Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Маталардың ассортиметі, жасанды және таза былғары, үлпек, қосарланған материалдар

 

Лекция № 8. Тоқыманың айқаспа түрлері, Қарапайым (тегіс), майдаөрнекті, күрделі айқаспалар, іріөрнекті айқаспалар, Мата айқаспаларын талдау.

 

Жоспар:

1. Тоқыманың айқаспа түрлері.

2. Қарапайым (тегіс) айқаспалар.

3. Майдаөрнекті айқаспалар.

4. Күрделі айқаспалар.

5. Іріөрнекті айқаспалар.

 

Тоқыманың айқаспа түрлері

Тоқыманың айқасу түрлері өте әртүрлі, және олар матаның құрылымы мен қасиетін анықтайды. Матаның оң жағының сипаты мен өрнегі, көлденең немесе ұзыннан жолақтар болуы, бетінің жылтыры негіз бен арқаудың айқасу түріне байланысты. Тоқыманың айқаспа түрлері матаның мықтылығына, созылғыштығына, қалыңдығына, қаттылығына апшуына, ылғал-жылумен өңдегенде тартылуына және т.б. қасиеттеріне әсер етеді. Матаны моделдеуде, конструкция жасағанда, пішкенде және тіккенде тоқыма өрнектері, түрлері ескеріледі. Күрделілігіне қарай тоқыманың айқаспалары төрт класқа бөлінеді: жай (тегіс), майда өрнекті, күрделі және ірі өрнекті.

Тоқыма айқаспа түрлері торкөз қағазға салғанда тордың тік қатарын негіздің жібі деп, көлденең арқаудың жібі деп шартты түрде қабылданады. Әр көз екі жіптің (негізгі және арқау) қиылысы болады да жапқыш деп аталады да, суретте ол көз боялады. Егер матаның оң жағына арқау жіп шықса – арқау жапқыш деп аталады да, боялмай ақ болып қалады. 

Торкөз қағазға салынған тоқыманың айқаспа түрлері мен матаның үлгілерін мұқият қараса барлық бағытта қайталанатын өрнектерді байқауға болады. Қайталанатын өрнектерін раппорт деп атайды. 

Әрбір тоқыма айқасуында негіз бойынша және арқау бойынша раппорттар болады. Негіз бойынша раппорт – айқаспаның өрнегін түзетін негізгі жіптердің саны. Арқау бойынша раппорт – айқаспаның өрнегін түзетін арқау жіптердің саны. Тоқыманың айқасу схемасында раппорт әдетте қиылысқанда тік бұрыш не квадрат жасайтын сызықтармен төменгі сол жақ бұрышта белгіленеді.

 

Қарапайым (тегіс) айқаспалар

Қарапайым айқасулар түріне жататындар: полотнолық, саржалық, атлас – сәтендік. Барлық тегіс айқаспалардың ерекшеліктері мынадай: раппортта әр негізгі жіп арқау жіппен бір-ақ рет айқасады; негіз бойынша раппорт арқау бойынша раппортқа тең. 

Полотнолық – тоқыма айқаспаларының ішіндегі ең көп тарғаны. Полотнолық айқасуда негіз бен арқаудың жіптері біреуден кейін айқасып отырады: матаның бет жағына негізгі жіп н және арқау (жіптер бойынша полотно) жіп а кезекпен шығып отырады. Негізгі және арқау жіптер бойынша полотнолық айқасудың раппорты екі жіпке тең. Полотнолық айқаспа матасы оң және астыңғы жағынан бірдей тегіс, күңгірт болып келеді.

Полотнолық айқасулар шыт, бөз, миткаль, маркизет, бәтес, майя және  т.б. мақта маталар; полотно, бортовка, парусин және т.б. зығыр маталар; крпдешин, крепжоржет, креп-шифон, креп-марокен және т.б. жібек маталар; шұға, бірқатар көйлектік және костюмдік жүн мата шығарғанда қолданылады.

Полотнолық айқаспа матаға барынша мықтылық береді, және тығыздығы жоғары болса мата қатты да болады.

Егер полотнолық айқаспада арқауға қарағанда негіз жіңішке болса матада көлденең сызықтар пайда болады (тафта, поплин және т.б.). Мұндай маталар жалған репсті деп аталынады, себебі олардың түрі репс сияқты.

Саржалық айқаспа маталарының ерекшелігі – сызықтар матаның диагоналін бойлай кетеді (саржа, кашемир, шотландка және т.б.) Саржалық маталардың бетіндегі сызықтар әдетте төменнен жоғары оңға қарай, кейде оңнан солға қарай кетеді. Саржаны жасағандағы өзіне тән белгісі: раппорттегі жіптер саны ең аз – 3; арқау жіпті әр салған сайын тоқыманың өрнегі бір жіпке жылжып отырады. Саржалық арқауды бөлшекпен өрнектейді; алымына раппорттың әр қатарындағы негізгі жапқыш саны н, ал бөлгішіне – арқаулық жапқыш саны а қойылады.

Саржаның негіз бойынша раппортты арқаулық раппортына тең және алым мен бөліміндегі сандардың қосындысына тең. Егер саржаның бет жағында негізгі жіптер басым болса саржалық айқаспа негіздік деп аталады (2/1, 3/1, 4/1, ал егер бет жағында арқау жіптер басым болса, саржа – арқаулық деп аталады (1/2, 1/3, 1/4). Неігізі саржалық айқаспамен әдетте жартылайжібек, ал арқауы – мақта. Арқауы саржалық айқаспамен әдетте жартылай жүн маталар жасалады, олардың негізі мақта, арқауы жүн.

Саржаның раппортындағы жіптердің санына және негіз бен арқаудың тығыздығына байланысты саржа айқаспасындағы сызықтырдың қисаю бұрышы әртүрлі болады. Тығыздығы бірқалыпты және негіз бен арқаудың жіптерінің жуандығы бірдей болған жағдайда, саржа сызығының қисаю бұрышы 45оС-қа тең. Саржалық айқаспа матаға иілгіштік, жұмсақтық береді, бірақ полотнолыққа қарағанда мықтылығы нашар, себебі саржалық айқаспаның жапқышы полотнолық айқаспаға қарағанда сопақтау, ұзындау. Матаның тығыздығы төмен болған жағдайда, олар диагоналы ойынша қатты созылады.

Сәтенді және атласты айқаспаларда маталардың оң бетінде сопақ, ұзын жапқышы болады, сондықтан да олардың оң беті тегіс және жылтыр. Сәтеннің оң бетінде арқау жіптері, ал атласта – негіз жіптері басым. Сәтендік және атластық айқаспалардың раппортында кемінде 5 жіп болуға тиіс.    

