СӨЖ тапсырмаларын жасауда әр сұрақтарын талдап, оны дайындауда ұсынылған әдебиеттерді оқып-зерттеп, ең алдымен, орындау тәсілдерін негізге алу керек. СӨЖ жұмысы компьютер, принтер арқылы А4 форматты ақ қағаздың бір жақ бетіне бір интервал (аралық) сақтай отырып орындалады. Шрифт-қалыпты «Times New Roman», кегль 14. СӨЖ жұмысының көлемі тапсрымаға байланысты шағын болу керек.
СӨЖ жұмысының мәтіні жан-жағынан қалдырылатын ашық орындардың (поля) мына мөлшерлерін сақтай отырып басылуы тиіс: сол жағынан - 30 мм, жоғары жағынан - 20 мм, оң жағынан - 10 мм және төменгі жағынан - 25 мм.
СӨЖ жұмысының құрылымдық элементтерінің атаулары «Мазмұны», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі», сонымен қатар тараулардың атаулары құрылымдық элементтерінің басында жазылуы тиіс, оларды беттің жоғары жағында ортасында бас әріптен бастап, аяғында нүкте қоймай, астын сызбай толық шрифтпен басу қажет.
1. Реферат - теориялық білімнің шығармашылық қабілеттілік арқылы көрінісінің бір түрі. Көлемі кем дегенде 8 (15) бет. Реферат құрылымы бойынша кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
2. Баяндама – тақырыптың мазмұнын теориялық бағдарда ашатын жазбаша жұмыстың бір бақылау түрі. Жұмыс көлемі 8 бетке дейін болады.
3. Эссе – бұл ғылыми жұмыстың сыни шығармашылық нысанындағы түрі. Студент теориялық білімін тақырып бойынша жүйелеп, тәжірибелік деңгейде саралап, аналитикалық қорытындылар жасап, өз бетінше көзқарас қалыптастырып, сыни ой, пікірлерді қалыптастыруға арналған шығармашылық бағдардағы жазбаша жұмыс. Оның көлемі 1 – 1,5 бет.
4. Аналитикалық реферат - өте қысқа бағдардағы жазбаша жұмыс, бұл кестелік, графиктік, суреттер түрінде қысқаша тұжырымдар түрінде берілетін жазбаша жұмыс. Көлемі 1 – 3 бет.
5. Презентация (слайд шоу жасау) – тақырып материалын әрі қысқа, әрі нұсқа түрінде беруге мүмкіндік беретін үлестірме материал ретінде жүретін, қазіргі ақпараттық технологияны қолдануға толық мүмкіндік беретін, ыңғайлы, қашанда қолда бар, өзгеріс енгізуге қолайлы жазбаша және де электронды түрдегі өзіндік жұмыс. Оның саны кем дегенде тақырыптың санына сай болуы керек, болмаса талап бойынша теориялық және практикалық материалдарды көрсету үшін оның саны екі есеге артады, мысалы 7 тақырып 7 слайд, ал талап бойынша 7 тақырып 14 слайд болуы қажет. Ол әрлендіріліп, көлемді материалды түйіндеп мазмұнды түрде беретін шығармашылық қабілетті көрсеттін өзіндік жұмыс түрі.
Логикалық кесте- Логикалық құрылымды кестелер нақты модель, яғни білімді өрнектеудің шартты материалданған формасы ретінде студенттерге ұғымдарды, заңдылықтарды кестелер түрінде көрсетілген сыртқы заттық (материалданған) әрекеттерді меңгеруден бастауға мүмкіндік береді. Кестелер ұғымдарды мазмұнға сай меңгерудің маңызды шарты болып табылады.Сонымен қатар оқу процесін логикалық-құрылымды кестелер негізінде ұйымдастыру және өткізу, біздің ойымызша, студенттердің оқу-танымдық қызметін басқару әдісі ретінде теориялық білімдерді тиімді меңгеруді қамтамасыз етеді.Логикалық-құрылымды кестелер соңғы кезде жоғары оқу орындарында түрлі пәндерді оқытудың құралы ретінде кең қолданылуда.
