Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Ылымды зерттеу аспектілері 2 страница




5) Байланыс, араласу салаларында жаңа технологиялардың пайда болуы бүкіл адамзатты бір-біріне жақындатып, өзара түсіністіктің пайда болуына ықпал етті.

Техника дамуының жагымсыз жақтары туралы айтатын болсақ, олар ете маңызыды және жагымды жақтарынан басымырақ десек те болады:

1) Техниканың өндіріс процесінде қолданылуы шикізатты, табиғат бай-лықтарын аяусыз пайдалануды ұлғайтты;

2) Адамның сұраныстары мен қажеттіліктері шектен тыс күшейді, тех-ника, әсіресе, әскери техника саясат саласында күшті құралға айналды;

3) Жеке адамның құндылығы төмендеп, оның орнын техника жасаған құндылықтар басты;

4) Техникаға табынудың нәтижесінде қоғамның механизациялануы күшейіп, тұлғалық сипаты жоғала бастады;

5) Рациональданудың, біржақты мамандандырылудың нәтижесінде адамның жатгануы пайда болды, адам орасан зор технологияны жалпы басқару қабілетінен айрылып, жеке функцияларды атқарумен шектелуге мәжбүр болды;

6) Техникалық прогресс өркениет критериі ретінде қабылдана бастады, мәдени, ұлттық, діни құндылықтардың маңызы төмендеді;

7) Қорытып айтқанда, адам қолымен жасалған техника адамның өзіне қарсы тұрып, оның өміріне қауіп туғыза бастады, ол адамның ырқынан шығып, өзіндік, адам дүниесінен бөлек дүние қалыптастырды. Техника адамды озімен санасуға мәжбүр етіп отыр.

Осындай күрделі мәселелердің пайда болуы осыдан шамамен 100 жыл-дан астам бұрын философияның жаңа бағыты - техника философиясын қалыптастырды. Техника философиясының статусы туралы әр түрлі

көзқарастар бар. Ғалымдардың бір тобы техника философиясын жеке философиялық ғылым ретінде, келесі тобы оны ерекше философиялық мектеп деп бағалайды, ал зерттеушілердің үшінші тобы техника философиясын жаңа, басқа философиялық бағыттарды жоққа шығаратын бағыт деп қарастырады. Біздің ойымызша, техника философиясы жалпы философия ғылымының жеке саласы, оны тым әсірелеу немесе төмендету дұрыс емес.

135

Техника философиясының қазіргі заманғы философиялық бағыттар шеңберінде дамуын қарастырайық.

Позитивизм. Оның дамуының бірінші кезеңінің өкілдерінің, негізінен алғанда теориялық физика, математикалық логика, машиналар теориясы, техника тарихы салаларының ғалымдарының пікірінше, техника

философиясының негізгі міндеті математика, механика, физика, химияның принциптеріне сүйене отырып, көптеген техникалық әдіс-құралдарды реттеу және классификациялау, техниканы жасаушылыр мен пайдаланушыларға арналған ұсыныстар дайындау. Э. Махтың тұжырымдауынша, техника философиясының пәні техникалық тәжірибені зерттеу, техниканың қара-пайымдылығына, көрнектілігіне және тиімділігіне басты назар аудару.

Неопозитивистер "рациональді техника" немесе " ғылыми технология" сциентистік концепциясын ұстанады. Бұл концепцияның көрнекті өкілі сыни рационалист, француз философы Г. Башлар (немесе Башляр 1884-1962) рациональділік пен эмпирикалықты қарама-қарсы қоймайды, керісінше,

олар бір-біріне үнемі әсер етіп отырады деген принципке сүйене отырып, идеялардың ғылымдағы маңызын және білімнің қоғамда алатын орнын зерттейді. Оның пікірінше, білімнің дамуын үш кезеңге бөлуге болады:

таза эмпирикалық, ғылымға дейінгі, ғылыми кезең - рациональдік абст-рактылық ойлау кезеңі және жаңа "ғылыми рух" кезеңі - ол тексерулер мен теріске шығаруға, жаңа ғылыми нәтижелерді қорыту мен білімнің әр түрлі салаларының арасында байланыстар орнатуға ашық кезең. Бұл ғылым таби-ғаттан алшақтайды, себебі оның мақсаты техниканы құрастыру.