Бесжіпті сәтенде раппортегі әр негізгі жіп н бетке тек бір-ақ рет шығады, сонан соң төрт арқау жіптің а сатынан өтеді. Сондықтан, айқаспылық суретін салғанда әр көлденең қатарда бір көзді бояп төрт көзді ашық қалдыру керек, т.с.с. келесі көлденең қатарда да жіптердің алмасуы осындай болады, бірақ екі жіпке жылжиды. Сегізжіпті сәтендерде негізгі жіп жеті арқау жіптің астына өтіп, ал бір жағына қарай 3 немесе 5 жіпке жылжиды. өте көп таралған мақта мата – сәтен осы сәтендік айқаспамен тоқылады. Сәтендік айқаспаларда арқаулық жапқыштардың ұзын болуына байланысты өте тығыз мата алуға мүмкіндік бар. Атластық айқаспа сәтенге ұқсас, бірақ бесжіптік атластық айқаспада раппорттағы әр негізгі жіп н төрт арқау жіпті а жабады да бір арқау жіптің астына түседі. Атластық айқаспа маталардың бет жағы негізгі жіптерден тұрады. Бұл әдіспен мақта түрлерінен – сәтен-дубль және ләстік; зығырдан – костюмдік – коломенок; жібектен – креп-сәтен, маталар, іш-киімдік штапель маталар, жібек және жартылай жібек астарлық маталар тоқылады. Сәтендік және атластық айқаспа матаның үйкеліске төзімділігін арттырады. Мұндай маталардың кемшілігі – сусып, ыдырағыш төсегенде, тіккенде сырғымалы.

    

Майдаөрнекті айқаспалар

Майдаөрнекті айқаспалардың класы екі шағын топқа бөлінеді: қарапайым айқаспаларды өзгерту, күрделендіру арқылы алынатын туынды айқаспалар; қарапайым айқаспаларды алмастыру және құрастыру арқылы алынатын құрама айқаспалар. Қарапайымға қарағанда майдаөрнекті айқаспаларда негіз бен арқаудың раппорты әртүрлі болуы мүмкін.

Туынды полотнолық айқаспаға репс және рогожка (мақта мата) жатады.

Репсті айқаспа негізгі немесе арқау жапқыштарды ұзарту арқылы алынады. Репсті айқасуда әр негізгі жіп 2,3, одан көп арқау жіптер арқылы өтеді. Бұл жағжайда мата бетінде көлденең сызық пайда болады, ал репс – көлденең репс деп аталады. Егер әр арқау жіп 2,3 немесе одан да көп негізгі жіп арқылы өтсе, мата бетінде ұзына бойлай сызықтар пайда болады, ал оны бойлық репс деп атайды. Репс және басқа да маталар осы репсті айқаспамен тоқылады.

Егер де арқау, ен негізгі жіптердің біреуі екіншісінен екі есе жуан болса, репсті айқаспада матаның беті, полотнолық айқасудағы сияқты тегіс болады. Мысалы, фланель осы жолмен алынады.

Рогожка мақтадан тоқылған мата– негіздік және арқаулық жапқыштарды бірдей арттыру нәтижесінде туған қосқабат, үшқабат полотнолық айқаспалар. Мұндай мата төрт жіптен де өріледі. Рогожкада рапорт негіз бойнша саны арқаулығына тең. Рогожканың айқаспасында полотнолыққа қарағанда тоқу өрнегі анық көрінеді: матаның бетінде тікбұрыштар байқалады, олардың мөлшері жіптің жуандығы мен айқасудың раппортына байланысты. Маталардың мақта және зығыр ассортиментінде рогожка айқаспасымен шығарылған маталарды рогожка дейді, ал жібек ассортиментінде – крепэлегант, «Аида» және т.б., жүн ассортиментінде – кейбір костюмдік және көйлектік маталар.

Саржалық айқаспалардың туындылары – айқын саржа күрделі саржа, тегіс саржа және сынық саржа. Айқын саржаның қарапайым саржадан айырмашылығы оның раппортында жалғызқабат жапқыштар жоқ, сондықтан оның жолақтары жалпақ болып анық көрініп тұрады. Мысалы айқын саржаның раппорттары: 2/2, 3/2, 4/2, 2/4, 2/3, 3/3 т.б. болуы мүмкін.

Матаның оң беті қай жүйенің (негізі немесе арқау) басым болуына байланысты айқын саржа негіздік, арқаулық немесе теңжақты болуы мүмкін.

Мата шығаруда ең көп қолданылатыны 2/2 және 3/3 теңжақты саржа. 2/2 саржаны шотландка көйлектік матасын, кашемир т.б., 3/3 саржаны – бостон, шевиот маталарын шығарғанда пайдаланады.

Күрделі немесе көп сызықты саржа матада жалпақтығы әртүрлі, кезектесіп отыратын диагональ сызықтар жасайды. Оны сипаттайтын бөлшектің алымы мен бөлгішінде екі немесе бірнеше сан болады. Мысалы, 1.3/2.1, 2.2/4.1, тағы с.с.

Күрделі саржа көйлектік маталарды тоқығанда пайдаланылады.

Сынық және теріс саржа, немесе «шырша» деп аталады. Олардың саржалық жолақтары ұзына бойы 90о-қа бағытын ылғи өзгертіп отырады, көрінісі шырша сияқты. Теріс саржаның сынық саржадан айырмашылығы бұралған жерлерінде жолақтарының жылжығаны байқалады: негіздік жаппаға арқаулық ал арқаулыққа – негіздік қарнсы келеді. Сынық және теріс саржалар кейбір пальтолық және костюмдік маталарды шығарғанда пайдаланылады.

Сәтендік айқаспаның туындысына айқын сәтен жатады. Қарапайым сегізжіпті сәтенге қарағанда айқын сегізжіпті сәтенде әр көлденең қабатта екі негізі жапқыш алты арқаулықпен алмасып отырады. Айқын сегізжіпті сәтендік айқаспамен молескин, мақтадан тоқылған шұға, күдері, шибарқыт тоқылады.

Құрама айқаспаға жататындар: оюлы, крепті, бедерлі, селдір.

Оюлы айқаспалар матаның бетінде көлденең немесе  ұзынша жолақтар, торкөздер түрінде қарапайым өрнектер салады. Бұлар қарапайым айқаспаларды алмастыру немесе үйлестіру жолымен алынады. Ең көп таралған ұзына жолақты айқаспаларды, мысалы, саржалық репстік айқаспаларды, сынық саржамен  рогожканы, т.б. кезектестіру арқылы алады. Ұзынжолақты құрама айқаспалармен костюмдік матаның көпшілігі және кейбір пальтолық маталар жасалады.

Крепті айқаспаның ерекшелігі матаға майдақиыршықты сипат беретін– оның өң бетін өрнектейді. Айқын сегізжіпті сәтендік айқаспамен молескин, мақта жапқыштарды ұзарту немесе екі айқаспамен үйлестіру арқылы алынады. Олар неше түрлі және олар мақта, жүн, жібек, зығыр маталарды шығарғанда қолданылады.

Бедерлі айқаспалар мата бетінде шығып тұрған негізгі немесе арқау жіптерден өрнек жасайды. Бедерлі айқаспаларға вафельді, диагональді және сызықты айқаспалар жатады. Негізгі және арқау жаппалардың ұзындығын өзгерту арқылы вафельдің түріне ұқсайтын өрнек аламыз. Вафельді айқаспа сүлгі жасағанда қолданылады.

