Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тақырып. Соттық дәлелдеу және дәлелдемелер




Есеп. Талап қоюшы Абдыкаримов К.К. жауапкер - «Инженерлік корпорация» ЖШС-не үстеме жұмыс үшін, түнгі уақыттағы жұмысы үшін, демалыс және мейрам күндері жұмыс жасағаны үшін жалақыны өндіру      туралы, Қазақстан   Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі негізге алына отырып төленуге тиісті жалақыны қайта есептеу туралы, өкілдің қызметіне 1.235.100 теңге мөлшерінде ақы төлеу туралы талап арыз қойып сотқа жолданды. Сонымен  бірге жауапкерден сот шығыстарын   -    сотқа келуіне байланысты шыққан жолақысын 13000 теңге көлемінде өндіруді сұрады. 2014 жылғы 24 қыркүйектегі№ 236-л бұйрығына       сәйкес Абдыкаримов К.К.  2014 жылғы 27 қыркүйектен бастап мұнаралы кранның жүргізушісі лауазымына жеке еңбек шартына сйәкес үш ай сынақ мерзімімен штаттық    кестеге сәйкес ай сайынғы жалақыға жұмысқа алынған.

2014 жылғы 1 сәуірдегі «Инженерлік корпорация» ЖШС-нің Бас директоры бекіткен штаттық кестеге сәйкес мұнаралы кранның жүргізушісінің айлық ақысы 60 000 теңгені құрайды.

2014 жылғы 1 қазандағы штаттық кестеге қосымша бойынша мұнаралы кранның жүргізушісінің айлық ақысы 56250 теңгені құрайды және дербес үстемеақы 18750 теңгені құрайды.

Сенімгерлікпен басқарушы О.-ның бекіткен 2015 жылғы 1 ақпандағы штаттық кестесіне сәйкес К.К.Абдыкаримовтың жалақысы 2015 жылдың 1 ақпанынан бастап 2016 жылдың 31 қаңтарына дейін 82500 теңге мөлшерінде бекітілген (Жеке еңбек шарты 1.02.2015 ж. жасалған).

Шарттың 1.1 пунктінде серіктестік штаттық кестеге, Еңбек ақысын төлеу туралы ішкі ережеге сәйкес қызметкердің еңбек ақысын уақытылы төлеуге міндеттенеді. Шарттың 3.1 п. сәйкес, серіктестік жұмыс аптасының ұзақтығы  туралы      бұйрыққа сәйкес жұмыс       уақытының кестесін бекітеді.

«Инженерлік корпорация» ЖШС-нің Бас директорының 2013 жылғы 1 қарашадағы №2 «Жұмыс аптасының ұзақтығы туралы» бұйрығына сәйкес, өндірістік қажеттілік бойынша бөлім басшылары, прорабтар, шеберлер, маханиктер, электр-инженерлері, геодезия инженерлері, сапа бойынша инженер, диспетчер, жүргізушілер, электриктер, слесарлар, кешені құрылыс бригадаларының жұмысшылары үшін 2013 жылдың 1 қарашасынан бастап алты күндік жұмыс уақыты бір демалыс күнімен, жеті сағаттық жұмыс күні дүйсенбіден-жұмаға дейін және бес сағаттық жұмыс күні сенбі күні, күнсайынғы түскі үзіліс бір сағатқа белгіленген.

Сотта жауапкердің өкілі жұмыс берушімен жұмыс уақыты Т-16 үлгі табелі бойынша жүргізілді деп түсіндірді.

Талапкердің түсінігі бойынша, Бөкейхан көшесіндегі құрылыста КБ-408.21 мұнаралы кранында бар болғаны екі кран жүргізушісі жұмыс істеген. Өндірістік үрдісті тоқтатпау үшін олар күн сайын 11 сағат жұмыс істеген, ал сменаны ауыстыру барысында тәулігіне 17 сағат жұмыс істеп, демалыссыз және мереке күндерінде демалмастан еңбек еткен. Объектіде құрылыс тәулік бойы жүргізілген.

Жауапкердің өкілі сотта берген түсінігінде талапкер жұмыс жасаған объектіде екі кран болғанын және олардың әрқайсысында екі жүргізушіден жұмыс істегенін растады.

Талапкердің талабын негіздей үшін сотқа дәлелдеме ретінде 2014 жылдың қазан, қараша, желтоқсан айлары, 2015 жылдың қаңтар, ақпан, наурыз айлары бойынша ауысымдық есептердің ксерокөшірмелері табысталған. 2014 жылдың қазан айы мен 2015 жылдың қаңтар айындағы ауысымдық есептерде серіктестіктің мөрі қойылған.

Жауапкердің өкілі сотқа ауысымдық есептің түпнұсақаларын тапсырмады, себебі аталған есептер кәсіпорында жоқ, сондай-ақ олар талапкердің жұмыс істеу ұзақтығын куәландыра алмайды деп есептейді. Өйткені, бұл құжаттар серіктестік құрал-жабдықтарды басқа ұйымдарған жалға берген кезде, жалдау уақытын есепке алу және жалдау ақысын есептеу үшін толтырылады екен.

Жауапкер-Директор Д. Сот отырысында түсіндіргендей, кәсіпорын үстеме жұмысы үшін, мереке және демалыс күндері жұмыс жасағаны үшін жалақысын төлер еді, егер ауысымдық есепте серіктестіктің мөрі қойылған болса, бірақ әрбір жұмысшы жасаған жұмысын есепке алып отыру үшін өзі ауысымдық есеп жүргізуін де жоққа шығармады.

Талапкер дәлелдемені қамтамасыз ету мақсатында жауапкерден кран жүргізушісінің жұмысы тіркелетін 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап 2015 жылдың мамыр айына дейін КБ-408.21 кранына жүргізілген журналды жауапкерден талап етіп алдырту туралы сотқа өтініш берді. Жауапкер соттың талабын орындай алмады және кран жүргізушінің вахталық журналы қажет болмағандықтан жойылды деп сотқа табыстай алмайтынан айтты.

Куә ретінде сот отырысында айғақ берген куәлар В., Л., К. талапкердің үстеме жұмысқа, демалыс күндері, түнгі уақтта жұмысқа жұмылдырылғаны туралы талаптың негіздеулерін растады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-14; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 703 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

80% успеха - это появиться в нужном месте в нужное время. © Вуди Аллен
==> читать все изречения...

2227 - | 2095 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.