология, олигофренопсихология, сурдопсихология, тифлопсихология.

Патопсихология - адамдардың дұрыс психикалық іс-әрекетінің бұзылуының әр түрлі түрін зерттейді.

Олигофренопсихология - мидың туғаннан болатын ақауына байланысты психикалық дамудың патологиялық сипатын зерттейді.

Сурдопсихология - есту сезімінің бұзылуына байланысты психологиялық ерекшеліктерді зерттейді.

Тифлопсихология - көру сезімінің бұзылуына байланысты психологиялық ерекшеліктерді зерттейді.

Заң психологиясы заң жүйесін іске асырумен байланыстыпсихологиялық мәселелерді қарастырады. Ол сот психологиясы,криминалды психология, пенитенциарлық немесе еңбекпен түзеупсихологиясы. Сот психологиясы тергеу үрдісіне:қатысушылардың мінез-құлқыныңпсихологиялықерекшеліктерін зерттеумен айналысады; криминалды психология деп мінез-құлықтың психологиялық мәселелерін және қылмыскер тұлғасын қалыптастыру мен қылмыстың себептерін анықтайтын саласын айтады; еңбекпен түзеу психологиясы еңбекпен түзеу колониясында ұсталғандардың психологиясы, сендіру жәнекөндіру әдістері арқылы тәрбиенің психологиялық мәселелеріменайналысады

Әскери психология адамның соғыс жағдайындағы қылық-әрекетін, қолбасшы мен оның билігіндегі сарбаз арасындағы қарым-қатынастың психологиялық тараптарын, әскерді рухтандырушы үгіт-насихат психологиясының әдістерін және әскери техниканы басқарудың психологиялық мәселелерін

зерттейді.

Аталған топ қатарына спорт, сауда, ғылым мен өнердің шығармашылық психологиясы да кіреді.

Психология тармақтарын топтастыру негізіне дамудың психологиялық қырлары да алынуы мүмкін. Бұл жағдайда психологияның даму принципі іске асады. Осыған байланысты психология келесі салаларға бөлінеді: Жас сатыларының психологиясы жеке адамның әртүрлі психикалық процестері мен психикалық қасиеттерінің онтогенезін (жеке даму) зерттейді де келесі салаларды өз ішіне қамтиды: балалар психологиясы, жасөспірімдер психологиясы, ересек адамдар психологиясы мен кәрілік психологиясы (геронтология).

Салыстырмалы психология - психикалық өмірдіңфилогенетикалық (біртұтас даму) формаларын зерттейді.

Әлеуметтік психология деген атпен психологияның көптеген салалары бірігеді. Әлеуметтік психология адамдардың әртүрлі ұйымдасқан ресми немесе ұйымдаспаған бейресми топтарда көрініс беретін психикалық болмысын зерттеумен шұғылданады.

Жалпы психология барлық психология салаларының ішінде айрықша орынды иеленетінін атап өткен жөн. Бұл тараудың негізгі міндеті - психологияның әдіс мәселелері мен тарихын, психикалық құбылыстардың пайда болуының, дамуының және болмыстың жалпыланған заңдылықтарын ғылыми нақтылау. Сонымен бірге жалпы психология танымдық және тәжірибелік іс-әрекетті де зерттейді. Жалпы психология зерттеулерінің нәтижесі - психология ғылымының барша салалары мен белімдерінің іргетасы қызметін атқарады.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-10-01; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2388 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Сложнее всего начать действовать, все остальное зависит только от упорства. © Амелия Эрхарт
==> читать все изречения...

2194 - | 2077 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.