Диагональді айқаспалардан матаның бетінде майда төменнен жоғары, оңнан солға қарай кететін томпақ жолақтар тудырады. Диагональдық айқасуда сызықтың қисаюы негіздің тығыздығына және  айқасудың сипатына байланысты. Мұндай тоқуға габардин жасалынады. Сызықтық айқаспамен тоқылған матаның бетінде тік және көлбеу кеткен екі дөңес жолақтар болады. Сызықтық айқаспамен пике (жалған пике) типтес мата шығарылады.

Селдір айқаспа матаға жұқа селдір түр береді. Айқасу процесінде негіздің немесе арқаудың кейбір жіптері жылжиды немесе ажырайды да, араларында саңылау пайда болады. Селдір айқаспа әдісімен «Спорт крученый», «Салют» және т.б. мақта маталар тоқылады.

 

Күрделі айқаспалар

Күрделі айқаспалар үш немесе одан да көп жіптердің жүйесінен түзіледі. Оған қосбетті, қосқабатты, пике, түкті, ілмекті, қайта өрілетін түрлер.

Қосбетті және қосқабатты айқаспалар мақта маталарын (сәтен, трико, бәйке) және драптар шығарғанда пайдаланылады. Драп шығарғандағы жіптердің қосымша жүйесі матаның қалыңдығын, тығыздығын арттыруға, жылу сақтау қасиетін жақсартуға пайдаланылады.қосбетті айқаспа жіптер үш жүйеден екі негіз бір арқау немесе бір негіз екі арқаудан құралады.

Екіқабатты айқаспалар жіптердің төрт немесе бес жүйесінен құрылады да бөлекше екі мата түзеді. Олар бірімен-бір төрт дүйенің бір құрамасымен, немесе арнайы бесінші, қосымша жүйемен біріктіріледі. Бұл айқаспа маталардың оң жағы және теріс жағы сапасы мен талшықтық құрамы әртүрлі жіптерден тоқылуы мүмкін – бет жағы тегіс боялған, ал теріс жағы торкөз не жолақ болып, немесе екі жағы да тегіс боялған, бірақ түстер әртүрлі болып келуі мүмкін.

Пикенің айқаспасы күрделі, ол жалған пикеден қосымша жүйесімен өзгеше. Пикенің бет жағы полотнолық айқаспамен тоқылып, ал қосымша жүйе оны тартып дөңес өрнек жасайды.

Түкті айқаспаның маталарының бет жағында тік тұрған түктері болады. Түк жалпы, немесе жалпақтығы әртүрлі суретті жолақ не түктен салынған ою-өрнекті болуы мүмкін. Жолақтың ішінде майда түкті өрнектер де салынуы мүмкін.

Түкті айқаспа жіптердің үш жүйесінен құралады: бір жүйе түкті, екі жүйе түпкілікті (коренные) – негіз және арқау. Түпкіліктіжүйелерде полотнолық немесе саржалық айқаспалар болады, олардың тығыздығы жоғары болғандықтан түкті жақсы бекітіп, ұстап тұрады. Түкті мақта маталар – жартылай барқыт пен шибарқыт – олардың түгі матаны тоқыма станогынан алғаннан соң қиылады арқаулық жүйеден тұрады.

Түкті жібек маталар – барқыт, велюр, қыжым, матаға отырғызылған жасанды мех – қосполотнолық өзі кесетін түктегіш станокте, негізгі жүйедегі қосымша түктен жасалады. Тоқыма станогінде бірден екі полотно құрылып, олар бір-бірімен түкті жүйе арқылы байланысады.

Матаның тоқылғанына қарай жылдам қозғалатын пышақ түкті жүйені кеседі, содан  екі бірдей түкті мата шығады.

Түкті айқаспалар матаға әдемі түр береді, жылу сақтағыш қасиеті мен тозуға төзімділік қабілетін арттырады, бірақ тігу процесі қиындайды. Пішкенде және ылғал-жылумен өңдегенде түктің, түкжолақтардың ептеп қисайған бағытын ескеру керек.

Түктік айқаспаның бір түрі ілмектік айқаспа. Оның тігінің түрі ілмек кейіптес. Ілмектік айқаспамен сүлгілік, суға шомылатын халаттық маталар мен басқа да сәндік маталарды шығарады.

Селдір (ажурный) айқаспаның ерекшелігі – олардың жарық өтетін көздері бар. Қарапайым селдір айқаспа жіптердің үш жүйесінен: екі негіз және бір арқаудан тұрады. Айқасудың жасалу процесінде селдір негіз екінші негізді біресе ол жағынан біресе бұл жағынан орап алады. Мұндай әдіспен тоқылған маталардың жұқалығы сонша, арғы жағынан күн көрінеді. Бұл айқаспалар блузкалық, жейделік және көйлектік мақта және жібек маталарды, перделерді, техникалық маталарды шығарғанда пайдаланылады. Блузкалық және көйлектік маталарды тоқығанда селдір айқаспа басқаларымен бірге қолданылуы мүмкін.

 

Іріөрнекті айқаспа

Іріөрнекті айқаспа беттік (лицевой) машинасы бар тоқыма станогінде тоқылады. Мұнда өрнектің мөлшері мен формасы әрқилы болуы мүмкін: өсімдік бейнелі және геометриялық оюлар мен композициялар, сюжетті және тақырыптық суреттер, және т.б. іріөрнекті айқаспалармен әртүрлі маталар, сондай-ақ портреттер, суреттер, кілемдер, гобелендер, жапқыштар, дастарқандар және т.б. жасалады.

Іріөрнекті айқаспалар қарапайым және күрделі болып бөлінеді.

Қарапайым іріөрнекті айқаспалар жіптердің екі жүйесінен тұрады, мақта маталарды («Вира», сатинжаккард және т.б.). жібек маталар (альпак, дудун, «Москва», «Весна», «Юбилейная» және т.б.), көйлектік жүн мата «Эффект», кенеп дастарқан, майлық-сулық орамал (салфетка), сәндік маталар және т.б. шығаруда пайдаланылады.

Күрделі іріөрнекті айқаспа жіптердің үш және одан да көп жүйелерінен тұрады, гобелен, кілем, мебельдік маталар, пикелік жапқыштарды, «Космос», «Марсианка», «Симфония», «Мелодия» және т.б. көптеген маталарды шығарғанда қолданылады.

Маталардың өлшемдік сипаттамасына қалыңдығы, ені, массасы, бөліктің  ұзындығы жатады. Маталардың өлшемдік сипаттамасы тігін өндірісінің барлық кезеңіне әсерін тигізеді.

Бақылау сұрақтары:

 

1. Айқаспалар қанша класқа бөлінеді?

2. Раппорт дегеніміз не?

3. Қарапайым айқасулар түрлері?

4. Саржалық айқаспа маталарының ерекшелігі?

5. Туынды полотнолық айқаспаға не жатады?

6. Селдір айқаспа?

7. Күрделі айқаспалар қалай түзіледі?

8. Түкті айқаспа қалай құралады?

9. Жалған репсті дегеніміз не?

10. Саржа сызығының қисаю бұрышы?

