1.Макроорта деңгейі
2.Микроорта деңгейі
3.Кәсіпорындағы маркетингтті ұйымдастыру
Тақырып бойынша басты түсініктер: Маркетингттік орта, макроорта, микроорта, демографиялық орта, экономикалық орта, табиғи орта, ғылыми-техникалық орта, саяси орта, мәдени орта, жеткізушілер, маркетингтік делдалдар, сауда делдалдары, клиенттер, бәсекелесушілер
1 Макроорта деңгейі
Макроортаны микроортаға ықпал ететiн әлеуметтiк саладан гөрi кең, демографиялық, экономикалық, табиғи, техникалық, саяси және мәдени сипаттағы факторлар сияқты күштер.
Фирманың қызмет ету макрортасының негiзгi факторлары.
Фирма және оның жеткiзушiлерi, маркетингтiк делдалдары, бәсекелесушiлерi және қатынастық аудиториялары, жаңа мүмкiндiктер беретiн, немесе жаңа өндiретiн күштердiң анағұрлым кең макроортасына әрекет етедi. Осы күштер – «бақылауға көнбейтiн» факторлар болып табылады. Фирма оларды назарынан тыс қалдырмай, жауап қайтарып отыруы тиiс. Макроорта алты негiзгi күштерден құралады:
1. Демографиялық орта. Демография – халықтың саны, тығыздығы және т.б. бойынша зерттейтiн ғылым. Маркетингiмен айналысушылар үшiн демографиялык орта аса маңызды мәселе, өйткенi нарықтар адамдардан құралады.
2. Экономикалық орта. Адамдардың өзiмен бiрге олардың сатып алуға қабiлеттiлiгi үлкен маңызға ие болады. Сатып алуға қабiлеттiлiктiң жалпы деңгейi табыс, баға, жинақ қаражаты және несие алу жеңiлдiгiне байланысты. Экономикалық құлдырау, жұмыссыздық, несие алу құнының өсуi сатып алуға қабiлеттiлiгiне күш әсерiн тигiзедi.
3. Табиғи орта. Шикiзаттың кейбiр түрлерiнiң тапшылығы. Ауа мен су табиғи ресурстардың таусылмас түрi болып көрiнгенiмен, қоршаған ортаны қорғаушылар келешекте оларға да қауiп төнуi мүмкiн деп саналады. Орман, азық-түлiк сияқты қайта жаңарып отыратын ресурстарды пайдалану назар аударуды талап етедi. Қуатт ың қымбаттылығы. Келешекте экономикалық дамуды қамтамасыз етудегi ең күрделi проблема табиғи ресурстардың орны толмайтын түрi – мұнаймен байланысты. Дүние жүзiндегi өнеркәсiп дамыған жетекшi елдердiң экономикасы мұнайдың жеткiзiлiмiмен тiкелей байланысты, осы қуат тасушының экономика тұрғысынан тиiмдi алмастырушысы табылмай, дүниежүзiлiк саясат пен экономикада мұнай жетекшi рөл атқаратын болады.
4. Қоршаған ортаның ластануы. Адамның өнеркәсiптiк қызметi табиғи ортаға зиянын тигiзiп отырады. Жұртшылықтың осыған алаңдауы болып жатқан оқиғаларды тез сезетiн фирмаларға жақсы маркетингiлiк мүмкiндiктердi ашады. Мемлекеттiң табиғи ресурстарды тиiмдi пайдалану және ұдайы өндiру процесiне араласуы. Маркетинг қызметiнiң басшылары қоршаған ортаға зиян келтiрмей фирмаға қажет табиғи ресурстарды алып отыруы үшiн осы өзектi мәселелердi үнемi назарында ұстауы қажет.
5. Ғылыми-техникалық орта. Адам тағдырын шешетiн драмалы күштердiң бiрi – қолданбалы техника ғылымы. Ғылыми-техникалық кешенге деген көзқарас екi түрлi амалды, оның ғажайып жетiстiктерi таңдандырады немесе өрескел қателiктерi, залалдары ойға батырады. Нарық қызметкерлерi ғылыми-техникалық процесс шеңберiндегi жетекшi тенденцияларға үнемi назар аударғаны жөн. Шексiз мүмкiндiктердiң пайда болуы. Бүгiнгi таңда ғалымдар бiздiң тауарларымыз бен өндiрiс процестерiн түбегейлi өзгерiсте алатын жаңа технологияларды әзiрлеу үстiнде. Осындай қызықты әзiрлемелер әсiресе биотехнология, электроника, роботтық техника, материалтану саласында жүргізiлiп жатыр.
6. ГЗЖ қаржы бөлу. Ғылыми зерттеу жұмыстарына авиациялық және зымыран-ғарыш өнеркәсiбi; электротехника өнеркәсiбi; химиялық өнеркәсiп; машина жасау; автокөлiк өнеркәсiбi сияқты салалар көп қаржы жұмсайды. Бар тауарларды шағын мөлшерде жетiлдiруге көп көңiл бөлiнуi, ірi жаңалық енгiзiп, тәуекелдiлiкке барғанша, көптеген компаниялар бар тауарларын аздап жетiлдiрумен айналысады. Көбi қаржыны басекелесушiлерiнiң тауарларын көшiру және олардың сипаттамасын елеусiз жетiлдiру iсiне жұмсайды. Зерттеу жұмыстарының көбiне шабуыл сипаты емес, қорғану сипаты тән.
Тауарлардың сапасы мен кауiпсiздiгi үшiн мемлекеттiк бақылаудың күшеюi.
Жұртшылыққа ұсынылып отырған жаңа тауар қауiпсiз екендiгiн бiлу қажет. Мемлекеттiк мекемелер тауарларды зерттеп тексередi. Және қауiпсiздігін сатуға тыйым салады. Азық-түлiк, дәрi-дәрмек және косметика өнiмдерiнiң сапасын бақылау жөнiндегi басқарма жаңадан шығарылатын дәрi-дәрмектi тексеру туралы толық нұсқаулық шығарады, бұл өнеркәсiптiк зерттеу жүргiзу шығынын едәуiр өсiрiп, жаңа препарат шығару туралы ойдың пайда болуы мен оны нарыққа шығару арасындағы уақытты екi есеге дерлiк ұлғайтты (бес жылдан тоғыз жылға дейiн). Тамақ және автокөлік өнеркәсiбi, киiм және электр аспаптарын өндiру, құрылыс сияқты салаларда тауардың қауiпсiздiгi мен зиянсыздығына деген талап қойылады. Нарық қызметкерлерi осы талаптарды жете бiлуi тиiс.
Ғылыми-техникалық прогресс табиғатқа, адамның жеке өмірiне араласу қаупi бар, адамның жаратылысына қауптi деушiлер қарсы әрекет етедi. Әр түрлi топтар атом электростанцияларын, биiк үйлер, ұлттық парктерде, атракциондар салуға қарсылығын бiлдiредi.
Нарық қызметкерлерiне ғылыми-техникалық ортада болып жатқан өзгерiстерден, жаңа техника мен технологияны адам мұқтажын қанағаттандыру қызметiне қалай қозғау болатынынан хабардар болуы тиiс. Оларға техника ғылымдары мамандарымен тығыз байланыста еңбек етiп, ғалымдарды нарыққа бағытталған зерттеулер жүргiзуге ынталандыру қажет. Олар кез келген жаңа тауар туралы алушылар үшiн зиян, олардың сенiмсiздiгiн туғызып, қарсы әрекетке мәжбүрлейтiн жағымсыз тұстарын алдын ала бiлiп отыруы тиiс.