Жалпы емінің жоспарына қай препаратты кіргізу жөн?
/
Иммуноглобуллин
/
Дексаметазон
/
Цефтриаксон
/
Ацикловир
/
Вакцина
!
21 жасар ер адам инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Ауырғанына 6 күн болған, түскен кездегі шағымдары: әлсіздік, оң жақ қабырға тұсындағы ауырсыну, бастың ауырсынуы, тамаққа тәбетінің жоқтығы, жүрек айну, зәрдің қоңыр болуы, тері қабатының сарғаюы. Зәрдің түсі ауырғаннан 3 күннен соң қоңырлаңған, 4 күннен соң денесі сарғайған. Жанұяда науқастар жоқ.
Қарағанда: науқастың жағдайы орташа ауырлықта, тері қабаты, склерасы сарғайған. Бауыр 3 см қабырға астынан шығып тұр, көк бауыр сол жақ қабырға тұсында.
ЖҚА: Лейкоциттер - 6700; т/яд – 6%, с/яд – 40%, лимф.- 42%, мон.- 12%.
Келтірілген биохимиялық анализдің қайсысы бұл ауруға анағұрлым сәйкес?
/
Билирубин жалпы– 137 мкмоль/л; тікелей – 97 мкмоль/л; АлАТ – 2,1 мккат/л; сілтілі фосфатаза 1,0 мккат/л
/
Билирубин жалпы – 235 мкмоль/л; тікелей – 198 мкмоль/л; АлАТ – 0,46 мккат/л; сілтілі фосфатаза 6,3 мккат/л
/
Билирубин жалпы – 20,0 мкмоль/л; тікелей – 3,0 мкмоль/л;; АлАТ – 0,40 мккат/л; сілтілі фосфатаза 1,2 мккат/л
/
Билирубин жалпы – 67 мкмоль/л; тікелей –7 мкмоль/л; АлАТ – 0,42 мккат/л; сілтілі фосфатаза 1,0 мккат/л
/
Билирубин жалпы – 137 мкмоль/л; тікелей – 97 мкмоль/л; АлАТ – 1,9 мккат/л; сілтілі фосфатаза 5,1 мккат/л
!
25 жасар әйел адам учаскелік терапевт-дәрігерге келесі шағымдармен келді: дене қызуы 38,5 – 39°С, іштің толғақ тәрізді ауырсынуы, іштің өтуі, нәжісі сұйық 15 рет/тәулігіне, аз мөлшерде. Ауру жедел басталған, осынан 2 күн бұрын іштің ауырсынуы, жиі сұйық нәжіс, кешкісін дене қызуы 38,5°С дейін көтерілген. Жанұйясында барлығы сау.
Қарағанда: дене қызуы 38,2°, тері қабаты қалыпты, ылғалды. Тілі ақ жабындымен жабылған. Іші сол жақ мықын аймағында ауырсынады, пальпация кезінде сигма тәрізді ішегі түйілген. Нәжісі аз мөлшерде, кілегей аралас, қан жолағы қосылған.
Емхана жағдайында бұл аурудың ерте диагностикасында келтірілген зерттеудің қайсысы қолданылады?
/
Копроцитологиялық зерттеу
/
Серологиялық зерттеу
/
Паразитологиялық зерттеу
/
Биохимиялық зерттеу
/
Бактериологиялық зерттеу
!
45 жасар ер адам, инфекциялық ауруханаға келіп түсті. Бүгін ертеңгісін ауырған, 14 сағат бұрын саңырауқұлақ консервісін жеген. Эпигастрий ааймағының ауырсынуы, көз көргіштігінің бұзылуы, жұтудың бұзылуы, бұлшықеттердің әлсіздігі болған. Кейін қосарланып көру пайда болған.
