Жасанды талшықтар алу мүмкіндігін бірінші болып XVII ғасырда ағылшын Р.Гук айтқан еді, бірақ өнеркәсіпте жасанды жібек XIX ғасырда ғана алынды.
Целлюлозалық талшықтардан ең бірінші нитратты жібек (1890 ж.), кейін- мыс-аммиакты және вискозды жібектер алынды. Ацетатты жібек бірінші дүниежүзілік соғыстың соңына қарай алынды. Россиядағы вискозды жібек шығару жөніндегі бірінші завод Мытищиде салынды.Ол 1913 жылы 136 т вискоза талшығын өндіру химиялық заводтарда алынады. Химиялық талшықтар жүнге қарағанда 100 есе көп пайдаланылады.
Химиялық талшықтар жасанды және синтетикалық болып бөлінеді. Ағаш целлюлозасы, мақтаның қалдығы, шыны, металдар және басқалар жасанды талшықтар өндірудегі шикізат болып табылады. Синтетикалық талшықтар шикізатын өндірудің бастапқы азығы болып газ және тас көмір мен мұнай өңдеуден шыққан өнімі алынады.
Жасанды талшықтардың химиялық құрамы оларды алатын бастапқы табиғи шикізаттың құрамымен бірдей. Синтетикалық талшықтар синтездің химиялық реакциясы нәтижесінде, яғни төменгі молекулалы заттардың молекулаларын ірілендіру және оларды жоғарғы молекулалық қосындыларға айналдыру нәтижесінде алынады. Мұндай талшықтар дайын күйінде табиғатта болмайды.
Химиялық талшықтарды өндіру процесі үш кезеңді қамтиды: жіп алынатын ерітінді дайындау, талшықты қалыптастыру және оны өңдеу.
М инералды талшықтардан басқа барлық талшықтар жіп ерітіндісі деп аталатын ден немесе балқымалардан алынады. Жіпті қалыптастырғанда фильерлер деп аталатын ерекше қалпақшалардағы өте жіңішке тесіктерден жіп ерітіндісі қысыммен шығарылады. Фильерлер жіп шығару машиналарында химиялық талшықтарды қалыптастыруды жүзеге асыратын жұмысшы органы болып табылады. Фильерлер құнды металдардан жасалынады. Фильерден шыққан жиі ерітіндісінің сорғаламасы суып қатады да, жіпке айналады. Ерітіндіден жіп алғанда оның қатуы не сулы ортада (бұл сулы әдіс деп аталынады) немесе ыстық ауа ұрып тұрған құрғақ ортада (мұны құрғақ әдіс дейді) болады.
Құрама тоқыма жіптерді өндіргенде фильердің тесіктерінің конфигурациясы күрделі фильерлерді пайдаланады.
Штапель талшықтарын өндіргенде фильердің тесіктерінің саны 40000-ға дейін жетеді. Әр фильерден ширатылған талшықтар алынады. Ширатпаларды лента қылып біріктіреді де сығып, кептіріп, керекті ұзындықпен буда-буда қылып кеседі. Әдетте кесуді тоқыма кәсіпорындарында жүргізеді. Сонымен, қысқа химиялық талшықтары штапельдік деп атайды. Штапель талшықтардың аты негізгі талшықтардың атына да таралған: штапельдік капрон, штапельді лавсан, штапельді нитрон, т.б. Бұйраланған штапель талшықтарын алу үшін ленталарды кескенге дейін гофрилейді. Қыздырылған металл тақталар қысымымен талшықтар бұйраланады. Штапель талшықтарды жіпке айналдыру неттек өзін, не табиғи талшықтармен қосып иіреді. Штапель талшықтардың ұзындығы 4 см-дан 30 см-ға дейін болады және бірге иірілетін табиғи талшықтардың ұзындығына сәйкес келуі тиіс. Талшықтың ассортиментін кеңейту және жақсарту жаңа талшық түзетін полимерлерді жасаумен қатар бұрынғы бар химиялық талшықтарды жетілдіру арқылы да, іске асады.
Бұл жетілдіру физикалық (құрылымды) және химиялық болады.
Физикалық жетілдіру полимерлерді құратын макромолекулалардың құрылымын әдейі өзгертуге байланысты: макромолекулалардың ұзындығын, бағдарын өзгертеді, араларына басқа заттар енгізеді.
Химиялық жетілдіру – талшық түзетін полимерлердің химиялық құрамын жарым-жартылай өзгерту, жетілдірудің нәтижесінде қасиеті басқа жаңа талшықтар алынады.
Жасанды талшықтар
Вискозды талшық. Бұл талшық суға малу әдісімен алынады. Бастапқы шикізат – шыршадан, қарағайдан, шамшаттан, самырсыннан алынатын ағаш целлюлозасы.
Целлюлоза – қағаз комбинатында ағашты ұзындығын 7 мм-дей етіп жаңқалайды да сілті ерітіндісінде қайнатады. Соның нәтижесінде шыққан сұр целлюлоза массасын ағартып картон қылып престейді.
Химиялық талшық комбинаттарында бұл картон табақтары бір сағаттың ішінде мерсерленеді, одан сілтілі целлюлоза бөлініп шығады да, целлюлоза емес қосындылар аластатылады. Сыққаннан соң табақшаларды целлюлозалықь масса алынғанша майдалайды. Ол масса 20-25оС температурада 12-30 сағаттай уақыт тұруы керек, яғни піседі. Осы ісу процесінде сілтілі целлюлоза ауадағы оттегімен тотығады, целлюлоза молекулалары қысқарады.
Сонан соң сілтілік целлюлозаны күкіртті көміртекпен өңдейді де сілтісің әлсіз ерітіндісінде еритін целлюлоза ксантогенатын алады (ксантогенирование).
Целлюлоза ксантогенаты күйдіргіш натридің 4-5% ерітіндісінде ерігенде жабысқақ жіп ерітіндісін – вискоза алады.
Жіп ерітіндісі 25-30 сағат уақыт 16оС температурада пісіп жетіледі, бұл уақытта ұдайы араластырылады, сүзіледі және ауа көбікшелерінен тазартылады. Пісіп, жетілу процесінде жіп ерітндісі қоюланып, жіпке айналу қабілетін алады. Насостардың көмегімен вискоза құбыры жіп иіру машиналарына беріледі, одан әрі шыны құбырлармен өтіп фильерден сығылып шығады да, күкірт қышқылы мен оның тұздары құйылған тұндырғыш ваннаға түседі. Тұндырғыш ваннада вискоза сілтісі бейтараптанады, ксантогенат ыдырап, өте майда вискоза жібегінің талшықтары бөлінеді. Жіп иірудің үш әдісі қолданылады: бобиналық, центрифигуралық және үздіксіз. Бобиналық әдісте вискоза жібегінің жібі бобинаға бұраусыз оралады.
