Лекции.Орг


Поиск:




Мемлекеттік меншікті басқару реформаларының басты стратегиялары.

Мемлекеттік меншік объектілерін басқаруды жетілдірудің негізгі бағыттары

Мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру тұжырымдамасы мемлекеттік меншікті басқару жүйесін жетілдіру бағытында келесі мақсаттарды белгілейді:

§ Экономикалық өсімнің тұрақты алғышарттарын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік меншік құрылымдарын оңтайландыру;

§ Мемлекеттік меншік объектілерін толықтай шаруашылық айналымына ендіру;

§ Мемлекеттік меншікті тиімді басқару нәтижесінде республикалық бюджеттің кірісін арттыру;

§ Мемлекеттік активтерді экономиканың нақты секторына инвестиция тарту құралы ретінде қолдану;

§ Экономиканың мемлекеттік секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыру, қаржы-шаруашылық көрсеткіштерін жақсарту және т.б.

Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін төмендегідей мәселелер шешімін табуы қажет:

- мем. меншік объектілерін толық есепке алу, осы объектілерді тіркеу жүйесін жасақтау және жүзеге асыру және оларға мемлекет құқығын рәсімдеу;

-  мен.меншік объектілерін оларды басқару ерекшеліктеріне қарай жіктеу;

- қатысушы ретінде мемлекеттің құқығын қамтамасыз ету;

- мем.меншікті басқару тиімділігін арттыруда қазіргі заманғы әдістерді және қаржылық құралдарды қолдану, құқықтық басқаруды реттеу;

- мемлекеттік мүлікті пайдалану және сақталуын және оларды басқаруға жауапты тұлғалардың қызметіне бақылау жасау

Мемлекеттік меншікті басқаруды жетілдірудің ақырғы мақсаттары төмендегідей:

§ мемлекеттік унитарлы кәсіпорындарды басқаруды жетілдіру;

§ мемлекеттік акция пакеттерін басқару;

§  жылжымайтын мүлікті басқаруды жетілдіру;

Мемлекеттік унитарлық кәсіпорындар.

Жалпы алғанда, мемлекеттік меншік объектілерін басқаруды жетілдіру бағыттары объектілердің типіне қарай анықталады. Мемлекеттік унитарлық кәсіпорындарға қатысты жетілдірудің негізгі бағыттары төмендегідей блуы тиіс:

- Жарғыларды бекіту немесе қайта бекіту;

- кәсіпорын басшыларын аттестаттау;

- басшыларды конкурстық негізде тағайындау;

- кәсіпорын қызметіне ағымдық бақылау жүргізу;

- бекітілген формаға сай есептер мен көрсеткіштерді жариялау;

- бекітілген әдістерге сай кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштерін анықтау мақсатында аудиторлық тексерулер жүргізу;

- Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің экономикалық тиімділігінің ақпараттық реестріне тіркеу.

Унитарлық кәсіпорындар – меншік иесі кәсіпорынның өзі емес, мемлекет болып табылаты коммерциялық кәсіпорындар. Бұл кәсіпорынды мемлекет өкілетті органдар арқылы тікелей басқарады және оны меншік иесі немесе өкілетті орган тағайындаған басша басқарады. Унитарлық кәсіпорындар екіге бөлінеді:

- шаруашылық жүргізу құқығына негізделген;

- жедел басқару құқығына негізделген немесе қазыналық кәсіпорын.

Мұндай кәсіпорындарды реформалаудың негізгі бағыттары 9-суретте көрсетілген.

 

     
 
Мемлекеттік унитарлық кәсіпорындар

 

 


Сурет 9- Мемлекеттік унитарлық кәсіпорындарды реформалау бағыттары мен формалары

Мемлекеттік меншікті басқару реформаларының басты стратегиялары.

