Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Ветериналық зертхананың бөлімдері

Ветеринарлық зертхана екі бөлімнен тұрады: жануар ауруларының диагномтика бөлімі және азық қауіпсіздігі бөлімі. Оның ішінде- қабылдау бөлмесі, паталого анатомиялық, сереологиялық, бактериологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, радиобиологиялық, токсикологиялық, азық микробиологиялық бөлімдері.

Әрбір зертханада бірнеше бөлімшелер болады:

1.Бактерия не вирустың жеке тобымен жұмыс істейтін бокстар.

2.Сереологиялық зерттеуге арналған бөлімше.

3.Қоректік ортаны дайындауға арналған бөлімше.

4.Стерилизация мен ыдыстарды жууға арналған бөлімше.

5.Тәжірибелік және сау жануарларды ұстайтын бөлме.

6.Тапсырылған анализді қабылдап тіркейтін бөлім.

7.Киім ауыстырып сақтайтын бөлме.

Ыдыс жуатын бөлмеде столдар, ыстық және суық су, газ және электр пеші, жуылған ыдысты қоятын жер, сорыпалатын шкаф, эмальді ванналар, шылапшындар және басқа ыдыстар, пипеткаларды, зат шынысы және тағы басқа ыдыстарды залалсыздандыруға арналған шыны ыдыстағы ерітінділер болуы керек.

Ветеринарлық мекеменің микробиологиялық, бактериялық зертханасында инфекция ауруының қоздырғыштарымен жұмыс істеген соң, оның жұғып кетуінен сақтану үшін қатаң түрде ішкі тәртіпті сақтау керек:

1.Лабораторияға жұмыс істеуге кіргенде міндетті түрде халат, қалпақ, аяқ-киім, ауыстыру керек. Жұмысты тек арнайы киіммен өткізу керек.

2.Лабораторияда тамақ ішуге, темекі тартуға тыйым салынады.

3.Жұмыс орны тәртіаке сай жинақты болуы керек, қызметкерлердің артық заттары арнайы бөлмеде сақталуы керек.

4.Жұмыс біткеннен кейін қолды сабынмен жуып, қажетті жағдайда дезинфекциялық ерітіндісімен шаю керек.

5.Тек залалсыздардырылған ыдысты қолдану керек.

6.Жұмыс істеу алдында және соңында жұмыс орнына дезинфекция жасайды.

Әрбір лаборатория мына құрал-жабдықпен жабдықталады: биологиялық иммерцияонды микроскоп, қосымша көмекші құралдар мен жарықтандыру- фазалық құрылым, сонымен қатар, люменесценттік микроскоп, термостат, анаэростат, автоклав, кох аппараты, кептіру шкафы, дистилятор, центрифугалар, сүзгіш аппараттар, зейц сүзгіштері, тоңазытқыш, дәрілік мақта, бактериологиялық ілмек, шпатель, ине, пинцет, скальпель және тағы басқа. Зертханалық ыдыстар, химиялық стакандар, колбалар, Петри табақшасы. Лабораторияның барлық бөлмелері желдеткішпен және канализация, электроэнергиямен қамтамасыз етілуі керек.

 

Сереологиялық бөліммен танысу

Сереологиялық әдіс- аурудың қан сарысуынан вирусқа қарсыантиденелерді анықтау. Бұл әдіс вирустарға қарсы қан сарысуындағы антиденелертитрін НР, РТГА, РИФ, ИФА, РИА, РСК реакциялары арқылы анықтайды. Сереологиялық диагностикада науқас адамның қан сарысуында арнайы антиденелердің түзілуі мен ауру барысында жиналуына негізделген. Бұл әдіс вирусты ауруларға диагноз қоюда кең қолданылады (себебі, ағзасында вирусқа қарсы көптеген антиденелер түзіледі), және вирустың таза дақылын бөліп алудың қиындығына байланысты серологиялық зерттеу әдісін қолдану қолайлы және эпидемиологиялық анализде инфекциялық ауруларды анықтауда маңызы өте зор.

Люминисценттік микроскоп.

Вирусология бөлімі

Вирусологиялық әдіс- патологиялық материялдағы вирусты анықтау. Бұл әдіс вирусты биологиялық сезімтал обьектілерден НР, РТГА, РТГ, ИФА, РИФ, РИА, РСК және басқа да реакциялар арқылы анықтайды.

Вирусологиялық зерттеудің 2 әдісі бар:

1.клиникалық материалдан вирустарды бөліп шығару

2.бөлінген вирустардың түрлерін анықтау немесе салыстыру.

Вирусты анықтау үшін алынатын зерттеу материалы әртүрлі болады, ол инфекциялық процестің динамикасына және вирустың тропизміне байланысты. Мысал: тұмау болса жұтқыншақтан бөлінетін шырыш, везикуладан қырып алынған материал, құтыру ауруында зақымдалған малдың сілекейі және өлгендердің ми тіндері, сілекейдегі бөлінділері зерттеледі. Вирусты анықтау мақсатында патологиялық материалмен сезімтал лабораториялық жануарларды, тауық эмбриондарын және торша өсіндісіне жұқтырады. Мысалы: тұмау инфекциясында вирус бар материалды торша өсіндісіне егіп немесе күзендер мен тышқандардың мұрын қуысы арқылы жұқтыруға болады. Вирусологиялық зерттеуде біркелкі жануарарды пайдаланған дұрыс. Өйткені олардың генотиптік және фенотиптік қасиеттері ұқсас инфекцияға өте сезімтал.

Биосынама



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Ветеринарлық зертханаға сипаттама, жұмыс істеу бағыты, мақсаты | Бактериология бөлімі
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-11-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1065 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Настоящая ответственность бывает только личной. © Фазиль Искандер
==> читать все изречения...

2364 - | 2088 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.