Жоспары:
1.ЖІҚ-ін іске асыру шараларының түсінігі және маңызы.
2.ЖІҚ-ін іске асыру шараларының түрлері және маңызы.
Негізгі ұғымдар:Нысана, Міндеті, ЖІҚ-нінің тұлғасы, ЖІҚ-нің обьектісі, Жедел іздестіру шарасының жоспары.
«Жедел іздестіру қызметі туралы» Заңның 11-бабы 1- бөлігінде «жедел іздестіру шаралары туралы мынандай түсінік берілген: Жедел іздестіру шаралары дегеніміз- бұл жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдардың өз құзіреті шегінде, осы заңның 2-бабында көзделген міндеттерді, яғни азаматтардың өмірін, денсаулығын, құқықтарын, бостандықтарын, меншігін, заңды мүдделерін, қоғамды, мемелекетті, оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді шешіге бағытталған іс-әрекеттері. Осы көрсетілгеннен туындайтыны жедел іздестіру шаралары екі түрлі іс әрекетті, яғни жедел іздестіру шаралары мен жедел іздестіру операциялары бірлігінен құралады. Ол дегеніміз алға қойған мақсатқа жету үшін күні бұрын дайындалған, жоспарланған және бір немесе бірнеше шараларды жедел іздестіру тұлғаларының іске асыруы, сөйтіп олар жедел іздестіру шараларының мазмұнын құрайды.
Жедел іздестіру шараларына мына талаптар қойылады: Олар жедел іздестіру қызметі қағидаларына сәйкестігі, ЖІҚ-ның негізгі мақсатына,жалпы шараларына бағыныштылығы, шараның нақтылығы, күш пен құралды қажетті шекте, табандылық көрсету арқылы икемділік таныту, өзара қарым-қатынаста болу.
Жедел іздестіру шараларының құрлысы мыналардан тұрады:Нысана мен міндет,тұлға,обьектісі,шара жоспары,жедел іздестіру іс-әрекеті,күш пен құрал және нәтиже.
Енді осыларға қысқаша анықтама берелік.
Нысана дегеніміз-жедел іздестіру шарасы негізінде ЖІҚ-нің мақсатына және белгілі бір нәтижесіне жетуге бағытталуы.
Міндеті ол белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған жедел іздестіру шараларының іс-әрекеті.
ЖІҚ-нінің тұлғасы-дегеніміз,ол жедел іздестіру қызметін іске асырушы орган.
ЖІҚ-нің обьектісі-дегеніміз ол жеке адамға,қоғамға,мемелекетке,сол сияқты ҚР-ы ұлттық қауіпсіздігіне,құқыққа қарсы іс-әрекет жүргізуші жеке тұлға немесе ұйым.
Жедел іздестіру шарасының жоспары дегеніміз-жедел іздестіру шарасын іске асыру тәртібі мен тәсілі.
Жедел іздестіру шарасының іс-әрекеті-ол шараларды іске асырудың әтрүрлі акт әрекеттері.
Жедел іздестіру шараларының күштері- шара өткізуге тартылған құпия көмекшілер аппараты,жедел-техникалық,жедел-іздеу,ақппараттық тағы басқа құрамдар.
Жедел іздестіру шарасының нәтижесі-ол мақсатқа жету үшін жүргізілген іс-шаралардың қол жеткізген нәтижелері.
1. Жедел-іздестіру іс-шаралары жалпы және арнаулы болып бөлінеді.
2. Жалпы жедел-іздестіру іс-шаралары мыналар болып табылады:
1) адамдарға сауал қою;
2) азаматтармен жария және жасырын қатынастар орнату, оларды жедел-іздестіру қызметіне пайдалану;
3) енгізу;
4) қылмыстық іс-әрекетті имитациялайтын мінез-құлық таныту;
5) астыртын кәсіпорындар мен ұйымдар құру;
6) бақыланатын өнім беру;
7) заңмен қорғалатын жеке өмірге, тұрғын үйге қол сұғылмауын, өзінің және отбасының құпиясын, сондай-ақ жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа да жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығын қозғамайтын мәліметтер алу үшін техникалық құралдарды қолдану;
8) анықтамалар алу;
9) үлгілерді алу;
10) жедел сатып алу;
11) іздеу-қызмет иттерін пайдалану;
12) жеке адамды белгілері бойынша іздеу және ұқсастыру;
13) ақпаратты заңсыз алып тастау қондырғыларын іздеу;
14) құқыққа қарсы әрекеттер іздерін табу, жасырын орнықтыру және алып қою, оларды алдын ала зерттеу;
15) қылмысты әзірлеуші, жасаушы немесе жасаған адамның ізіне түсу және оны ұстау;
16) ұстап алынған адамдардың жеке басын жете тексеруді, оларда болатын қылмыстық әрекетке қатысты болуы мүмкін заттар мен құжаттарды алып қоюды, сондай-ақ, тұрғын үй-жайларды, жұмыс орындары мен өзге де орындарды жете тексеруді, көлік құралдарын жете тексеруді куәгерлердің қатысуымен жүзеге асыру.
Терроризмге қарсы операцияны жүзеге асыру барысында жеке басты жете тексеру және жеке тұлғаның жанындағы заттарды жете тексеру, көлік құралдарын, оның ішінде техникалық құралдарды қолдана отырып жете тексеру куәгерлердің қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін;
17) қарулы қылмыскерлерді қолға түсіру жөніндегі операцияларды жүргізу;
18) байқау.
Осы тармақта көзделген жалпы жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру және оларды жүргізу тактикасы Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісу бойынша, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдардың бірінші басшыларының нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.






