Мақсаты: дәріс материалдары мен ақпараттар негізінде студенттердің тқлғалық дамуындағы қарым-қатынастың маңызды рөлін, қарым-қатынас базалық психологиялық категорияның теориялық-әдіснамалық және праткикалық негіздерін қалыптастыру
Дәрісте қаралатын сұрақтар:
1.Қарым-қатынастағы өзара тәуелді қатынастардың интерактивті жағы. Интеракциялар ұғымы.
2.Кооперация және бәсекелесу.
3.Бірлесу коммуникация негізі ретінде.
4.Әлеуметтік-психологиялық тренинг қарым-қатынасты тиімді жасау жолдарының бірі ретінде.
Тұлғаның қалыптасуының ең басты факторыларына қарым-қатынас жатады. Тұлғаның қалыптасуындағы қарым-қатынастың ең басты рөлді алатындығы туралы идеялар Отандық психологтардың: В.Г. Ананьев, А.А. Бодалев, Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, Г.Ф. Ломоф, А.Р. Лурин, В.Н. Мясищев, А.В. Петровский және т.б. еңбектерінде әрі қарай дамыды.
Адам – бұл әлеумет. Осыған орай қарым-қатынас әлеуметтік бағытта жүреді, сондықтан қоғамдағы жағдай қазіргі заманғы жасөспірімдердің қызығушылықтарының мотивациялық құрылымдарының өзгерістеріне тәуелді, осыған орай қазіргі жасөспірімдердің қарым-қатынас ерекшелікткрін игеру өте өзекті мәселе болып отыр.
Жасөспірімдік кезең тәрбиелік жұмыстардағы ең күрделі кезең болып табылады. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, жасөспірімдік кезеңнің қиындықтары жыныстық пісіп-жетілумен байланысты. Тұлғаны тәрбиелеудегі күрделі тапсырмаларды шешуде ең маңызды рөл – тұлғаның қарым-қатынас жасай алуында болып табылады. Менің көзқарасым бойынша, жасөспірімдік кезеңде ұйымдастыру, коммуникация секілді қасиеттердің дамуы өте маңызды рөл атқарады. Жасөспірімдік кезеңде жасөспірімдер арасында қарым-қатынасқа деген қажеттіліктің жоғары екендігі байқалады. Сондықтан келешекте тұлғаның жан-жақты дамуы үшін, ең алдымен оны қарым-қатынасқа ерте кезден дағдыландыру керек.
Т.В. Драгуновтың көзқарасы бойынша, іс-әрекеттің негізгі түрі – бұл қарым-қатынас болып табылады. Қарым-қатынас жасөспірімнің мінез-құлқының, жүріс-тұрысының, іс-қимылының барлық жақтарын анықтайды. Қарым-қатынас процесі кезінде жасөспірімдерде әр түрлі қиындықтар пайда болады. Қарым-қатынастағы мұндай қиындықтар психологиядағы ең күрделі мәселелердің қатарына жатқызылады.
Қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы қарым-қатынас мәселесі көп атақты Отандық және шетелдік авторлармен зерттелуде. А.Н. Леонтьев қарым-қатынас кез-келген іс-әрекетте байқалады деп есептейді. В.М. Соковин (1974 жылы) тұлға қарым-қатынасын коммуникация, іс-әрекет, қарым-қатынас ретінде қорытындылайды.
С.И. Ожегов сөздігінде қарым-қатынас ұғымы өзара келісім, іскерлік және достық байланыс арқылы анықталады. Нақты әлеумет-танулық, психологиялық, педагогикалық зерттеулерде қарым-қатынас ұғымы өзара әрекеттестік, байланыс ұғымдарымен жақын мағынада қолдланылады. Сонымен қатар қарым-қатынас контекстінде өзара әрекеттесуді, қатынасты тиімді жүзеге асырудың тәсілдері, дағдылары, құралдары, адамның қабілеті мен қасиеттері жүйесінде қарастырылады.
