Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тоқыма өндірісінің ақауы

 

Тоқыма өндірісінің ақауы жіп үзілгенде және  станок механизмдері бұзылғанда болады. Мұндай ақаулар матаның және тігін бұйымдарының сортына әсерін тигізеді. Тігін бұйымдарының көзге көрінетін детальдарында тоқыма ақауларының болуы олардың сортының төмендеуіне немесе жарамсыз  болуына әкеп соғады, Сондықтан бұйымды пішкенде ақаусыз матаны пайдалануға тырысады.

Ақаулы маталарға төмендегілер жатады:

Жуықтама – негіздің бір немесе қатарынан екі жібінің жетіспеуі;

өткінші аралық – арқаудың бір немесе қатарынан  екі жібінің жетіспеуі;

негіздің шала өңделгені - негіз кейбір жерлерде матаның бетінде жатыр, арқаумен айқаспаған;

сүңгіме – арқау жіп кейбір жерлерде матаның бетінде жатыр, негізбен айқаспаған;

кем тоқылғаны – арқау жағынан сирек жерлер;

бірқалыпты ұрылмыған – недосека мен забоинаның алмасуы;

қосарлы жұп - негізгі екі бір жіптей айқасқан;

арқаудың ыдырауы - арқаудағы қысқа жуан жерлер, ол – арқау жібі бумасымен собықтан түсіп кетіп, сол бетімен тоқылған жағдайда болады;

арқаулық ілмектер, ілмек ширатылмалар – арқау жіп әлсіз тартылғанда болады;

жіптің түйіні – арқаумен дұрыс айқаспағандықтан негізгі жіптің кемінде үшеуінің үзіліп кеткендігінен болады;

жыртығы, ойығы, тіліндісі – тоқыма станоктың бөлшектерінің кінәсінен болған көлемі әрқалай тесіктер;

былғану мен май дақтары - матаға немқұрайды қарағандықтан және тоқыма станогын шылқылдата майлағандықтан болады;

түрлі арқау – ширатуы мен жуандығы басқа жіп салынған шпульді тоқыма станогына арқау орнына пайдаланғанда шығатын жолақ;

тоқыма өрнегінің ауытқуы (бұрмалануы) – суреттің кейбір жерлерде тағайындалған суретке сәйкес келмеуі.

Тігін бұйымдарының сортын анықтағанда тоқыма ақауын есептеу матаның  талшықтың құрамы мен бұйымның қандай мақсатқа жұмсалатындығына байланысты жүргізіледі.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Мата дегеніміз не?

2. Матаға көлденең түсетін жіптерді не деп атайды?

3. Негізді тоқыма өндірісіне дайындау үшін қандай операциялар жүргізіледі?

4. Шлихталау?

5. Ремизка дегеніміз не?

6. Арқауды қалай дайындайды?

7. Тоқыма станогының құрылысы?Тоқыма өндірісінің негізгі ақаулары?

8. Жуықтама дегеніміз не?

9. Тоқыма өрнегінің ауытқуы?

 

    Әдебиеттер:

              

1. Кукин Г.Н. и др. Текстильное материаловедение (волокна и нити). Учебник для вузов. 2 изд, перераб. И допол. –М.; Легрпомбытиздат, 1989.-272 б.

2. Кукин Г.Н. идр. Текстильное материаловедение (текстильные полотна и изделия). Учебник для вузов. 2 из. перераб. и допол.- М., Легпромибытиздат, 1992. -276 б

3. Е.П. Мальцева. Тігін өндірісінің материалтануы. Алматы. «Ана тілі», 1992.- 255 б.

 

 

Лекция № 5.  Маталарды өңдеу, мақта маталарын өңдеу, Зығыр маталарды өңдеу.

Жоспар:

1. Маталарды өңдеу.

2. Мақта маталарын өңдеу.

3. Зығыр маталарын өңдеу.

 

Станоктың алынған, өңделмеген матадан (шуда жіп) дайын мата алу үшін жүргізілген физико-химиялық және механикалық процестердің жиынтығын матаны өңдеу деп атайды.

Матаны өңдеудің мақсаты – олардың қасиетін жақсарту, адам қызығатындай товарлық түр беру. Өңдеу жүргізгенде мата жасалған талшықтардың химиялық құрамын ескереді. Мысалы, өсімдік талшықтарынан жасалған маталарға өңдеу жүргізгенде қышқыл қолдану керек болса ерітінді концентрациясы мен өңдеу уақытын мұқият қадағалау қажет, себебі матаның мықтылығы кеміп немесе бүлініп кетуі мүмкін.

Өңдеу операцияларының жүйелілігі әр матаға тағайындалған технологиялық желіге байланысты. Өңдеу процесінде кейбір операциялардан қайталануы да мүмкін. Мысалы, кейбір қалың барқыт түкті драп артикулдерін алу үшін түктеу мен қырқу бірнеше рет қайталанады. Таза аппақ зығыр матасын алу үшін қайнаті мен ағарту кезекпен 4 рет қайталанады.

Жұмсау мақсатына байланысты маталар арнайы өңдеуден өтеді. Мысалы, плащтық және  шинельдік маталар су сіңдірмейтін заттармен өңделеді, шатырлық маталар – шірітпейтін заттармен өңделеді, ал сәндік маталар металданудан өтеді және т.б.

Химиялық талшықтардың кең қолданылуына байланысты талшықтар мен жіптердің әрқалай отыруына негізделген өңдеудің бірнеше процестері бар.

Соңғы жылдары өңдеу өндірісінде пайдаланылатын тамақ өнімдерін (крахмал, ұн және т.б.) химиялық заттармен алмастыру жүріп жатыр. Жоғарғы өнімді толассыз жүйелер орнатылуда: маталарды бұраулы күйінде ағартатын толассыз жүйелер, бояйтын бесаспап жүйелер, жазылып-жайылған маталарды үздіксіз ағартыпотыратын агрегаттар, қыртыстанбайтын, отырғызбайтын өңдеу жүйелері және т.б.

Құрал-жабдықтарды жетілдіру, ағынды жүйелерді орнату, механикаландыру мен автоматтандаруды кең түрде енгізу, химиялық өнеркәсіптің соңғы жетістіктерін пайдалану - өңдеу өндірісінде еңбек өнімділігін арттырып, өнімнің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

 

Мақта маталарын өңдеу

Өңдеу өндірісіне түскен өңделиеген мақта матьалары жарамдылығына қарай бөлініп, тазалығына және ақау санына қарай ағартуға, бояуға немесе сурет басуға жіберіледі.

Өндірістің жоспарына сәйкес және жабдықтардың өнімділігіне қарай бір артикульдегі маталарды біннеше жүздеген бумамен партияларға топтастырады.