Центрифигуралы әдісте бір уақытта оралып бұралады. Үздіксіз әдісте жіп бір агрегатта иіріледі, өңделеді, кебеді және бұралады. өңдеу процестерінде вискоза жіптері жуып-шайылып ақталады және боялады.
Өте мықты штапельдік вискоза талшығын үздіксіз әдіспен өндіру үшін толассыз желі қолданылады.
Вискоза талшығының мықтылығын арттыру үшін жаңа қалыптасқан жіптерді ыстық су арқылы өткізіп созады, соның әсерінен целлюлозаның молекулалары талшықтын ұзына тарайды.
Меланж типті екітүсті вискоза жібі жіп ерітіндісінің әр түсті боялған екі ағынын тұндырғыш ваннасында біріктіру арқылы алынады. Мұндай талшықтың көрінісі әсем, басқа әдіспен алуға болмайтын өзіндік бояуы бар. Меланж типті жіптер тоқыма бұйымдары мен астарлық маталарды шығаруда кең қолданылады.
Талшықтарды кескіндеу маталар мен матаға салған жасанды мехтарды шығару үшін қолданылады.
Қимасы кескінделген вискоза жібінен жасалған жасанды мехтың көрінісі таза мехтан айнымайды.
Мтилон – жүн тәрізді, химиялық жағынан жетілдірілген вискоза талшығы кілем түгіне пайдаланылады.
Микроскоппен қарағанда вискоза талшығы ұзына бойына сызықшалары бар цилиндр болып көрінеді. Сызықшалар жіп ерітіндісінің бірқалыпты қатпауының салдарынан пайда болады. Күңгірт талшықтардың қара дақтары бар – ол қостотықты титанның әсерінен. Талшықтың көлденең қимасы кескінделген (7-сурет).
Талшықтың ұзындығы әрқалай болады.
Қарапайым талшықтардың сызықтық тығыздығы 0,27-0,66 текс, көлденеңі 25 – 60 мкм. Вискоза жіптерінің жуандығы оларды құрайтын қарапайым талшықтардың жуандығы мен санына байланысты.
Талшықтың мықтылығы целлюлоза молекулаларының бағдарына байланысты. әдеттегі вискоза талшықтары мықтылығы жағынан таза жібекке жетпейді, ал өте мықтылары жібектен берік.
Жай талшықтардың салыстырмалы үзу салмағы 19,8 сН/текс-ке, ал өте мықтыларынікі – 45 сН/текс-ке жетеді. Дымқыл болса мықлығы 50–60%-ке кемиді.
Жай талшықтардың үзілу кездегі ұзаруы 22%, өте мықты талшықтардікі - 6 – 10%. Толық ұзарудың едәуір үлесі (70%-ке дейін) қалдықты деформация болғандықтан вискоза лентасынан жасалған бұйым қатты қыртыстанады.
Вискоза талшығының жылтыры ашық, ал күңгірт талшықтар жылтырамайды.
Қалыпты жағдайда талшық бойындағы ылғал 11%-тей. Химиялық қасиеті мен жану сипаты мақтаға ұқсас, бірақ қышқыл мен күйдіргіш сілтінің әсеріне сезімталдау, жылдам жанады. Қалыпты ылғалдылықта талшық 120оС дейінгі қыздыруды еш өзгеріссіз көтере алады.
Полинозды талшықтар. Бұл штапельді вискоза талшығының бір түрі, және өзінің қасиеттері жағынан ұзын талшықты мақта талшықтарына жақын.
Полиноздық талшықтарды өндіру процесі штапельдік вискоза талшықтарын өндірумен бірдей.
Полинозды талшықтар көлденең қимасы құрылымының біртектілігімен ерекшелінеді. Штапельдік вискоза талшықтарымен салыстырғанда олардың мықтылығы басым, серпімділігі жоғары, аз созылады, дымқыл жағдайда мықтылығын аз жоғалтады, сілте әсеріне төзімдірек.
Полинозды талшықтардың негізгі көрсеткіштері: сызықтық тығыздығы 0,166 – 0,126 текс, үзілердегі ұзаруы 12 – 14%, дымқылдықтын мықтылығын жоғалтуы – 20 – 25%.
Полинозды талшықтардың құнды қасиеті – жоғарғы сортты ұзынталшықты мақтаның орнына қолдануға вискоза талшықтарынан бұйымдар жасау үшін пайдалануға мүмкіндік береді.
Полинозды талшықтар таза күйінде де, мақтамен қосып таза жейделік немесе плащтық маталар, жұқа тоқыма маталар, тігін жіптерін шығаруға пайдаланылады. Көрінісі әдемі, жібек сияқты аз отыратын немесе еш отырмайтын маталарды шығарғанда полинозды талшықтыр ұзынталшықты мақтаны толық алмастыра алады.
Мыс - аммиакты талшықтар. Мұндай талшықтар мақта целлюлоза-сынан алынады. Мақта бүршігін мыс-аммиак реактивінде ерітіп жіп ерітіндісін алады. Талшықты, сулы әдісімен тұндырғыш ваннада су, не әлсіз сілтіде алады.
Талшықтың көлденең қимасы дөңгелек, ұзынша формасы цилиндр тәрізді. Олар жіңішке, жұмсақ, жылтыры аз, вискозаға қарағанда дымқыл кезде мықтылығын аз жоғалтады (40 – 45%). Мыс-аммиакты талшықтардың химиялық қасиеттері мен жануы жағынан вискоза талшықтарына ұқсас. Вискоза талшықтарына қарағанада бұл талшықтарды өндіруге қаражат көп кететіндіктен онша көп қолданбайды.
Ацетатты талшық. Ацетат талшығын алудағы шикізат – мақтаның қалдығы. Оны мұздай сірке қышқылында сірке ангидридімен өңдейді. Бұл реакцияны ацетилдеу деп атайды. Су қосу арқылы не сұйылтылтылған сірке қышқылының әсерінен пайда болған ақ тұнбаны спирт пен ацетон қоспасында жуып ерітеді. Алынған жіп ерітіндісінен құрғақ әдіспен талшықтар алады.
Ацетат талшықтарының құрылымы вискоза талшығы сияқты химиялық құрылымы жағынан химиялық байланыстағы целлюлоза сияқты, сондықтан олардың қасиеті вискоза және мыс-аммиакты талшықтарының қасиетінен ерекше.
Ацетат талшықтың мықтылығы вискоз талшығына қарағанда төмен, салыстырмалы үзу салмағы Ро 10,8-13,5 сН/текс-ке тең. Ылғақдықтан мықтылығын жоғалтуы 30%.