Қазіргі кезде қатынас мәселесін философия, психология, әлеуметтану,этика, психолингвистика – осы сияқты әр саладағы ғылымдар әр жақты зерттейді. Мысалы, Л.П. Буева іс-әрекет пен қарым-қатынас өзара байланысты, сонымен қатар өзбетті деп тұжырымдайды, [ М.С. Каган қарым-қатынасты адамның іс-әрекетінің бір түрі, құрылым мен атрибутына тән деп қарастырады. А.Н.Леонтьев іс-әрекеттің қай түрін болмасын қарым-қатынаспен қабаттас болады деп түсіндіреді. Ол іс-әрекетті қарым-қатынастың қажетті шарты ретінде қарастырады.
Жасөспірімдік психологиядағы қарым-қатынас мәселесінің маңыздылығы Отандық және шетел психологиясында қарастырылған. Гештальтпсихологияның негізгі өкілі К. Левин жасөспірімдік және жастық шақ кезеңіндегі қарым-қатынасты әлеуметтік-психологиялық құбылыс жағынан қарастырды.
Левиннің тұжырымдауы бойынша, осы кезеңде жасөспірімнің өмір сүру әлемі, қарым-қатынас жасау шеңбері кеңейеді. Отандық психологияда Д.Б. Эльконин жасөспірімдік кезеңдегі қарым-қатынастың маңыздылығын мәдени-тарихи теориясы жағынан қарастырады. Элькониннің айтуы бойынша, жасөспірімдік кезеңде қарым-қатынас іс-әрекеттің негізгі түрі болып табылады, бірақ жастық шақ кезеңінде де ол өз маңыздылығын жоғалтпайды.
Қарым-қатынас жасау арқылы балалар қандай да бір байланыс құрады, әр түрлі әрекеттерге енеді. Барлық зерттеушілер (Л.С. Выготский 1984, Л.И. Божович 1968, И.С. Кон 1989 және т.б.) мен психологтардың айтуы бойынша, жасөспірім үшін ең маңыздысы – бұл оның құрбыларымен қарым-қатынас жасауы. Бұл жастағы жасөспірімдер үшін ең бастысы құрбыларымен бірге болу ғана емес, сонымен қатар достарының арасында қандай да бір статусқа ие болу.
И.С. Конның зерттеулері бойынша, мұндай әрекеттерге қол жеткізе алмау көбіне жасөспірімдердің құқық бұзушылығының бір себебі болып табылады. Ол жасөспірімдердің өз тобына қатысты кикілжіңдердің жоғары болуымен қоса беріледі. Жасөспірімдер өмірінде қарым-қатынастың маңызы өте зор және бала өскен сайын ол да ары қарай дамып отырады.
Қарым-қатынас арқылы тұлғаның кәсіби әрекеттегі жетістігі, қоғамдық өмірдегі белсенділігі, және әрқайсысының өзіне тән бақыты анықталады. Жасөспірімдік кезеңнің ең негізгі бағыты – бұл ересектермен қарым-қатынас жасауы, ал ең басты қажеттілік – ата-ананың бақылауынан, қамқорлығынан және де орнатылған ережелер мен тәртіптен құтылу, өзін еркіндікте ұстау. Оған деген себеп көбіне ата-ананың, жалпы ересек адамдардың жасөспірім бойындағы ішкі әлемінің өзгеруіне көңіл аудармауында болып табылады. Абстракті түрде ойлай отырып, ата-ана өз баласы жайлы басқаға қарағанда көп біледі. Бірақ балада болып жатқан өзгерістер тез жүріп жатыр.
Ирониялық ескертулер шынайы сезімдерді бүркемелейді, реалды көңіл – күйді тежеп тастайды. Адамның өзіне деген де ирония да болады, ол өз көңіл - күйінің көрінісін төмендетеді.
Адамдар арасындағы қарым – қатынас процесінде өте кең қолданылатын нәрсе – мақтау мен көтермелеу болып табылады. Әдетте онда өзге адамдарға қатысты кейбір бақылаушылық жинақталады, сонымен бір сәтте ол эмоционалды экспрессияның бір формасы болып табылады.
Қарым – қатынастағы өз сезімдерін атау да жиі қолданылады. Бұл әдісті дұрыс қолдану үшін сіздің әріптесіңіз қарым – қатынас кезінде осы әдістің қолданылуында өзін қолайлы сезінетінін білу керек.