Іріктелген бума маталарға жуғанға кетпейтін таңба (клеймо) салады да өңдеудің барлық операциясынан өткізу үшін үзіліссіз лента қылып тігеді.

Мақта маталарды өңдеудің негізгі операциялары мыналар: отпен шарпу, шликтовканы кетіру, пісіру, ағарту, мерсерлеу, түктендіру, бояу, баспа сурет салу және соңғы өңдеу (аппреттеу, керу, каландрлеу(.

Отпен шарпу – іш киімдік маталардың кірлеуін тездететін және баспа сурет салғанда ақаулар жіберетін сыртқы көрінісін бұзатын талшықтың ұштарын өңделмеген мата бетінен кетіру. Дәке мен түкті маталардан басқаларының барлығын отпен шарпиды. Ол үшін газбен шарпитын машиналар мен науалы шарпығыш агегеаттар пайдаланылады. Газбен шарпитын машиналарда мата газ жанарғысында күйдіріледі, жалынның үстімен талшықтардың ұшы өтеді. Науалы шарпығыш агрегаттарда талшықтардың қатты қыздырылған металл науаның бетіне жанасады да күйін кетеді.

Үнемділігіне байланысты газбен шарпитын машиналар өндірісте кең қолданылады. Әдетте матаның бет жағы үйтіледі. Жанарғы жалынының үстінен беттік тығыздығы төмен жұқа матаны өткізгенде матаның бетіндегі және жіптердің арасындағы талшықтың үштері де күйеді. Отпен шарпылғаннан соң мата бу ұшқын өшіргішіне немесе су құйылған ваннаға салынады.

Күйдіру процесінде мынандай ақаулар болуы мүмкін: толық шарпылмау (матаның қозғалу жылдамдығы жоғары болса), тегіс шарпылмау (машинаның бұзылғандығынан), ұшқынды өшірмегендіктен немесе қозғалу жылдамдығының аздығынан матаның күйіп кетуі (жалпы немесе кейбір жері).

Шлихтамен кетіру – шлихталау кезінде жағылған крахмалды кетіру үшін жасалатын өңдеу операциясы. Маталарды 4-24 сағат су құйылған жәшікте ұстап, дымқылдап, артынан шаяды.

Жібіту процесін жеделдету үшін крахмалдың ашуына жағдай туғызатын күкірт қышқылы, ащы натр, натрий гетохлориді және бактерия тектес басқа да препараттарды (биолаз, т.б.) суға қосады.Ашу процесінде крахмал қантты затқа айналады, ал бұрапжуғыш машинасы матаны жуғанда ол тез кетеді.

Шлихтамен кетіру кезінде мынандай ақаулар болуы мүмкін: шлихтамен жөнді кетпейді, шлихта тегіс кетпейді, бүктетіліп не кептеліп қалу, ұзақ жатқандықтан немесе қышқылдың әсерінен матаның босауы.

Қайнатып-пісіру целлюлоза қоспаларынан (балауыз тектес, пектинді, азотты және минералды заттардан), және де кірден, шлихта қалдықтарынан тазарту мақсатымен маталарды сілті ерітіндісімен өңдеу.

Қайнату үшін кальцийленген сода, бисульфит және натрий силикаты және т.б. қосылған күйдіргіш натр ерітіндісі пайдаланылады.

Маталарды қысыммен 4-8 сағат қақпағы тығыз жабылған пісіру қазандарында, немесе 98-100оС температурада 1-2 сағат уақыттай үздіксіз әсер ететін аппаратында қайнатады. Қайнатқан соң маталарды алдымен ыстық, сонан соң суық сумен шаяды.

Қайнату нәтижесінде матаның массасы 4-8 %-ке кемиді. Қайнап –піскен маталардың гигроскопиялық қасиеті жоғары, суда және бояу ерітінділерінде жақсы жібиді әрі ағарады.

Қайнатып пісіру ережесін бұзу төмендегідей ақаулар туғызады: матаны қазанда дұрыс жайғастырып салмасақ, күйдіргіш натрдың концентрациясы дұрыс болмаса, қайнатқыш сұйықтықтың айналымын жасамаса толық қайнап піспейді; суда магний мен кальцийдің тұздары болса матаның бетінде тұрса да дақ пайда болады; қазандағы ауа оттегінің артықтығы матаны босатады.

Ағарту – мата үнемі аппақ шаңқаң болып тұру үшін тотықтырғыш ерітіндімен жасалатын өңдеу. Ағарту барысында мақтаға сарғыш түс беріп тұратын табиғи бояғыш пигменттер тотығады. Ағарту үшін натрийгипохлоридін, сутегі пероксиді тотығын, натрий хлоридін, асқын оксидті сірке қышқылын қолданады. Ағартуды ескі, химиялық әдіс пен жүргізуге де болады, бұл жағдайда мата үздіксіз, ұзақ уақыт жатады.

Ағартуды классикалық  тәсілмен іске асырады, мұның өзі матаның ұзақ уақыт жатуы және үзіліссіз ағынды әдіспен жүргізіледі. Үзіліссіз ағынды әдісте шлихтовканы кетіру, қайнатып пісіру және ағарту бірінен соң бірі үзіліссіз жүргізіледі. Мталарды толассыз ағартуда жоғарғы өнімді құрал-жабдықтары пайдалану өңдеу уақытын қысқартады және де шыққан өнімнің сапасын арттырады.

Ағартудан болатын ақауға мыналар жатады: мақтаның босауы, ағанрту сапасынаң төмендігі, қоспадан нашар тазартудың  салдарынан матаның сақтағанға шыдамай сарғайып кетуі.

Мерсерлеу – керілген матаны 16 – 20оС-де күйдіргіш натрдың концентрацияланған ерітіндісімен өңдеп, ыстық сумен, одан кейін суық сумен шаю. Мерсерлеу матаның мықтылығын 20%-ке көтереді, оған жылтыр, жібек сияқты түр береді, гигроскопиялық қасиетін арттырады және боялу қабілетін жақсартады.

Түктеу – мата жұмсақ үлпілдек және жылусақтағыш болу үшін оның бетіне түк салу. Матаға түктеу - білтелерін инелі лентамен қаптаған түксалғыш машиналарда жүргізіледі. Түктеу кезінде түкті біліктермен қапталған жіңішке металл инелері арқау жіптен талшықтарды суырып шығарады, соның нәтижесінде матаның бетінде түк апйда болады. Бәйке, фланель, помази, мақтадан тоқылған шұға, шибарқыт және тағы да басқа қыстық киімге арналған маталарға түк салынады.