Ағылшын позитивисі Б.Рассел (1872-1970) осы ойды жалғастыра оты-рып, «техника дүниесі мен ғылымның идеалды дүниесі екеуінің құрылымы бірдей, техника ғылымнан туындайды және ғылым техниканы басшылыққа алады, яғни ғылым мен техниканың байланысы өте тығыз» деген пікір айтады. Б.Рассел, сонымен бірге, қазіргі заман ғылымы мен техникасының жетістігінің адамзат үшін аса қауіпті жағдай (ядролық соғыс) жасап тұрғанын қатты ескертті, оны болдырмау үшін бүкіл адамзатты бірігуге шақырды.

Иррационализм бағыты антисциентистік сипатта, ғылыми прогреске, дүниені танып-білудің және өзгертудің ғылыми методтарына қарсы. Олардың пікірінше, техникаландырылған қоғамда тұлғаның жаттануы пайда болады. Бұл көзқарас "Өмір философиясының өкілі", француз философы А .Бергсонның (1859-1941) философиясынан анық байқалады. Бергсон адамның рухани дүниесі болмыстың ерекше саласы, оны ғылыми таным арқылы танып-білу және техникалық деңгейде танып-білу мүмкін емес деп тұжырымдайды. Оның пікірінше, Өндірістің машиналық-механикалық сипаты, ғылымның дамуы адам қызметінің рациональдік-технологиялық

136

мазмұн алуына әкеліп соқты, адам жаттанды, оның бойында қарама-қайшылықтар пайда болып, ішкі дүниесі екіге бөлінді. Бұл дағдарыстан шығудың жолы ретінде Бергсон адамның өзін-өзі моральдық жағынан жетілдіруге ұмтылуын, өнер, қолөнер және тағы басқа шығармашылық түрлерімен айналысуын атайды.

О.Шпенглер тарихты мәдениеттердің пайда болуы, дамуы, құлдырауы, құруы процесі деп қарастырады, бір мәдениеттің орнын екінші мәдениет ауыстырып отырады, құрып бара жатқан мәдениет техниканың көмегімен өркениетке айналады дейді. Оның ойынша, техникалық өркениет Батыс мәдениетін дағдарысқа ұшыратып отыр, себебі бұрынғы құндылықтардың орнын техника басты.

Экзистенциализм философиясы да техниканы қатты сынға алды. Олардың пікірінше, техника қазіргі заман адамының әлеуметтік өмірінде, рухани өндіріс саласында белсенді рөл атқарып отыр, бірақ адам

бұрынғыдан бақытты болып кеткен жоқ. Керісінше, адамның жаттануы, қоғамнан бөлектенуі, жалғыздығы,  уайым-қайғысы, үрейі күшейіп отыр. Адам өз болмысын түсінуге дәрменсіз, оның нағыз болмысы одан тыс дүние емес, ақиқат болмыс - адамның дүниедегі болмысы, оның мәні - экзистенция деп аталады. Экзистенция шекаралық жағдайларда, адамның өзімен озі, озінің мәнімен жалғыз қалғанда ашылады. Экзистенциалистердің пікірінше, техника дүниесі қазіргі уақытта өте зор, оны толық меңгеру, басқару мүмкін емес, адам оның қасында кішкене ғана нәрсе, абстрактылық индивид. Техниканың үстемдігінің кесірінен адам өзінің тұлғалық ерекшелігін, өзіндік қайталанбас руханилығын жоғалтты, сол себепті адамды өзіне-өзі көңілі толмаушылық билейды. Бұл дағдарыстан шығудың жолы, экзистенциалис-тердің пікірінше, адамгершілік, дін, өнер және тағы басқа адамға рухани күш беретін нәрселер.

К.Ясперстін пікірінше, техника - адамдардың материалдық

өмірін жеңіддету мақсатымен табиғатты ғылыми меңгеру тәсілі, адам қызметінің "заттық" саласы, ол тұлғаның адамгершіліктік-психологиялық дүниесіне қарама-қарсы, бірақ олар бірін-бірі толықтырады. Техникалық ойлау тәсілі, Ясперстің ойынша, қоғам мен адам қажеттілігінен емес, экзистенцияның өз болмысын қанағат етпеуінен туындады. Ғылыми-техникалық білім дүниені діни -мифологиялық және керкемдік тұрғыдан сезінуді ығыстырып шығарды, дүние мен табиғат бірте-бірте белгісіз затқа, технологиялық қызмет объектісіне айналды. Адам табиғатпен бірлігін жоғалтты, еңбек процесінің өзі де механикалық, еш қызығы жоқ нәрсе бола бастады.

