ДӘРІСТЕРДІҢ ҚЫСҚА ЖИНАҒЫ
Тақырып 1
Кіріспе
Дәріс мақсаты: Экология туралы түсінік бере отырып, экологияның бөлімдерін,оның зерттеулер бағытын және экологияның даму кезеңдері туралы ұғындыру.
Қолданылатын сөздер: экология, экологиялық факторлар түрлері, әлемдік экология, адамзат экологиясы.
Азіргі заманғы экологияның мәні мен міндеттері
Экология – ағзалардың арасында болатын (дарақтар, түр, түраралық, популяцияаралық, биоценоз, биогеоценоз) қарым –қатынастарды айналаны қоршаған табиғи ортамен байланыстыра отырып, зерттеумен қатар, биосферадағы өзгерістерді, құбылыстарды табиғи заңдылықтарды биосфера шегінде әлемдік ауытқуларды адамның іс - әрекеттерімен үйлестіре отырып зерттейтін комплексті ғылымдар жиынтығы.
Экология ғылымдарының осы кездегі мазмұны мен міндеттері өте күрделі. Дара ағзасы (особь) мен айналаны қоршаған ортаға бейімделу (адаптация), популяциялар арасындағы қарым – қатынастар биоценоз, биоценологиялық зерттеулер биология ғылымдарымен ұштасып жатса, табиғи ортаның өзгерістері, жылу белдеулері мен географиялық белдеулер, топырақтың физикалық, химиялық және биологиялыққұрамы, абиотикалық факторларға байланысты ағзалардың бейімделуі биологиялық зерттеулерге ұласады. Ал антропогендік факторлар экожүйелердің өзгерісі, биосфера шегіндегі климаттық ауытқулар әлемдік экологиялық зерттеулерге әкелсе, адам-биосфера- қоғам арасындағы қарым – қатынасты зерттеу, бақылау және баға беру (мониторинг) оның айналаны қоршаған ортамен байланысын зерттеу адам экологиясының үлесіне тимек.
Экология ғылымдарының ең басты мақсаты – биосфера шегіндегі әлемдік жағдайды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау.
Экология ғылымының зерттеу мөлшері - биологиялық және химиялық микро және макрожүйелер (түрлі популяциялық,биоценоз, экожүйелер т.б.) мен оның уақытпен кеңістікке қатысты тіршілік тәуліктің маусымдық жылдық ырғағы.
Экология ғылымының негізгі зерттейтін бағыттары
Экология ғылымдарының негізгі зерттейтін бағыттары:
1. Ағзалардың бір-бірімен қарым – қатынастары мен айналаны қоршаған табиғи ортасы.
2. Биоценоз, экожүйелердегі уақыт пен кеңістіккебайланысты туындайтын өзгерістері.
3. Табиғат ресурстары оны тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми – теориялық негіздері.
4. Адам-биосфера- қоғам арасындағы гормониялық байланыстарды зерттеу.
5. Биосфера шегіндегі биологиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамтамасыздандыру.
6. Биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтаудың әлемдік нормаға жеткізу.
Экология – биология ғылымдарының негізінде ХIХ ғасырдың ортасында айқындала бастағанымен оның өз деңгейіне көтерілуі ХIХ ғасырдың аяғымен ХХ ғасырдың басы болып саналады.
Экологияның негізгі даму кезеңдері
Экология 3 кезеңге бөлінеді:
I – кезең (1707-1924). Бұл кезең ХVI- ғасырдың басы мен ХVIII ғасырдың аяқ кезін қамтиды. К.Линей (1707-1778), Ж.Ламарк (1744-1825), А.Декандоль (1806-1893), И.ИЛепехин (1740-1809), К.Мебиус (1769-1859), Н.А.Северцов (1824-1885), В.В.Докучаев (1846-1903) және т.б. ғалымдар биология элементтерін зерттеуден, ал биологтар, химиктер, систематиктер өздерінің ғылыми еңбектерінде экологиялық сипаттардағы ғылыми еңбектеріне зерттеулер жүргізіп, экология ғылымдарының дамуын зор үлес қосты. А.Н.Бекетовтың «Өсімдіктер географиясы» атты аса құнды классикалық ғылыми еңбектер басылып шықты. Сонымен бірге Ч.Дарвиннің «Түрлердің шығу тегі» туралы ілім және тағы басқа ұлы табиғат зерттеушілердің еңбектері жарық көрді.
II – кезең (1924 – 1980ж.). Экология ғылымдарының жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. Бұл кезең Э.Геккель, Е.Варминг, Д.Н.Кашкаров, Н.П.Наумов жан-жақты экологиялық зерттеулер жүргізді. Бұл кезең экология ғылымы дара ғылым деңгейіне көтеріліп, зерттеу салаларын, мақсат пен міндеттерін жетілдіре түсті. Экология ғылымдарының әр түрлі бөлімдері бойынша көп жылғы ғылыми зерттеу жұмыстарының негізінде неше түрлі аса құнды монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары, анықтамалар көптеп шығарыла бастады.
III – кезең (1980 – 2000ж.). Экология ғылымдарының өрлеу кезеңі. Осы кезде экология-бүкіл әлемдік ғылымдар мен әлеуметтік, нарықтық жағдайлар мен мәселелер зерттейтін деңгейге жетті. Осыған байланысты, экология ғылымының қолданбалы және адам экологиясы бағыттары дами түсті.
4. Экологияның зерттеу әдістері
Экология – биология ғылымдарының көрнекті және қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. Экологияны биология ғылымына енгізген австриялық ғалым – биолог Э.Геккель еді. Экология - гректің (oikos – үй, тұрақ, мекен және logos – ғылым), қазақша тірі ағзалардың тіршілік ететін ортасы мен қарым – қатынасын зерттейтін ғылым деген мағына береді. Сондай – ақ, тірі ағзалардың бір - бірімен қарым – қатынасын, айналасын қоршаған ортамен, тұрағы немесе мекенімен байланыстыра отырып зерттейтін биология ғылымдарының бірі.
Эрнест Геккель өзінің әлемге әйгілі «Организмдердің жалпы морфологиясы» деген еңбегінде (1866) алғаш рет «Экология» терминін қолданып, оның ғылыми анықтамасын берді.
Э.Геккельдің экология ғылымына қосқан үлесіне кейінгі кезде көптеген ғылыми деректер қосылып, экология ғылымы әр қарай дами түсті. Оның зерттеу объектісі айқындалып, мазмұны мен міндеттері Ежелде тек тірі ағзаларға қатынасты бағыт алған экология ғылымы қазір өзінің зерттеу көлемін кеңейте отырып (адам- биосфера- қоғам) биосфера ортасындағы қарым – қатынастарды және биосфера, атмосфера шегіндегі әлемдік жаңалықтар мен өзгерістерді адамзат баласының шаруашылық жағдайларындағы іс - әрекетімен байланыстыра отырып зерттейтін комплексті ғылымға айналады. Экология ғылымдары жоғары деңгейге көтеріле түсті.