Үзілу кезіндегі ұзаруы 22-30%. Ацетат талшықтың серпімділігі вискоза немесе мыс-аммиакты талшықтарға қарағанда жоғары, сондықтан ол аз қыртыстанады.
Талшықтың гигроскопиялық қасиеті 6-8%. Ацетат талшықтары спирт пен ацетонда ериді.
140оС-ден жоғары температурада талшық балқиды. (Барлық өсімдік талшықтары қатты қыздырғанда күйеді). Талшық жәй жанады. Жалыны сары, ұшында балқыған түйір пайда болады. Ацетат талшықтардың бір ерекшелігі- олар ультракүлгін сәулелерін өткізеді.
Триацетатты талшықтар
Тирацетатты талшықтардың ацетаттан айырмашалағы олар толығынан ацетилденген целлюлозадан алынады.
Триацетатты талшықтардың серпімділігі де, мықтылығы да (Ро=11….12 сН (текс), ацетонға беріктігі де жоғары. Талшықтың гигроскопиялық қасиеті төмен (13,2%), дымқыл кезінлегі мықтылығын кемітуі де біршама аз (17 – 20%). 170оС-ге дейін қыздыруға шыдайды.
Триацетатты және ацетатты талшықтар мата және тоқыма бұйымдар дайындауға кең қолданылады.
Шыны талшықтар мен металл жіптер. Шыны талшықтарын алу үшін электрпештеріне силикат шынының түйіршіктерін 1370оС температурада балқытады. Фильерден шығатын балқыған шынының ағынын тез айналатын барабандар іліп алады да 30 м/с жылдамдықпен созады. Ауада суи келе мықты, иілгіш, жарық өткізгіш, жарық – отқа төзімді, электр – жылу – дыбыс өткізбейтін өте жіңішке жіпке айналады (1 – 20 мкм). талшықтың химиялық төзімділігі ерекше, тек плавикт қышқылда ериді. Гигроскопиялық қасиеті төмен – 0,2%.
Шыны талшықтарын бояу – балқыған шыны хром кобальт, марганец, темір, алтын және басқалардың қоспаларын енгізу арқылы іске асырылады. Бояу сыртқы ортаның брлық ықпалына төзімді.
Шыны талшықтар техникалық мақсаттар мен сәнді маталар үшін пайдаланылады.
Меттал жіптер мыс немесе оның қорытпаларынан жасалған сымдарды біртіндеп созу, немесе жалпақ алюминий ленасын (фольганы) кесу арқылы алынады. Алтын немесе күмістен бетіне жұқа қабат жүргізіп жалтыратады. Кейбір жіптердің бетін түрлі - түсті пигменттермен және жұқа синтетикалық пленкамен жабады.
Металл жіптердің негізгі түрі: тартпа – қимасы дөңгелек металл жіп; шырмақты – лента түріндегі жазық жіп; кәнәділ – шиыршықтанған тартпа немесе шырмақты жіп; оқа – бұралған тартпа немесе шырмақты жіп; иірме – шырмақты жіппен бірге иірілген мақта немесе жібек жіп; алюнит (люрекс) – күміс немесе әртүрлі желіммен беті жабылған жазық алюминий жібі. Алюнитті мықты болу үшін бір не екі жіңішке синтетикалық жіпке қосып иіреді.
Металл жіптер погондар мен атақтық белгілерді, алтынтігінді бұйымдарды, парча сияқты жылтыраған кештік маталарды, және де әдемі маталарды сәндеу үшін пайдаланылады.
Синтетикалық талшықтар
Синтетикалық талшықтар, өздері жасалған полимерлердің түріне қарай топтасады.
Полиамидті талшық. ССРО-дағы кең қолданылатын полиамидті талшық – капрон. ГДР-де (бұрынғы оны дедерон деп атайды, ФРГ-да перлон, ЧСФСР-да – силон, Польшада – стилон, АҚШ-та – нейлон 6, Италияда – лилион. АҚШ-тағы нейлон талшығы ССРО-да анид деп аталады.
Капрон алудағы бастапқы шикізат – бензол мен фенол (тас көмірден алынатын өнім) – химиялық заводтарда капролактамға өңделеді.
Синтетикалық талшықтар заводында капролактамнан капрон шайырын алады, ол балқыған қалпында фильерден жіңішке ағын болып шығады да желдеткен ауада қатады. Жаңа қалыптасқан талшық созылады, бұралады, құрылымын бекіту үшін ыстық сумен, бумен өңделеді. Жылу өткізбейтін қасиеті жоғары іші қуыс капрон талшықтарын, кескінделген және қатты отыратын (30 – 35%) талшықтарды алу әдістері жасалған.
Анид (нейлон) және энанталу процестерінің капрон алу процесінен өзгешелігі аз.
Полиамид талшықтарының формасы цилиндр кейіптес, көзге көрінбес саңылаулары мен жарықтары бар. Көлденең қимасы дөңгелек немесе ұшқырлы (кескінделген) болып келуі мүмкін. Полиамидті талшықтары жеңіл, серпімді созғанда мықты, тозбайды және бүктегенге көнгіш, химия сәеріне, суыққа, микроорганизмдер мен өңезге төзімді.
Созған кезде капронның мықтылығы болаттан 2,5 есе артық. Капрон талшықтар концентрацияланаған қышқылдар мен фенолда ериді. Жанғанда жалыны көкшіл, ұшында қоңыр түйіршік пайда боады. Талшықтың кемшілігі – гигроскопиялық қасиеті төмен, ыстыққа шыдамсыз. Анид пен энанттың қасиеттері капронға ұқсас.
Талшықтардың қасиетінің негізгі көрсеткіштері 2-кестеде келтірілген.
Капрон – құрама жіптер, штапельдік, жеке талшықтар түрінде шығарылады. Ол маталар, шұлық-ұйық, тоқыма бұйымдар, тігін жіптерін, шілтер, арқан, балық ауларын, т.б. жасағанда кең қолданылады. Анид пен энант негізінен техникалық мақсатқа жұмсалады, бірақ халық тұтынатын товарларды өндіруге де пайдаланылады. Жеңіл көйлектік және блузалық маталарды шығару үшін шелон деп аталатын жетілдірілген полиамидті талшық қолданылады.
Полиэфирлі талшықтар. Лавсан мұнай өнімдерінен алынады. Сондай талшық ГДР-де, - ланон, АҚШ-та – дакрон, Польшада – элана, Аглия мен Канадада – терилен деп аталады.
