Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Дәріс тақырыбы. Нақты газдар. Ван-дер-Ваальс теңдеуі.




Дәрістің мақсаты: Нақты газдар,Ван-дер-Ваальс теңдеуі, кризистік шамаларды түсіндіру.

Дәрістің жоспары:

1. Ван-дер-Ваальс теңдеуі

2. Ван-дер-Ваальс изотермалары.

3. Нақты газдың ішкі энергиясы

Молекулалардың өлшемдері олардың орташа ара қашықтығына қарағанда соншалықты кішкене, оларды ескермесе де болады деп ұйғарылады. Бұл модель идеал газдарға, яғни Боль-Мариотт және Гей-Люссак заңдарына дәл бағынатын газдарға сәйкес келеді. Алайда нақты газдар, жоғарыда айтылғандай, бұл заңдарға жуық түрде бағынады. Үлкен қысымдарға газдардың барлығы да Бойль-Мариотт заңынан ауытқиды.

Молекулаларды шар деп есептесек олардың радиустарын 10-8см мөлшерінде деп алуымыз керек. Бұдан бір молекуланың көлемі мынадай болады:                            

                        4

                   v= —nr3=4*10-24см3

                      3

Қалыпты жағдайда 1 см3 газдағы молекулалардың саны n=3*1019; бұдан 1см3 газдағы барлық молекулалардың өздерінің көлемі V=n0v=10-4см3 болатындығы, яғни 1 ат қысымда және 00С температурада газдың алып тұратын барлық көлемінің тек он мыңнан бір үлесіндейі ғана молкулалардың өз көлемдері екені көрінеді. Ал 5000 ат қысымда бастапқы 1см3 көлем, Бойль-Мариотт заңы бойынша, 2*10-4см3-ге дейін кемуі керек, мұнда газдың алып тұрған көлемінің жартысы молекулалардың өз көлемі. Бұл жағдайда газдың жоғарыда айтылған моделінің жарамайтындығы және нақты газдардың Бойль-Мариотт заңынан неліктен ауытқитындығы өзінен-өзі түсінікті. Сонымен, нақты газдар қасиеттерінің идеал газдың қасиеттерінен өзгеше болуы мынадай екі себептен болуға тиіс: біріншіден, молекулалардың өздерінің өлшемдері болады, екіншіден, молекулалардың арасындағы өз ара әсер күшінен күрделірек болады.

Бұл екі себептің екеуін де Ван-дер-Ваальс есепке алған. Бірінші себептің –молекулалардың өздерінің өлшемдерінің болуының –салдарынан молекулалар газ тұрған ыдыстың ішінде, оларды нүктедей деп есептегендегідей еркін қозғала алмайды. Молекулалардың еркін қозғалуына берілген көлем ыдыстың геометриялық V көлемінен бір b шамадай кіші болады. Молекулалардың өз көлеміне байланысты бұл b шаманы газдың берілген мөлшері үшін тұрақты шама деп есептеуге болады;сондықтан газ күйінің теңдеуіндегі V көлемнің орнына V-b шаманы алу керек.

Идеал газдың бір грам-молекуласының теңдеуі мынадай еді:

                                                    pV0=RT        (1)

жоғарыда айтылғандай, молекулалардың өздерінің өлшемдері атқаратын ролін есепке алып, грам-молекуланың V0 көлемінің орнына V0-b шамасын аламыз:

                                  p(V0—b)=RT.                  (2)

Екінші себеп-молекулалардың арасындағы өз ара әсер күштері –молекулалар бірінен-бірі белгілі бір аралықта тұрғанда біріне-бірі тартылатындығына байланысты. Молекулалардың аралықтары жақындағанда (олар соқтығысқан кезде) бұл тартылу күштерінің орнына одан гөрі басымырақ тебілу күштері пайда болады. Молекулалардың арасындағы тартылу күштерінің әсерінен газдың V көлемі Бойль-Мариоттың заңы бойынша оған ыдыстың қабырғалары тарапынан түскен сыртқы p қысымнан гөрі үлкенірек P қысым түскендегідей көбірек сығылады. Сонымен, (2) өрнектегі сыртқы р қысымның орнына р=p+pі шамасын алу керек; бұдан мынау шығады:

                                (р+рі) (V0—b)=RT.          (3)

Мұндағы рі шамасы – газдың ішкі қысымы деп аталады.   

                                                 а

                                                  pi = ——                   (4)

                                                         V02

Ішкі pi қысымның (4) формуладағы мәнін (3) өрнекке қойсақ, Ван-дер-Ваальстің газдың бір грамм – молекуласына арнлған теңдеуі шығады:

                                                       а

                                             (p + ——) (V0 – b) = RT (5)

                                                      V02

Ван-дер-Ваальс енгізген бұл а және b түзетулері әрбір газ үшін едәуір дәлдік дәрежедегі тұрақты шамалар. Әртүрлі газдар үшін ол түзетулер әрқилы болады; олардың сан мәндері тәжірибе мәліметтерінен алынады. Ван-дер-Ваальс теңдеуіндегі тұрақты R – дің мәні сол бұрынғы газ тұрақтысының мәніндей болады.

Молекулалық V0 көлем өте үлкен болғанда V0 көлеммен салыстырғанда,                   

түзетуді елемеуге және p қысыммен салыстырғанда —— шаманы ескермеуге

                                                                                      V02

болады; сонда Ван-дер-Ваальс теңдеуі (1) теңдеу түріне көшеді.

Сонымен, Менделеев – Клайперон формуласының жуық формула екендігі бірден көрінеді: бұл формула тек p қысымдар аз (V0 көлемдер үлкен) болса ғана шындыққа көбірек жанасады; қысым p көп болған жағдайда a,b түзетулердің рөлін еске алу керек, яғни Ван-дер-Ваальстің (5) формуласын қолдану керек.

Ван-дер-Ваальс формуласы да шын мәнінде дәл формула емес, бірақ ол Менделеев – Клайперон формуласына қарағанда шындыққа әлдеқайда көп жанасады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Заттың кризистік күйі.

2. Сиретілген гааздардағы физикалық құбылыстар.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Савельев И.В. Жалпы физика курсы, І том. Механика, тербелістер мен толқындар, молекулалық физика. Савельев И.В. «Наука» баспасы, физика-математика әдебиетінің бас редакциясы, М., 1970 ж. 399-403 б.

2. С.Э. Фриш және А.Б. Тиморева. Жалпы физика курсы, І том. «Мектеп» баспасы, А., 1971 ж. 247 б.

3. Абдулаев Ж. Жалпы физика курсы: Оқу құралы / Ж. Абдулаев.- Алматы: Ана тiлi, 1991.449-459 б.

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 565 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Велико ли, мало ли дело, его надо делать. © Неизвестно
==> читать все изречения...

3440 - | 3018 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.