Қарым – қатынас процесінде адамдар кім болғанына қарамастан, басқарушы немесе бағынушы немесе жай іскер және басқа әріптес болсын, ең маңызды мән бір – бірін тану және қабылдау болып табылады. Мұның негізінде адамдар аралық қатынастың белгілі бір түрінде адамдардың белсенді іс - әрекеті жатады.
Бақылау сұрақтары:
1. Қарым-қатынастағы өзара тәуелді қатынастарды түсіндіріңіз
2. Интеракциялар ұғымын талдаңыз
3.Агрессиялы қатынастарды түсіндіріңіз
4. Қарым-қатынас және альтуризмді қалай зерттеуге болады?
.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Андриенко, Е.В. Социальная психология: учебное пособие / Е.В. Андриенко. - М.: Академия, 2011.
2.Берн Э. Формы человеческих отношений, http://www lib.ru
3.Берн Э. Игры в которые играют люди. Люди которые играют в игры. – М.: Изд. Эксмо, 2006 г.
4.Волкова А.И. Психология общения (учебное пособие для ссузов) – Ростов на Дону.: Издательство «Феникс», 2011. – 448с.
5. Гольдштейн Н., Мартин С., Чалдини Р. Психология убеждения. 50 доказанных способов быть убедительным.-СПб.-2013
6. Зайдл, Б. НЛП. Модели эффективного общения: пер. с нем. - 7-е изд., стер. - М.: Омега-Л, 2016.
7.Горелов, И.Н. Невербальные компоненты коммуникации - М., 2012
8.Ильин Е.П. Психология общения и межличностных отношений – СПб.: Издательский дом Питер, 2014. – 576с.
9. Канке А.А., Кошевая И.П. Профессиональная этика и психология делового общения (учебное пособие для ссузов) – М.: Форум, 2011. – 304с.
10.Канитц, А. Техника ведения беседы: пер. с нем. - 7-е изд., стер. - М.: Омега-Л, 2015.
11.Квинн В. Прикладная психология. - СПб.: Питер, 2009. - 560с.
12.Куницына, В.Н. Межличностное общение: учебник для вузов / В.Н. Куницына, Н.В. Казаринова. - СПб.: Питер, 2013.
13.Куницына В.Н., Казаринова Н.В., Погольша В.М. Межличностное общение. Учебник для вузов. - СПб.: Питер, 2012. - 544с.: ил.
14. Курбатов В.И. Конфликтология – Ростов на Дону.: Издательство «Феникс», 2013. – 448с.
Қосымша әдебиеттер:
1.Парыгин Б. Д. Социальная психология: истоки и перспективы– СПб.: СПбГУП, 2013
2.Практикум по психологии состояний: Учебное пособие/ Под ред. проф.А.О. Прохорова. - СПб.: Речь, 2014. - 480с.
3.Столяренко Л.Д. Психология делового общения и управления (учебник для ссузов) – Ростов на Дону.: Издательство «Феникс», 2013. – 409с.
4.Сухов А.Н. Социальная психология (учебное пособие для ссузов) - М.: Издательский центр «Академия», 2006. – 240с.
5. Фромм Э. Искусство любить - М.: Изд. АСТ, 2009 г.
6. Шарков, Ф.И. Коммуникология: основы теории коммуникации: учебник. — Электрон. дан. — М.: Дашков и К, 2014.
7.Шеламова Г.М. Деловая культура и психология общения (учебное пособие для среднего профессионального образования) – М.: Издательский центр «Академия», 2012. – 178с.
8. Шеламова Г.М. Этикет делового общения. – М.: Издательский центр «Академия», 2014. – 187с
Интернет-ресурс тар:
1. Пространственная организация общения: электронный ресурс. - http://www.elitarium.ru/2010/12/15/prostranstvennaja_organizacija_obshhenija.html
2. Четыре зоны общения: электронный ресурс. - Режим доступа: http://vasilistova.ru/biznes-2/4-zony-obshheniya.
3.Берн Э. Формы человеческих отношений, http://www lib.ru
4. Библиотека - http://www.koob.ru
5. Библиотека психологии - http://psylib.myword.ru
6. Российский студенческий портал – http://www.x-student.ru/
7. Все для студента - www.twirpx.com/