Сызба - нұсқасын жасау, сынама алғаны жөнінде акт толтыру, зертханалық сабақ, жағдайлық есептерді шешу, дөңгелек үстел, жобаны қарау, пресс-конференция т.б.
Жоба- асалуға, қайта құрылуға, қалпына келтірілуге, салынуға тиісті кәсіпорындар мен ғимараттардың, қондырғылар мен жабдықтардың, аппараттардың, т.б. макеттері, есептеулері және принципті дәлелдері көрсетілген техникалық құжаттар жиынтығы. Жобаны ғылыми тұрғыда дайындау үшін жобалық тапсырма.
СӨЖ тапсырмалары
| № | Тақырып, тапсырма, өздік жұмысы түрі | Сағат саны | әдебиеттер | Тапсыру уақыты (апта) | Есеп беру формасы |
| 1 | Қазақстан Республикасындағы 12-жылдық орта білім беру тұжырымдамасын зерттеңіз. Қазақстан 12-жылдық мектептің құрылымын көрсететін кесте құрыңыз. | 1 | Н:1,2,3,4 Қ:1,2,3,4,5 | 1 апта | конспектілеу кесте құру |
| 2 | «Ы.Алтынсариннің педагогикалық іс-әрекеті» тақырыбынка баяндама. М.Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегіндегі тәрбиеніің негізгі бағыттарын айта отырып, конспектілеу | 1 | Н:1,2,3,4,5,6 Қ:4,6,7,8 | 2 апта | баяндама жасау конспектілеу |
| 3 | Педагогика пәнін әртүрлі тұрғыдан ашып көрсететін кесте құру. Дайындалған кесте бойынша өз ойыңызды дәйектеңіз. | 1 | Н:1,2,3,4,5,6,8,9 Қ:1,2,3,4,5 | 3 апта | а)ауызша баяндау б)Қисынды-структуралық сызбаны құрастыру |
| 4 | Мұғалімнің зерттеушілік мәдениет деңгейін айқындау бойынша сауалнама даярлау | 1 | Н:1,2,7,9,10 Қ:1,2,3,4,5 | 4 апта | Сауалнама жүргізу |
| 5 | ТПҮ-тің заңдылықтарынан мысал келтіру және анықтама беру. | 1 | Н:1,2,3,4,5,6 Қ:1,2,3,4,5 | 5 апта | Конспектілеу, жүйелеу |
| 6 | Оқушы дүниетанымын қалыптастыруға өзіндік сызба нұсқасын дайындау | 1 | Н:1,2,3,4,5,6,10,11,12, Қ:1,2,3,4 | 6 апта | Сызба құрастыру |
| 7 | Тұтас пеғдагогикалық үдеріс мәселесі бойынша библиография құрастыру. | 1 | Н:1,,3,4,5,6, Қ:1,3,4 | 7апта | библиография құрастыру. |
| 8 | Тәрбие жүйесінің формаларымен әдістері, құралдарының жүйесі. | 1 | Н:1,2,3,4,5, Қ:12,3,4, | 8 апта | глоссарий құру, технологиялық карта жасау |
| 9 | Отбасындағы тәрбиенің артықшылықтары мен кемшіліктері.өз көзқара-сыңызды дәлелдеңіз. | 1 | Н:1,2,3,4,5,6 Қ:1,2,3 | 9 апта | Салыстырмалы кесте құрастыру.Анықтама жазу. |
| 10 | Педагогикалық мәселелерді шешудегі мұғалімнің құзыреттілігінің мәнін Интернет-ресурстағы материалдарға таңдау жасау | 1 | Н:1,2,3,4,5,6 Қ:1,2,3 | 10 апта | сызба құру мини-дәріс жасау сабақ конспектісін жасау |
| 11 | Дәстүрлі және инновациялық оқыту технологияларына салыстырмалы сипаттама беру. | 1 | Н:1,2,3, 4,5,6 Қ:1,2,3 | 11 апта | баяндама жасау |