Неофрейдизм бағыты да адамға техниканың типзіп отырған зиянды әсерін атап көрсетеді. Олардың ойынша, техника адамның неврастения­лық

137

ауруларының басты себебі, бұл ауруды жеңу үшін адамға психоана-литикалық көмек қажет.

Философиялық антропология техниканы адамның әлсіздігінің орнын толтыру үшін пайда болған, табиғи заңдылықтарды жүзеге асыру тәсілі ретінде түсінеді, адамға әуелден тән "табиғи технологияның" іске асуы деп қарастырады. Олар техниканың зиянды жақтарын да ескереді, бірақ бұл құбылысты жеңу үшін адам техниканың мәнін, даму зандылықтарын ұғынуға тырысып, адамгершіліктік-ұлттық құндылықтарын дамытуы тиіс деп есептейді.

Сонымен, техника философиясы зерттейтін мәселелер қазіргі таңда

өте маңызды, сондықтан техника философиясы жалпы философияның жаңа бағыты және ол өзінен басқа онтология, гносеология, философиялық антропология, экзистенциализм, әлеуметтік философия және тағы басқа бағыттармен тығыз байланысты, болашағы бар бағыт.

Техника және адам. Бұл мәселе туралы техника философиясының негізгі ұстанымдары мынадай: Адам техника жүйесінің басты элементі. Техника қаншама күшті дамығанымен, оның қызметі адамның қатысуынсыз жүзеге аса алмайды, техниканы қозғалысқа түсіретін де адам. Адам өзінің еңбегі арқылы техниканы жасаушы және материалдық-техникалық даму тұтастығын қамтамасыз етуші. Техника ешқашан өздігінен дамитын жүйеге айналмайды. Техникалық прогрестің басты заңдылығы  адамның техно-логиялық функцияларын алмастыру болғанымен, бұл процесс салыстыр-малы, ол адамды толық ығыстырып шыға алмайды. Техника дамудың қандай сатысына көтерілсе де, оның мүмкіндігі адам  мүмкіндігінен төмен, себебі адамның мүмкіндігі мен қабілеті шексіз, физикалық, психологиялық,  интеллектуальдік потенциалы жоғары. Әрине, техниканын адамға да, табиғатқа да тигізіп отырған теріс әсері жеткілікті. Соңғы уақытта адамзаттың қаупі тіпті күшейіп отыр. Дегенмен де адам ақылды тіршілік етуші, сондықтан да бұл қайшылық оң тұрғыдан шешіледі деп үміттенуге болады.

  Технология және информатика. Технология қазіргі уақытта өркениет

пен мәдениетті дамытатын, қоғамының қызметтік құрылымын сипаттайтын, жалпы адамзаттың қазіргі даму деңгейін және болашақта дамуының көкжиектерін анықтайтын феномен. Қазіргі заманғы экономикалық ойлаудың басты ұғымы болып есептелетін "технология" ұғымы ұзақ жылдар бойы біздің кеңестік экономикалық ой жүйесі үшін жат болып келді. Шындығында, тағы бір іргелі ұғым "информациямен" бірге технология қоғамның тарихы мен нақты қызметін түсінудің концептуалды негізін құрайды.

  Технология мен техника бір нәрсе емес. Техниканың көне

заманда калыптасқан екі мағынасының (бір нәрсені жасауға қажетті инструменттер, машиналар және құралдар жүйесі; өнер, жасай білу) соңғысы технология ұғымына жақынырақ. Технология техниканы қамтиды,

бірақ онымен шектеліп қоймайды. Қазіргі заманғы мағынасында технология дегеніміз инструментальдік жүйе (инструменттер, машиналар, техникалық және транстпорттық коммуникациялар жүйесі), операциялық әрекеттер

жиынтығы және инструментальдік жүйеге байланысты туындаған және оған әсер ететін қызмет жүйесі, осы қызметті басқару жүйесі, әлеуметтік және экономикалық салдарлар жиынтығы, бұл қызмет жүзеге асырылатын био-және социобиологиялық, информациялық орта. Осы мағынасынан-ақ технологияны динамикалық қызметтік жүйе ретінде қарастыруымыз қажет екені байқалып тұр.