 

    Әдебиеттер:

1. Кукин Г.Н. и др. Текстильное материаловедение (волокна и нити). Учебник для вузов. 2 изд, перераб. И допол. –М.; Легрпомбытиздат, 1989.-272 б.

2. Кукин Г.Н. идр. Текстильное материаловедение (текстильные полотна и изделия). Учебник для вузов. 2 из. перераб. и допол.- М., Легпромибытиздат, 1992. -276 б

3. Е.П. Мальцева. Тігін өндірісінің материалтануы. Алматы. «Ана тілі», 1992.- 255 б.

 

 

Лекция № 9. Матаның өлшемдік сипаттамасы, матаның қалыңдығы, ені, массасы, ұзындық, Матаның механикалық қасиеттері, матаның мықтылығы, ұзаруы, қыртыстануы, драпталынуы,тозуға төзімділігі, Маталардың қыртыстанбау қасиетін анықтау.

 

Жоспар:

1. Матаның өлшемдік сипаттамасы.

2. Матаның қалыңдығы, ені, ұзындығы, салмағы

3. Матаның механикалық қасиеттері.

4. Матаның мықтылығы, ұзаруы, драпталуы, қыртыстанғыштығы

 

Матаның қалыңдығы жіптің жуандығына, бүгілу дәрежесіне, айқасуына, тығыздығына және өңдеуге байланысты

Тоқылатын жіптердің сызықтық тығыздығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым мата да қалың болады. өте жұқа жібек маталар (крепдешин, креп-жоржет, креп-шифон) 1,56 текс+2 және  2,33 текс+2 жібек шикізаттан тоқылады, ал ең жұқа мақта мата (бәтес, маркизет, шифон) – 5 -11,7 текс иірілген тарақтық мақта жіптерден, драп және басқа ең қалың пальтолық маталар – 165-92 текс иірілген жіптерден тоқылады. Матаның негізгі және арқау жүйелерінің бүгілу дәрежесі әртүрлі болуы мүмкін. Егер матаның бір жүйесінің жіптері аз бүгілген, ал екінші жүйесінің жіптері оны орап тұрса, матаның қалыңдығы артады. Егер негіз бен арқаудың бүгілу дәрежесі бірдей болса матаның қалыңдығы кемиді. Негізгі және арқау жіптердің керілу және бүгілу дәрежесіне байланысты бірқабат маталардың қалыңдығы жіптің диаметрінен 2-3 есе артуы мүмкін.

Ұзынша жапқышты айқаспа матаның қалыңдығын арттырады, сондықтан да полотнолық айқаспа маталар сәтендік айқаспа маталарына қарағанда жұқа. Басқа жағының бәрі бірдей болып тұрған жағдайда ең қалың мата күрделі айқаспада (түкті, қосбетті, қосқабатты). Күрделі айқаспа жасағанда жіптердің қосымша жүйесін енгіземіз, ол қалыңдықты арттырады, жылу ақтау қасиетін жақсартады, сондықтан қалың маталардың жылу сақтау қасиеті жоғары, оларды қыстық киім тігуге пайдаланады.

Матаның тығыздығы артқан сайын иірілген жіптер қабысып немесе жылжиды, яғни матаның қалыңдығы артады. өңдеу процесінде матаның қалыңдығы өзгеруі мүмкін.

Бюасу, түктеу, аппреттеп-өңдеу сияқты операциялар матаның қалыңдығын арттырады, ал отқа шарпу, престеу, каландрлеу – қалыңдықты кемітеді. Жуғанда және сулағанда негіз бен арқаудың бүгілуі артады, мата отырады, сондықтан оның қалыңдығы артады. матаның қалыңдығы 0,1 мм-ден 3,5 мм-ге дейін болады, оны қалыңдық өлшегіш деген арнайы аспапта өлшейді. Қалыңдық өлшеуіштің бірнеше конструкциялары бар, ал бірақ олардың жұмыс істеу әрекеттері бірдей. Матаның үлгісі жылтыр, беті тегістелген екі пластинканың ортасына салынады. Пластинканың біреуі қозғалмалы, ол циферблат бетіндегі миллиметрлік өлшеммен тексерілетін матаның қалыңдығын көрсететін бағыт көрсеткішпен жалғастырылған.

Пластинкалардың қысымымен бос маталар тапталады, олардың қалыңдығы кемиді. Сондықтан да қалңдық өлшегіштің жаңа конструкцияларында матаға түсетін қысымды реттеуіш құрылғысы бар. Мата қалыңдығын 0,1-0,2 кПа қысыммен өлшеу ұсынылған.

Модель жасау және конструкциялау матаның қалыңдығына байланысты неғұрлым қалың маталардан тік әрі кеңейтілген түрдегі бұйымдар тігу қажет, бедерлі тігістерді пайдаланбай, қалтаны тіліп салмау керек.

Жұқа маталардан конструкцияланған модельдері жан-жақты, күрделі болуы мүмкін.

Матаның қалыңдығы әдіптің мөлшеріне, тігістің жалпақтығына, түріне әсер етеді. Жаппай пішкенде салатын қабаттың саны да оның өалыңдығына байланысты. Драп, бобриктерді 12 – 24 қабат салса, бостон, костюмдік крепті – 30 – 40 қабат, шыт, сәтен, поплинді – 100 – 150 қабат, ал жұқа ішкиімдік маталарды – 200 қабат салады.

Тігін иесін, жіптерін таңдап, жіп шығынын анықтау, тігіс жиілігін, ылғал-жылумен өңдеу, режимін белгілеу қалыңдығына байланысты. Қалың маталармен жұмыс істегенде жуан инелерді, мықты әрі жуан жіптерді пайдаланып, сирек шаншып тігу керек. Жылу – ылғалмен өңдеу  уақытысы да қалың маталар үшін ұзақ. Бұл маталар лацкандарын сырмалап етегін қайырып тігу оңай.

 

Матаның ені

Модель таңдау, конструкциялау, пішкенде лекалоларды – матаның еніне байланысты. Мата ені стандартты және шындығындағы (фактический) болып бөлінеді. Стандартты ені дегеніміз – берілген матаның стандарт тағайындаған енінің нормасы. Матаның шындығындағы ені - өлшегендегі алған нәтиже. Бөліктегі матаның енін өлшеу мен үлгінің енін өлшеу нормаға (ГОСТ 3822 -  47) сәйкес жұргізілуге тиіс.

Қысқа бөліктегі (50 м-ге дейін) матаның енін үш жерден, ал ұзын бөліктегі (50 м-ден артық) матаны бес жерден өлшейді. өлшейтін жерлердің арасы бірдей, бірақ матаның шетіне 3 метрден жақын болмауы керек.

Ені бүктелмейтін сызғышпен, 0,5 см-ге дейін дәлдікпен өлшеніге тиіс. Матаның ені ретінде барлық өлшемнің орта арифметикалық мәні алынады, ол 0,01 см-ге дейін есептелініп, 0,5 см-ге дейін жинақталуға тиіс. Байқау нәтижесін жазатын журналға ортаарифметикалық нәтижеден басқа ең қсқа өлшемнің мәні де жазылады. Жүн және түкті маталарды жиегімен және жиексіз өлшейді. Басқа маталардың барлығын тек жиегімен өлшейді.