Құрылымы және физико-механикалық қасиеттері жағынан лавсан
2-кесте
Талшық | Салыстырмалы үзетін салмақ сН% текс | Үзілерден ұзару % | Гигроскопиялық қасиеті % | Жұмсарту температурасы Со |
Капрон Анид Энант | 45-70 45-70 40-65 | 20-25 20-25 18-23 | 3,5-4 3,5-4 2,4 | 170 235 200 |
|
капронға ұқсас: салыстырмалы үзу салмағы 40 – 55 сН/текс, үзілер кездегі созылуы 20 – 25 %. Талшықтар дымқыл кезінде өз қасиетін жоғалтпайды, олар жеңіл, серпімді, суыққа төзімді, күйе түспейді, шірімейді. Капроннан ерекшелігі лавсан концентрациялы қышқыл мен сілтінің әсерінен бұзылады.
Лавсанның гигроскопиялық қасиеті өте төмен 0,4%. Сондықтан матаға қолданғанда лавсанның штапель талшықтарын таза (натураль) және вискозаның штапель талшықтарымен араластырады.
Лавсан таза күйінде тігін жіптерін, шілтер полотнолатын, техникалық мақсаттағы маталарды, жасанды мех пен кілемдердің түгін дайындауға пайдаланылады. Әсіресе жүнге араластыру үшін қолданылады. Жылуға төзімділігі жағынан лавсан капроннан асып түседі: жұмсару температурасы 235оС, бірақ термофиксация (арнайы өңдеу) өтпеген лавсан матаны ылғал жылумен өңдегенде және қатты ылғалданғанда 140оС температурада жылудан отырып түсін өзгертеді. Соның салдарымен мата бетінде кетпейтін дақ пайда болады.
Жалынға ұстағанда лавсан еріп, сары жалынмен түтіндеп жанады.
Полиакрилонитрильді талшықтар. Нитрон тас көмір, мұнай, газды өңдегенде шығатын өніммен алынады. Сондай талшықтарды ГДР-де ветрелон, Польшада – анилан, Швеция мен Швейцарияда – акрил, Жапонияда – беслон, экслан, кашмилон, боннель деп атайды.
Капрон мен лавсанға қарағанда нитрон талшықтары қолға жұмсақ және жібектей болып тұрады. Нитронның үзілу беріктігі капрон мен лавсанға қарағанда екі есе кем, үзілердегі ұзаруы 16-22%. Гигроскопиялық қасиеті өте төмен – 1,5%. Нитронның бірнеше бағалы қасиеттері бар: киімді химиялық тазартудан өткізгенде сілтілер, органикалық минералды қышқылдар, бактериялар өңез, күйенің әсеріне төзімді.
Нитронның жылу сақтау қасиеті жүннен артық.
Нитронның жұмсару температурасы 200-250оС. Нитронды жалынға ұстасақ балқиды және түтіндеген сары жалын болып лапылдап жанады.
Таза күйінде нитрон сырт киімдік трикотажға, ал жүнмен, мақтамен, вискоза талшықтарымен араластырып көйлек және костюмдік маталар шығаруға пайдаланылады.
Поливинилхлоридті талшықтар. Хлорин этилен не ацетиленнен алынады. Поливинилхлоридті талшықтар Францияда рониль, термовиль деп, ФРГ-да – ПЦ, Жапонияда – толон деп аталады.
Хлорин серпімді, судың, қышқылдар, сілтілер, тотықтырғыштардың әсеріне шыдамды, шірімейді, өңезге бүлінбейді. Хлориннің жылу сақтау қасиеті жүннен кем емес. Ұзаруы 18-24%, гигроскопиялық қасиеті өте төмен – 0,1%. Жарықтың, ауа – райының әсеріне онша төзімді емес.
Хлориннің негізгі кешілігі – жылуға осалдығы. 60оС-де хлорин жылудан отырады, ал 90оС-де бүлінеді. Киімді құрғақтай химиялық тазалаудан өткізгенде трихлорэтилен және перхлорэтиленде ериді.
Хлорин жанбайды, жанғанға қосылмайды, жалынға ұстасақ талшықтары жидіп, дустың иісі келеді.
Үйкелуден туған электр зарядын бойына жинайтын қабілетіне байланысты оны емдік іш киім дайындауға пайдаланады. Поливинил-хлоридті талшықтар бедерлі жібек маталарды, техникалық маталарды, кілем түктері, жасанды мех шығаруға пайдаланылады.
Поливинилспиртті талшықтар. Поливинилспиртті талшықтарға жататындар: винол, летилан (ССРО), винол, винилон, винилан, вулон, т.б. (Жапония), мевлон (АҚШ). Винол поливинилді спирттен алынады. Бұл барлық синтетикалық талшықтардың ішіндегі ең арзаны.
Гигроскопиялық қасиеті жағынан (5-8%) винол мақтаға жақын. Салыстырмалы үзу салмағы 30-40 сН/текс, ұзаруы 30-35%, дымданғанда мықтылығының кемуі – 15-25%. Жұмсару температурасы 220-230оС, 200оС-де жылудан отырады. Жарыққа төзімділігі жақсы, үйкеліске шыдамдылығы матаға қарағанда 2 есе артық. Жалынға ұстағанда жылудан отырады, балқиды және одан соң жәйлап сары жалын болып жанады. Өнеркәсіп суда еритін винол деген талшықтарды да шығарады.
Винол таза күйінде немесе мақта, жүн, вискоздық штапель талшықтармен қоса тұрмыстық мақсатқа қажет маталар шығаруда пайдаланылады.
Летилан – суда ерімейтін сары түсті поливинилспиртті талшық. Антимикробтық қасиеті бар. Медицинада әне жеке гигиеналық заттарды жасағанда қолданылады.
Полиолефиндік талшықтар. Полиолефинді талшықтарға полиэтиленнен және полипропиленнен алынған талшықтар жатады. Полиолефиндерді синтездеуде бастапқы шикізат болып мұнайды өңдегендегі өнім – пропилен мен этилен алынады.
Талшықтардың жылу мен жарыққа төзімділігін арттыру үшін полимерге ингибитор деп аталатын арнайы заттар енгізеді. Полипропиленнен комплексті жіптер, көлемді бұралаң жіптер, штапельді
3-кесте
Талшық | Салыстырмалы үзетін салмақ сН/текс | Үзілердегі ұзару % | Балқу температурасы оС | Тығыздығы г/см3 |
Полиэтилендік Полипропиленді | 60-70 25-45 | 10-12 15-30 | 130-135 170 | 0,94-0,96 0,91 |
талшықтар, дараталшық, полиэтиленнен –тоқыма жіптер мен дараталшық алынады. Полиолефинді талшықтардың негізгі көрсеткіштері 3-кестеде берілген.