  Технологияның аппараттық және операциялық құрамдас бөліктерімен бірге маңызды компоненттері болып технологиялық менталитет және технологияның қалыпты қызмет етуі мен дамуы үшін аса қажетті инфор-мациялық ресурстар есептеледі. Егер бұлар болмаған жағдайда технология азып-тозып, тез күйрейді. Оның жақсы мысалдары біздің елімізде, бұрынығы Кеңестер одағы кеңістігінде өте көп. "Болмыс алғашқы, сана оның

бейнесі "принципі бойынша жұмыс істеп дағдыланған, еңбек процесінен адам санасы түгелдей ығыстырылып шығарылған елімізге көптеген жаңа технологиялар әкелінгенімен, осы технологияны қолданып, іс жүзінде қолдана білетін интеллектуалдардың жоқтығынан әлемдік үлгіде жасалған технологиялар аз уақыт ішінде істен шығарьшып, қыруар қаржы желге ұшты.

Елдің мәдениетін, жалпы менталитетін, қоғамдық санасын экономи-калық және технологиялық дамудың екінші факторы ретінде қарастыру өте қауіпті екені қазір айқын байқалып отыр. Бұл дағдарыстан шығудың жолы қандай?

Қазіргі дағдарыс технология, өркениет және мәдениет арасындағы шиеленіспен байланысты. Өркениет күрделі, әлеуметтік маңызы зор тех-нологияларлың негізінде пайда болды. Мұндай технологиялар материалдық еркениет саласын ғана емес, билікті, әскери істі, ауыл шаруашылығын, транспорт, байланыс және интеллектуальдік қызмет салаларын қамтиды. Өркениет технологияның ерекше социогендік функциясынан туындайды. Технология өзіне қажетті нормативті-реттеу ортасын қалыптастырады.

Осы орта "өркениет" ұғымы арқылы бейнеленеді. Яғни, өркениет белгілі

бір технологияның қалыпты қызмет етуі мен дамуын қамтамасыз етеді. Өркениет біртипті технологиялардың негізінде қалыптасқан қоғамдардағы жалпыны көрсетеді.

139

Мәдениет болса, әрбір қоғамдастықтың, әрбір социумның индивиду-альді бастауының көрінісі. Мысалы, қазақ мәдениеті қазақ халқының

этнотарихи индивид ретіндегі болмысының,тілінің, тарихи тағдырының, дінінің ерекшеліктерін бейнелейді. Әрбір мәдениеттің мызғымас, ғасырлар бойы қалыптасқан ядросы және оны қорғаушы белдеулері бар. Белдеулер - әрбір ұлтқа тән адамгершіліктік, әлеуметтік, интеллектуальдік реакциялар, олар ядроға сыртқы ортаның терәс әсерін тигізбеуге тырысады. Белдеулері мықты мәдениет өзін сақтап қалады. Өркениет, технология, мәдениет бір-бірімен үндестік тапқан кезде қоғам бірқалыпты дамиды, ал бір-бірне ықпалдасу болмаған кезде дағдарыс-шиеленістер пайда болады. Сондықтан да тәуелсіздік жолына түскен біз үшін жаңа технологияны қабылдайтын менталитетті қалыптастыру, оның теріс жақтарынан қорғайтын мәдени белдеулерді күшейту аса маңызды. Бұл ретте көп нәрсе адамның өзіндік санасын - адамның өзі, өзінің терең болмысы, өзінің кемшіліктері мен

теріс қасиеттері туралы білімін нығайтуға байланысты. Өзіндік сана мәдениеттің ядросын үңіліп, ондағы тарихи мұраны тануға қабілетті, ал мәдени-ұлттық құндылықтарды дұрыс қолдана білу арқылы технологияның басымдығына қарсы тұруға болады.

Дамыған елдерде ХХ-ғасырдың ортасынан бастап информация рево-люциясы басталды, бұл құбылыс 70-жылдардың соңына таман күшейе түсті. Қогамның информатизациясы дегеніміз - қогамдық және әлеуметтік маңызы бар, экономикалық, құқықтық, саяси, әлеууметтік және басқа міндеттерді шешуге қажетті информацияны өте тез өндіру және тарату әлеуметтік-тарихи процесі.