Үлгі матаның енін анықтағанда оны тегіс жерге жаяды. Өлшейтін сызғышты жиекке тігінен салады. Үлгі матаны үш жерден – екі шетін 10 см-дей жетпей және ортасын өлшейді. Бүктелмейтін сызғышпен І мм-ге дейінгі дәлдікпен өлшеу керек. Матаның енін үш өлшемнің ортаарифметикалық мәні бойынша 0,1 мм дәлдікпен алып, І мм-ге дейін жинақтаймыз.

Бір бөліктің өзінде және бір партиядағы әр бөліктің арасында еннің ұзындығының ауытқуы мүмкін. Жүн маталардың енінің ауытқуы бір бөлектің өзінде 4-5 см, ал бөліктердің арасында – 7-8 см-дей болады.

Енінің ауытқуы үлкен болса жаппай пішкенде ақау тудыруы мүмкін, сондықтан тігін кәсіпорындарында матаның енін әр 2-3 м сайын өлшейді. Лекалоларды салып, сызуды матаның ең жіңішке жеріне жүргізеді. Ені қатты ауытқыған жіңішке жерді кесіп алып басқа пішімге жібереді, немесе бүкіл бөлікті жеке-жеке пішеді, оны «қызыл полотно» дейді.

Бөлікте немесе партияда ені әртүрлі матаның болуы пішу процесін қиындатады, еңбек өнімділігін төмендетеді.

    

Матаның массасы

Матаның массасы оның беріктігі мен дайындауға қанша кеткен шикізат көрсеткіші.

2 (беткі тығыздығы) матаның массасы 25-800г аралығында. Ең жеңіл маталар – газ, эксцельсиор, шифон; ең ауыр маталар – шинельдік шұға, пальтолық маталар, драптар. Матаны 1 қума метр ұзындығына, немесе 1 м2 ауданына келетін массасымен өлшейді. Бүкіл енімен алынған 1 м ұзындықтағы матаны қума метр дейді.

1 қума метр және 1 м2 матаның массасын стандарт нормасына сәйкес анықтайды. 1 қума метр матаның массасы үлгінің массасын ұзындығына бөлу арқылы анықталады.

G1 = m × 1000/l

m – мата үлгісінің массасы, г; l – мата үлгісінің ұзындығы, мм.

Егер бір бөлік матаның массасы мен  ұзындығы белгілі болса, 1 қума метрдің массасые анықтау үшін бөліктің массасын (г) ұзындығына (м) бөлеміз. 1м2 матаның массасын анықтау үшін үлгінің массасын оның ауданына бөлеміз.

                             G2 = m × 1000 000/lb

m – үлгінің массасы, г; l – үлгінің ұзындығы, мм; b – үлгінің ені, мм.

Үлгінің массасын анықтау үшін оны 0,1 г дәлдікпен таразыда өлшейді. Ұзындығы мен енін бүктелмейтін сызғышпен 1 мм-ге дейінгі дәлдікпен анықталады.

Мәнін 0,01 г дәлдікпен есептейді, ал нәтижесін 0,1 г дәлдікпен жинақтайды. Үлгіні мм-мен өлшеп, ал ақырғы нәтижені 1м2 үшін анықтағандықтан, формуланың алымына 1000 000 қойылады.

Матаның жұмсалар мақсаты массасына байланысты. Өте жұқа маталарды ішкиім, блузка, көйлек дайындау үшін, ал ауыр маталарды шинель, пальто тігу үшін пайдаланады.

2 матаның массасына қарай оларды топтастырады. 1м2 ішкиімдік матаның массасы 40-300 г, көйлектік – 25-300 г, костюмдік – 100-400 г, пальтолық – 100-800 г.

Ұзындығы мен ені сияқты, матаның массасы да киім дайындау процесіне әсер етеді. Ауыр маталар өңдеуге қиын, себебі пішкенде, қабығанда, жартылай дайын немесе дайын бұйымдарды тасымалдағанда көп күш жұмсауды керек етеді, олар жуан ине-жіппен тігіледі ылғал- жылумен өңдегенде де жеңіл маталарға қарағанда уақыт пен күш көп кетеді.

 

Матаның ұзындығы

Матаның ұзындығын тігін өндірісінде жаппай пішу процесінде ескеру керек.

Матаны тоқу станогында шығару барысында кесіп, белгілі бір ұзындықтағы бөліктер алады. Бөліктің ұзындығы матаның қалыңдығы мен массасына байланысты. Ауыр пальтолық маталар мен драп бөліктерінің ұзындығы ең қысқа.

Тоқыма фабрикалары шығаратын бөліктердің ұзындығы 10 м-ден 150 м-ге дейін. Бір бөліктің өзі бірнеше кесіндіден тұру мүмкін. Егер де сауда жүйесіне баратын матаның сортын анықтағанда ақау табылса сол жерлерді кесіп тастайды да бөлік құрама болып қалады, ал тігін өнеркәсібіне арналған бөліктегі ақауы бар жер алынбайды, бірақ жиегіне кесу аралығы шартты белгі салып кесу қояды.

Құрама бөліктегі қиындының ең аз ұзындығы 1,5-нан 6 м-ге дейін болады, және ол матаның жұмсалар жеріне баланысты. Мысалы, пальтолық маталар мен драптар үшін қиындының ең аз ұзындығы 2,8 м, ал шинельдік шұға үшін – 3 м. Бөліктің ұзындығы тиімді және тиімсіз боуы мүмкін. 

Тиімді ұзындыұ – пішкен уақытта қалдық қалмайды, қалса да нормадан аспайды. 

Маталарды үнемді пайдалану үшін дайындау-пішу өндірісінде бөліктерді ұзындығына қарай таңдап, төсемнің ұзындығын анықтау керек және сызып – белгілеуді матаның ұзындығына, сәйкес жүргізу керек. Бөліктің ұзындығын тиімді пайдалану үшін бір мезгілде екі бұйымды пішіп немесе лекалолардың 1,5; 2,5; 3,5 комплектерін пайдаланған жөн. Егер бір жаймада бірнеше бұйымды, мысалы костюм мен шалбарды бірге пішсек матаны үнемді пайдалануға мүмкіндік туады.

 

Матаның мықтылығы

Матаның тартқанға мықтылығы – оның сапасын сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі. Матаның тартқандағы мықтылығы дегеніміз оның өзіне түскен күшке қарсы тұру қабілеті. Белгілі бір мөлшердегі мата жолағын үзуге кететін ең аз салмақты үзілу салмағы деп атайды. Бұл салмақ үзу машинкасында мата жолақтарын үзу арқылы анықталады.