Елде мемлекеттік басқаруды дамыту қарқындары Қазақстан экономикасын басқаруды жетілдіруді, министерстволар мен ведомстволар қызметін бақылауды көздейді және ел экономикасының өсіміне қол жеткізуге бағытталады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi өз құзыретiнiң шегiнде республикалық меншiк, жекешелендiру объектiлерiн басқару және экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттік мониторингi салаларында iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң ведомствосы болып табылады.
Комитеттің негiзгi мiндеттерi мыналар:

§ республикалық меншiк және жекешелендiру объектiлерiн басқарудың мемлекеттiк саясатын iске асыру;

§  республикалық меншiкке қатысты меншiк иесiнiң құқықтарын iске асыру;

§ заңнамада белгiленген тәртiппен республикалық меншiк объектілерiнiң мақсатты және тиiмдi пайдаланылуын бақылау;

§ республикалық меншiк объектiлерiн жекешелендiру және республикалық меншiктi сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылау;

§   экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингi болып табылады.
Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен:

§   республикалық меншiк және жекешелендiру объектiлерiн басқару саласында мемлекеттік саясатты iске асыруды қамтамасыз ететін функциялар:
республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты республикалық меншiк (уәкiлеттi орган) құқығының субъектiсiн; мемлекеттiң қатысуымен мемлекеттiк емес заңды тұлғалар органдарында Комитеттiң және мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қатысуын қамтамасыз етудi; республикалық мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлген негiзгi қаражатты қабылдау-беру және есептен шығару мәселелерiн келiсудi; республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату кезiнде жарғыларды, бөлу және тарату теңгерiмдерiн, сондай-ақ беру кесiмдерiн бекiтудi; республикалық меншiк және жекешелендiру объектілерiн басқару мәселелерi жөнiндегi заңнаманы қолдану тәжiрибесiн талдауды және қорытындылауды; республикалық меншiк мәселелерi бойынша мемлекеттің мүдделерiн бiлдiру және оның мүлiктiк құқықтарын қорғауды;

 

10-суретте мемлекеттік меншікті басқаруды реформалау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бейнеленген.


 

 

 


Сурет 10 – Жекешелендіру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары

 

§ бақылау-қадағалау функциялары: республикалық мемлекеттiк заңды тұлғаларға шаруашылық жүргiзу және жедел басқару құқығында бекiтілген мүлiктiң тиiмдi пайдаланылуын тексерудi ұйымдастыру және жүргiзу;
республикалық мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлген мүлiктi мүлiктiк жалға (жалдау) беру мониторингін ұйымдастыруды және жүргiзудi;
меншiк объектілерiн, сондай-ақ мемлекеттiң меншiк үлесi бар объектiлердi басқару тиiмдiлiгi мониторингiн ұйымдастыруды және жүргiзуді;
экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн ұйымдастыру мен жүргiзудi және мониторинг субъектiлерiнiң және қатысушыларының әрекеттерiн үйлестiрудi; меншiктiң мемлекеттiк мониторингiнiң бiрыңғай электрондық деректер қорын енгiзудi және мемлекеттiк органдардың оған қол жеткiзуiн қамтамасыз етудi;
мемлекеттiк органдарға иелену және пайдалануға берiлген акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн және мемлекеттiк қатысу үлестерiн тиiмдi басқарылуын бақылауды жүргiзудi және ұйымдастыруды; сатып алушылардың республикалық меншiк объектiлерiн сатып алу-сату шарттарына сәйкес мiндеттемелердi орындауын, сондай-ақ өзге де шарттық мiндеттемелердiң орындалуын бақылауды; республикалық меншiк объектiлерiн сенiмдi басқару (концессиялар) шарттарына сәйкес олардың мiндеттемелердi орындау мәселесi бойынша бақылау, оның iшiнде сенiмдi басқарушыларына (концессионерлерге) тыңдау жүргiзудi; республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар мен мемлекеттiң қатысуымен мемлекеттiк емес заңды тұлғалар қызметiнiң тиiмдiлігін талдауды жүзеге асырады.   

 

Бекітуге арналған сұрақтар:

1. Мемлекеттік меншікті басқаруды реформалау саласындағы мемлекеттік саясаттың

2. ҚР-дағы жекешелендіру кезеңдері

 

Қолданылатын негізгі әдебиеттер: 1,2

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Причины недоношенности со стороны матери | Технологическая карта теоретического занятия № 3
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-11-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 521 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Велико ли, мало ли дело, его надо делать. © Неизвестно
==> читать все изречения...

998 - | 765 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.