Информатизацияның нәтижесі - информациялық қоғамның құрылуы. Информациялық қогам - қоғамдық жүйе, ол:

1) әрбір индивид, әрбір ұжым, әрбір мекеме өзінің қызметіне қажетті барлық информацияны ала алуына мүмкіндік береді;

2) бұл информацияны, ең бастысы, ғылыми, саяси, экономикалық, тех-нологиялық білімдерді экспоненциалдық (ашық түрде дегенді білдіреді) есу заңдары бойынша өндіреді;

3) алдыңғы екі мақсатты жүзеге асыруға қажетті (бұған есептегіш ма-шиналар мен коммуникация құралдары да кіреді) қазіргі заманғы инфор- мациялық технологияларды өндіреді және қолданады;

4) материалдық өндіріс, транспорт, байланыс, технологиялық процес тер, басқару, білім, ізденістер мен жобалау, сервис, адамдардың қызмет саласы бойына және жеке араласуының негізгі салаларын толық немесе жартылай автоматтандыруды қамтамасыз етуге қабілетті.

140

Информатизация индустриальдік қоғамның жалғасы және оның қон-дырмасы. Информация құндылығы қай уақытта да жоғары болды, біздің заманда бұрынғыдан да күшейе түсті. Қазіргі уақытта жер бетіндегі

материалдық ресурстар (ауыз су, таза ауа, құнарлы жерлер, энергия, қазба байлық көздері және тағы басқалары) азая түссе, информация, керісінше, шексіз ресурс. Бірақ оны дамыту үшін бұрын қалыптасқан информациялық технологиялар - телефон, пошта байланысы, жазу, ауызша жеткізу - жеткіліксіз, компьютерлік және коммуникациялық технологияға негізделген жаңа информациялық технология қажет. Онсыз экономиканы, қоғамды дамыту мүмкін емес. Өндірістің кейбір салалары информация көлемін бірнеше есе арттыруды қажет етеді, бірақ бұл шығындар түбінде жемісін береді. Бұл тұжырымның тамаша дәлелі ретінде Жапонияда 1969 жылы ресми түрде жария етілген информатизацияландыру мен информациялық қоғамға көшудің мемлекеттік концепциясы мен моделін айтуға болады. 1971 және 1973 жылдардағы экономикалық дағдарыстардың алдын алу мақсатымен жасалған дағдарысқа қарсы бағдарлама ретінде жасалған және жүзеге асырылған бұл шара керемет нәтижелер берді. Жапондықтар дағдарыстан мейлінше аз шығындармен шығып қана қойған жоқ, сонымен бірге әлемге әйгілі "жапон ғажабының" әлеуметтік және технологиялық негіздерін жасады. Бұл мысал біз үшін даму үлгісі бола алады. Бұл жол өте қиын, адамдардан білімді жасай білу өнері мен интеллектуальділікті кәсіби шеберлікпен, инновациялық технологиялармен үштастыруды талап етеді, бірақ өркениеттің жаңа сатысына көтерілудің бұдан басқа жолы жоқ, өзге жолдар тек құлдырауға апарады.

Ойымызды қорытсақ, техника философиясы техника феномені таби-гатын, оның пайда болужәне даму кезеңдерін жан-жақты зерттеп, оның қазіргі адамга, жалпы қогамга тигізетін оң және теріс ықпалын талдайды, техниканың болашағы туралы гылыми болжамдар жасайды.

141

ТАҚЫРЫП

ДІН  ФИЛОСОФИЯСЫ

(Лекция слайдтармен қамтамасыз етілген)

1. Дінді философиялық т ұ ргыдан зерттеудің ерекшелігі. Дін қо ғ дық сананың формасы ретінде.

2. Діннің элеуметтік және гносеолог ия лық тамырлары. Діннің функциялары.

3. Ақыл мен сен ім нің арақатынасы. Діни сенім бостандыгы мәселесі.

Дін қазіргі заманғы адам мен қоғамның рухани өмірінде ерекше орын ала ды. Кеңестік таптық идеология үстемдік құрған жылдары дін біржақты зерт телгені белгілі. Діннің соңғы жылдары қарқынды дамуы, қоғамда

діни сенімді қабылдаушылардың санының көптеп артуы дінді жан-жақты зерттеуді қажет етті және бұл бағьптағы жұмыстар табысты жүргізіліп отыр. Мысалы, дінді тарих, социология, мәдениеттану, саясаттану, философия және тағы басқ ғылымдар өз ғылымдары деңгейінен, әр түрлі аспектілерде зерттеуде.

Дінді философиялық зерттеудің ерекшеліктері:

1) философия діннің адам мен қоғамның рухани өміріндегі құбылыс, қоғамдық сананың формасы ретіндегі мәнін анықтайды:

2) көзқарастың түрі ретінде зерттейді;

3) діннің пайда болуының әлеуметтік және гносеологиялық себеп терін талдайды;

4) діннің қоғамда атқаратын функцияларын жіктейді;

5) сенім мен ақылдың арақатынасы мәселесін қарастырады;

6) діннің адам бойында адамгершіліктікті қалыптастырудағы  рөлін көрсетеді.