Түк салғанда туатын ақаулар: матаның босауы, нашар таралу.

Бояу – матаға түгелдей бір түр беру үшін бояғышқа қолдану.

Бояғыштар табиғи көбіне өсімдік текті және синтетикалық болуы мүмкін. Маталарды бояу үшін, негізінен, тас көмірден алынатын синтетикалық бояғыштар қолданылады. Бояғыштар майдаланған құрғақ ұнтақ немесе паста түрінде шығарылады.

Бояғыштың түсі, ашықтығы, күнге, терге, ылғалға жууға және үйкеліске төзімділігі бояғыштардың химиялық құрамы мен молекулаларының құрылымына байланысты. Матаны бояудан бұрын бояғышты суға ерітеді. Бояу процесінің сатылары манандай: судағы бояғыштың  матаның бетіне сіңуі; бояғыштың талшыққа өтуі; бояғыштың талшыққа бекуі. Бояудың кейбір әдістерінде бояғыш зат тікелей талшықта пайда болады.

Бояғыштың түрлері мен бояу әдістері әртүрлі. Бояғыштың түрі мен бояу әдісін таңдау матаның талшықтық құрамына, бояғыштың қасиетіне және матаны бояуда қойылатын талаптарға байланысты. Астарлық маталарды үйкеліске, терге шыдамды бояғыштармен бояу керек. Сырт киімдік маталар күннің, ылғалдың, құрғақ және дымқыл үйкелістің әсеріне төзімді бояғыштармен боялады.

Бояу үшін – жазылып керілген немесе бұралған мата бояғыш ерітіндісі арқылы өтуге тиіс. Үзідіксіз істейтін бояғыш аппараттар кең қолданылады.

Целлюлоза талшықтарын бояу үшін мынандай бояғыштар қолданылады: тікелей, басылмылы, күкіртті, кубты, азобояғыштар, қара анилин және пигменттер.

Тікелей бояғыштар суда жақсы еріп өсімдік талшықтарын бейтарап немесе әлсіз сілтілі ортада бояйды. Матаның бояуы ашық, үйкеліске төзімді, біпақ жарықтың әсеріне шыдамсыз. Сондықтан тікелей бояғыштарды астарлық маталарды бояуға жұмсаған жөн. Тікелей бояғыштардың кемістігі – олар дымқыл үйкеліске шыдамайды. Бояудың дымқыл үйкеліске және жарыққа төзімділігін арттыру үшін маталарды ДЦМ бекіткішімен (күрделі органикалық қосынды) өңдейді. Жарыққа шыдамды тікелей бояғыштардың соңғы маркалары әр мақсатқа пайдаланатын маталарды бояуға пайдаланылады. 

Толық болмау – мата ақшыл, бояу матаға толық өтпеген. Ақау матаға бояуға дұрыс дайындамағандықтан, бояу режимінің бұзылуынан сонымен бірге пальтолық қалың матаны қайта бояғанда болады. Толық боядмаған мата киімінің сырт көрінісін бұзады.

Әртүстілік – бояудың біртіндеп ашық түстен қоңыр түске тарай аусуы. әртүстілік матаның бір бөлігінде немесе бүкіл партиясында болуы мүмкін. әртүстілік, әсіресе, тігін бұйымдарында анық байқалады. 

 Кертпештер – дұрыс жайылмаған (жазылмаған) матаны бояғанда пайда болатын ашықтау жолақтар. Бұйымның көрініп тұратын жерлеріне таңбалар жіберілмейді.

Мата құрылымының біртекті болмауынан негіз бен арқауда толық жолақтар қалуы мүмкін. Бұйымның көрінетін жерінде жолақ болса оның сортын төмендетеді. 

Кіршеңдік – бояғаннан соң матаны дұрыстап шаймағандықтан матаның бояуының үйкеліске шыдамсыз болуы. Бұл ақау матаның сортын анықтағанда ескеріледі.

Қола түсті бояу күкіртті бояу күкіртті натридің жетіспеуі салдарынан немесе бояғыштың өте көптігінен болады. Бұл ақауды түзету үшін матаны қайта бояйды.

Бояудың рецепті мен режимі сақталмай қара анилинмен боялған мата өте босап кетеді. Бұл ақау матаны ұзақ уақыт сақтағаннан да болады. 

Дақтар мен сатпақ бояғышты нашар еріткеннен болады. Құрал-сайманды дұрыстап күтпеу салдарынан май және тат дақтары болады.

Матада әк дақтары болса кейбір жерлері ағарып тұрады. Әр текті, көлемі де әртүрлі дақтар матаның сортын анықтағанда ескеріледі. 

Түрлі-түсті суреттерді матаға түсіруді басу дейді. 

Мақта маталарға түрлі-түсті өрнектер баспа машинасының көмегімен түсіріледі 

Баспа машинасының негізгі жұмысшы бөлімдері: басқыш білік(1) қызыл мыстан немесе сырты мыспен жабылған болаттан жасалған іші қуыс жуан кенерелі цилиндр. Баспа білігінің бетіне ойылып сурет салынған. Көп уақытқа шыдау үшін басқыш білікті хромдайды. Арнайы дөңгелек шөткемен (3) қоюланған бояу ваннадан (4) басқыш білікке беріледі. Басқыш білігі айналған кезде оған тығыз жасанып тұрған өткір металл жолақ – ракля (2) біліктің тегіс жерін бояудан тазартады, ал ойығында бояу қалып қояды. Құндақпен және шұғамен қапталған барабан - пресс (6) матаны басқыш білікке жаныштайды. Ойықтағы бояу матаға түсіп – сурет пайда болады. Ракляға қарсы орналасқан қосалқы ракля (5) басқыш білікке жабысқан қыл-қыбырды, жіптерді, құмдарды тазартады.

Баспа машиналары жалғыз білікті немесе көпбілікті (16-ға дейін) болып бөлінеді. Көпбілікті баспа машиналары көптүсті өрнектер салғанда пайдаланылады. Оларда бір барабан – пресс болады да, оның айналасына баспа біліктері орналасады; барабан –престі қаптаған щұға матаның басқыш  біліктеріне жақсы жанасуын қамтамассыз етеді. Құндақ – бояудың шұғаға баруына кедергі жасайды. Құндақ ретінде әдетте қара немесе дөрекі мақта матасы пайдаланылады. Көп уақытқа шыдауы үшін арнайы техникалық капронды және лавсан маталарды немесе мақта араласқан лавсан маталарын пайдаланған жөн.

