Тоқыма станогының схемасы 12-суретте берілген. Ұршықтан (1) келетін негіз скалоны (2) айналып өтіп ламель (3), ремизкалардың галевтерінің тесіктері (4), батанға (8) бекітілген бердо тістерінің (5) арасымен өтеді. Дайын мата станоктың алдыңғы бел темірін (грудница) (11) айналып өтіп товар реттеуіштің (9) көмегімен товар білігіне (10) оралады. Негіз үнемі керілген күйде тұрады. Шыт, бөз, полотно сияқты маталарға керек қарапайым тоқыма өрнектерін жасау үшін екі ремизка жеткілікті: біреуіне негіздің барлық жұп, екіншісіне барлық тақ жіптері өткізіледі. Егер тоқыма станогында бір ремизка көтеріліп, екіншісі бір ремизка төмен түссе, негіздің барлық жіптері жылжиды да шөлнек өтетін тоқығыш саңылау тудырады.
12-сурет. Тоқыма станогы құрылысының схемасы
Тоқыма өрнектерін жасаған кезде ремиъкалар саңылау тудыратын эксцентрикті механизмнің көмегімен көтеріліп – түседі. Механизмге басқыш, (12) және эксцентрик (13) кіреді. Иінді білік бастаушы арқылы батан (8) мен оған бекітілген бердті (5) қозғалысқа келтіреді. Ортасында арқаулық шпулі бар шөлнек (6) қуғыштың (7) ұрғанынан саңылауға сүңгіп кетіп арқау жіпті өткізеді. Батанның тербелмелі қозғалысы бердтің көмегімен арқау жіпті матаның жиегіне қарай нықтайды. Сонан соң ремиз өз жағдайын өзгертеді де, саңылау қайта пайда болады. Шөлнек қайтадан жүріп тағы бір жаңа арқау жіпті өткізіп, батанның тербелмелі қозғалысы осылай қайталана береді. Негіз жәйлап тарқатылады да, тоқылған мата береді. Негіз жәйлап тарқатылады да, тоқылған мата товар білігіне орала береді.
Товарлы реттеуіш жылжытып тұратын матаның қозғалу жылдамдығына оның тығыздығы байланысты: жылдамдық ұлғайған сайын матаның тығыздығы кемиді.
Эксцентрикті станоктарда тек полотнолық маталар шығарылады. Майда тоқыма өрнектерді алу үшін ремиз көтеретін кареталары бар станоктар пайдаланылады. Үлкенөрнекті тоқыма маталар беттік (жаккардты) машиналары бар станоктарда шығарылады. Түкті маталарды шығару үшін арнайы түкті тоқыма станоктары пайдаланылады.
ССРО-ның тоқыма құрал-саймандардың негізгі дені автоматты тоқыма станоктары, олар шөлнектегі шпульді арқау жібі біткенде немесе үзілгенде автоматты түрде ауыстыратын механизммен жабдықталған.
Соңғы жылдары арқауының шағынгабаритті металл төсемі бар СТБ станоктары мен шөлнексіз станоктар көп шығарылып, кең пайдалануда: пневматикалық, гидравликалық, рапирлі және пневморапирлі. Шөлнекті тоқыиа станоктарына қарағанда шөлнексіз станоктардың шуы аз, жіпті аз үзеді, өнімділігі жоғары.
Біздің елде шығарылатын шөлнексіз тоқыма станоктарының негізгі типтері – шөлнексіз пневморапирлі станоктар. Пневморапирлі станоктың тоқыма саңылауына оң жақтан, сол жақтан бір мезгілде екі қатты түтік – рапирлер кіргізіледі. Олар батанның ортасында кездесңп саңылау жасайды, ал одан арнайы механизммен дәл өлшенген арқау жібі өткізіледі. Содан кейін рапирлер саңылаудан шығып кетеді, арқау жіп оң жақ қиекте кесіледі де бердпен матаның шетіне нықталады. Шөлнексіз станоктардан шыққан маталардаң екі жағында жалпақтығы 1 см-дей шашағы болады. Чехославакияда шығарылатын шөлнексіз гидравликалық тоқыма станоктарында арқау жіптері тамшы сумен өткізіледі.