Жоспары:
1. Сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган, Қорғаныс министрлiгiнiң әскери барлау органдары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі құқықтық мәртебесі
2. Мақсаты мен міндеттері, жүйесі
Негізгі ұғымдар: Сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган, Қорғаныс министрлiгiнiң әскери барлау органдары, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі.
1. Сыртқы барлау субъектілерінің барлау қызметінің міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасының Үкіметін және мемлекеттік органдарын саяси, қаржылық-экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салаларда шешімдер қабылдау үшін қажетті барлау ақпаратымен және талдамалық бағалаумен қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
3) елдің экономикалық дамуына және ғылыми-техникалық прогресіне және Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін әскери-техникалық қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
4) барлау ақпаратына қол жеткізу және шетел мемлекеттерінің арнайы қызметтері мен ұйымдары, террористік және экстремистік ұйымдар, қылмыстық қоғамдастықтар (қылмыстық ұйымдар), сондай-ақ жекелеген адамдар тарапынан Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделері мен қауіпсіздігіне нақты және ықтимал нұқсан келтіруді болғызбауға бағытталған шараларды іске асыру;
5) заңдарда және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде айқындалған өзге де міндеттер болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарының құзыреті
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери барлау органдарының құзыретіне, Сыртқы барлау туралы заңның 9-бабының 2) – 4), 7), 9-1), 10), 14), 16), 20-1), 20-2) және 26) тармақшаларын қоспағанда, осы Заңның 8-бабында көзделген ережелерден басқа, 9-бабының ережелері жатады.
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі – Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі мен Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының функцияларын атқаратын және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзырет шегінде күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шараларын жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік орган.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның нақты және шартты атаулары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері, мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі бланкілері, өзінің рәмізі мен айырым белгілері, туы, жалауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шоттары болады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туының, жалауының, рәмізінің және айырым белгілерінің сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Күзет іс-шаралары - күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, жедел-іздестіру және техникалық шаралардың жиынтығы.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі республикалық жедел штабтың басшысы болып табылады.
Күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жедел штабының басшысын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы күзет іс-шараларын өткізу жөніндегі республикалық жедел штабтың құрамына кіретін мемлекеттік органдардың немесе олардың аумақтық органдарының өкілдері қатарынан айқындайды.
Күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының шешімі бойынша осы Заңға және «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес терроризмге қарсы операциялар шеңберінде жүргізіледі.
1. Күзетілетін адамдар - Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарына және осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күзетуге жататын адамдар.
2. Мыналар күзетілетін адамдар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының Президенті;
2) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы;
3) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы;
4) Қазақстан Республикасының Премьер-министрі;
5) Республика Президентінің зайыбы (жұбайы) және Президентпен бірге тұратын басқа да отбасы мүшелері;
6) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы;
7) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының онымен бірге тұратын отбасы мүшелері немесе оған еріп жүрушілер;
8) Қазақстан Республикасының экс-президенті;
9) тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қазақстан Республикасының лауазымды адамдары;
10) қауіпсіздігі Қазақстан Республикасының аумағында болуы кезеңінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес қамтамасыз етілетін шет мемлекеттердің, шет елдер парламенттері мен үкіметтерінің басшылары;
11) қауіпсіздігі Қазақстан Республикасының аумағында болуы кезеңінде Қазақстан Республикасы Президентінің немесе оның тапсыруымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының өкімдері негізінде қамтамасыз етілетін халықаралық ұйымдардың басшылары мен шет мемлекеттердің өзге де адамдары.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет
қызметінің мiндеттерi
Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының және басқа да күзетiлетiн адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету;
2) күзетiлетiн адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтарына, бостандықтарына, жеке басының қадiр-қасиетiне және меншiгiне қарсы бағытталған құқық бұзушылықтарды анықтау, олардың алдын алу және жолын кесу;
3) күзетілетін объектілерде және күзетілетін адамдар болатын басқа да жерлерде олардың меншігін күзету, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4) өз өкілеттіктері шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;
5) күзетiлетiн адамдар мен объектiлерге төнетін қатерлердi болжау және анықтау, олардың алдын алу және залалсыздандыру жөнiндегi жедел шаралар кешенін жүзеге асыру;
6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының эталондарын күзетуді жүзеге асыру және рәсімдік және хаттамалық іс-шараларды атқаруға қатысу Мемлекеттік күзет қызметінің мiндеттерi болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің өзге де мiндеттерi белгіленуі мүмкін.
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
1. Белгібеков, Е.С. Жедел іздестіру қызметінің негіздері.- Талдықорған: ЖМУ баспасы, 2013.- 267 б.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 3 қазандағы N 2483 Заңы / adilet.zan.kz/kaz/docs/Z950002483






