Бактериологиялық әдіс 3 кезеңнен тұрады.
1.Қоректік ортаға себінді жасап, таза бактериалдық өсіндісін бөліп шығару және оның культуральдік және ферментативті қасиеттерін анықтау.
2.Боялған препараттардың микроскопиясы.
3.Бөлінген бактерияның вируленттілігін анықтау үшін зертханалық жануарларды жұқтыру.
Бактерияны бөліп алу
Иммунды ферментті талдау
Иммундық ферментті талдау- жасушаларды моноклондық антиденелермен өңделген парамагнитті бөлшектердің көмегімен айыру. Сараптау үшін тұтас қан пайдаланылады. Бір уақытта 43 үлгіні зерттеуге болады.
Иммунды ферментті талдау бөлімімен танысу
Паразитология бөлімі
Паразитология- бір организмнің екінші ағза есебінен қоректенуін, паразит пен оның иесінің байланысын, өзара қарым- қатынасы, олардың қоршаған ортаға тәуелділігін, дене құрылысы, тіршілігі, дамуы, жан-жаққа таралуын, сондай-ақ адамның, жануарлар мен өсімдіктердің паразиттік ауруларвын, олардан арылу, сақтану жолдарын зерттейтін кешенді ғылым саласы.
Токсикология бөлімі
Токсикология- удың қасиеттерін, организмге тигізетін әсерін, улану салдарынан туатын өзгерістерді, уланған адамды емдеу әдістерін зерттейтін сала.
Биосынама
Микология бөлімі
Микология- саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым. Негізгі мақсаты саңырауқұлақтың морфологиясын, түрлік құрамын, жүйелік топтарын, биологиясын, экологиясын, физиологиясын, филогениясын сондай-ақ табиғатта таралуы мен адам тіршілігіндегі маңызды зерттеу.
Орытынды
Мен, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің, республикалық ветеринарлық зертхана шаруашылық жүргізу құқығындағы, республикалық мемлекеттік кәсіпорны қостанай облыстық филиалында өндірістік практикадан өттім. Практика 2 ай көлемінде болды. Мен практика барысында өзіме керекті көптеген мәліметтерді алдым. Практиканың алғашқы күні зертхананың бөлімдерімен, қауіпсіздік ережелерімен таныстым. Мен үшін қиын болған бөлімі сереология бөлімі болды. Онда біз биоматериалдары қабылдап алып, оны зерттедік. Сереология бөлімі басқа бөлімдерге қарағанда малдың ауру не сау екенін жылдаырақ және нақтырақ зерттейді. Қолымыздағы 44 дана қан үлгісінің қорытындысы 35 сау, 3 бруцелоз, 2 хламидоз, 4 лейкоз екенін көрсетті.
Практика барысында тағы да басқа зерттеулерді жүргіздік. Жетекшіге көмек бердім. Айдың соңында зертхананы тазаладық. Практикадан өзіме керекті көптеген мәліметтерді алдым.
Олданылған әдебиеттер тізімі
1. Жұбанова А.А, Абдиева Г.Ж, Шөпшібаев Қ.К. Биотехнология негіздері. Алматы., «Қазақ университеті», 2006., - 110 б.
2. Артамонов В.И. Сельские профессии биотехнологии., М., изд-во МСХА., 1992г., 126 с
3. Интернет желісі