Қазіргі кездерде басудың үнемді және өнімді әдісі чехолсыз әдіс кең қолданылуда. Құндақсыз басқанда кирзо жуғыш қондырғылары бар машиналар пайдаланылады. Шұға мен құндақтың орнына бұл машиналарда суға төзімді қабаты латекпен жабылған резеңкетектес немесе тері астында жаншымасы бар поливинилхлорид пленкалы бесқабатты мақта кирзалары пайдаланылады. Кирзаның біртұтас 60 метрлік лентасын баспа машинасынан шығарда бояуын кетіру үшін жуып, сонан соң кептіріліп баспа машинасында қайта боялады. Басудың құндақсыз әдісін пайдалану 5 білікке дейін керек ететін өрнектрді салғанда тиімді. Біліктер саны одан көп болса сурет кескінінің бұзылып кетуі мүмкін.

Басудың үш тәсілі бар: тікелей, жидіте және резервті.

Тікелей басу - өрнекті ақ немесе ашық матаға салу.

Жидіте басу – тәсілі боялған мата баспа машинасы арқылы өтеді, оған бояуды талқандайтын  улы зат жағады. Оны кейін ыстық бумен өңдегенімізде бояу түссізденеді де боялған матаның бетінде ақ өрнектер пайда болады. Егер улы зат епн қоса матаға басқа құрамды бояғыш енгізсе түрлі-түсті өрнек шығады.

Жидіте және резервті әдістер әдетте қара-қоңыр матаға ақ сурет салғанда пайдаланылады. 

Баспадан кейін бояуды матаға бекіту үшін қыздыратын және булайтын аппараттарда ыстық бумен өңдейді.

Дақ, таңба, ақаулар – матаның өне бойына басылған суреттің  нашар түсуі. Ол дайындалған матаның дұрыс кеппеуінен болады. 

Ақаулардың матаның бір-ақ жерінде, немесе өне бойында болуы мүмкін.

Мақта матаның соңғы өңдеуі өңдеу-аппреттеу керу және жылтырату. Кейбір маталар басқа да арнайы өңдеуден өтуі мүмкін. 

Аппреттеу яғни өңдеу – арнайы құрамды (аппреттерді) матаға сіңдіру арқылы оған серпімділік, иімділік, қажетінше қаттылық, жылтырлық, ақ түстілік және де үйкеліске төзімділік беру. өңдеу құрамына желімді заттар (крахмал, декстрин), гигроскопиялық заттар (глицерин, сірке, ас тұзы), аппақ түс беретін заттар (ультрамарин, оптикалық ағартқыштар) жұмсартатын және жылтырататын заттар (май, балауыз) кіреді. Аппреттеп-өңдеудің негізгі құрама  бөлігі – крахмал. Аппреттегі крахмалдың мөлшеріне қарай мата не муслинді (жұмсақ), не дөрекі өңделеді. Крахмалды аппреттің кемістігі – оның жуғанға төзімсіздігі – бір жуғанда-ақ кетіп қалады да, мата өзінің өңін жоғалтады. Өңін жоғалтпауы үшін маталарды жуғанға кетпейтін аппреттермен өңдеу керек.

Жуылғанда кетпейтін аппреттер ретінде кейбір синтетикалық шайырдың эмульсиясы мен әртүрлі целлюлозаның туындылары пайдаланылады. Целлюлозалық аппреттерді сіңдірген соң матаны қышқылмен өңдейді, шаяды және кептіреді. Синтетикалық аппреттерді сіңдірген соң термиялық өңдеуден өткізіп немесе кептіреміз. Синтетикалық аппреттер жуғанға төзімді матаның үйкеліске шыдамды және құрамына байланысты матаға қаттылық, қыртыстанбаушылық, отқа төзімділік, суға шыдамдылық сияқты қасиеттерін арттырады.

Керу – матаның қиғаштығын түзетіп, оны стандартты еніне келтіру. Бүріккіш машинада мата дымқылданады, сонан соң доңғалақты немесе шынжырлы машиналарда керіледі.

Маталарды жылтырату - өңдеу каландрлерінде маталарды әдемілеу. Каландрдың қуатты біліктерінің арасынан өткенде матаның қатпары жазылады, ал егер аппреттің құрамына балауыз бен стеарин кіретін болса, мата құлпырып кетеді. Каландр біліктері не жиналмалы иілгіш, не 170оС-ге дейін қыздырылатын металдан жасалуы мүмкін. Тым құлпырта өңдеу үшін сәтенді, ләстікті, кейде шытты күмітелген каландрда өңдейді, оның металл біліктерінің біреуінің бетіне жіңішке енкіш сызықшалар түрінде оймалар (гравировка) салынған. 

Каландрлеуді барлық матаға жасамайды. Мысалы шибарқыт, жартылай брқыт, костюмдік трико каландрленбейді.

Ақырғы өңдеу операциялары үздіксіз бір процеске біріктіріліп толассыз аппреттуралы өңдеу жүйесінде жүргізілуі мүмкін.

Арнаулы өңдеу маталарға тиісті бір қасиет беру үшін жасалады.

Қыртыстанбайтын апшымайтын мақта маталарын өңдеу – балауызды пайдалану арқылы жүргізіледі: мочевиноформальдегидпен (карбомол) немес меламиноформальдегидпен (метазин). Қыртыстанбайтын өңдеуден өткен мата ешқашан мыжылмайды деуге болмайды. Өңдеу матаның қатпарланғыштығын азайтады, сондықтан мұндай өңдеу жейделік маталарға жүргізіледі. Бұл өңдеулер «жу да – ки» деп те аталады.

Су өткізбейтін өңдеу брезенттерге, шатырларға, кейде плащтарға жүргізіледі. Матаның үстіңгі бетінен тығыз әрі жұмсақ су өткізбейтін қабат алу үшін оған резеңке, кебетін май, битум, синтетикалық балауыз жағады.

Су жұқтырмайтын өңдеу дегеніміз парафинді – стеарин эмульсиясымен немес сірке қышқыл алюминиімен өңдеу. Су өткізбейтін өңдеуден өткенде талшықтар суды итеретін қасиет алады, бірақ ауа өткізетін қасиетін жоғалтпайды. Мұндай маталар плащқа пайдаланылады.

Оттан қорғағыш өңдеу театр перделеріне жұмсалатын, кеме, самолет, қоғамдық орындарда пайдаланылатын маталарға, және де ыстық цехтардағы жұмысқа арналған киімдерді тігетін маталарға жүргізіледі. Мақта маталарға отқа төзімді қасиет беру үшін оларға фосфорлы, борлы, кремнийлі қышқылды немесе целлюлозаның күрделі фосфорқышқылды эфирлерін сіңдіреді.

Шіруге қарсы өңдеу шатырларға, ауларға, плащтық маталарға, және де ыстық цехтардағы жұмысқа арналаған киімдерді тігетін маталарға жүргізіледі.