Физико-механикалық қасиеттері жоғарғы болғандықтан полиолефинді талшықтырдың химия және микроорганизмдер әсеріне төзімділігі жоғары. Гигроскопиялық қасиеті жоқ (0%), барлық белгілі талшықтармен салыстырғанда беттік тығыздығы төмен. Сондықтан да, полиолефинді талшықтар батпайтын әрі шірімейтін арқандар жасауға пайдаланылады. Полиолефинді талшықтардан плащтық және сәнді маталар, кілем түктері, механикалық мақсаттағы материалдар жасалынады.
Полиуретанды талшықтар.
Сызықтық тығыздығы 2 ден 125 текске дейін спандекс деп аталатын полиуретанды құрама жіптер шығарылады. Спандекс талшығы басқа синтетикалық талшықтармен ұқсас, бірақ өзінің физико-механикалық қасиеттері жағынан эластомерлерге жатады, яғни иілгіштік қалпына келу көрсеткіштері жоғары. Спандекс жібінің салыстырмалы үзу салмағы 6-8 сН/текс (резеңкеге қарағанда екі есе көп), үзілердегі ұзаруы 600-800%, жүктен босатқаннан кейінгі иілгіштіктен қалпына келуі 90%, ал 1 минуттан кейін 95%-ке тең. Спандекс жібінің гигроскопиялық қасиеті төмен (1-1,5%), үлкейгенге, жылуға төзімді, жақсы боялады. Мата, трикотаж дайындауға, спорт, емдеу бұйымдарын жасағанда пайдаланылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Вискоза, ацетатты, мыс-аммиакты, шыны және металл талшықтарының қандай қасиеттері бар?
2. Химиялық талшықтардың физико-механикалық қасиеттері?
3. Синтетикалық талшықтар қалай топтасады?
4. Химиялық талшықтарды алатын шикізат?
5. Штапельді талшықтар дегеніміз не және қалай жасалады?
Әдебиеттер:
1. Кукин Г.Н. и др. Текстильное материаловедение (волокна и нити). Учебник для вузов. 2 изд, перераб. И допол. –М.; Легрпомбытиздат, 1989.-272 б.
2. Е.П. Мальцева. Тігін өндірісінің материалтануы. Алматы. «Ана тілі», 1992.- 255 б.
3. Лабороторный практикум по текстильному материаловедению. Учебное пособие для вузов. / Кобляков А. И., Кукин Г. Г., Соловьев А.Н и др. -2 изд. перераб. И дополн. –М.; Легпромбытиздат, 1986.-344
Лекция № 4. Жіп иіру жайында жалмы мағұлматтар, Иірілген жіптер мен жіптердің топтасуы, Ширату және ширатуға байланысты жіптің қысқаруын анықтау, Жалғыз жіпті үзу кезіндегі жартылай циклді сипаттамаларды анықтау.
Жоспар:
1. Жіп иіру жайында жалмы мағұлматтар.
2. Иірілген жіптер мен жіптердің топтасуы.
3. Иірілген жіп пен жіптердің қасиеті.
4. Иірілген жіптер мен жіптердің ақаулары.
Иірілген жіп деп шектеулі ұзындығы бар талшықтарды иіргеннен пайда болған жіпті айтады. Талшықты массадан иірілген жіп алу операциясының жиынтығын иіру деп атайды. Иіруге пайдаланатын талшықтарды иірілетін дейді. Оған жататындар: жүн, мақта, зығыр, таза жібектің қалдықтары, әр түрлі штапель талшықтары.
Иіру әдісі мен иірілген жіптің түрі талшықтың ұзындығы мен жуандығына байланысты. Мақта мен штапель талшықтарын иіргенде темір тісті шөткені (карда) пайдаланады. Ұзындығы орташа талшықтар осы әдіспен өңделеді.
Мақтаның, жүннің, таза жібектің ұзын талшықтарына тарау (гребень) әдісімен өңдеу ыңғайлы. Бұл – жіңішке, біртекті, тығыз және тегіс иірілген жіп алуға мүмкіндік береді. Мақта жүннің қысқа талшықтарын аппаратты әдісімен өңдеп, жуан, болбыр, бияздығы әртүрлі үлпілдеген жіп алынады.
Иіру процесінің негізгі операциялары қопсыту және түту, тарау, тегістеп созу, дайындау және иіру.
Талшықтың престелген массасын шүйке-шүйке қылып қопсытады да, қосындыларынан біршама тазартады. Металл пластинкалардың соғылуы салдарынан қопсытатын және түтетін машиналардың әрекетінен престелген талшықтардың шүйкелері босап, болбыр массаға айналады.
Тарағанда ішіндегі қоспадардан түгелдей тазарады да, шүйкелер бөлек талшықтарға жіктеледі. Шөткелі және аппаратты әдістерінде, яғни шөткемен тарағанда талшықтар өткір, жіішке металл инелері бар екі тақта (кардолента) ортасынан өткізіліп, шөткемен тарау әдісінде талшықтың таралған жұқа қабаты (ватка), воронка арқылы өтіп лента есілген талшықтарға айналады.
Аппаратты әдісте таралған ватка (кенеп) белдікті бөлгішпен өте көп жолақтарға ажыратылып, аздап ширатылған, тегіс бұрым тәрізді есілген талшықтарға айналады.
Тарақты әдісте талшықтар тарау машиналарында тағы да таралады да, қысқаларынан ажыратылып, тек ұзын талшықтардан ғана лента түзіледі. Бөлінген қысқа талшықтар аппаратты әдіспен иіріледі. Бұл жіп жуан әрі бірқалыпты болмай шығады.
Лентаны тегістеу және созу лентаның жуандығын бірқалыпты ету мақсатымен оның бірнешеуін біріктіріп, ленталық машиналардан өткізу арқылы жүргізіледі. Ленталық машина айналу жылдамдығы біртіндеп жоғарлайтын бірнеше біліктермен жабдықталған, лента солардың арасынан өткенде біртіндеп жіңішкеріп, ал тарлшықтар бірнеше қатарға бөлінеді.
Иіру алдындағы дайындықты жүргізетін машина (ровничная) лентаны созып, ширатып тегіс бұрым тәрізді талшықтар жасайды. Ровницалық машина арқылы өтіп (зығыр біреуінен, мақта біреу – екеуінен, қылшықты жүн төрт бесеуінен, биязы-жетеуінен) бұрым жіңішкереді, ал талшық бойын түзеп жазылады.
Иіру – иіру иашмналарында іске асады. Ровницаны соңғы рет созып, жіп қылып иіреді де орап шығарады. Сақиналы иіру машиналарынан иірілген жіпті собық түрінде болады. Талшықтарды иірудің құрғақ және дымқыл әдістері бар. Мақта, жүн, таза жібектің қалдықтарын, штапель талшықтарын құрғақ күйінде иіреді. (құрғақ иіру). Зығыр талшығын құрғақ та, ылғалдап та иіреді. Ылғалды әдіспен иіргенде тығыз әрі тегіс жіп алу үшін ровницаны ыстық су құйылған ыдыста ұстап, пектинді заттарды жұмсартады. Срңғы жылдары ұршықсыз иіру әдісі кең дамуда, бұл жағдайда аэромеханикалық, әсіресе пневмомеханикалық иіру машиналары қолданылуда.