Объективті: дене қызуы 36,6°С, екі жақтық птоз, мидриаз, жұмсақ таңдайдың парезі, афония, афагия. Қарағаннан 30 мин кейін тынышсыздық пайда болды, ерін мен мұрын ұшының цианозы байқалды. АҚҚ80/40 мм. с.б, жіп тәрізді, әлсіз, жүрек тондары тұнық, демалысы әлсіз, беткей. СД- 38 / мин.
Бұл пациетті емдеу барысында қай тактика басқалардан көрі артығырақ?
/
Жасанды дем алдыру аппаратына қосу
/
Асқазан-ішекті жуып тазарту
/
Ауыз арқылы регидратация жүргізу
/
К/т глюкокортикостероидтерді еңгізу
/
Гемодиализді жүргізу
!
55 жастағы ер адам келесі шағымдармен келді: іштің кебуі, тәуіліктік диурездің азаюы. 18 жыл бұрын Вирусты гепатитпен ауырған.
Қарағанда: іштің кебуі, аяқтардың ісінуі, іш аймағында тері қабатындағы венозды сызықтардың керілуі байқалады. Көз склерасы аздап сарғайған.
Зерттеу жоспарында қателік табыңыз:
| / Зонд арқылы өтті тексеруге алу |
| / Бауырдың биохимиялық сынамасы |
| / Қанда Вирусты гепатиттердің маркерлерін анықтау |
| / Несепті өт пигметтеріне зерттеу |
| / Іш қуысы мүшелерінің КТ және УДЗ |
!
16 жасар науқас ауырғаннан 7 сағаттан соң өте ауыр жағдайда келіп түсті. Ауру кенеттен басталған, қалтырау, бастың ауруы, құсу, дене қызуы 39 0С-дейін көтерілуі байқалған. 4 сағаттан соң тері қабатында көп мөлшерде геморрагиялық бөртпе пайда болған. Түскен кезде дене қызуы 36,50С, ентігу, цианоз, қозу, бұлшық еттердің құрысуы байқалды. Пульсі жіп тәрізді. АҚҚ 60/40мм.с.б.
| Аурудың формасын ескере отырып қай антибиотик тағайындау қажет? | |
| / Левомицетин сукцинат натриі | |
| / Пенициллин натрийтұзы | |
| / Тетрациклин | |
| / Цефтриаксон | |
| / Кларитромицин | |
!
Интерстициальді пневмонияға тән диагностикалық критерий:
/
артралгия белгілері
/
жергілікті белгілердің болмауы
/
қызбаның болуы
/
Инспираторлы ентігу
/
өкпеде жергілікті белгілері
!
Ревматикалық миокардиті бар науқас ЭКГ-да PQ0,24-0,26-0,30 сек, кезеңді QRST кешенінің түсіп қалуы байқалады. Өткізгіштіктің бұзылу түрін көрсетіңіз:
/
Синоатриальді блокада II дәрежесі
/
Атриовентрикулятлы блокада I дәрежесі
/
атриовентрикулярлы блокада IIдәрежесі, Мобиц I
/
Атриовентрикулярлы блокада IIдәрежесі, Мобиц II
/
Атриовентрикулярлы блокада IIIдәрежесі
!
Науқас, 44 жаста, жүрек аймағында қатты соғу? Ауа жетпеу сезіміне шағымданады («тыныс алудың қанағатсыздығы»). Аурудың симптомдары соңғы 3 айда басталған, екі күн бұрын алкоголь қабылдағаннан соң өршіп кеткен. Анамезінде, шылым шегеді, 10 жыдан аса уақыт алкоголь қабылдайды.Қарау кезінде: тотальді гипергидроз, аяқта ісіну, жүректің оң жақ шегінің ұлғаюы, гепатомегалия; жүрек аускультациясында: қосарлаған, топтық экстрасистола,ЭКГ-да негізделген (қарыншалық). Аурудың болуы мүмкін себебін көрсетіңіз:
/
алкогольді кардиомиопатия
/
токсикалық миокардит
/
ЖИА, атеросклеротикалық кардиосклероз
/
тиреотоксикалық кардиомиопатия
/
гипертрофиялық кардиомиопатия
!