Кетпейтін басып салынған өрнек (тиснение) арзан мақта маталардың көрінісін жақсарту үшін қолданылады. Кетпейтін бедерлі өрнектер алу үшін матаға синтетикалық балауыздарды (карбамол, метазин немесе оның қосындыларын) сіңіреді де, 15% ылғалдыққа дейін кептіреді. Сонан соң матаны бедерлі өрнегі бар металл біліктері 180-200оС температураға дейін қыздырылған каландр арқылы өткізеді. Термикалық өңдеудің нәтижесінде матада салынған өрнекті мықтап ұстап қалатын сиететикалық балауыздың ерімейтін жұқа қабығы пайда болады.

Ақырғы өңдеуде ақаулардың болуы мүмкін: тегіс өңделмеу, матаның тесіліп немесе ұзына бойына жыртылып кетуі, каландрлегенде матаның босауы, т.б.

 

Зығыр маталарды өңдеу

Зығыр маталарды өңдеу операцияларын жүргізу жүйесі және олардың мағынасы мақта маталардікіндей. Бірақ зығыр маталарды өңдеудің өзінше ерекшеліктері бар. Мысалы, мақта матаға қарағанда зығыр матаның табиғи бояуы көрнектілеу, қоспалары басымдау болғандықтан оларды қайнатып – пісіру, ағарту бірнеше рет қайталануы мүмкін. Талшықтарының қабырғасы қалың және өзегінің екі жағы тұйық болғандықтан зығыр маталар мақта маталарға қарағанда қиын боялады. өңдеу кезінде техникалық талшықтардың ыдырамауын қадағалау керек, себебі ол матаның мықтылығын төмендетеді.

Зығыр маталарды өңдеудің негізгі операциялары: күзеу және отпен шарпу, шлихтовкасын кетіру, қайнату, ағарту, бояу немесе сурет басу, аппреттеу, керу, жалтырату,

Өңдеу сипатына қарай зығыр маталар, көбіне - өңделмеген, аз өңделген, ағартылған және аз мөлшерде боялған немесе суретті болып шығарылады.

 Қайнатып-пісіру және ағарту процесінде мата желімдік заттардан тазарып, 30%-ке дейін массасы кемиді, тығыздығы азаяды. Сондықтан матаны емес, иірілген жіпті қайнатып ағартады. Қайнатып-пісіру мен ағартуды өте мұқият және бірнеше рет қайталайды.

1                                    3

 — ақ, жартылай ақ, — ақ немесе түгелдей ағартылған зығыр жібі мен  

4                               4     

мата шығарылады.

Өңделмеген жартылай ағартылған,  ағартылған және боялған жіптердің қоспасынан шұбар-түсті зығыр матасы шығады. Меланж зығыр маталары боялған штапель және өңделмеген зығыр талшықтарынан иірілген меланж жіптерінен тоқылады.

Зығыр маталарына жүргізілетін ақырғы операциялар мақта маталардікімен бірдей. Зығыр маталар да: қыртыстанбайтын, апшымайтын, су жұқтырмайтын, оттан қорғайтын, шіруден сақтандыратын т.б. өңдеудің арнайы түрлерінен өтеді.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Мата өңдеу дегеніміз не?

2. Матаны өңдеудің мақсаты?

3. Мақта маталарын өңдеудің негізгі операциялары?

4. Отпен шарпу?

5. Мерсерлеу дегеніміз не?

6. Түк салғанда туатын ақаулар?

7. Мақта маталарын бояу процесінің сатылары?

8. Зығыр маталарын өңдеудің негізгі операциялары?

9. Өңдеу сипатына қарай зығыр маталар қалай ажыратылады?

 

    Әдебиеттер:

              

1. Кукин Г.Н. и др. Текстильное материаловедение (волокна и нити). Учебник для вузов. 2 изд, перераб. И допол. –М.; Легрпомбытиздат, 1989.-272 б.

2. Кукин Г.Н. идр. Текстильное материаловедение (текстильные полотна и изделия). Учебник для вузов. 2 из. перераб. и допол.- М., Легпромибытиздат, 1992. -276 б

3. Е.П. Мальцева. Тігін өндірісінің материалтануы. Алматы. «Ана тілі», 1992.- 255 б.

 

Лекция № 6. Жүн, таза жібек, химиялық талшықтардан тоқылған маталарды өңдеу

 

Жоспар:

1. Жүн маталарды өңдеу.

2. Таза жібек маталарды өңдеу.

3.  Химиялық талшықтардан тоқылған маталарды өңдеу.

 

Жүн маталарды өңдеу

 

Жүн маталары тарақтық (мауыты) және шұғалық болып бөлінеді. Тарақтық маталар жұқа, жеңіл, тоқылған өрнегі бетінде анық көрініп тұрады. Шұғалық маталар тарақтық матаға қарағанда ауыр әрі қалың.Шұғалық матаның бетінде киізтектес қабаты, түгі немесе ерекше мамығы болады. Тарақтық және шұғалық маталарды өңдеудің өз ерекшеліктері бар. Кейбір операциялар екеуіне де ортақ болады.

Жүн матаның тобын (партиясын) өңделгенге дейінгі сапасына және өндіріс жоспарына қарай таңдап алады. Жеңіл көйлектік және костюмдік маталарды 10-012 бөлектен біріктіріп тігеді. Топқа кіретін ауыр матаның әр бөлегі жеке-жеке өңделеді, тек кейбір операцтяларды жүргізу үшін бірнеше бөлегін біріктіріп тігеді де, артынан қайта бөлектейді.

Жарамсызын алып тастаған соң, кендір матаны тазалайды, жамайды, қысқашпен немесе қайшымен түйіндерін алады, бунақталған жерлерін және т.б. ақауларын жөндейді. Жуықтығы, түйіні, кем-кетік тоқылғаны сияқты ақаулары болған жағдайда матаны тоқыма суретіне сәйкестендіріп тігін инесімен торлап жамайды. Торланып жамалған тұсы шұғалық маталарды өңдеуден өткізген соң білінбей кетеді.

Тарақтық маталарды өңдеудің негізгі операциялары: отпен шарпу, қайнатып- пісіру, илеу (кейбір маталар үшін), шаю, ылғалдай декатирлеу, карбондау, бояу, күзеу және тазалау, аппреттеу, престеу,  ақырғы рет ыстық суға ұстап жұмсартады.

Шұғалық маталарды өңдегенде илеу, шаю, жұмсарту, карбондау, түктеу, бояу, күзеу және тазалау, престеу және ақырғы рет декатирлеу жүргізіледі.