Пневмомеханикалық әдісте иіру машинасына талшық лента түрінде беріледі де, ауа ағынымен шашыранды күйінде воронкаға сорылып, тығыздалады. Иіру камерасында талшықтар жіп болып иіріледі. Иірілу процесіне жататын операциялар саны иіру әдісіне байланысты. Шөткелі әдіс айтылған барлық операцияларды қамтиды.
Ең қарапайым әдіс – аппараттық, себебі оған лентаны және ровницаны өңдеу процестері кірмейді: тараудан соң тікелей иіру басталады. Ең күрделі әдіс – тарақтық, себебі оған тарақпен түту және тарақты машинамен түту алдындағы қосымша дайындық операциялары кіреді.
Ұзын және қылшықты жүн талшықтары ірітарақты иіру әдісімен өңделеді – иірілген жіп тығыз және қатты болады. Ұзындығы орташа биязы жүн майдатарақ әдіспен иіріліп аздап мамығы шығып тұрған жіңішке жіп алынады. Ұзындығы орташа қылшықты және жартылай қылшықты жүн жартылайтарақты жүйемен өңделеді, яғни түтілмейді. Соның нәтижесінде сырттай тарақты әдіспен алынған жіпке ұқсас жартылайтарақты жіп алынады.
Ең қысқа жүндер аппараттық иіруге кетеді. Бұл жағдайда талшықтың нәзіктігіне байланысты өте жіңішке, мамықты әрі жұмсақ жұқа шұғалық жіп, немесе, жуан әрі қатты шұғалық жіп алынады. Аппаратты жіп иіруде талшықтарды тегістеу мен түзету процстері болмағандықтан жұмсақ әрі қалыңдығы әрқалай жіп алынады.
Жүнді иірген кезде әртүрлі талшықтарды араластыру кең тараған. Аппаратты иіруде жүнге қосатын қоспалардың құрамына қойды қырқып алған жүн талшықтарынан басқа заводтық жүн, қалпына келтірілген жүн, мақта, штапельді талшық кіреді. Аппаратты иіруде талшықтарды араластыру тараудың алдында жүргізіледі. Тарақты иіруде жүнге жасанды және синтетикалық штапельді талшықтар қосады. Араластыру әртүрлі талшықтарға таралған ленталарын біріктіру арқылы жүргізіледі.
Иіру процесінде штапельдік талшықтар таза күйінде де, таза натуральді талшықьармен аралас күйінде де пайдаланылады. Штапельдік талшықтарды таза күйінде иіру шөткелі әдіспен жүргізіледі. Таза штапельді иірілген жіп алу үшін 0,4 текстен (№2500) 0,16 текске (№6000) дейінгі вискоза талшықтары пайдаоанылады. Штапельді талшықтарды иірудің ерекшелігі – иіру процестерінің барлық кезеңдеріндегі электрленуін азайту үшін міндетті түрде эмульсиялау болып табылады. Талшықтарының және тонинасының ұзына бойы бірқалыпты болуына байланысты штапель жіптер тегіс және біртекті болып шығады.
Иірілген жіптер мен жіптердің топтасуы
Иіру әдістеріне қарай мақтадан иірілген жіптен - шөткелік, тарақтық және аппараттық жүннен иірілген жіптер – аппараттық, тарақтық және жартылай тарақтық, жібектен иірілген жіптер – тарақтық және аппараттық; зығырдан иірілген жіптер – құрғақтай иірілген зығыр жіптерге, ылғалды иірілген зығыр жіптерге, құрғақ және жіп, ылғалды әдіспен қалдықтан иірілген жіп болып бөлінеді.
Талшықтардың құрамына қарай иірілген жіп біратты тылшықтардан тұрса біртекті деп, және әратты талшықтардын тұрса әртекті (аралас) деп бөлінеді.
Өңделуі мен боялуына қарай иірілген жіп шикі түсті (өңделмеген), ағартылған, боялған, зерленген, меланжды (түрлі түсті талшықтардан құрылған) болып бөлінеді.
Құрамы (конструкциясы) жағынан жалаң қабат ширатылаған, қосарланған, үлгілі, сым аралас және үлкен көлемді болып бөлінеді. Жалаң қабат иірілген жіп иіру нәтижесінде ширатылған жеке талшықтардан тұрады. Жалаң қабат иірілген жіпті тарқатсақ бөлек-бөлек талшықтарға ажырайды.
Ширатылып иірілген жіп екі және одан да көп жіптерден тұрады. Егер тарқататын болсақ, ол жіптерге ажырайды.
Қосарланып есілген өзара жіп ширатылмаған екі және одан көп жіптерден тұрады. Сәнді иірілген жіп – белгілі бір сыртқы көрініс үшін жасалады (9-сурет). Бұл ұзындығы әрқалай жіптерді ширату арқылы алынады.
Сымаралас жіптің өзегі болады, оның сыртын мақта, жүн, зығыр не химиялық талшықтар мен түсті металдан созылған жіптерді араластырып ұзына бойына орайды. Үлкенкөлемді иірілген жіп (созылуы 30%, одан да көп) әрқалай синтетикалық штапель талшықтарынан жасалады.
Құрама тоқыма жіптер бойлық бойымен біріктірілген жәй жіптерді желімдеп не ширату арқылы алынады.
Кокон жіптерін желімдеп жібек – шикізат аламыз. Жібек – шикізаттың бірнеше жіптерін қосып есу арқылы ширатылған таза жібек аламыз. Ширату қарапайым (бірнеше жіпті есу) немесе күрделі (бірнеше ширатылған жіпті есу) болуы мүмкін.
Қарапайым ширатумен: осал есілген жібек – арқау аламыз, қатты есілген жібек – мұслин және өте қатты есілген жібек – креп алынады. Күрделі ширатудан жібектің негізі жасалынады.
Химиялық қарапайым жіптерді есу арқылы жайдақ ширатылған жасанды және синтетикалық құрама жіптер, қатты ширатылған (муслин), өте қатты ширатылған (креп), сәнді (түйінді, шиыршықтылғын т.б.), ерекше ширатылған (мооскрептер, текстураланған) жіптер алуға болады.
Мооскрептер мен текстураланған жіптер матаның мамықтығын арттырып, көледі көрсетеді, жылу сақтау қасиетін жақсартады.