45 жастағы науқас дене қызуының 40° дейін көтерілуіне,қалтырауға, терлеуге, кеуде аймағында ауырсынуға, ентігуге шағымданады.
Анамнезінде: 2 аптадан бері науқас крупозды пневмонияға байланысты ем қабылдап жатыр. Соңғы күндері жағдайының нашарлауы, қалтырау, ентігу, дене қызуының көтерілуі қайталаған. Жалпы жағдайы ауыр, тұрақты ентігуге байланысты. Тері қабаты бозғылт, цианоз. Объективті: оң жақ кеуде бөлігінің тыныс алудан қалыс қалуы.
Қабырғааралық кеңейген, шығыңқы. Перкуторлы: перкуторлы дыбыстың тынықталуы. Өкпенің оң жақ бөлігінде тыныстың әлсіреуі.
Қанда- лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы.
Науқаста қандай диагноз?
/
Өкпе гангренасы
/
Крупозды пневмония қайталауы
/
Өкпе абцесі
/
Борнхоэктазиялық ауру
/
Өкпе эмпиемасы
!
Науқас қолын көтергенде, оқыс қимылдағанда туындайтын кеуде клеткасыда ауырсынуға шағымданады. Шамадан тыс физикалық жүктемемен байланыстырады.Қарау кезінде: өкпе тыныс алуға қатысады, 2-3 қабырға үстін пальпациялағанда гиперстезия, ауырсыну байқалады. Аускультацияда везикулалық тыныс.
Қандай ауру туралы ойлауға болады?
/
Қабырғааралық невралгия
/
қабырға сынығы
/
Құрғақ плеврит
/
миалгия
/
перикардит
!
69 жастағы науқас, химия өндірісінде жұмыс жасайды, соңғы жылдары тұрақты жөтел, қиын бөліетін қақырық, аз физикалық жүктеме кезінде ентігуге шағым айтады. 20 жыл бойы шылым шегеді. Қарау кезінде:
аускультацияда- өкпеде қатқыл везикулалық тыныс фонында құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Т.Ж.-24рет 1мин. Жүрек тондары тынықталған. ТФК 70% төмен.
Науқаста қандай ауру деп ойлауға болады?
/
ӨСОА
/
Созылмалы бронхит
/
бронхиальді демікпе
/
Өкпе бронхоэктазы
/
жүрек жетіспеушілігі
!
49жастағы науқас жалпы тәжірибелік дәрігерге келесі шағымдармен келді: дене қызуының көтерілуі, ентігу (тыныс ала алмау), жудеуге, құрғақ жөтелге. Терең тыныс алғанда жөтел пайда болады. Ірі буындарда кезеңді ауырсыну, саусақтарда жансыздану мазалайды.
Анамнезінде: 10 жылдан бері созылмалы бронхитпен сырқаттанады, ем қабылдап тұрады. Соңғы жағдайының нашарлауы 2 аптадан бері.
Объективті: науқас астеникалық дене қалпы. Тері қабаты бозғылт. Т.Ж.-32 рет мин. Тыныс алу қиындаған. ЖСЖ-98рет мин. АҚҚ 145/90мм.сын.бағ. Аускультацияда «целлофан сықыры» тәрізді крепитация. Рентгенологиялық тексеруде көкеттің жоғары тұруы, өкпенің төменгі бөлігінде фиброзды өзгерістер. Сіздің диагнозыңыз қандай?
/
Идиопатиялық фиброздаушы альвеолит
/
созылмалы обструктивті бронхит.
/
өкпе эмфиземасы
/
бронх демікпе
/
жүрек демікпесі
!