Кейбір жүн маталарға арнайы заттарды сіңдіру арқылы су жұқпайтын, күйе түспейтін қасиет береді.

Отпен шарпу тарақты маталардың өңіндегі шығып тұрған жүн талшықтарын күйдіру. Шарпу – үйткіш (палилка) деп аталатын арнайы машинада жүргізіледі. Жазылған мата газ шілтерісі жалынының үстімен 90 м/мин жыламдықпен жылжып өтеді. Жалынның биіктігі 15см-ге жетеді. Тығыздығы аз маталарды үйіткенде жалын матаның арғы жағына өтіп кетеді де, жіптердің арасындағы талшықтардың ұшын күйдіреді. Мүмкін болатын ақаулар: жидітіп алу, күйдіріп жіберу. 

Термобекіткіш – синтетикалық талшықтары (капрон, лавсан, нитрон) бар маталардың құрылымын бекітіп және матаның тиянақты апшуы үшін жасалатын өңдеу жұмысы. Термобекіткіш процесінде мата 110-190оС-ге дейін қыздырылыған бетпен жылжып өтеді. Синтетикалық талшықтар отырады, матаның құрылымы сақталып, мөлшері тиянақты болады.

Термобекіткіш матаның келесі өңдеу операцияларында немес пайдаланғанда отыруын болдырмайды.

Шаю – майды, шлихтаның қалдығын, кірін кетіру мақсатымен барлықь жүн маталарға жасалатын өңдеу жұмысы. Көп өңдеу операцияларынан кейін матаны бірнеше рет шаяды. Дұрыстап шайылмаған мата айғызданып тұрады. 

Қайнатып-пісіруді тарақтық маталарға ғана жасайды. Жазылған матаны 20-30 минуттай ыстық немесе қайнаған сумен өңдейді де суыту үшін суық сумен шаяды. Қайнатып-пісіру процесінен соң мата отырады, құрылымдары бекиді, одан әрі өңдегенде оның киізденуі азаяды. Қайнатып-пісіру  маталардың қыртыс-тыртыс болмауынан сақтандырады. 

Илеп-басу барлық шұғалық және кейбір тарақтық маталарға жүргізіледі. Илеп-басу жүргізердің алдында матаның әр бөлегін қабаттайды да жиегі бойымен көктейді. Сонан соң шеттерін біріктіріп үзіліссіз полотно жасайды. Маталарды алдын-ала сабындайды, яғни сабын-сода немесе сабын ерітіндісі арқылы өткізеді. Ширатылған матаны илеп-басу машинкаларында өңдейді. 

Тарақтық маталарды илеп-басып жұмсарту және апшыту 15-20 минутқа созылады. Шұғалық маталарды олардың тығыздығын арттыру үшін, жүн талшығы қабыршақтарының ілмесуінен болатын мата бетінің киізденуін тудыру үшін илеп-басады. Шұғалық маталарды бұл әдіспен өңдеу ұзақтығы 2-6 сағатқа созылады. Бұл жағдайда шұғалық маталар негізі бойынша 20%-ке, ал арқауы бойынша 40%-ке отырады. Илеп-басу процесінің барысында матада жазылмайтын қыртыс-қатпар пайда болуы мүмкін – немесе бүктме. Иленіп болған соң матаны шаяды.

Дымқылдап жұмсарту – матаны отырғызу үшін бумен және ыстық сумен өңдеу. Жазылған матаны (4-6 бөлегін) ваннаның ортасына орналасқан іші қуыс тесікті цилиндрге (жұмсартқыш) орайды. 5-10 минут уақыттай мата арқылы цилиндрден бу жібереді; сонан соң 20-30 минут ваннадан ыстық су, 10 минуттай суық су айдайды. Дымқылдап жұмсарту матаның құрылымын бекітеді және серпімділігін арттырады. 

Карбондау – таза жүн маталарын өсімдік қоспаларынан тазарту үшін сұйытылған күкірт қышқылымен жасалатын өңдеу. Матаға 4-5%-тік күкірт қышқылының ерітіндісін сіңіреді де 70-110оС температурада кептіреді. Кепкен сайын қышқылдың концентрациясы артып, өсімдік бөлшектер жидиді, ал жүннің талшықтары бүлінбейді. Жидіген бөлшектер мен қышқылдан матаны тазарту үшін оны илеп-басатын машинадан өткізіп, жақсылап шаяды.

Түктеу – талшықтарды тарап шығару арқылы матаның бетіне түк салу. Түкті драп, шұға, пальтолық маталарына түк салынады. Дымқыл матаны кордолента немесе өсімдікті түксалғыш бүршіктермен қапталған барабаны бар түксалғыш машина арқылы өткізеді.

Бояу – жүн маталарды қышқылды, хромды, металы бар бояғыштармен, қышқылды антрохинонды бояғыштармен, тіке бояғыштармен бояйды.

Қышқылды бояғыштар – суда ериді, маталарды қышқыл ортада бояйды. Матаның бояуы ашық, әр түрлі, бірақ ылғалға, үйкеліске және жарыққа шыдамды емес.

Хромды бояғыштар суда ериді, костюмдық және пальтолық маталарды бояу үшін қолданылады. Бояуды бекіту үшін матаны калий бихроматымен өңдейді. Хромды бояғыштардың бояуы мықты, бірақ матаның мықтылығын 5 -8 % -ке кемітеді.

Металы бар бояғыштар суда ериді, матаны тез және тегіс бояйды, бояуы жарыққа, терге және  үйкеліске төзімді.

Қышқылды антрохинонды бояғыштардың түсі ашық, таза және сыртқы ықпалға өте шыдамды.

Тікелей бояғыштарды өсімдік талшықтары бар жүн матарды бояу үшін пайдаланады. Қышқыл ортада қайнатқан кезде жүн талшықтары боялады. Сонан соң, соданы қосқаннан кейін, қышқылды нейтралдайды. 80оС температурада өсімдік талшықтары боялады. Бояғышты бекіту үшін ДЦУ және ДЦМ препараттарын қосады. 

Кейбір көйлектік маталар мен бөлек бұйымдар (орамалдар, бөкебайлар) өрнек басу процесінен өтеді.

Тарақтық жартылай жүнді костюмдік және көйлектік маталар аппреттеленіп-өңделеді. Матаға иілгіштік, жұмсақтық, созылымдылық қасиет беру үшін амид пен карбамол қосындылары бар крахмалды және берік  аппреттер пайдаланылады. Жартылай жүнді маталарды өңдегенде жұмсартқыш есебінде полиэтилендік эмульсия қолданылады. Аппреттеліп-өңделіп болғаннан соң маталар кептіріп-кергіш машина арқылы өтеді.

