Биологиялық – экологиялық зерттеулердің бірнеше бағыттары бар. Олар: аутэкология, демэкология, эйдэкология, синэкология, геоэкология, архиэкология, қолдандалы экология, әлемдік экология, адам экологиясы, нооэкологиясы және тағы басқалар.
Аутэкология – жеке ағзалар (особь) арасындағы қарым-қатынастарды, оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді.
Демэкология – бір түрге жататын ағзалар «особьтар» тобы, оның табиғи ортамен байланыстыра отырып зерттеулер жүргізеді. Эйдэкология – түр мен оның популяцияларын органикалық дүние дамуының жоғарғы дәрежесінде зерттейтін ғылым.
Синэкология – бірлестіктер экологиясы (биоценология, фитоценология) ретінде әртүрлі түрлерге жататын популяциялар (өсімдіктер, жануарлар, микроағзалар) жиынтығын бір тұтас ағзалар ретінде зерттейді.
Геоэкология – экологиялық дүниелерді биосфералық деңгейде зерттейді. Құрлық пен дүниежүзілік мұхиттардағы экожүйелер ондағы қарым-қатынастар мен байланыстар, ландшафтылар бойынша экожүйелердің құрылымы, бірлестіктері, тұрақтылығы. Кеңістік пен уақытқа қатысты өзгеруі экожүйелердің продуктивтілігі, агро және антрогендік экожүйелер, олардың практикалық маңызы туралы ғылыми-теориялық зерттеулер жүргізеді.
Қолданбалы экология – экология ғылымы жүргізген ғылыми- зерттеу жұмыстарынан қорытындыларды қалай пайдаланудың тәсілдерін көрсетіп беруді қарастырады. Адамзат баласының әлеуметтік мұқтажын өтеу барысындағы табиғи ортаның ластануы, өнеркәсіп,ауылшаруашылық, химиялық, медициналық, биохимиялық және тағыда басқа өндіріс орындарының жағдайы, айналаны қоршаған ортаға тигізетін әсері, өндіріске жаңа технологияны енгізу, ластау көздеріне мониторинг қою туралы ғылыми жұмыстарын жүргізді.
Әлемдік экология – табиғи және табиғи іс-әрекетінен пайда болатын биосфера шегіндегі күн жүйесіндегі әлемдік экологиялық- биоэкологиялық өзгерістермен құбылыстарды зерттейді. Адамзат баласының басына түсетін ядролық қауіп-қатер, неше түрлі апаттар, әлемдік климаттық, ауытқулар, шөлейттену, жаппай қырып-жоятын әскери қару-жарақтар, қатерлі эпидемияларды зерттейді.
Адамзат экологиясы – ауыл, село, елді пункттер қала тұрғындары мен жер жүзінің халықтарының қарым-қатынастарын, сандық пен сапалық құрылымын зерттеу және реттеу, көпшілікке үздіксіз экология саласынан білім мен тәрбие беру, мәдениет этика, адам баласының экологиялық құқық қорғау және этноэкологиялық проблемаларды жан-жақты қарастырады. Дүниежүзілік халықтардың экологиялық қауіпсіздігін сақтауды қамтамасыз ету жолдарына ғылыми – зерттеу жүргізеді.
Нооэкология – адам-қоғам-биосфера арасындағы әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жағдайлардың, қарым-қатынастары бір-бірімен үлестіре зерттей отырып, соның нәтижесінде адамзат баласының парасатты ақыл – оймен, сана-сезімімен байланысты проблемаларды зерттейді. Биоресурстарды тиімді пайдалануды ең жоғарғы сатыдағы жаңа технологиясын жасау біздің жер деп аталатын планетамыздағы адамзат баласын азық-түлік, киім-кешек, баспана, энергия және шикізатпен қамтамасыз ету, халықтар мен ұлттар арасындағы достық үлгілерді, ауызбіршілікті қалыптастыру, этноэкология, экологиялық білім мен тәрбие, мәдениет және тағы басқалар «Адам және биосфера» шегіндегі тұрақты дамуды ғылыми-теориялық жоспарлары жасап оны жүзеге асырудың жолдарын зерттейді.
Экология ғылымының қолданатын әдістері негізінен екеу болуы мүмкін – далалық және лабораториялық (эксперименттік). Далалық зерттеу тәсілін табиғи жағдайларда ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген кезде қолданады.
Бақылауға арналған сұрақтар:
1. «Тіршілік ортасы», «мекен ету ортасы» және «мекен ету ортасының жағдайлары» ұғымдарын салыстырыңдар
2.Биогенді элементтер олардың айналымы.
3.Экологияның жалпы заңдылықтары.
4.Экологияның жеке заңдылықтары.
Әдебиеттер:
1.Фурсов В.И., Амиргалиев М.Г., Краткий курс экологии. Алматы- 1996 ж.
2.Саданов А.К., Аскарова У.Б., и др. Практикум по экологии. Алматы,1999 ж.
3.Саданов А.К., Аскарова У.Б. и др. Экология. Учебник для студентов ВУЗов. Алматы.1999 ж.
4.Ж.М. Әділов «Тұрақты даму және айналадағы орта» Алматы, 1998 ж.
5.Қ. Ә. Әлімбетов, Г.С. Оспанова, А.Қ. Мейірбеков «Табиғатты пайдалану және оны қорғау негіздері» Алматы, Экономика – 2000 ж.
Тақырып 2