Мооскреп – күрделі ширатылған жібек - өзектік (негізгі) және оның сыртын орайтын қума жіптен тұрады. өзектік жіп ретінде вискозды крепті, ал қума жіп ретінде (вискозды мооскреп) немесе ацетатты (ацетатты мооскреп) жібекті пайдаланады.
Тектураланған жіптер химиялық талшықтардан алынады, қосымша өңдеудің салдарынан құрамы өзгерген. Олардың ширатпасы тұрақты, үлпілдек, жұмсақ, серпімді.
Созылу дәрежесіне қарай текстураланған құрама жіптер үш түрге бөлінеді: қатты созылатын (100%, одан да жоғары), жақсы созылатын (100%-ке дейін) және әдеттегідей созылатын (30%-ке дейін).
Қатты созылатын жіптердің (эластик, акон, камэлан) құрамындағы барлық талшықтары ширатпалы келеді. Созылымды жіптердің созылуы 400%-ке дейін жетеді, серпімділігі де жоғары.
Эластик (созылымды) жіптер – термопластикті полиамид талшықтарын ширатпасын жылумен ұстап қалып ескеннен шығатын өнім. Кейін қарай таратқанда жіптердің арасы ажырайды да, иірілген жібіміз көлемді болы көрінеді.
Акон – екі мәрте ширатылған, капрон және ацеттат жіптерінен тұратын қатты созылатын жіп. Комэлан – КОМЭ машинасында жасалатын капрон мен құрама ацетат жіптерінен тұратын қатты созылатын жіп. Машинаның ерекшелігі – онда майысқан белдік түрінде айналмалы механизм бар.
Майысқан белдікке жанасқаннан соң жіп ширатыла бастайды. Жіпті қыздыру арқылы оның бұралаңын сол күйінде сақтап қалуға болады.
Жақсы созылатын жіптер (мэрон, мэлан, рилон, гофрон) сырттық, спорттық және іш киімдік тоқыма бұйымдарға, маталарға, тігін жіптеріне (гофрон) жұмсалынады. Мэрон (ұрама капрон жіптерден) және мэлан (лавсан жіптерден) жіптерін бір процесті жалған ширату әдісімен және одан соң автоклавада тиянақтау нәтижесінде аламыз.
Пластинкатың қызған жиегімен капронды созу әдісін пайдаланып рилон алынады. Гофрон жіптерін алғанда беті тегіс құрама капрон жіп арнайы роликтер мен иректелген тақтаның ортасынан өтіп толқынданады да,қызған түтікті камера арқылы өтіп ол өз кейпін сақтап қалады.
Әдеттегідей созылатын жіп (аэрон) – текстурланған жіптердің арасындағы ең тығызы; құрама капрон жіптерге қысыммен ауа ағының бағыттағанда олардың бетінде ілмектер пайда болады. Бұл ілмектер қолға жүн жіптері сияқты сезіледі. Маталар, трикотаждар және жасанды мех өндіргенде кең қолданылады.
Текстураланған құрама жіп (трикон, такон) әртүрлі текстураланған жіптерді ширатылмаған құрама жіптермен қосып ширатқаннан алынады. Трикон капрон – эластик пен триацетет, ал такон – капрон мен ацетат жіптерімен тұрады.
Даражіптер синтетикалық талшықтардан алынады.Көбіне көлденең қимасы дөңгелек кейде жалпақ не кескінделген болуы мүмкін. Даражіптің жуандығы оның қаттылығына, серпімділігіне және пайдаланылуына байланысты. Оның ең жіңішкелерін желімдік жіп ретінде және блузалық, көйлектік маталарға, трикотажға, тоқыма емес материалдарға қолданылады.Жуан даражіптер (капрон жіптер) төсемдік маталар дайындауға жұмсалады. Кескінделген даражіптер жылтыр болады, сондықтан тоқыма бұйымға сәндік береді.
Флирет – көлденең қимасы жалпақ капронды даражіп. Пластилекс – ауасыз кеңістікте металл тозаңын бүріккен полиэтилен пленкаларынан жасалған ленталар.
Иірілген жіп пен жіптердің қасиеті
Стандартта көрсетілген иірілген жіп пен жіптердің қасиетіне олардың сызықтық тығыздығы, ширатылуы, мықтылығы, созылғыштығы, тегістігі жатады. Талшықтардікі сияқты иірілген жіп пен жіптердің сызықтық тығыздығы текс-пен сипатталады.
Иірілген жіптің жуандығы текс жүйесінде 1000 м жіпке келетін грамм өлшеміндегі массаның шамасымен анықталады. Текстің сандық мазмұны неғұрлым жоғары болса, жіп те солғұрлым жуан. Штапельді мақта және шөткелі иірілген аралас жіптің сызықтық тығыздығы 12-85 текс, биязы жүннен иірілген тарақты жіптің (бірқабаты да, араласы да) сызықтық тығыздығы 16-41 текс, қылшық және жартылай қылшық жүннен иірілген тарақты жіптің сызықтық тығыздығы 28-85 текс, зығырдан иірілген жіптің сызықтық тығыздығы 18-300 текс. Аппаратты иірілген жіптің сызықтық тығыздығы: мақтанікі – 85-250 текс, биязы жүндікі -125-670 текс.
Текс пен метрикалық номерді анықтау үшін иірілген жіпті таразыда немесе квадрант деп аталатын арнайы аспапта өлшейміз.
Квадранттар салмақтық және номерлік болып бөлінеді. Рычагтің ілгегіне жүз метрлік пасманы ілгенімізде рычагтың екінші басындағы стрелка тиісті массаны не номерді көрсетеді.
Жуандығы бірдей жіптерді ширатқанда олардың сызықтық тығыздығын, текс-ін және номерін мына формула бойынша анықтайды:
Ткр; Nn=Tкр=Nn;
Ткр – ширатудағы жіптің сызықтық тығыздығы, текс;
Т -- құрам ындағы жіптің сызықтық тығыздығы, текс;
N – қабат саны;
Nkp –ширатылған жіптің номері;
N – құрамындағы жіптің номері.
Кейде құрамындағы жіптің жуандығы әр қалай болады.