Престеуді матаны нығыздап, тегістеп, оған жылтыр беру үшін цилиндрлі престерде жүргізеді. Престеуді құрылымы тығыз және беті тегіс болуға тиіс маталар өтеді. Бобриктер, ратинделген драптар, бүкле және басқа бұдыр бетті маталар престелмейді.

Ақырғы рет жұмсарту – отырғызу үшін матаның құрылымын бекіту үшін және де ласты (престеуден пайда болған жылтыр жерлер) жою үшін маталарды қысымы жоғары ыстық бумен өңдейді. Металл, қаптамамен жабылатын іші қуыс тесікті цилиндрге матаның бірнеше бөлігн бос орайды. 5 – 10 минут уақыт қысыммен цилиндрге бу жібереді, сонан соң қайта сорып алады.

Кейбір жүн маталар арнайы өңдеуден өтуі мүмкін. Сужұқпайтын қасиет беру үшін шинельдік және пальтолық маталар парафин-стеарин эмульсиясымен және сіркеқышқыл алюминиймен өңделеді.

АМСР препаратын сіңдіру матаға су және шаң жұқпайтын қасиет береді. Кремнийорганикалық қосындылардың эмульсиясы сіңген вискозды талшықтары баржүн маталардың отыруы азаяды. Матаның қыртыстанғыштығын азайту үшін «Марвелан» өңдеу препараты қолданылады.

Барлық тарақтық лавсаны бар жүн маталары МА және ОС – 20 препаратымен антистатикалық және жұмсартатын өңдеуден өтеді. Күйе түспеу үшін «Молонтин П» және басқа препараттарды қолданады.

 

Таза жібек маталарды өңдеу

 

Матаның құрылымы мен оған қойылатын талапқа қарай таза жібек маталар әртүрлі өңдеу операцияларынан өтеді.

Өңдеудің негізгі операциялары отпен шарпу, қайнатып-пісіру, ағарту, ояу, сурет басу, аппреттеу, керу және кептіру, каландрлау.

Өңдеу алдында сапасы бойынша қабылданған құрылымы және салмағы жағынан бірдей 6-10 бөлік мата ұзындығы бойынша біріне-бірі жалғасып тігіледі. Үзіліссіз ұзын лентаға айналады.

Отпен шарпуды тек жібек жіптен тоқылған мата мен арқауына мақта жіп қосылған мата ғана өтеді. Ол үшін газ үйткіш машиналары қолданылады.

Қайнатып- пісіру серицинді, бояғыш, минералды және май заттарды кетіру үшін керек. Матаны 92-95оС температурадағы сабын ерітіндісінде 1,5-2 сағат ұстап өңдейді.

Ағартуды жібек жіптен тоқылған маталарға ғана жасайды өңделіп біткенде түсі аппақ болуы тиіс. Дөрекі өңделген жібек матаның сарғыш түсі ашық түрге бояуға кедергі болмайды. Матаны сілтілік ортада сутегінің асқын тотығымен ағартады.

Бояу – тікелей, кубтік, белсенді (активный) бояғыштармен жүргізіледі

Активті бояғыштар жаңа класты бояғыштар тобына жатады. Маталардың бояуы ашық, дымқылдай өңделгенге, үйкеліске және органикалық ерітінділердің әсеріне шыдамды.

Таза жібек маталарға басып өрнек салу торкөзді үлгілерді пайдаланып арнйаы машиналарда жүргізіледі. Торкөзді үлгі дегеніміз жібек, капрон немесе мыс тордың керілген рамка (көлемі әртүрлі болады). Тордың кейбір жерлері бояғыш жібермеу үшін пленкамен жайылған. Ашық жерлерге сурет басылады. Көптүсті өрнек салу үшін бірнеше үлгі болуға тиіс. Өрнек үлгіге фотосуретке түсіргенде салынады, сондықтан бұл әдіс фотофильм печать деп аталады.

Торкөз үлгімен басып өрнек салу машиналары көтеріліп төмен түсетін бірнеше үлгілері бар ұзын столда тұрады. Мата бір үлгінің ұзындығындай әлсін-әлсін жылжып тұрады.

Машинадағы ракля негіз бен арқау бойымен жылжып отырып торкөз үлгі арқылы матаға бояғышты жағады. Столдың аяқ жағында кептіру камерасы орналасқан. Үлгілері жазық емес цилиндрлі машиналар да бар. Қоюланған бояғыш цилиндрдің ортасынан арнаулы шөткелердің көмегімен тор арқылы матаға өтеді. Дара бұйымдарға өрнек салу үшін аэрографиялық әдіс пайдаланады. Салынатын өрнектің кейпі бар трафарет бұйымның бетіне қойылады да пульверизатормен қоюланған бояғыш бүркіледі. Сонан соң трафаретті алып бұйымды кептіріп жуады.

Құлпыртуды таза жібек мата ағарқаннан, боялғаннан және өрнек салғаннан кейін өтеді. Бұл – 30- 35оС температурада 15-30 минут сірке қышқылымен өңдейді.

Таза жібек маталарын ақырғы өңдеу олардың құрылымына байланысты.

Креп маталар сұйытылған сірке қышқылының ерітіндісімен өңделеді де инелі керіп-отырғызу машинасында кептіріледі. Таза жібек мата және арқауы мақта жартылай жібек мата тағы да отқа шарпылады, сонан соң каландрленеді, өңделеді және қайтадан каландрленеді.

Түгін көтеру үшін түкті маталарды қағатын машина арқылы өткізеді. Сонан соң түктердің ұзындығы бірдей болу үшін күзеу машинасында күзейді, матаның астына аппрет жүргізеді де инелі  кептіргіш – керу машинасында өңдейді.

 

Химиялық талшықтардан тоқылған маталарды өңдеу

 

Химиялық құрамымен құрылымына байланысты химиялық талшықтардан жасалған маталар өңдеудің әртүрлі операцияларынан өтуі мүмкін. Бұл маталар өтетін өңдеудің негізгі операциялары таза жібек маталар өтетін өңдеудің операцияларына ұқсас, дегенмен талшақтардың химиялық қасиеттеріне негізделген өңдеудің кейбір арнайы түрлерінен өтуі де мүмкін: жидіту, гофрлеу, термоөңдеу және т.б.

Өсімдік талшықтарынан жасалған маталарды өңдеу процесінде олардың ылғалданғанда мықтылығының кемитіндігін ескеріп өңдеу кезінде қатты кермеу керек.

Химиялық талшықтан жасалған маталардың натуральды маталарға қарағанда бөгде қоспасы ағарту сондықтан да шлихтаны кетіру үшін сабын ерітіндісінің сұйықтау концентрациясында немесе синтетикалық жуғыш препараттардың ерітіндесінде онша ұзақ емес, 30-45 минуттай қайнатады.

