Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тапсырма




1. Сәл қышқылдандырылған пастерленбеген сыраны (сыраға өзінің көлемінен 10 немесе 20%, күштілігі 6%-дық асханалық сірке қышқылы), сіркеқышқылды бактериялардың жинақтаушы дақылдарын алу үшін қоректік орта ретінде пайдаланады. Көлемі 100-150 мл конусты колбаларға қоректік ортаның 30-50 мл құяды (бақылау ретінде: 30-50 мл қышқылданбаған сыра алынады).

2.. Пастерленгбеген сыра ортаны сіркеқышқылды бактериялармен зақымдауға мүмкіндік туғызады. Субстраты бар колбаны 25-30оС термостатқа қояды. Сіркеқышқылды бактериялардың жинақтаушы дақылын алу кезінде температураны ескеру керек.

3. Йодпен байланысын анықтау

4. Сапалық реакцияжүргізу

Лабораториялық жұмыстың орындалу тәртібі

Қолданылатын материалдар: жаңа немесе балғын (свежее) сырасы; шарап сіркесі; этил спирті; йод; 50 немесе 500 мл колбалар; 1 мл пипеткалар; 50мл шкаласы бар цилиндр; шыны таяқшалары; микроскоп; заттық және беттік шыны.

Тәжірибелік жұмыс екі этап бойынша жүреді:

Бірінші сабақтың жұмыс жоспары:

1. Сыра және шарап құрамынан - сірке қышқыл бактерияларының жинақтама дақылдар алу.

2. Зерттеу үлгілерін алдын ала микроскопиялық зерттейді. Мысалы, сыра, шарап, алма сығындысы және т.б.

 

Екінші сабақтың жұмыс жоспары:

1. Ашыған сұйықтықтарда түзілген беттік қабатын (пленка) микроскоптау.

2. Acetobacter туыстарын анықтау және суреттерін салу.

 

Зерттеу объектілері:

1. Сыра және шарап құрамынан сірке қышқыл бактерияларының жинақтама дақылын бөліп алу.

 

 

Бірінші сабақ жоспары:

Жұмыс жасау әдісі:

1. Сірке қышқыл бактерияларының жинақтама дақылын алу үшін - 100 мл балғын сыра алынып, оны колбаға 2 см мөлшерде құяды және оны сірке қышқылымен (1 мл) қышқылдандырады (шарап сіркесімен). Кейін колбадағы ортаны энергетикалық материалмен байыту үшін, үстіне тағы да 0,5 мл этил спиртін (40%) құяды. Колбаларды пахталы тығындымен жауып, 30-350C температураға термостатта дақылданады.

2. Орам жапырақ + сыра + өндірістік сірке қышқылы алынады. Кейін колбадағы ортаны энергетикалық материалмен байыту үшін, үстіне тағы да 0,5 мл этил спиртін (40%) құяды. Колбаларды пахталы тығындымен жауып, 30-350C температураға термостатта дақылданады немесе качалкада өсіру.

Ескерту: техникалық спирт қолданылса, онда ортаға қосылады: MgSO4 немесе (NH4)2HPO4

 

Екінші сабақтың жұмыс жоспары:

1. Ашыған сұйықтықтарда түзілген беттік қабатын (пленка) микроскоптау.

2. Acetobacter туыстарын анықтау және суреттерін салу.

 

Жұмыс жасау әдісі:

Нәтижесінде 5 тәуліктен соң, сыра бетінде сіркеқышқыл бактерияларының негізінде түзілген ақ сұр қабат пайда болады. Түзілген қабатты микроскоп арқылы бақылау және сіркеқышқыл бактерияларының морфологиясын жоғарыда берілген қосымша сурет 1 бойынша салыстырамыз, тәжірибелік жұмыс барысында бақыланған сіркеқышқыл бактерияларының суретін дәптерге түсірміз.

Сіркеқышқыл бактерияларын анықтау үшін микроскоптық препарат йодпен боялады.

Бұл кезде:

- Йодпен өңделген Acetobacter aceti клеткалары сары түске боялады.

- Acetobacter pasteurianum көк түске боялады және сұйықтық бетінде (колбада) жиырылған құрғақ қабат түзеді.

- A. xylinum түрішырышты қабат түзіп, колбаның түбіне тұнбаға отырады, ал оның клеткалары йодпен көк түске боялады.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2015-10-01; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 662 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Что разум человека может постигнуть и во что он может поверить, того он способен достичь © Наполеон Хилл
==> читать все изречения...

2457 - | 2271 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.