Тәжірибе үшін негіз бойынша үш жолақ, арқау бойынша төрт жолақ алынады. Мықтылықты анықтағанда жолақтардың көлденең ені тағайындалған мөлшерге сәйкес келуі және ұзына бойына кететін жіптердің басынан аяғына дейін жетуі шарт. Ол үшін алдымен үлгіні жалпақ кесіп алады да тиісті мөлшеріне дейін екі жағынан ұзына жіптерін тарқатады. Ең шеткі жіптері бүтін болуға тиіс. Жолақтың ені 50 мм. Қысқаштардың ара қашықтығы жүн маталар үшін 100 мм, басқа маталар үшін – 200 мм. Қысқаштар арасындағы қашықтықтан жолақтар 100- 150 мм ұзын болуы тиіс. Маталарды үнемдеу мақсатымен ені 25 мм, қысқаштардың арасы 50 мм қондырғыларда созылу жүргізілетін жаңа әдіс те бар.

Үзу салмағын негіз және арқау бойынша бөлек есептейді. Барлық негіздер немесе арқаулар бойынша жүргізілген барлық сынаудың ортаарифметикалық нәтижесі  үлгінің үзу салмағы болып есептеледі. Лабораторияда матаның сапасын бағалағанда оның үзілу салмағын анықтайды да оны стандарт нормасымен салыстырады. Халықаралық бірліктер жүйесіне (СИ) сәйкес үзілу ньютонмен (Н) алынады. Мысалы, көйлектік мақта маталардың мықтылығы негіз бойынша 313 – 343 Н, арқау бойынша 186 – 235 Н, костюмдік мақта маталардікі негіз бойынша 687 – 803 Н, арқау бойынша 322 – 5880Н, арқау бойынша 294 – 490 Н. Костюмдік мақта маталардың жүн маталарға қарағанда үзілу салмағы көп болғанмен тез тозады. Өйткені жүн маталар созылғыш, серпімді келеді.

Матаның созу мықтылығы оның талшықтық құрамына, жіптің жуандығына, тығыздығына, тоқылуына, өңделу сипатына байланысты. Сиететикалық талшықтан маталардың мықтылығы жоғары. Жіптің жуандығы мен матаның тығыздығын арттырса мата мықты болад. Қысқа жабын тоқымалардан қолданса матаның мықтылығы артады. Сондықтан, барлық бірдей жағдайда, полотнолық тоқыма матаның  мықты болуын қамтамасыз етеді. Илеу, аппреттеу, декатирлеу сияқты өңдеу операциялары матаның мықтылығын арттырады. Ағартудан, бояғаннан мата мықтылығы біршама жоғалады.

 

Матаның ұзаруы

Үзу машинасында матаның мықтылығымен қоса ұзаруын да анықтайды. Үзілер кездегі үлгінің ұзындығының өсуі – үзілердегі ұзаруы – мм-мен өлшеніп (абсолютті ұзаруы) немесе үлгінің бастапқы ұзындығына процентпен алынады (салыстырмалы ұзаруы Е)

                             Е=l2-l1/l1*100,

L1 – үлгінің бастапқы ұзындығы; l2 – үлгінің үзілердегі ұзындығы. Мысалы, шыттың үзілердегі ұзаруы негіз юойынша - 8 – 10%, арқау бойынша – 10 – 15 %; бумазейлер негіз бойынша 4 – 5%, арқау бойынша 12 – 15 %; зығыр мата негіз бойынша 4 – 5%, арқау бойынша 6 – 7%; таза жібек мата негіз бойынша 11%, арқау бойынша 14%; штапель мата негіз бойынша 10%, арқау бойынша 15Ғ ке ұзарады.

Қазіргі машиналар «күш-ұзару» қисықтарын жазатын диаграммалық аспаптармен жабдықталған. Миллиметр немесе процент бойынша осьтің тігіне мықтылық салынады да, көлденеңіне ұзару түседі. Ұзару қисығы матаның күш артқан сайын қалай өзгеріске ұщырағанын көрсетеді. Бұл мысалы, матаның тігу процесінде үзілу күшінен аз күш түскенде өзін қалай көрсететіндігін болжауға мүмкіндік береді.

Зығыр матасы, мысалы жүн матаға қарағанда көп мықты, бірақ үзу үшін жүнге қарағанда аз күш кетеді, себебі зығыр маталар еш ұзармайды.

Матаның сапасы оның серпімді, созылмалы және иілімді ұзаруының үлес қатынасына байланысты.

Егер матада серпімді ұзару үлесі басым болса – аз қыртыстанады, пайдалану барысында түскен қыртыстар тез кетіп қалады. Серпімді маталар ылғал – жылумен өңдегенде оңайшылықпен көнбейді, бірақ пайдаланған кезде бұйымның формасын жақсы сақтайды. Егер матаның толық ұзаруының ішінде созылмалы ұзарудың үлесі басым болса киім киіп жүргенде пайда болған қыртыстар біртіндеп жазылып, түседі. Егер толық ұзарудың ішінде иілімді ұзару басым болса мата қатты қыртыстанады, киім формасын тез жоғалтып, шынтақ, тізе шығып кетеді. Ондай бұйымдарды жиі өтектеп тұру керек. Ылғал-жылумен өңдегенде қыртысы жазылып, бұйымның формасы қайта бүлінеді. Алғашқыға қарағанда енді мұндай өзгерістерді қалпына келтіру қиынырақ болады.

Матаның толық ұзаруының мөлшері және серпімді, созылмалы, иілімді ұзарулардың үлесі талшықтың құрамына, құрылымына, матаны өңдеуге байланысты.

Синтетикалық маталар, ширатылған жіптен тоқылған тығыз таза жүн маталар, созылмалы капроннан және лавсаны бар жүннен тоқылған тығыз маталар өте серпімді келеді. Малдан алынған таза талшықтардан (жүн, жібек) тоқылған маталардың созылмалы ұзару проценті көп, сондықтан олар аз қыртыстанады, қыртысы кетіп біртіндеп бастапқы қалпына келеді. 

Зығыр, мақта, вискоза маталар, яғни өсімдіктен алынған талшықтардың иілімді ұзару проценті жоғары, сондықтан олар қатты қыртыстанады және өздігінен (ылғал – жылумен өңдемей) бастапқы қалпына келмейді. Иілімді ұзару бәрінен де зығырда көп, сондықтан да ол басқаларға қарағанда қатты қыртыстанады.

Сырт киімнің жиегін тіккенде созылмас үшін өңіріне созылатын зығыр матадан немесе желім жаққан матадан жолақты қоса тігіп жібереді. Бұл жолақты жеңнің оймасына, ерлер мен әйел костюмдерінің беліне және т.б. жерлерге салады.

Қалтаның формасын сақтау үшін оған мақта матаның жолақтарын астарлап тігеді.

 

Матаның қыртыстануы

Қыртыстанғыштығы дегеніміз – ылғал – жылумен өңдегенде ғана кететін матаның бүктеп, орғанда, мыжылып қалуы. Қыртыстану себебі – матаны бүктеп, орғанда пайда болатын иілу пішінінің өзгеруі салдары.

Серпімді және созылмалы ұзарудың үлесі басым талшықтар бүктеліп, жаншылғаннан соң біртіндеп түзеледі де, бастапқы қалпына келіп, қыртыстануы жоғалады.

