Бұрын сен қалай өмір сүрдің, жақсы және жағымды ма? - деп сұрады дауыс. Ол өзінің жағымды өмірінің ең жақсы минуттерін есіне түсіре ба-стады. Бірақ жағымды өмірінің жақсы минуттері енді бұрынғыдай емес секілді. Балалық шағынан басқасының бәрі. Сол балалық шақта, егер ол қайта оралса, онымен өмір сүруге болатындай жағымды бірдеңе болды. Бірақ сол шақты басынан кешкен адамның өзі жоқ, ол басқа адамның өмірі сияқты.
Қазіргі Иван Ильичті қалыптастырған кезенді еске түсіре бастағанда, сол кездегі қуаныш көз алдында ғайып болып, жексұрын бірдеңеге айналды.
...Осы өлі қызмет, ақша қуған күйбең тіршілік - осылайша бір жыл, екі, он, жиырма жыл - бәрі де бұрынғыша. Әрірек кеткен сайын, өлірек. Мен тауға өрмелеп келе жатырмын деп ойладым. Қоғам алдында жоғарылаған сайын, өзім үшін өмірім жоғалып бара жатырған еді...Міне, өлетін уақыт та келді!
Сонда бұл не? Не үшін? Мүмкін емес. Өмірдің осындай мәнсіз, жексұ-рын болуы мүмкін емес. Ол осындай жексұрын, мәнсіз болса, өліп қажеті не және азап шегіп өлудің қажеті қанша? Бұлжерде қиыспайтын бірдеңе бар.
Оған аяқ астынан "Мүмкін мен өмірімді дұрыс сүрмеген шығармын?" деген ой келді....Ол дереу ө мірінің дұрыстығын есіне түсіріп, бұлойды қууға тырысты.
...тән азабынан жан азабы, адамгершіліктік азабы күшті болды, оның қиналысының ең бастысы да осы еді.
Оның адамгершіліктік азабының мәні мынада еді: осы түні, Герасимнің ұйқылы, мейірімді жүзіне қарап жатып, оған "менің саналы өмірім дұрыс болмады" деген ой келді.
Оның ойына келгені,...ол өмірін дұрыс сүрмеген екен, болуға тиісті болатындай етіп сүрмеген екен, бұл - шындық....оның өзінен жоғары
тұрған адамдар жақсы деп есептеген нәрселерге қарсы күресуге тырысқан, өзі құтылуға асыққан, әрең-әрең байқалатын талпыныстары ғана нағыз өмір болған екен, қалған өмірі бос күйбең тіршілік. Оның қызметі де, өмір жағдайларын қалыптастыруы да, отбасы да, қоғам мен қызмет мәселелері де - мұның бәрі бос нәрсе болып шығуы мүмкін. Ол осының бәрін өзінің алдында қорғауға тырысты. Кенеттен ол өзі қорғап тұрған нәрселерінің бәрінің
197
әлсіздігін сезінді. Қоргайтын да ештеңе жоқ еді!
(Л.НТолстой. Соч.,т.12, с.54-108. Қазақ тіліне аударған - ГЖН ұ рышева).
В.С.Соловьев.
... Адамның өмірлік міндеттері ізгілікті ішкі қасиеттерімен анықталады; оның адамгершіліктік мәні кіршіксіз, жан-жакты және мықты Ізгілікке қызмет етуде.
Өз пәніне және адамның өзіне сай болу үшін мұндай қызмет ету ерікті түрде болуы тиіс, ал ол үшін ол адамның санасы арқылы өтуі керек. Оған осы процесте көмектесу... адамгершіліктік философияның ісі.
(В.С.Соловьев. Соч., т.1., с.97. М., 1988. Қазақ тіліне аударган Г.Н ұ рышева)
... Ақиқат адамзаттың ақырғы шарты - еркіндік. Бірақ адамдардың
ерікті түрде бірігуге келетіндігінің, біз көріп отырғандай бір-бірімен жауласып, бірін-бірі жойып, әр жаққа тарап кетпейтіндігінің кепілі қайсы. Кепіл біреу: адамның тоқтап қалуына, жарты, ұсақ және толық емес бірдеңені қанағат етуіне кедергі келтіретін, оны адамның кемелденген өмірін, жалпыға ортақ және бүкіл әлемдік істі іздеуге және оған қол жеткізуге мәжбүр ететін адам жанының шексіздігі.