К. деген 18 - жастағы науқас, ауруханаға дене қызуы 38°С дейін көтеріліп, сол жақ көзінің айналасы ісініп, есекжемге шағымданып түсті. Екі апта бұрын тісін жұлдырған. Соңғы күндері әлсіздік, тәуліктік өзгерісі 1°С жоғары дене қызуының жоғарлауы, бетінің ісінуі, есекжемді байқаған. Қарап тексергенде: тері жабындылары бозғылт. Өкпеде везикулалық тыныс. Жүрек тондары әлсіреген, оң жақтағы 2-ші қабырға аралықта диастолалық шуыл, тахикардия. АҚ 100/ 70 мм с.б. Бауыр қабырға доғасынан 3 см төмен, көкбауырдың шеті сипағанда байқалады. Бөлімшеде преднизолон салғаннан кейін көз айналасының ісіну мен есекжем азайып, қызуы төмендеген. Бірақ, 7 сағаттан кейін жағдайы күрт нашарлап, ентігу, жүрек қағуы пайда болып, АҚ 80/60 мм с.б. дейін төмендеді. Сіздің болжам диагнозыңыз?
/
инфекционды эндокардит
/
жүйелі васкулит
/
жедел лейкоз
/
жүйелі қызыл жегі
/
дәрілік ауру
!
Науқас, 30 жаста. Бас ауруына, бас айналуға, жүрек аймағында ауырсынуға, жүргенде тез шаршағыштыққа шағымданады.Бұл жағдайлар бала күннен байқалады. Қарау кезінде: дене қалпының пропорционалды емес (кеуденің жоғарғы бөлігі жақсы дамуы, төменгі жағы дұрыс дамымаған). Аяқта пульс әлсіз, толықтығы аз. ІІ қабырғааралығында және Боткин нүктесінде, ұйқы және бұғанаасты артерия үстінде систолалық шу, қабырғааралық артериялардың пульсациясының күшеюі. АҚҚ қолда — 170/100 мм сын.бағ., аяқта – 90/60 мм сынбағ..
АГ себебі не деп ойлайсыз:
/
Қолқа коарктациясы
/
Бейарнамалы аортоартериит
/
Қолқа саңылауының стенозы
/
Лериш синдромы
/
Рейно ауруы
!
Бронхоэктазиялық сырқаты бар 23 жастағы науқаста, 2 аптадан бері жағдайы нашарлаған, ентігу, қан түкіру, қызба, қалтырау болған.
Салқындаумен байланыстырады. Қарау кезінде жағдайы орташа ауырлықта. Тері қабаты бозғылт, цианоз. Өкпенің төменгі артқы перифериялық бөлігінде ірі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі. Қол саусақтары «дабыл жарғағы» тәрізді, тырнақтары «сағат әйнегі» тәрзді.
Қан анализінде-лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған.
Бұл сырқатты диагностикалау үшін қандай тексеру информативті?
/
Бронхография
/
Рентгенография
/
Спирография
/
Томография
/
Ангиография
!
25 жастағы ер адам, баскетбол бойыша қалалық құраманың мүшесі, шағымдары: жаттығудан соң 10 мин пайда болатын ентігу мен ұстамалы жөтел пайда болуы, тыныштық жағдайында басылады. Сіздің диагностикалық тактикаңыз:
/
Физикалық жүктемемен сынама /
Бронходилатациялық сынама
/
бронхоскопия
/
спирометрия
/
пневмотахометрия
!
72 жастағы науқас көп жылдан бері ӨСОА зардап шегеді, жағдайы нашарлаған. Ентігу тұрақты, ұйқы кезінде горизонталды жағдайда күшейеді, в-агонистерімен нашар басылады.
Өкпеде құрғақ ысқырықты және бірен саран ылғалды сырылдар.
Спирографияда: ДФК 50% төмен. Дәрігер бронхолитиктермен сынама тағайындады.
Бронхолитикпен сынама қадай мақсатта тағайындалды?
/
бронхиальды демікпені диагностикалау мақсатында
/
Ем мақсатында
/
алдын алу
/
өмір сапасын жақсарту
/
Жүрек демікпесін диагностикалау мақсатында
!