Матаның қыртыстануы талшықтық құрамға, жіптің жуандығы мен ширатылуына, тоқылуына, матаның тығыздығы мен өңделуіне байланысты. Жүн, таза жібек, көптеген синтетикалық талшықтардан тоқылған матаның серпімділігі мықты, олар көп қыртыстанбайды. Мақтадан, вискоза талшықтарынан, әсіресе зығырдан тоқылған маталар тым қыртыстанғыш келеді. Жіптердің жуандығын арттырып, ширатуын қатайтсақ матаның қыртыстануы азаяды. Жүн, таза жібек және синтетикалық маталардан қыртыстың біртіндеп кетуі талшықтардың созылмалы қасиетінен болады. Матаның тығыздығы жоғары болса, оны бүктеген кезде жіптері орын ауыстырып  жылжымайды, сондықтан ондай мата аз қыртыстанады.

Қыртыстануды өңдеу де үлкен әсер етеді. Мақта, штапель, вискоза маталарының қыртыстанғыштығын азайту үшін оларды формальдегидті препараттармен, синтетиеалық шайырмен арнайы өңдейді. Қыртыс түспеу үшін және бұйым өз формасын сақтап тұруын қамтамассыз ету үшін тігін өндірісінде форниз деген өңдеу түрі қолданылады. Тоқыма өндірісінде бұйымдарды термореактивті шайырлармен өңделген целлюлоза талшықтары бар маталардан тігеді. Бұйым толық дайын болған соң оны ылғал-жылумен өңдеп, 150-160оС температурада 15 минуттай арнайы термокамерада ұстайды. Термоактивтік шайырлар полимеризацияланып, бұйымның алған формасы кетпей тұрып қалады. Форниз  өңдеуі ұзақ пайдаланғанда, жуғанда, химиялық тазалаудан өткізгенде бұйымның формасын сақтауына жағдай жасайды.

Қыртыстанғыштық матаның сырт көрінісін бұзады және тігу процесін қиындатады, мұндай маталар тез тозады, себебі олардың  қыртысын жазу үшін ылғал-жылумен жиі-жиі өңдеу керек.

Матаның қыртыстанғыштығын қолмен умаждау арқылы немесе арнайы аспапта лабораториялық әдіспен анықтауға болады. Бағдарланған және бағдарланбаған қыртысын анықтайтын аспаптар бар (ИР-І «жасанды қол» аспабы – көпқайтара созып, бүктеу арқылы тоқыма материалдардың шынтақ тұсындағы деформациясын зерттеу; матаның бүктеге шыдамдылығын анықтайтын аспап – минутына 124 рет бүктегеннен соң матаның бүтелу бұрышының градусын көрсетеді). Матаның қыртыстануын қолмен сынаған соң оның қыртыстанғыш дәрежесіне сәйкес төмендегідей: қатты қыртыстанатын, аз қыртыстанатын, еш қыртыстанбайтын деп баға беріледі.

Матаның драпталынуы

Драпталыну — матаның жұмсақ, дөңгелектенген қатпарлар туғызатын қасиеті. Драпталыну матаның массасына, қаттылығына және жұмсақтығына байланысты. Қаттылығы – матаның өз сақтап қалу қабілеті. Қаттылыққа қарама-қарсы қасиетін жұмсақтық дейді, яғни матаның формасының өзгеруіне көнгіштігі.

Матаның қаттылығы мен иілгіштігі талшықтардың жуандығы мен түріне, жіптің иірілу мен құрылымына, матаның құрылысы мен өңделгеніне байланысты. Жіңішке және иілгіш талшықтардан және осал ширатылған жіптен тоқылған бос маталар жұмсақ болады. Бұл маталар оңай драпталады, бірақ жайып тастап жұмыс істегенде байқау керек – қисайып кетуі қиын емес.

Тұрмыстық қажетке пайдаланатын маталардың қаттылығын анықтау үшін олардың жолақтарының өз салмағының әсерінен иілу дәрежесін ПТ-2 аспабында өлшейді. Жасанды былғары мен жұқа үлпек материалдардың қаттылығы мен серпімділігін анықтайтын арнайы аспаптар да бар.    

Таза жібек маталар, крептік айқаспалы жүн маталары және пальтолық жұмсақ жүн маталары жақсы драпталынады. Мақта маталардың, әсеріне зығыр маталардың жүн немесе жібек маталарға қарағанда драпталыну қасиеті төмен. Сыналатын матадан 400х200 мм көлемінде үлгі кесіліп алынады. Үлгінің қықа жағына төрт белгі жасайды: матаның бүйіріндегі тіліктен 25 мм қашықтықта бірінші белгі салады, қалғандары әр 65 мм сайын. Мата үш бүктелетіндей әр жерден бір шаншып ине өткізеді. Матаның шеттерін пробкамен инеге қысады, салбырап тұрған жағындағы матаның жиектерінің ара қашықтығын А өлшейді. Драпталыну %-ін формула арқылы есептейді:

200 – А

Д = ———— 100;

200

Матаның барлық бағыттағы драпталынуын анықтау үшін көбнесе дискалық әдіс қолданылады. Матадан дөңгелек етіп үлгі кесіп алады да оны диаметрі одан кем дискіге жабады. Матаның салбырағанда пайда болған қатпарлардың саны мен формасына, және де үстіндегі жарықтан астына түскен көлеңкенің ауданына қарай матаның драпталынуын анықтауға болады.

Драпталыну коэффициенті – үлгінің ауданы мен оның көлеңкесінің ауданының айырмасының үлгінің көлеміне қатынасы. Драпталыну коэффициенті формула бойынша есептелінеді:

    So - Sn

     Кд = ———— × 100,

    So

So – үлгінің ауданы, мм2; Sn – үлгінің көлеңкесінің ауданы, мм2;

Жасанды мехтың ілмек әдісімен драпталынуын ДМ-1 аспабында анықтайды.

ЦНИИШП-ның көрсетуінде, матаның драпталынуы жақсы деп есептелінуі үшін сынақ қорытындысында мынандай коэффициенттер алынуға тиіс: мақта маталар үшін – 65%-тен жоғары, көйлектік жүн маталары үшін – 80%-тен жоғары, костюмдік және пальтолық жүн маталары үшін – 65%-тен жоғары, көйлектік жібек маталар үшін – 85%-тен  жоғары.

    

Матаның тозуға төзімділігі

Матаның тозуға төзімділігі деп оның көптеген тоздыратын факторларға шыдамдылық қасиетін айтады. Пайдалану барысында киімдер матасы жарық, күн, үйкеліс, қайта-қайта созылу, бүктелу, сығылу, ылғал мен тер, жуу, химиялық тазалау, температура және т.б. әсеріне түсіп салынады.

Механикалық, физико-химиялық және бактериялық әсерлердің күрделі комплексті матаның біртіндеп босауына, сонан соң тозуына әкеп соғады.

