Талап қоюды немесе талапқа қарсылықты негіздейтін мән- жайлардың бар болуын немесе жоқ болуын әрбір тарап қандай дәлелдемелермен растай алады?
Егер тарап сот талап еткен дәлелдемені өзінде ұстап қалса және оны соттың сұрау салуы бойынша сот белгілеген мерзімде ұсынбаса, онда сот қандай қорытындыға келеді?
Жауапкер табыстамаған ауысымдық есепте, кран журналында тіркелген мәліметтерді жауапкердің мүддесіне қарсы бағытталған деп сот есептей алады ма?
Бұл жағдайда куәлардың айғақтары қандай маңызға ие?
Талапкермен табысталған ауысымдық есепті талапты негіздейтін анық дәлелдеме ретінде сот тани алады ма?
Талапкердің қандай талаптары қанағаттандыруға жатады? Тізіп беріңіздер.
4. Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі. Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ. // http://adilet.zan.kz
2. Акмолдаева С. Современные возможности судебной биологической и судебной экологической экспертиз. // Заңгер №4 (165) апрель 2015 г. - С. 50-53.
3. Бычкова С.Ф. Развитие законодательных основ судебно- эспертной деятельности в Республике Казахстан // Право и государство.
№ 1(70) 2016. – С. 39-41.
4. Куанова И. Факты - упрямая вещь // Заңгер №2 (163) февраль 2015 г. - С. 78-82.
5. Справочник по доказыванию в гражданском судопроизводстве: 6-e изд., доп. и перераб. - Издательство: Норма, 2017. – 448 с.
6. Сатбаев Б. Азаматтық процесс: дәлелдемелердің мәні мен маңызы // Заң. - 2015. - №8. - С. 33-34.
7. Усов А.И. Инновации и прогресс судебно-экспертной деятельности // Право и государство. № 1(70) 2016. – С. 48-43.
Тақырып. Талап және талап қою
Есеп. К. жеке еңбек шартының негізінде 20.04.2004 ж. бастап
«Серік» ЖШС-де айлық ақысы – 50 000 теңге, күзет бастығы лауазымында жұмыс істеді.
5.01.2015 жылы «Серік» ЖШС бастығының № 05 бұйрығымен дәлелді себепсіз үш сағаттан көп жұмыста болмағаны үшін К. –мен жеке еңбек шарты бұзылды, бұйрықпен К. танысқан.
К. «Серік» ЖШС-не жұмыстан шығару туралы 05.01.2005 жылғы бұйрықтың күшін жою туралы, «Серік» ЖШС-нің қауіпсіздік бөлімінің басшысы лауазымына қайта алу туралы, 1 800 000 теңге мөлшерінде материалдық зиянды өтеу, моральдық зиян келтіргені үшін 1 000 000 теңге мөлшерінде ақшалай өтемақы өндіру туралы талап қойып сотқа жолданды.
«Серік» ЖШС инспекторы Б.-ның, бас инженер Ю.-дың баяндауы бойынша, К. жұмыс орнында 03.01.2005 ж. бастап 05.01.2005 ж. дейін болмаған. Сондықтан талапкерді жұмыстан шығару туралы жауапкердің бұйрық шығаруы құқықлы болып табылады.
Сонымен қатар, талапкер жоғарыда аталған талапты қодың ескіру мерзімін өткізіп алған, себебі оның жұмыстан шығарылған сәтінен бері үш жылдан астам уақыт өткен, бұл туралы қарсы тарап сотта мәлімдеді.
Бұл дау бойынша талаптың ескіру мерзімін өткізіп алудың қандай да бір дәлелді себебі жоқ болып шықты.
Бірақ, талапкер талаптың ескіру мерзімінің үзілгенін айтып түсіндірді: 04.01.2008 ж. ол осындай талап қойып сотқа жолданған және оған сотпен оның талап арызы қайтарылған. 21.01.2008 жылғы соттың ұйғарымында көрсетілгендей, талап арыз әуелі кемшіліктерді жою үшін 18.01.2008 жылға дейін қозғалыссыз қалдырылған, кейін аталмыш кемшіліктерді жоймағаны үшін ол талапкерге қосымша тіркелген құжаттарымен бірге қайтарылған. Заңмен белгіленген мерзім ішінде талапкер бұл ұйғарымға шағым берген емес және бұл ұйғарым күшіне енген. Бұдан басқа, талапкердің еңбек кітапшасынан анықталғандай, бұл мерзім үзілген және бұл уақыт ол үшін амалсыз бос жүрген уақыт болып табылмайды, себебі 10.07.2006 ж. бастап 01.03.2007 ж. дейін, яғни жұмыстан шығарылғаннан кейін бір жарым жылдан соң талапкер «SADI- групп» ЖШС-де қауіпсіздік бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген.
Талапкер К.-ның талабының нысанасын анықтаңыздар.
Талапкер К.-ның талабының негізін анықтаңыздар.
К. талапқа құқыққа және талап қою құқығына ие боладыма?
ТалапкерК.-ның «Серік» ЖШС-не жұмыстан шығару
Туралы бұйрығының күшін жою, «Серік» ЖШС-нің қауіпсіздік бөлімінің басшысы лауазымына қайта алу туралы талабы негізделген бе?
Талапкер К.-ның «Серік» ЖШС-не жұмыстан шығару туралы бұйрығының күшін жою, «Серік» ЖШС-нің қауіпсіздік бөлімінің басшысы лауазымына қайта алу туралы талабы қанағаттандыруға жатады ма?
Талапкер К.-ның амалсыз бос жүрген уақытына 05.01.2005 жылдан бастап 05.01.2008 жылға дейін әрбір 36 ай үшін 50 000 теңгеденг әрқайсы айға ақшалай өтемақы төлеу туралы және моральдық зиянды өтеу туралы талабы қанағаттандыруға жатады ма?
4. Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі. Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ. // http://adilet.zan.kz
2. Абдувалиев Е. Талап қоюды қамтамасыз ету және қамтамасыз ету шаралары ұғымы // Қазақстанның ғылымы мен өмірі=Наука и жизнь Казахстана. - 2013. - №1-2. - С. 80-87 б.
3. Губина Е.Н. Соотношение понятия «иск» и «исковое заявление»
// Юридический аналитический журнал. 2014. Т. 1-2. С. 159-163.
4. Кайса С., Искакова А. Комментарий к Гражданскому процессуальному кодексу РК. (Часть 2). – Алматы: Жети Жаргы, 2014. – 384 с.
5. Тарасенкова А.Н. Исковое заявление. Чему не учат студентов. – М.:Проспект. 2015. – 64 с.
6. Щербакова Л.Г., Пименова Е.Н. Институт обеспечения иска как гарантия исполнимости судебного акта в гражданском и арбитражном процессе // Актуальные проблемы права. 2013. № 2. - С. 179-186.