Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Организм және оның тіршілік ету жағдайлары




  Жануарлар мен өсімдіктер тіршілік ету үшін температура, ылғалдылық, жарық, қысым элктромагнит өрісі, теңіздердің толуы мен қайтуы маңызды рөл атқарады.

Уақыт бойынша бірізділікпен кезектесіп келетін ағзаның қандай да бір жағдайынбиологиялы қ ырғақ деп атайды.

Биологиялық сағаттың көмегімен оларда әр түрлі физиологиялық процестердің тәуліктік, маусымдық, жылдық және басқа да ырғақтары белігенеді.

Ағзаның ырғақтары ішкі немесе физиологиялық және сыртқы, яғни геофизикалық табиғаты бар сыртқы циклді өзгерістерден соң жүретін болып бөлінеді.

Ішкі ырғақтар тарихи қалыптасқан. Қалыпты өмір сүру үшін кез келген тірі ағза жоғары физиологиялық белсенділік жағдайынан физиологиялық тыныштық күйге өтеді.

Тірі ағзалар сыртқы ортаның ауытқуларын қабылдауға бейімделе отырып, оларға сәйкес өздерінің физиологиялық процестерін реттейді.

Көптеген жануарларда тәуліктік периодтық физиологиялық функциялардың айтарлықтай ауытқуына әкелмейді. Ол негізінен қозғалыс белсенділігінің өзгеруінен көрінеді. Бұл – сыртқы, экзогенді тәуліктік ырғақ. Тәуліктік периодтық күндіз, кеште, түнде тіршілік ететін жануарларға тән.Тәуліктік периодтық зкзогенді ырғаққа жатады.

Климаттық фактордың жануар мен өсімдіктердің өмірінде жүріп жатқан периодтық процестермен байланысын фенология ғылымы (грек тілінен phainomena – құбылыс) зерттейді.

Жарық маңызды сигнал болып табылады. Ағзалардың морфологилық, биохимиялық және физиологиялық қасиеттері мен функцияларының жарықтың кезектесуі мен ұзақтығына байланысты ырғақты өзгеруі- фотопериодизм деп аталады. Өсімдіктер мен жануарлардың дамуы және көбеюімен байланысты барлық метаболттік процестер фотопериодтың бақылауында болады. Фотопериодизмге байланысты өсімдіктер қысқа күндік және ұзақ күндік өсімдіктерге бөлінеді:

1.Қысқа күндік өсімдіктер. Олардың гүлденуі мен жеміс беруі 8-12 сағаттық жарық жағдайында жүзеге асады. Оларға оңт. аудандардың өсім-рі жатады (тары, күнбағыс).

2.Ұзақ күндік өсімдіктер(бұлар күн жарығының 16-20 сағатқа дейін ұзаруын қалайды). Қоңыржай белдеудің көптеген өсімдіктері ұзақ күндік өсімдіктерге жатады. Солт. өсімдіктеріне- қара бидай, арпа, сұлы, пияз, сәбіз жатады.

Өсімдіктерге тыныштық күй тән. Егер өсімдік тыныштық күйге өтпесе қыста үсіп кетеді. Өсімдіктердің тынштық күйінің 3 түрін бөліп көрсетуге болады. Органикалық, терең және мәжбүр ететін.

1. Органикалық тыныштық. Жемістер, түйнектер мен бүршіктер тән. Өсімдіктердегі органикалық кезінде эмбрионалдық жасушалар мен ұлпалардың нуклеинді және ақузды алмасуында өзгерістердің болуы, көктемде қалыпты өсуді қамтамасыз етеді.

2. Терең тыныштық. Органикалық тыныштық пен қатар немесе одан кейін орын алады да, өсімдіктің аязға тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Мәжбүрліктен туған тыныштық күйі. Ол өсімдіктің қолайсыз жағдайлардың әсерінен ұзақ уақытқа дейін өспеуінен көрінеді. Бұл әдетте, көктемде болады. Өсімдіктермен салыстырғанда жануарлардың қолайсыз маусымдық құбылыстарға бейімдеушіліктері алуан түрлі.

 

3. Экологиялық факторлар және олардың классификациясы Экологиялық фактордың жіктелуі

Биологиялық жіктеу ретінде аутэкология жекеленген тірі ағзаны – жануар, өсімдік немесе микроорганизм, оның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді.

Қоршаған орта бұл ағзаны қоршап жатқан, оның күйі мен тіршілік қызметіне тікелей не жанама әсер ететін нәрсенің барлығы жатады.

Тірі ағзаға әсер ететін ортаның элементтерін экологиялық факторлар деп атайды.

Кез келген ағзаға қоршаған ортада көптеген экологиялық факторлар әсер етеді. Дәстүрлі жіктеу бойынша оларды:

  1. абиотикалық
  2. биотикалық
  3. антропогендік деп бөледі.

Абиотикалық факторлар - бұл тірі ағзаға әсер ететін қоршаған орта жағдайларының комплексі (температура, қысым, ылғалдылық, атмосфераның, теңіз және тұщы судың, топырақтың құрамы ж/е т.б.)

Биотикалық факторлар - бұл бір ағзалардың тіршілік әрекетінің басқаларына тигізетін әсері (бәсекелестік, жыртқыштық ж/е т.б.)

Антропогенді факторлар - адам қызметінің қоршаған ортаға тигізетін әсерінің жиынтығы (зиянды заттардың атмосфераға шығарылуы, топырақ қабатының бұзылуы, табиғи ландшафтардың бұзылуы ж/е т.б.)





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1218 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наука — это организованные знания, мудрость — это организованная жизнь. © Иммануил Кант
==> читать все изречения...

2305 - | 2098 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.