65 жастағы науқас, көп жылдан бері ӨСОА сырқаттанады, соңғы жылдары аз физикалық жүктемеде ентігу, тұрақты жөтел, әлсіздік байқалған.Қарау кезінде: тері қабаты бозғылт. Саусақтары «дабыл жарғағы тәрізді», тырнақтары «сағат әйнегі тәрізді». Өкпеде қатқыл тыныс, құрғақ ысқырықты сырыл, төменгі бқлігінде бірен саран ылғалды сырыл.
Т.Ж.-38 рет мин.ЖСЖ-102соққы 1 мин. АҚҚ 140/90мм.сын.бағ.
Сыртқы тыныс қызметін зерттегенде: ДФК 60% төмен.Холинолитиктер ентігуді нашар басады.
Науқасқа қандай препарат тағайындаған дұрыс?
/
спирива
/
преднизолон
/
ипотропиум бромид
/
Вентолин
/
теофиллин
!
49жастағы науқас жалпы тәжірибелік дәрігерге келесі шағымдармен келді: дене қызуының көтерілуі, ентігу (тыныс ала алмау), жудеуге, құрғақ жөтелге. Терең тыныс алғанда жөтел пайда болады. Ірі буындарда кезеңді ауырсыну, саусақтарда жансыздану мазалайды.
Анамнезінде: 10 жылдан бері созылмалы бронхитпен сырқаттанады, ем қабылдап тұрады. Соңғы жағдайының нашарлауы 2 аптадан бері.
Объективті: науқас астеникалық дене қалпы. Тері қабаты бозғылт. Т.Ж.-32 рет мин. Тыныс алу қиындаған. ЖСЖ-98рет мин. АҚҚ 145/90мм.сын.бағ. Аускультацияда «целлофан сықыры» тәрізді крепитация. Рентгенологиялық тексеруде көкеттің жоғары тұруы, өкпенің төменгі бөлігінде фиброзды өзгерістер. Сіздің диагнозыңыз қандай?
/
Идиопатиялық фиброздаушы альвеолит
/
созылмалы обструктивті бронхит.
/
өкпе эмфиземасы
/
бронх демікпе
/
жүрек демікпесі
!
Науқас, 30 жаста, прекардиалды аймақта қысып ауырсынуға шағымданады, ұзақтығы 5-7 мин, ешқайда тарамайды, тез жүргенде туындайды, өздігінен басылады.Қарау кезінде: төстің сол жақ шегі бойынша қатқыл систолалық шу, ЖСЖ 80 рет мин. АҚҚ 115/70 мм сы.бағ. ЭКГ: Q тісшесі II,III, AVF, V3- V6 тіркемелерінде терең. Эхокардиоскопияда: қарыншааралық перде 3см, экскурсия 0,3см, артқы қабырға 1см, экскурсия 1см, жүрек лақтыру көлемі 80%. Мүмкін диагнозды көрсетіңіз:
/
гипертрофиялық кардиомиопатия
/
митралды қақпашаның ревматикалық стенозы
/
рестриктивті кардиомиопатия
/
дилатациялық кардиомиопатия
/
ЖИА, төменгі қабырғаның миокард инфаркті
!
Емхана дәрігеріне 45 жастағы ер адам басының ауруына, бұлшық еттерінің әлсіздігіне, қол-аяқтарының ұюына, құрысуына,жиі зәрді шығаруына шағым айтады.Ауырғанына 2жыл болған. Дәрігерлерде тексеріліп, емделіп жүр.Гипотензивті дәрілердің әсері жоқ; тек қана верошпироннан кейін қан қысымы төмендейді. Қан қысымы 170/105 мм.сын.бағ.Тексергенде: калий-3;5 мэкв/л; натрий-148мэкв/л; Жүрек тондары ритмді; анық. ЖСС-100рет минутына.ЭКГ-де: экстрасистолиялар.
Сіздің диагнозыңыз:
/
Кон синдромы
/
Ишемиялық инсульт
/
Реноваскулярлы гипертензия
/
Артериялық гипертензия
/
Созылмалы пиелонефрит
!