Бұл жағдайда сызықтық тығыздық пен номерді төмендегі формулалар бойынша анықтайды:
Ткр=T1+T2; Nkp=N1 N2(N1+N2);
Жіптердің диаметрін жуандық өлшегіш немесе сызықтық тығыздық бойанша есептеу арқылы анықтауға болады. Иірілген жіптің ширатпасы оның 1 м ұзындығына келетін сұралу санымен сипатталады. Ширатпаның өсуіне байланысты иірілген жіп тегіс, мықты, серпімді болады. Ары қарай жіптің мықтылығы артпай кемісе, оны ширатудың шегі дейді. Ширатылған мөлшерді анықтау үшін иірілген жіптің үлгісін арнайы аспапта – ширатпаөлшеуіште тарқатады
Ширатпаөлшеуіште иірлген жіптің үлгісін бекітуге арналған екі қысқаш (2 және 4), тарқатқан кезде жіптің ұзаруын көрсететін тартылу күшін өлшегіш (1), жіптің тарқатылуын қарауға арналған лупа (3) және айналу санын есептегіш (5) бар. Қысқаштың біреуі қозғалмайды, екіншісі, айналатыны, есептегішпен жалғанған. Мақта штапель жіптерінің басқа талшықтардың барлық түрінен жасалған құрама, бұралған иірме, сонымен бірге жалаң иірілген жіптердің ширатпасын анықтау үшін талшықтардың параллель түсуіне дейін тарқату әдісі қолданылады. Жіптерді оң және сол ширату бар. Егер тарқату оң қолмен өзіңнен сыртқа қарай жүргізілсе оң ширату дейді. Оң ширату Z латынның әрпімен, ал сол ширату S латынның әрпімен бнлгіленеді
Иірілген жіп пен жіптерді, талшықтарды көргендегі мықтылық мөлшері оларды үзуге жеткілікті ең аз салмақпен сипатталады. Үзу салмағы жіп үлгісін үзу машинасында көру арқылы анықталады. Бұл жағдайда үзу салмағын ұзындығы 100 м бір тал жіп үшін де, бүкіл ширатылған жіп үшін де анықтауға болады.
Иірілген жіптің созылғыштығы динамометрде жіптің үзілердегі мықтылығымен қоса анықталады. Созылғыштық жіптің үзілер кездегі ұзаруымен сипатталады және талшықтың құрамына, жуандығына және иірілген жіптің ширатылымына байланысты.
Тегіс еместік – иірілген жіп пен жіптердің жуандығының, ширатылуының, мықтылығының және ұзаруының бірдей еместігі. Иірілген жіптің тегіс еместігін лабораториядағы эталондармен (үлгілермен) қатар қойып салыстыру арқылы немесе олардың тиісті аспаптардағы бірнеше көрсеткішін өлшеп сонан соң формула бойынша тегіс еместік процентін есептеу арқылы анықталды. Таза талшықтан иірілген жіп пен құрама жібек жіптерге қарағанда химиялық және штапельдік талшықтардан жасалған жіптер қасиеті жағынан біокелкі.
Иірілген жіптер мен жіптердің ақаулары
Иірілген жіптер мен жіптердің ақауының негізгі себебі төменгі сапалы және қоқым шикізаттан, механизмдердің бұзылуы мен машиналардың күтімінің жоқтығынан. Қоқым жіп – шала тазаланған шикізаттан дайындалған жіп. Қоқым мақтадан иірілген жіпте тұқымның қабы, жапырақтардың немесе қауыздың қалдығы, қоқым жүннен иірілген жіп те – ошаған қалдығы, ал зығыр жіпте талшықтың қоқымдары болады.
Майлы және кір жіптер талшықтарға машина майының тамуынан және түрлі былғаныш заттардың қосылуынан болады. Иірілген жіптер мен маталарды қайнатқанда кірі кетеді, бірақ майлы дақтар қалып қояды.
Басылған және кедір-бұдыр жіптер – иірілген жіптерде жуан немесе жіңішке жерлердің кездесуінен болады. Мұндай ақау- лента мен ровницаны бірқалыпты тартпаудың салдарынан болады.
Жентектер – талшықтарды жеткілікті ширатпаудан жіпте пайда болған жуан жерлер.
Сызықтық тығыздығы жағынан бірқалыпты емес жіптің шығуы – бір немесе әр түрлі собықтардың жіптерінде қалыңдықтың әжептеуір ауытқуынан болады.
Түйін – иірілген жіпке түбіттің оралып кетуінен пайда болатын жуан жерлер.
Жуан жіп – ровница үзіліп, ұшы жанындағымен бірігіп кеткенде, пайда болады.
Жібек шикізатының негізгі ақаулары мынандай:
Түйін жіптің қысқа кесіндісінде кездесетін жуандаған жері: қатпарлар жіптің ұзын кесіндісінде кездесетін жуан, тығыз жерлері, қылқан – желімі ұстамай ұшы сыртқа шығып тұрған жібек жіп.
Шатасу – кокон жіптерін бірқалыпта тартпаудың салдарынан бір немесе бірнеше жіп ортадағы жіпке оралып қалады.
Жасанды жіптердің негізгі ақаулары мынадай: вискоза жіптерінің біртегіс жақсы жылтырамауы. Ол – жіп түзілген тұндырма ваннада бос қышқыл мөлшерінің артықшылығынан болады; Жіп ерітіндісінің лас және біртектілігінен туатын әртүстілік; түктілік – үзіліп, жіптің сыртына шығып тұрған жәй жіптердің ұшы ол – жіп ерітіндісін ауа түйіршіктерінен жақсы тазартпағандықтан және оның жөнді тұтқыр болмауынан; бұйралылық – жіптің қысқа кесіндісіндегі толқынды иілу...
Иірілген жіп пен жіптердің ақауы маталар мен тігін бұйымдарының сапасын төмендетіп, сырт көрінісін бұзады. Ақау жіптен жасалған мата да ақаулы болып шығады. Қоқым жіптен жасалған мата теңбілді болады. Жуандығы түрлі жіптерден жасалған мата жолақты болады. Жіптің ақауы матаны бояғанда анық байқалады. Майлы жіптер бояу алмайды.
Бақылау сұрақтары:
1. Иірілген жіп дегеніміз не?
2. Иірілетін талшықтарға не жатады?
3. Иіру процесінің негізгі операциялары?
4. Өңделуі мен боялуына қарай иірілген жіп қандай болады?
5. Мооскреп дегеніміз не?
6. Созылу дәрежесіне қарай текстураланған құрама жіптер қаншаға бөлінеді және қандай?
7. Иірілген жіп пен жіптердің қасиеттеріне не жатады?
8. Иірілген жіп пен жіптердің ақауларының негізгі себептері?
9. Жентектер дегеніміз не?
Әдебиеттер:
1. Кукин Г.Н. и др. Текстильное материаловедение (волокна и нити). Учебник для вузов. 2 изд, перераб. И допол. –М.; Легрпомбытиздат, 1989.-272 б.
2. Е.П. Мальцева. Тігін өндірісінің материалтануы. Алматы. «Ана тілі», 1992.- 255 б.
3. Лабороторный практикум по текстильному материаловедению. Учебное пособие для вузов. / Кобляков А. И., Кукин Г. Г., Соловьев А.Н и др. -2 изд. перераб. И дополн. –М.; Легпромбытиздат, 1986.-344
Лекция № 4.