Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Дәріс 12. Қарым-қатынастағы тұлғаның ішкі бағдарланулары




Мақсаты: дәріс материалдары мен ақпараттар негізінде студенттердің тқлғалық дамуындағы қарым-қатынастың маңызды рөлін, қарым-қатынас базалық психологиялық категорияның теориялық-әдіснамалық және праткикалық негіздерін қалыптастыру

Дәрісте қаралатын сұрақтар:

1.Қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялыфқ функциялары.

2..Қарым-қатынастың психологиялық факторлары:таным, мотивация, социализация, әлеуметтік қадағалау.

4.Қарым-қатынас тағы ішкі бағдарланулар

 

Адамның психикалық дамуында қарым-қатынастың рөлі аса үлкен мәнге ие, өйткені белсенді қарым-қатынасты ең алдымен жанұя мүшелерімен, кейін құрбыларымен орната отырып, жасөспірім дамыған тұлға болып қалыптасады.

Девиантты мінез-құлықтың патологиялық емеске қарағанда санаулы патологиялық формаларының ең басты критерияларына (Ковалев):

1) белгілі бір патохарактерологиялық синдромның болуы, мысалы: жоғары аффективті қозғыштық синдромы, эмоционалды-жігерліліктің тұрақсыздығы, ол истероидты, эпилептоидты, гипертимдікке тән мінез-құлық:

2) девиантты мінез-құлықтың жасөспірім үшін жанұя, мектептегі ұйымшылдық жасөспірімнің референтті топтары секілді кіші әлеуметтік топта көрінуі:

3) девиантты мінез-құлықтың полиморфизмі, яғни әр түрлі девиантты мінез-құлыққа тән жасөспірімдердің үйлесуі – антидисциплинарлы, антиәлеуметтік, делинквенттік, аутоагрессивті;

4) мінез-құлық бұзылыстарының невротикалық деңгей құбылыстарымен-аффективтікпен, сомато-вегативпен, қозғалыспен байланысуы;

5) девиантты мінез-құлық динамикасы.

Жеткіншек кезеңде ата-анасымен, оқытушыларымен және басқа адамдармен қарым-қатынас стилі өзгере бастайды. Олар осы кезенде өз құқұқықтарын көптеп талап ете бастайды. Кез-келген шешімді өз тарапынан шешуге талпынады. Ата-анасымен қарым-қатынасқа түсуде қолдауды қажет етеді. Осы кезеңде ересектер өз қатарластары ретінде болғанын қалайды.

Жеткіншектер айналадағы ортасымен қарым-қатынас жасауы, көбіне оның көңіл-күйіне байланысты болады. Көңіл-күйінің өзгерісі жасөспірімде әртүлі адекатты емес әрекеттер жасауына алып келеді. Үлкендердің қамқорлығынан босануда көрінетін эмансипация реакциясының бір формасы, үйден қашу болып табылады.

Ата-ананың тарапына берілтін дұрыс емес тәрбие негізіде, бала дұрыс дамымайды. Қарым-қатынастағы авторитарлы стильдің негізінде, бала айналасындағы басқа адамдармен де кейін келе дұрыс қарым-қатынас жасай алмайтын болады. Балаға аз көңіл бөлу, қажеттілігін қанағаттандырмау жасөспірімде аурушаңдықты қалыптастырады. Мұндайда бала, өзінің ішкі әлемімен өмір сүріп, өзі отбасында артық сезінеді. Ал, шектен тыс балаы қамқорлыққа алу, сондай-ақ оның өз бетінше болуына кері әсрі тигізеді.

Жеткіншек кезеңде бала ерекше әлеуметтік қарым-қатынас мектебінен өтеді. Өзінің қатарластарымен қарым-қатынас жасауда бала қанағаттанады. Қызығушылығы бір ортада қарым-қатынасқа түсуде бала, сабағы, үй шаруасын ұмытып кетеді. Жасөспірім бұл кезеңд өзінің жоспарлары туралы ата-анасымен емес, достарымен бөлісе бастайды. Өзінің қатарластарымен қарым-қатынас жасау барысында бала өзіің тұлғасын қалыптастыра бастайды. Осының негізінде бала ата-анасына деген негативті көзқараста болады.

Жекіншек кезеңде өзінің қатарластары арасында жеткен жетістіктері өте қатты бағаланады. Осы кезеңде жасөспірімдердің арасында адалдық, шыншылдық жоғары бағаланады. Ал, эгоизм, өтірік айту, өз сөзіңнің үстінен шықпау қатал жазаланады. Егер, жасөспірімнің біреуі алдаса, сатса, тастап кетсе оған сөгіс жарияланды. Әрине, жоғарыда айтылға қарым-қатынастағы бағыттар жасөспіріммен қатар ересектердің арасында да қатаң көрінеді. Бірақ, жасөспірімдердің арасында бұл процес эмоциоалды түрде бағаланады. Жасөспірімдердің ересектермен қарым-қатынасы жеткіншек жасқа қарағанда түзеле түседі.