Матағы тиген әсердің сипаты бұйымның жұмсалар мақсаты мен пайдалану жағдайына байланысты. Мысалы, іш киім қайта-қайта жуғаннан тозады – жуғыш заттардың ерітіндісінде қайнатқанда ауадағы оттегінің әсерінен целлюлоза тотығады да талшықтардың мықтылығы кемиді; жуу кезіндегі матаға механикалық әсер және өтектеген кездегі қызған металдың әсері де матаның босауын, тозуын тездетеді. Терезенің гардиналары мен перделері жарықтың, күннің әсерінен мықтылығын жоғалтады. Жуғанда немесе химиямен тазартқан кезде үйкелістен немесе тазартқыш заттардың әсерінен олардың күн сәулесі көп түскен жері ыдырап кетуі мүмкін.

Сырт киімдердің тозуы, көбіне, үйкелістен болады. Үйкелістің бастапқы кезеңінде көптеген тоқыма  материалдарында пиллинг байқалады.

Пиллинг деп тоқыма бұйымның бетінде талшықтардың ұйысқан түйіршіктерінің – пиллейдің пайда болу процесі, ол көп және қатты үйкелетін жерде болады, бұйымның сыртқы көрінісін бұзады.

Тігін бұйымын  дайындағанда, оларды пайдаланғанда, жуғанда, химиялық тазартудан өткізгенде тоқыма материалдар пиллинг береді. Пиллейдің пайда болуы және жоғалып кету жағдайлары:

талшықтың ұштары материалдың бетіне шығады, мүктенеді;

пиллейдің түзілуі;

пиллейдің материал бетінен үзіліп түсуі.

Маталардың, тоқыма маталардың, синтетикалық қысқа талшықтары бар беймата материалдардың пиллингке қабілеті басым. Штапельдік талшықтардың ішінде полиэфирлі талшықтар пиллингті көп береді. Арқауы вискоза жіп маталарға қарағанда арқауы мақта маталар да пиллингті көп береді.

Пиллингке төзімділік астарлық маталар үшін өте қажет. Тоқыма материалдардағы пиллингті пилинг – тестер деп аталатын әртүрлі аспаптар арқылы анықтайды. 10 см2 аудандағы пиллейдің санына қарай материалдар бірнеше топқа бөлінеді: пиллингтенбейтін, аз пиллингтелетін (1-2 пилли), ота пиллингтелетін (3-4 пилли), қатты пилингтелетін (5-6 пилли).

Көп мәрте қайталанатын механикалық әсерге беріктікті матаның төзімділігі дейді. Әр матаның төзімділік шегі болады, одан асқан соң мата қайтып қалпына келмейтіндей болып өзгереді.

Пайдалану барысында матаға түскен күш оның төзімділік шегінен артпаса мата көпке шыдайды. Киімнің тозуы сыртқы ортаның күрделі ықпалы мен киімді пайдалану жағдайына байланысты болғандықтан оның тозуға төзімділігін анықтаудың жан-жақты бір тәсілі тағайындалған жоқ. Жаңа тігін материалдардың тозуға төзімділігін киіс тәжірибесі арқылы анықтауға болады. 

 

Бақылау сұрақтары:

1. Матаның қалыңдығы неге байланысты және қалай анықтайды?

2. Матаның тығыздығы артқан сайын қалыңдық қалай өзгереді?

3. Мата енінің түрлері?

4. Тиімді мата ені дегеніміз не?

5. Матаның массасын қандай формуламен анықтайды?

6. Мата ұзындығы?

 

    Әдебиеттер:

              

4. Кукин Г.Н. и др. Текстильное материаловедение (волокна и нити). Учебник для вузов. 2 изд, перераб. И допол. –М.; Легрпомбытиздат, 1989.-272 б.

5. Кукин Г.Н. идр. Текстильное материаловедение (текстильные полотна и изделия). Учебник для вузов. 2 из. перераб. и допол.- М., Легпромибытиздат, 1992. -276 б

6. Е.П. Мальцева. Тігін өндірісінің материалтануы. Алматы. «Ана тілі», 1992.- 255 б.

 Лекция № 10. Матаның физикалық қасиеттері, матаның оптикалық қасиеттері, колориті, өрнегі мен бояуы, Матаның технологиялық қасиеттері, қиюға мықтылығы, сырғығыштығы, тарқатылғыштығы, матаның ойылғыштығы, апшуы, ылғал-жылумен өңдегендегі маталардың қалыптасу қабілеті.

 

Жоспар:

1. Матаның физикалық қасиеттері.

2. Матаның оптикалық қасиеттері, колориті, өрнегі мен бояуы.

3. Матаның технологиялық қасиеттері.

 

        Маталардың физикалық (гигиеналық) қасиетіне оның гигроскопиялық, ау өткізгіштік, буөткізгіштік, су өткізбейтін, суланғыш, шаңтұрғыш, электрленгіш және т.б. қасиеттері жатады. Физикалық қасиеттеріне қойылатын талап матаның қолданылуына, оның талшықтық құрамы мен құрылымына және өңделуі арқылы анықталады.

        Гигроскопиялық – матаның қоршаған ортадан (ауадан) ылғал  тарту қабілеті. Ауаның 100% салыстырмалы ылғалдылығы мен 20±2оС температурасындағы материалдық ылғалдығы – гигроскопиялылығы 

                                          m100 – mc  

                                    Wr = —————— × 100,

                                                   mc

мұнда – m100 – салыстырмалы ылғалдығы 100% ауада 4 сағат тұрған  материал үлгісінің массасы, г; mc - өте құрғақ үлгінің массасы, г.

        Тоқымка материалдарының гигроскопиялық қасиетін бағалағанда олардың іш жүзіндегі ылғалдылығын аламыз. Ылғалдылық Wф, %, ауаның нақты ылғалдылығына байланысты материалдағы ылғалды көрсетеді және төмендегі формуламен есептеледі:

                                                           mф – mc

                                    Wф = —————— × 100,

                                                 mc

mф – ауаның нақты ылғалдылығы үлгінің массасы;    

mс - өте құрғақ үлгінің массасы.

        Гигроскопиялық қасиет ішкиімдік және жаздық маталар үшін өте қажет. Бұл ассортименттің ішінде зығыр маталрдың гигроскопиялық қасиеті жоғары. Мақта маталардың, таза жібек маталардың және вискоздық маталардың да гигроскопиялылығы жақсы. Синтетикалық, триацетатты маталардың гигроскопиялылығы төмен; тек винолдан тоқылған маталардың гигроскопиялық қасиеті мақта маталардікіне ұқсас. Сужұқтырмайтын сіңдірмелер, жұқа үлпек қабат пен резеңке қабатын жапсыру, жуғанға кетпейтін аппреттер матаның гигроскопиялылығын кемітеді.

        Ауаөткізгіштігі дгеніміз матаның ауа өткізу қабілеті, ол оның талшықты құрамына, тығыздығына және өңдеуіне байланысты, тығыздығы төмен маталардың ауаөткізгіштік қасиеті жоғары. Тығыз маталар сужұқтырмайтын сіндірмелері бар маталар, резеңке араластырылған маталар ауа өткізбейді, немесе ондай қасиеті өте төмен.



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Тоқыма өндірісінің ақауы | Введем определения предмет и объект науки.
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2835 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

80% успеха - это появиться в нужном месте в нужное время. © Вуди Аллен
==> читать все изречения...

2240 - | 2105 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.