32 – жастағы науқас – ұзақ уақыт бойы шылым шегеді. Соңғы бір жылда төс артындағы және балтыр бұлшық еттеріндегі ауырсынуға байланысты жүктемені нашар көтереді. Дәрігерге сол жақ балтырының ауырсынуы мен ісінуіне байланысты қаралған. ЛЛп-0,6 200м. дейін жүргеннен кейін ұстамалы ақсақтық пайда болады. Болжам диагнозы қандай?
/
облитерлеуші тромбоангиит
/
гиганттық жасушалық артериит
/
бейспецификалық аортоартериит
/
түйінді периартериит
/
геморрагиялық васкулит
!
Науқас 80 жаста, клиникага жедел артқы миокард инфарктісі диагнозымен келді. Бақылау кезінде науқаста кезеңді түрде эпилептикалық тырыспалар мен Чейн – Стокс тынысымен бірге есінен танып қалу эпизодтары анықталды. ЭКГ – да: Р тісшесі QRS комплексімен байланыспаған, Р – Р интервалының ұзақтығы = 0,80 с, R – R == 1,5к. ЖСЖ 35 рет минутына.
Болжам диагноз?
/
Толық атриовентрикулярлы блокада
/
Эпилепсия
/
Жүрекшелер жыбыры, брадикардиялық түрі
/
Қарыншалар фибрилляциясы
/
Синустық брадикардия
!
Науқас 47 жаста, клиникаға жедел артқы миокард инфарктісі диагнозымен келді. Бақылаудың алғашқы тәулігінде кенеттен есінен танып қалды. Пульс және қысым анықталмайды. ЭКГ – да: қарыншалар асистолиясына өтетін синустық ритм. Емі?
/
Дефибрилляция
/
Лидокаин
/
Симпатомиметиктерді жүрекішілік енгізу
/
Көктамырға индерал
/
Ганглиоблокаторлар
!
Науқас К. 55 жаста үйінде қаралды. Жиі жүрек жиырылуы фонында 2 рет есінен танып қалған. ЖСЖ – 35 рет минутына, АҚҚ 100/70 мм.с.б.б. ЭКГ – да: жүрекшелердің тәуелсіз ырғағы 100 рет минутына, қарыншалар ырғағы 30 – 35 рет минутына, QRS комплексі – 0,16", деформацияланған. Миоглобин және Т тропонин жоғарылаған. Миокард инфарктісі анықталған. Науқаста қандай асқыну дамыған?
/
Толық атриовентрикулярлы блокада, Морганьи – Адамс – Стокс ұстамасы
/
Кардиогенді шок
/
Атриовентрикулярлы блокада ІІ дәрежесі, Венкебах периодтарымен
/
Идиовентрикулярлы ырғақ
/
Синоаурикулярлы блокада
!
19 жастағы жас адам, дәрігерге жүрек аймағында қысып ауру сезіміне шағымданып келді. Анамнезінде физикалық жүктемеде естен жағдайы болған. Ана жағынан туыстары арасында жас кезінде кенеттен болған өлім жағдайлары кездескен. Қарау кезінде: физикалық тұрғыдан жақсы дамыған, кеуде торның деформациясы жоқ. Тері қабаты түсі қалыпты. Аускультацияда жүрек ұшында өрескел систолалық шу естіледі, төс бойымен тарайды. АҚҚ 120/80 мм сын.бағ. ЖСЖ 84 рет мин. ЭКГ патологиялық Q тісшесі І, aVL, V5, V6 тіркемелерінде анықталады. Эхокардиограммада қарыншааралық перде және сол жақ қарынша айқын гипертрофиясы. Бұл жағдайда кардиалгияның генезі қандай?
/
Коронарлы жетіспеушілік
/
Бейарнамалы коронарит
/
Тәж артериясының спазмы
/
Қанда эндорфиндер төмендеген
/
Тәж артерияларының атеросклерозы
!