Өзгеру себебі мынада: егер жеткіншектердің үлкендермен келіспеушілігі көбіне оны ешкімнің аңдымауын, қамқорлық жасамауын билікті өзіне беруін қалауы. Ал есейген сайын осының қате екенін түсініп, үлкендермен қатынасы қзгере түседі. сонымен қатар, өспірімдердің үлкейген сайын есі, ақылы толысады. Осының нәтижесінде, жасөспірім мен туыстарының арасында бұрынғы түсінбеушілік жойылып, түзеле түседі. Қарым-қатынастағы өзгерістермен бірге баланың өзбеттілігі де дами түседі. Бірақ тлпынудың мазмұны өзгереді: бала үлкендер сияқтықызмет ету үшін көп оқып, еңбектену қажет екендігін, өз бетімен өмір сүріп, игіліктерді өндіру оңайға түспейтінін сезе бастайды.

 Осындай өзбеттіліктің түріне ұмтылу - әке-шешесінің қамқорлғынан, соның ішінде экономикалық жәрдемнен, бірте-бірте босану деген сөз. осындай қамқорлықты жөн көрмегенімен, қол үзгісі де келмейді. Өзбеттілікке бірден ене алмайды, себебі барлық өмірлік мәселелерді өздері шеше алмайды. Оларға демеу болу қажет. Бұл жағдайда баланың еңбекке ерте араласуы оның дамуына,азамат болуына бірден-бір жол,аша,алады.

Ал өз құрбыларымен қарым-қатынасын алсақ, оның бұл қасиеттері жеткіншектерге қарағанда ірі өзгерістерге ұшырайды. Жолдас-жоралары, достары бұрынғыдай құр босқа соны ермек етіп, уақытын бос өткізбей, көбінесе өз оқу мақсатын көздейді, болашағы туралы толғанады, достарынан пікірлесуді қалайды.

Құрбыларын қай салада көп білетіндігіне, қызығушылығына қарап таңдайды. Себебі адам тек өз оқығанымен ғана дамымайды, қоршаған ортасы, қатынас жасау шеңберіне қарап та дамиды. Олар әр кезде бір болып, бір-біріне көмек береді, әңгімелеседі, білмегендерін сұрап біледі. Және бұл оқу жұмысында да көмектеседі, нәтижелі болады. Қызықты уақыт өткізіп, жалықпайды. Оқу таңдау қызығушылығымен қоса, жолдасының мінез-құлқына, жүріс-тұрысына, түсініктерінеде мән береді. Ішкі пейілдерінің сай келуі де жолдастық қатынастың орнығуына әсеретеді. Бұл жақсы түсіністік пен қарым-қатынасқа алып келеді.

Бақылау сұрақтары:

1.Қарым-қатынас мәдениеті деген не?

2. Тұлғааралық қарым-қатынастың аналитикалық модельдерін айтыңыз

3.Тұлғаарарлық қарым-қатынас құрылымын анықтайтын критерийлерді атаңыз

4.Қарым қатынастағы әсерлер мен жеке бастық әсер етуді түсіндіріңіз

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Андриенко, Е.В. Социальная психология: учебное пособие / Е.В. Андриенко. - М.: Академия, 2011.

8.Ильин Е.П. Психология общения и межличностных отношений – СПб.: Издательский дом Питер, 2014. – 576с.

9. Канке А.А., Кошевая И.П. Профессиональная этика и психология делового общения (учебное пособие для ссузов) – М.: Форум, 2011. – 304с.

10.Канитц, А. Техника ведения беседы: пер. с нем. - 7-е изд., стер. - М.: Омега-Л, 2015.

11.Квинн В. Прикладная психология. - СПб.: Питер, 2009. - 560с.

12.Куницына, В.Н. Межличностное общение: учебник для вузов / В.Н. Куницына, Н.В. Казаринова. - СПб.: Питер, 2013.

13.Куницына В.Н., Казаринова Н.В., Погольша В.М. Межличностное общение. Учебник для вузов. - СПб.: Питер, 2012. - 544с.: ил.

14. Курбатов В.И. Конфликтология – Ростов на Дону.: Издательство «Феникс», 2013. – 448с.

Қосымша әдебиеттер:

1.Парыгин Б. Д. Социальная психология: истоки и перспективы– СПб.: СПбГУП, 2013

2.Практикум по психологии состояний: Учебное пособие/ Под ред. проф.А.О. Прохорова. - СПб.: Речь, 2014. - 480с.

6. Шарков, Ф.И. Коммуникология: основы теории коммуникации: учебник. — Электрон. дан. — М.: Дашков и К, 2014.

7.Шеламова Г.М. Деловая культура и психология общения (учебное пособие для среднего профессионального образования) – М.: Издательский центр «Академия», 2012. – 178с.

8. Шеламова Г.М. Этикет делового общения. – М.: Издательский центр «Академия», 2014. – 187с

Интернет-ресурс тар:

1. Пространственная организация общения: электронный ресурс. - http://www.elitarium.ru/2010/12/15/prostranstvennaja_organizacija_obshhenija.html

4. Библиотека - http://www.koob.ru

5. Библиотека психологии - http://psylib.myword.ru

6. Российский студенческий портал – http://www.x-student.ru/

7. Все для студента - www.twirpx.com/

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 555 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

В моем словаре нет слова «невозможно». © Наполеон Бонапарт
==> читать все изречения...

3078 - | 3077 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.013 с.