Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Білім мен іскерліктеріне қойылатын талаптар

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты

Бекітемін_______________________

Жұмыс бағдарламалары жөніндегі комитетінің төрағасы

Ж.

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Пәні:                             Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы

Номері:                              BAL 203

Мамандығы:              Қазақ тілі мен әдебиеті - 050117

Кафедра:                    Қазақ тілі

Оқу жылы:                 2016-2017 ж.

Кредит саны:              2

Оқу формасы:            күндізгі

Курс:                            2

Семестр:                 3                               

Барлық сағат саны:  90 сағ.

Оның ішінде:

Лекция:                       15 сағат                              

Практикалық:         15 сағат

СОӨЖ                        30 сағат

СӨЖ                         30 сағат

Емтихан:                     3 семестр

 

Оқытушының аты-жөні: Сарсембаева М.К.

E-mail:

Сабақ кестесі:

Консультация кестесі:

Тараз-2016
Жұмыс оқу бағдарламасы 050117- «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының мемлекеттік стандарты мен ОӘБ бекіткен, № типтік бағдарлама жинағындағы қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы пәнінің типтік бағдарламасы негізінде құрастырылған (Алматы, 2005 ж.).

Жұмыс оқу бағдарламасы кафедра мәжілісінде талқыланды, хаттама № «___»__________2016ж.

Кафедра меңгерушісі                             Әбдіқадырова Т.

Жұмыс оқу бағдарламасын факультеттің жұмыс бағдарламалары жөніндегі комитеті мақұлдаған, хаттама №,          2011 ж.

Комитет төрағасы

 

Келісілген

       Кафедра меңгерушісі:           Әбдіқадырова Т.


Пәнннің мақсаты мен міндеттері

 

Жалпы білім беретін «Қазіргі қазақ тілі» курсын меңгеру «Лексикология» пәнін оқып-үйренуден басталады. Орта мектепте көп мағыналық, омонимдер, синонимдер, антонимдер, тұрақты сөз тіркестері сияқты қазақ тілі лексикологиясының кейбір мәселелері ғана үйретілген болса, жоғары оқу орындарында бұл тақырыптар әлдеқайда кеңейтіліп өтіледі, тіпті оқушыларға бұрын мүлдем бейтаныс мәселелер де әңгімеленеді. өйткені студенттерге сөздің мағынасы, шығу төркіні, стильдік мәні мен сипаты, қолданылу қабілеттігі туралы, қысқасы, тілдің лексикалық жүйесі жөнінде жан-жақты мағлұмат беру көзделеді. Оқу барысында 1 курс студенттері сонымен қатар осы заманғы лексикологияның актуалды мәселелерінен де хабар болуға тиіс. Пәнді терең меңгеру үшін ғылымның соңғы жаңалықтарымен таныстырып отыру да мақсат етіледі.

Жоғары оқу орындарында білім берудің екі сатылы жүйесіне көшуіне байланысты оқытудың құрылымы да өзгерді. Бірінші баспалдақ – бакалавриат орта мектеп үшін мұғалімдер даярлайды. Осыған байланысты пәнді оқытудың болашақта игерілетін мамандықпен үйлесімді болу жағы да бағдарламада ескерілді.

 

1.Пәннің мақсаты. Пәнді оқытуда алға қойылатын басты міндет – оқытудың қалыптасқан әдістерінің (лекциялық, практикалық, лабораториялық сабақтар, т.б.) негізінде студенттердің жеткілікті дәрежеде білім алуын қамтамасыз ету. Орта мектепте болашақта “Қазақ тілі” пәнінен сабақ беретін мұғалім лексикологияның жалпы мәселерін ғана емес, сөздік құрам туралы ілімнің даму тенденцияларын да білуі қажет. Осыған орай пәнді оқыту міндетіне Қазақстандағы және шет елдердегі ірі лингвистердің кейбір даулы мәселелер жөніндегі тұжырымдарын, пікірлерін, көзқарастарын түсіндіру де енеді. Студенттер теориялық білім алумен қатар, белгілі дәрежеде практикалық жағынан дағдыланады. Мәселен, сөздіктермен жұмыс істеуді үйренеді, әр түрлі мақсатта жаттығулар орындайды. Шәкірттердің берілген тапсырмаларды мұқият орындауына ерекше көңіл бөлінеді.

 

  Пәннің міндеттері:

Студенттердің терең білім алу үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді. Олар мына төмендегідей: Психология. Адам санасында ұғымның қалай пайда болатынын білу үшін аталған пәннің “Ұғым” деп аталатын тарауын оқып үйрену қажет. Логика. Ұғымның көлемін, мазмұнын және оның мағынадан айырмашылығын білу үшін бұл пәннің де “Ұғым” деп аталатын тарауын меңгерген жөн. “Фонетика”. “Сөз варианттары” тақырыбы өтілерде фонетиканың “Дыбыстардың классификациясы”, “Үндесу заңы” тарауынан мағлұмат беріледі. Морфология. “Қос сөз”, “Біріккен сөз”, “Күрделі сөз” тақырыптары ұсынылады. Синтаксис. “Сөз тіркесі” тарауын оқу талап етеді. Бұл туынды сөздердің сыр-сипатын білу үшін қажет.

 

Білім мен іскерліктеріне қойылатын талаптар

 

Студент:

    - қазақ тілінің шыққан тегі мен даму кезеңдерін білуі керек;

- сөздің лексика-семантикалық табиғатын ажырата алуы керек;

    - сөздің лексикалық мағынасының негізгі типтерін дәл анықтауы керек;

- ұлттық әдеби тілдің сипаттамасы мен ұлттық тілдің тармақтарының топтастырылуы мен жіктелуін білу;

    - қазіргі қазақ тілі лексикасының қолданылу сипатын білуі тиіс;

- қазіргі қазақ лексикасының құрамы мен шығу арналарын толық меңгеруі қажет;

- қазіргі қазақ лексикологиясын зерттеген еңбектермен таныс болуы керек.

 



<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Развитие лексико-грамматического строя речи | Пререквизиттер мен постреквизиттер
Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-15; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 236 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Люди избавились бы от половины своих неприятностей, если бы договорились о значении слов. © Рене Декарт
==> читать все изречения...

4474 - | 4338 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.