Жасанды және синтетикалық маталарды әдетте ағартылған немесе боялған талшақтардан жасайды, сондықтан гипохлоридпен немесе оптикалық ағартқыштармен сирек жағдайда, матаны өте ағарту керек болған жағдайда ғана жүргізіледі.

Капрон матаның құралымын бекіту үшін міндетті түрді термобекіткіш жасалынады. Бұл матаны 15-20 сағат уақыт 130-135оС температурадағы ыстық бумен немесе 12-15 сағат 190оС-де инфрақызыл таратқыштарымен өңдеу.

Вискоз және мыс-аммиак талшықтарынан жасалған маталарды тікелей немесе кубты бояғыштармен бояйды.

Ацетатты немесе синтетикалық талшықтардан жасалған маталарды бояу үшін дисперс, диазотталатын дисперс, капронды дисперс, полиэфирлі дисперс, катионды бояғыштар пайдаланылады.

Егер вискоза мен ацетатты талшықтардан жасалған матаны тікелей бояғыштармен бояса ацетатты талшықтар боялмайды, мата ала-құла болып қалады. Сонддықтан да, тегіс боялу үшін, вискоза мен ацетатты талшықтардан жасалған матаны тікелей бояғыштарды ацетат талшықтарын бояуға арналған бояғыштармен (азоацетаттар) араластырады.

Креп маталарға басып өрнек салу торкөз үлгілердің көмегімен, ал тегіс, жылтыр маталарға – торкөз үлгілерімен қатар баспа машиналарымен де жүргізіледі.

Алтын немесе күміс тектес өрнектерді матаға салу үшін сол металдардың ұнтақтарын жабыстыру керек. Титан екіқышқылымен өрнек салғанда химиялық талшықтардан жасалған матада «Матовая бель» пайда болады.

Таза жібек және химиялық талшықтардан жасалған маталарды бояп және оларға басып өрнек салғанда кездесетін болатын ақаулар мақта маталардікіндей.

Химиялық талшықтардан жасалған маталардың ақырғы өңдеуі – күзеу, тазалау, аппреттеп-өңдеу, керу, кептіру, жұмсарту, каландрлеу, арқауын түзету. Аппреттеп-өңдеу және өңдеудің келесі операциялары бірнеше ашинаны қамтитын аппретті-өңдеу агрегатында іске асырылады. Өңдеудің арнаулы түрлері де қолданылуы мүмкін.

Штапель маталардың қыртыстанғыштығын азайту үшін қыртыстанбайтын өңдеу жасалынады. Ол – мочевина және меламино – формальгедиті шайырмен өңдеу. Маталарға сіндіру үшін карбомол және метазин деген химия өнеркәсібі шығаратын препараттар пайдаланылады. өңдеу нәтижесінде матаның қатпарланғыштығы суланғанда талшықтардың ісінуі де, жуғанда отыруы да азаяды. Түкті өрнектер алу үшін маталарды флокирлейді – электростатикалық өрісте ұзындығы 0,5-2мм қысқа талшықтарды матаның бетіне желімдейді. Магниттік күш өрісінің әсерінен тік тұрған талшықтарды сол қалпында матаға бекітеді.

Мұндай әдіспен күдері (замша) дайындалады, ол орамалдарға, жаулықтарға, ленталарға т.б. түкті өрнектер түрінде салынады.

Вискоза, полиамид талшықтары бар тегіс және түкті маталарға жұқа, торлы өрнектер салу үшін жидіту әдісі қолданылады. Торкөз үлгілердің көмегімен маталарға қышқылдың қоюланған ерітіндісі жағылады. Кетірген кезде қышқыл тиген жердегі вискоза талшықтар жидіп жуғанда кетіп қалады. 

Торкөз үлгілердің  көмегімен матаға жағылатын фенолдың сұйытылған ерітіндісін капрон маталарға жаққанда гофре эффектісі пайда болады. Кептірген кезде фенолдың концентрациясы артады да фенол тиген жерде мата жиырылады.

Металдау – ауасыз кеңістікте мата бетін жұқа металл қабатпен жабу. 

Үстіңгі беті капрон, астыңғы беті вискоза жіптермен тоқылған екі қабатты ірі өрнекті маталардың көлемдік құрылымын алу үшін оларды 2-3 минут уақыт суық сілті ерітіндісінде өңдейді. Вискоза жіптерінің қатты отыруына байланысты бетіндегі капрон мата дөңес өрнек тудырады («Космос», «Марсианка», «Мелодия» т.б. маталар).

Жылуға әрқалай отыратын талшықтардан дайындалған маталар термикалық өңдеуден өтуі мүмкін. Ыстықтың әсерінен талшықтардың бір бөлігі отырады да матаның беті бедерлі болып шығады.

«Лаке» - өңдеудің нәтижесінде лактелген былғарыға ұқсас жылтыры жуғанға, өтектегенге төзімді мата.

Штапель маталарға бедерлі өрнектер салу үшін метазинмен өңдегеннен кейін каландрда жаншиды. Таза мехқа ұқсастыру үшін қыжымдыда жаншып өңдейді. 

    

Бақылау сұрақтары:

 

1. Жүн маталарының түрлері?

2. Тарақтық маталарды өңдеудің негізгі операциялары?

3. Карбондау не үшін жүргізіледі?

4. Тарақтық маталарға күзеу жүргізу?

5. Су жұқпайтын қасиет қалай беріледі?

6. Таза жібек маталарға басып өрнек салу?

7. Капрон матаның құрылымын бекіту үшін не жасалынады?

8. Химиялық талшықтардан жасалған маталарды ақырғы рет өңдеу?

 

    Әдебиеттер:

              

1. Кукин Г.Н. и др. Текстильное материаловедение (волокна и нити). Учебник для вузов. 2 изд, перераб. И допол. –М.; Легрпомбытиздат, 1989.-272 б.

2. Кукин Г.Н. идр. Текстильное материаловедение (текстильные полотна и изделия). Учебник для вузов. 2 из. перераб. и допол.- М., Легпромибытиздат, 1992. -276 б

3. Е.П. Мальцева. Тігін өндірісінің материалтануы. Алматы. «Ана тілі», 1992.- 255 б.

Модуль



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Тоқыма станогының құрылысы мен жұмысы | Маталардың ассортиметі, жасанды және таза былғары, үлпек, қосарланған материалдар
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1313 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Стремитесь не к успеху, а к ценностям, которые он дает © Альберт Эйнштейн
==> читать все изречения...

2152 - | 2108 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.