№ 3 есеп. Иванов пойыздың астына түсіп, өзін өзі өлтірді. Қайтыс болғанның жұбайы темір жол басқармасына зиянды өтеу және 5 және 9 жастағы екі баласын асырауға жәрдемақы төлеу туралы талап арыз қойды. Талап арызды қайтыс болған адамның анасы да қойған, ол ұлының асырауында болмаса да жасы (68 жас) және денсаулық жағдайы бойынша материалдық көмекке мұқтажбын деп есептейді. Жауапкер талапқа қарсылық білдіріп, Иванов пойыздың астына өзі секірген және машинисттің оның өлімін болдырмауға мүмкіндігі болмады деп түсінік берді.
Процессуалдық қатынастар кімдердің арасында туындады және олардың мазмұнын не құрайды?
3. Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі. Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ. // http://adilet.zan.kz
2. Афанасьев С.Ф. Гражданское процессуальное право России: учебник для бакалавриата и магистратуры, 2-е изд., перераб. и доп. Издательство: Юрайт, 2017. - 444 с.
3. Гражданский процесс: учебник под ред. М.К. Треушникова. – М.: Статут, 2014. – 960 с.
4. Потапова А.А. Гражданское процессуальное право. Конспект лекций: учебное пособие. - Издательство: Проспект, 2017. – 112 с.
5. Нұрмашев Ү.Ө. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы: оқу құралы: қысқаша курс - Өңделіп, толықт. 2-ші басылым. - Алматы: Жеті Жарғы, 2013. - 317 б.
6. Сахнова Т.В. Курс гражданского процесса. – М.: Статут, 2014. – 784 с.
Тақырып. Азаматтық процессуалдық құқық қатынастарының субъектілері
Есеп. 2015 жылы 19 қарашада Л. сотқа 2015 жылы 23 шілдеде туылған, Ч. есімді баланы асырап алу туралы арызбен жолданды. Ол өзінің өтінішін келесідей негіздейді: қазіргі уақытта кәмелетке толмаған баланың заңды некеде тіркелген әкесімен бірге тұрып жатыр және оның өгей шешесі болып табылады, бұрынғы некеден бір кәмелетке толмаған баласы бар, баланың әкесінен ортақ балалары жоқ. өтінішін қанағаттандырған жағдайда баланың туу туралы акт жазбасын өзгертуді, өзін Ч.-ның анасы ретінде жазуды сұрайды.
Сот отырысында арыз беруші Л. асырап алатын баланы тәрбиелеу және асырап-бағу үшін барлық жағдайы бар деп сотқа түсіндіре отырып, өтінішін қанағаттандыруды сұраған. Бала туған кезінен бері өзімен бірге өмір сүруде, ол балаға, ал бала оған бауыр басып қалғандығын айтып түсіндірген.
Мүдделі тұлға – кәмелетке толмаған бала Ч.-ның әкесі сотқа Л.- дың өтінішін қанағаттандыруға келісемін деп сотқа түсіндірген, себебі арыз берушімен заңды некеде тұрады, асырап алынатын бала өзінің биологиялық баласы болып табылады, оған қатысты әкелігін анықтап алған. Ол акт жазбасындағы баланың тууы туралы жазбаны өзгертуге, баласының анасы ретінде арыз берушіні жазуға қарсы емес.
Қамқоршылық және қорғаншылық органының өкілі Т. сотқа кәмелетке толмаған бала Ч.-ны асырап алу кәмелетке толмаған баланың мүдесіне сәйкес келеді деген қорытынды берді.
Ата-аналардың баланы асырап алуға рұқсаты нотариалдық куәландырылған арызда, сондай-ақ бала асырап алу ісін жүргізу барысында тікелей сотта жариялануы мүмкін.
Кәмелетке толмаған баланың биологиялық анасы М. сот отырысында арыз берушінің баласын асырап алуына келесемін берді, кейін талап қоймайтын болды.
Сотпен анықталды: Ч-ның әкесі мен арыз беруші Л.-дың некесі 2015 жылы 20 сәуірде тіркелген, ерлі-зайыптылар төрт бөлмелі пәтерде келсі мекен –жай бойынша тұрып жатыр: Солтүстік-Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Астана көшесі, 17 үй, 11 пәтер.
Арыз берушіге тұрғылықты жері бойынша оң мінездеме берілген, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған, психиатриялық және наркологиялық диспансерде есепте тұрмайды, іс материалдарындағы медицианлық құжат бойынша Л.-дың денсаулық жағдайы асырап алушы болуға кедергі келтірмейді.
Қамқоршылық және қорғаншылық органының қорытындысы бойынша арыз беруші Л-дың кәмелетке толмаған Ч.-ны асырап алуы кәмелетке толмаған баланың мүддесіне сәйкес келеді және негізделген болып табылады.
Бұл азаматтық іс жүргізудің қатысушылары кімдер болып табылады?
Іске қатысушы тұлғаларды анықтаңыздар
Прокурор және қамқоршылық және қорғаншылық органдары кімдердің мүдделерін сотта білдіреді?
Ч-ны асырап алуға кім және қалай келесім беруі тиіс?