| 12 | Сабаққа қойылатын талаптар | 1 | Н:1,2,3,4,5,6 Қ:1,2,3 | 12 апта | Тірек-сызба арқылы құрастыру |
| 13 | Оқушылардың таным-белсенділігі деңгейіне қарай топтастырылған әдістер (И.Я. Лернер, М.Н. Скаткин) | 1 | Н:1,2,3,4,5,6 Қ:1,2,3 | 13 апта | Кесте құру |
| 14 | Қазіргі мектеп тәжірбиесіне инновацияны енгізудің мақсаты, компоненттері мен алгоритмдерін анықтау. | 1 | Н:1,2,3,4,5,6 Қ:1,2,3 | 14 апта | Сипаттама, конспект жасау |
| 15 | Педагогтың жаңашылдығының негізгі сипаттамасын ашып көрсету | 1 | Н:1,2,3,4,5,6 Қ:1,2,3 | 15 апта | қорытынды бақылауға дайындық |
| Қорытынды | 15 |
8.Дәрістің саясаты және студенттердің академиялық мінез-құлқы және этикасы
Жоғарғы оқу орнында оқыған алғашқы күннен бастап тәрбиелеу өнерін үйрену қажет. «Педагогика» курсы - сендердің ең негізгі кәсіби-педагогикалық пәндерің. Онда төрт негізгі міндет қойылған:
1) сендерді мұғалімнің кәсіптік қызметінің ғылыми негіздерімен таныстыру;
2) жоғары оқу орындарында оқу еңбегі мәдениетін меңгеруге жәрдемдесу;
3) сендердің алдағы уақытта болатын педагогикалық практикаларыңды
жеңілдету;
4) ең бастысы – сіздердің мұғалімдік кәсіби сапаларыңды дербес
қалыптастыруға, яғни өзін-өзі тәрбиелеу деп аталатын өте қызғылықты және
игілікті іспен шұғылдануға үйрету.
Сонымен, бұл курста ең ізгілікті істер оқытылады және де сіздер оған ынта-ықылас білдіресіздер өмір жолдарыңды дұрыс таңдауға, әрі педагогикалық шығармашылықтың негіздерін толық меңгеруге жәрдемдеседі.
«Педагогика» курсын зерттеудің негізгі әдісі студенттің теориялық және практикалық ізденісі болып табылады.
«Педагогика» курсының негізгі құрылымдық элементтері: ғылыми деректер, ұғымдар мен түсініктер, теориялар мен тәжірибелер.
«Педагогика» курсын зерттеуде төмендегі сабақтың түрлері жүргізіледі: дәріс, семинар, СӨЖ, СОӨЖ.
Ø Сабаққа кешiкпей қатысу
Ø Сабақ үстiнде сөйлеспеу, сағыз шайнамау, газет, журнал оқымау
Ø Ұялы телефонды сөндiру
Ø Сабаққа тиiстi киiммен келу
Ø Сабақты босқа қалдырмау, ауырсаңыз справка әкелу
Ø Қалдырған сабақ тапсырмаларының қарызын өтеу (сабақтан тыс уақытта)
Ø Берiлген тапсырмаңыз орындалмаса, жалпы балыңыз кемидi
Ø Оқу үдерісінде белсендi қатысу
Ø Үй тапсырмасын уақытымен орындау
Ø Төзiмдi және ашық болу. Курстастарыңа және оқытушына iзеттiлiкпен қарау
Кредиттiк жүйенiң оқу үдерісіндеде студенттер “балдық –рейтингтiк” жүйемен бағаланады.
Бағалау саясаты объективтiк принциптердi икемдi жоғары саралауда негiзделедi.