...Әрине, ұлы жалпы адамзаттық істің бар екендігін мойындайтын кез-келген адамның жеке істері және жұмыстары бар. Оларда адамгершіліктік заңға қайшы келер ештеңе жоқ болса, оларды тастап керегі жоқ. Жалпы-адамзаттық іс оған бәрі сиятын болғандықтан және зұлымдық пен күнәдан басқаны жоққа шығармайтындықтан жалпы адамзаттық іс болып табылады. Бізден талап етілетіні: өзіміздің кішкене бөлігімізді ұлы тұтастықтың орнына қоймауымыз, өзіміздің жеке ісіміз арқылы бөлектенбеуіміз, керісінше,
оны жалпы адамзаттық іспен байланыстыра білуіміз, бұл ұлы істі ешқашан жоғалтпауымыз, оны ең бірінші және жоғары қоюымыз, басқасы одан кейін бола жатады, Жалпы адамзаттық бірігудің ұлы ісі қашан және қалай жүзеге асатыны біздің билігімізде емес. Бірақ оны жоғары міндет етіп қою және өз істеріміз арқылы оран қызмет ету - біздің қолымыздан келеді.
(В.ССоловъев. Соч., т2., с.306-307. МЦ 1988. Қазақ тіліне аударған Г.Н ұ рышева)
Н.А.Бердяев
Мені еркіндік философы деп атайды. Бір иерарх мен туралы "еркіндіктің тұтқыны" деді. Мен шынында да бәрінен бұрын еркіндікті сүйемін. Мен еркіндіктен тудым, ол мені дүниеге әкелді. Еркіндік мен үшін болмыстан алғашқы. Менің философиялық типімнің өзіндік ерекшеліп - мен
198
философияның негізі етіп болмысты емес, еркіндікті қарастырамын. Осылайша бірде-бір философ жасамаған секілді. Дүниенің құпиясы еркіндікте. Құдайдың еркін болғысы келгендігінен дүниенің трагедиясы пайда болды.
...Мен еркіндіктен бас тартуға ешқашан да келіскенім жоқ, тіпті оны кесуге де, ештеңені еркіндіктен бас тартып сатып алуға да келіспедім. Еркіндік азап тудыратынын мен білдім, еркіндіктен бас тарту азапты азай-тады. Еркіндік оның жаулары ойлайтындай жеңіл емес, еркіндік қиын, ол ауыр жүк. Сондықтан да адамдар өздерін жеңілдету үшін еркіндіктен бас тартады.
...Еркіндік демократиялық емес, аристократиялық ұғым. Адамдардың басым көпшілігі еркіндікті сүймейді, оны іздемейді. Көпшіліктің
революциялары еркіндікті сүймейді. Мен өзімнің рухани жолымда, өз өмірімнің тәжірибесінде көп нәрсеге қол жеткіздім, бірақ еркіндік мен үшін бастапқы нәрсе, ол менің өмірімнің а' рrіоrі.
(Н.А.Бердяев. Самопознание. С.56-57. М., 1991. қазақ тіліне аударған Г.Н ұ рышева).
...Мен орыс революциясын маған сырттан еріксіз таңылған нәрсе деп емес, оз тағдырымның бір сәті ретінде басымнан кештім. Мен оны қатты сынасам да және оның жағымсыз құбылыстарына қарсылық білдірсем де,
бұл революция менің бойымда болған нәрсе. Көптеген эмигранттардың большевиктік революция зұлымдық күштер, қылмыскерлердің шағын
тобы жасаған, ал олардың өздері шындық пен жарық астында өмір сүріп жатыр деген көзқарастарымен мен мүлде келіспеймін. Революция үшін
бәрі жауапты, бәрінен бұрын ескі режимнің реакциялық күштері жауапты.
Мен Ресейдегі революцияны бұрыннан-ақ түбінде болмай қоймайтын және әділетті деп есептедім. Бірақ мен оны көз алдымда әдемі бояулар арқылы елестеткенім жоқ. Керісінше, революцияда еркіндік жойылатынын және
онда экстремистік және мәдениет пен рух жаулары жеңіске жететінін алдын-ала көре білдім. Мен бұл туралы жаздым. Бірақ менімен келіскендер аз болды. Революция гуманистерінің революциялық идиллия, адам табиғатының және көпшілік халықтың мейіріміділігі көрініс табатын қантөгіссіз революция туралы болжамдары маған аңғал және күлкілі
болып көрінді. Революция дегеніміз ауыр ауру, аурудың азапты операциясы
және ол жағымды творчестволық күштердің жеткіліксіздігінің, орындалмаған парыздың дәлелі.
(НАБердяев Самопознание. с226. М., 1991. Қазақ тіліне аударған Г.Н ұ рышева).
199