7) діни сенім бостандығы мәселесін зерттейді.

Діннің анықтамасы: mеlеgо - қасиеттілік, құдайылық - Абсолютті бастаудың, Құдайдың бар екендігінен туындайтын және соған сәйке мінез-құлық, өмір сүру тәртібін, өмір салтын қалыптастыратын көзқарас, дүниетаным; адамға күш беретін, тірек болатын, өзіне табындыратын тылсым күшпен байланыстылық және оған тәуелділік сезімі.

Дін күрделі жүйе, ол діни сананы, діни институттарды, діни қаты - настарды және діни қызметті қамтиды. Дінге: 1) діни ілім; 2) діни сез - імдер; 3) діни салттар; 4) діни ұ й ы мдар мен секта л ар кіреді.

Діннің даму сатылары: 1) табиғи дін - бұл кезенде табиғи күште құдайлар сияқты болып көрінді; 2) зандық сипаттағы дін - діни қағидлар мен ережелерді бұлжытпай орындау талап етілді; 3) ақталу діні, о Құдайдың алдындағы күнәлілік, бүкіл болмыстың қасіреттілігі және Құдайдың мейірімділігі сезімінен туындайды.

Діни сана - жаратылыстан тыс күштерге, қ ұ дайга деген сенім е н

142

туындайтын көзқарастардың, идеялардың, нанымдардың, теориялардың жиынтыгы. Діни сананың құрылымына діни психология (діни идеялардың белгілі бір жүйесімен байланысты стихиялық түрде қалыптасатын түсінікгердің, сезімдердің, көңіл-күйлердің, әдет-дәстүрлердің жиынтығы) және діни идеология (діни идеялар жүйесі, оны қалыптастыру және тарату ісімен діни ұйымдар, дінбасылар, діни қызметшілер айналысады) кіреді. Діни идеологияның маңызды бөлігі болып теология есептеледі, ол құдай, оның қасиеттері, сапалары, белгілері туралы ілімнің жүйелі баяндалуы және негізделуі. Діни сенімге деген екі түрлі көзқарас бар. Атеистік көзқарас дін өмір шындығын бұрмалап, фантастикалық тұрғыдан түсіндіреді десе,

дінді қолдаушылар оны нағыз ақиқат, танымның ең жоғарғы сатысы, адам өмірініндегі барлық сұрақтарға жауап бере алатын, қоғамдық сананың басқа формаларының бәрінен асып түсетін формасы деп тұжырымдайды. Қазіргі қоғамда екінші көзқарас басымырақ.

Діннің паііда болу себепт ері мен мәні туралы мәселе философия та-рихында көптеген философтардың зерттеу объектісі болды. Дін туралы ғылым - дінтануда діннің тамырлары деген ұғым қалыптасқан, бұл ұғым діннін пайда болу себептерін, әлеуметтік, гносеологиялық және адам-гершіліктік мәнін ашады.

Діннің басты, анықтаушы тамыры немесе себебі регінде кептеген галымдар әлеуметтік себептерді атайды. Бүл себеп алғашқы қауымдық қоғам адамдарынан жақсы керінеді. Кездейсоқтық үстемдік еткен алғашқы қауымдық қоғам адамдары табиғаттың дүлей күштеріне қарсы тұруға дәрменсіз, оларға тәуелді болды. Стихиялық табиғат күштерін билеуге, өзіне бағындыруға, қоғамдық қатынастарда күнделікті туындап отырған мәселелерді шешуге қажетті практикалық құралдары жоқ адамдардың сүйенгені өзінің санасының, қиялдауының жемісі - фантастикалық күштерге деген сенім болды. Діннің пайда болуының осы әлеуметтік себептерін қазіргі заманда да көруге болады. 90-жылдардың басында бүкіл посткеңестік кеңістікте діннің оте тез қарқынмен дамуы байқалды. Бұрынғы жүйе күйреп, жаңа бағыттар, жаңа қоғамдық қатынастар әлі анықталмаған сол кезеңде адамдардың бойын шарасыздық, қорқыныш, үмітсіздік биледі, өмірлік





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 318 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Свобода ничего не стоит, если она не включает в себя свободу ошибаться. © Махатма Ганди
==> читать все изречения...

2368 - | 2116 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.013 с.