Науқас, 37 жаста. Шағымдары: әлсіздікке, дене қызуының 37,5ОС көтерілуі, физикалық жүктемеде аяқ бұлшықеттерінде ауырсыну.Қарау кезінде: жүректің сол жақ шекарасының үлкеюі, бүйрек артериялары проекция аймағында систолалық шу естіледі. Пульс сол білек артериясында әлсіреген. АҚҚ оң қолында– 140/100 мм.сын.бағ., сол қолда анықталмайды, аяғында – 170/120 мм.сын.бағ.
АГ себебі не деп ойлайсыз:
/
Бүйрек тамырларының фибромускулярлы дисплазиясы
/
Бейарнамалы аортоартериит (Такаясу ауруы)
/
Вегенер гранулематозы
/
Шенлейн-Генох ауруы
/
Қолқа коарктациясы
!
11 жасар бала, әлсіздікке, бас айналуға, физикалық жүктемеде жүрек соғуына шағымданады. Қарау кезінде - диффузды цианоз, саусақтары «дабыл жарғағы тәрізді», тырнақтары - «сағат әйнектері тәрізді». Жүрек шекарасы оңға кеңейген. Аускультацияда – ІІ қабырғааралығында төстің сол жағында өрескел систолалық шу. Мүмкін жүрек ақауын көрсетіңіз:
/
тетрада Фалло
/
Өкпе артериясының ақауы
/
Өкпе артериясының стенозы
/
митралды қақпақша пролапсы
/
қолқа коарктациясы
!
25 жастағы науқас ер адам, басының ауруына, басының айналуына шағым айтып келді.
Анамнезінде: соңғы 2жыл бойы ауырады.Қан қысымы жиі көтеріліп, кризбен жедел жәрдемді шақырады. Гипотензивті дәрілермен криздік жағдайы әрең басылады.
Объективті қарағанда: Денне пішіні толықтау.Қан қысымы200/100мм.сын.бағ.ЖСС-90рет минутына. Жүрек тондары ритмді,анық.Іштің алдыңғы бетінде, кіндік үстінде тамырдың шуылы естіледі.Аурудың диагнозын анықтау үшін қандай тексеру жүргізу қажет?
/
Бүйректің сцинтографиясы
/
Инфузияық ренография
/
Бүйректі ультрадыбысты тексеру
/
Бүйректің рентгенографиясы
/
Бүйрек веналарын катетеризациялау
!
Науқаста ақшыл көпіршікті қақырықпен жөтел, тыныштық күйінде ентігу, дене қызуының көтерілуі, жүдеу, жөтелге күшейетін төс аймағында ауырсыну.
Қарау кезінде: науқас нашар тамақтанады (3 айда 12 кг арықтаған).
Лимфа түйіндері ұлғаймаған. Тері қабаты бозғылт. Аускультацияда өкпенің ортаңғы төменгі бөліктеріде құрғақ сырылдыр. Перкуторлы ортаңғы және төменгі бөлікте перкуторлы дыбыстың қысқаруы.
Қан анализінде: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылауы, анемия. Рентгенологиялық тексеруде: жиегі айқын емес ошақты өзгерістер, кей жерлерде біріккен, өкпенің ортаңғы және төменгі бөлігінің интерстициалды өзгерістері. Бұл жағдайды диагностикалау үшін қандай зерттеу маңызды?
/
фибробронхоскопия
/
көзделген томография
/
Бронхография
/
пневмотахометрия
/
жалпы клиникалық тексеру
!
Әскери қызметкер, 19-жастағы ер адам, казармада тұрады, бөлімшеге құрғақ сырыл, қалтырау, дене қызуының 37.5 С дейін көтерілуіне, артралгия және миалгияға шағымданады. Рентгенде өкпе суретінің күшеюі, өкпенің төменгі бөліктерінде шекарасыз дақты қараюлар.Пенициллин және цефалоспоринмен емнен нәтиже жоқ.






