Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


ТаҚырып: жіҚ-нің жеке тҰлҒалылыҒы, олардыҢ ҚҰҚыҚтары мен міндеттері.




Жоспары:

1.ЖІҚ-ін жүзеге асырушы органдары.

2.ЖІК-ін жүзеге асырушы органдарының міндеттері.

3.ҚР ЖІҚ-ін  жүзеге асырушы органдардың құқықтары мен құзыреті

Негізгі ұғымдар: ІІО, ҰҚО, Сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган, Қорғаныс министрлiгiнiң әскери барлау органдары, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі; экономикалық тергеу қызметі.

      1. ҚР аумағында ЖІҚ-н іске асыруға бағытталған,заңмен қатаң түрде анықталған мемелекеттік органдар жедел іздестіру қызыметін атқарады. Осы органдар ғана ЖІҚ-нің субьектілері болып танылады. Тек солар ғана ЖІҚ-ті туралы заңда көрстілген міндеттер мен құқықтарды пайдалана алады. Бүл тұлғалар жұмысын олардың қызыметкерлері, көмектесушлері, сол тұлғалардың атынан, сол органдарға жүктелген  ЖІҚ-ті тапсырмаларын іске асырады.Сөйтіп ЖІҚ-тін іске асырушы органдар мен оның қызыметкерлері арасында белгілі бір құқықтық қатынастар орнайды, ол қатынастар ҚР заңдары арқылы реттеледі.

ЖІҚ-ті туралы Заңның 6-бабына сәйкес, ҚР-сы аумағында жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарға мыналар жатады:

1) ішкi iстер органдары;

2) ұлттық қауiпсiздiк органдары;

3) сыртқы барлау саласындағы уәкілетті орган;

4) Қорғаныс министрлiгiнiң әскери барлау органдары;

5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет;

6) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі;

7) экономикалық тергеу қызметі жүзеге асырады.

2. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру органдарының тiзбесi заңмен ғана өзгертiлуi немесе толықтырылуы мүмкiн.

 2. Жедел іздестіру қызыметін жүзеге асырушы органдардың міндеттері ЖІҚ-і туралы Заңның 7-бабында былай көрсетілген:

Жедел-iздестiру қызметiнiң осы Заңмен белгiленген мiндеттерiн орындау кезiнде оны жүзеге асыруға уәкiлдiк берiлген органдар;

а) жеке және заңды тұлғалардың заңмен қорғалатын құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерiн, меншiктi, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қорғау, оның экономикалық және қорғаныс әлуетiн нығайту үшiн өз құзыретiне сәйкес қажеттi шараларды қолдануға;

б) жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру арқылы қылмыстарды анықтауды, олардың алдын алуды және жолын кесуді, олардың нәтижелерін қылмыстық процесте пайдалану үшін тіркеуді қамтамасыз етуге, тергеушінің өзі тергейтін қылмыстық iстер бойынша жедел-iздестiру іс-шараларын жүргізу туралы жазбаша тапсырмаларын орындауға;

б-1) прокурордың жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру барысында берген жазбаша нұсқауларын орындауға;

б-2) қылмыстық іс бойынша жасырынған сотталушыны және азаматтық іс бойынша жауапкерді, атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерді, сондай-ақ жазасын өтеуден немесе пробациялық бақылаудан жалтарып жүрген адамды іздестіру туралы сот актілерін орындауға;

в) қоғам мен мемлекет қауiпсiздiгiне қатер төнгенiн дәлелдейтiн өздерiне белгiлi болған жәйттер мен деректердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарына дер кезiнде хабарлауға;

г) құқықтық көмек туралы шарттар (келiсiмдер) негiзiнде тиiстi халықаралық құқық қорғау ұйымдары мен шет мемлекеттердiң құқық қорғау органдарының тiлектерiн орындауға;

д) жедел-iздестiру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүргiзу кезінде, сондай-ақ жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін көрсететін материалдарды қылмыстық процесте пайдалану үшін беру кезінде құпиялылықты қамтамасыз ету және ақпарат көздерiнің құпиясын ашуға жол бермеу жөнiндегi қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi.

3. Жедел –іздестіру қызыметін жүзеге асырушы органдардың құқықтары осы туралы Заңның 8-бабында былай көрсетілген:

Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға уәкілеттік берілген органдардың:

1) өз құзыреті шегінде осы Заңның 11-бабында тізбеленген жедел-іздестіру іс-шараларын жария және жасырын, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде айқындалған жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге;

2) жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін жедел есепке алу мен ақпараттық жүйелерді құруға және пайдалануға;

3) жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттері барысында жазбаша немесе ауызша шарт бойынша жеке және заңды тұлғалардың, әскери бөлімдердің тұрғын және тұрғын емес үй-жайларын, көлік құралдарын, сондай-ақ өзге де мүлкін, залал келтірілген жағдайда сол залалды, сондай-ақ шығыстарды иелеріне жедел-іздестіру қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдардың есебінен өтей отырып пайдалануға;

4) астыртын ұйымдар құру мақсатында, жедел-іздестіру қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыратын органдардың жұмыскерлерін, бөлімшелерінің, ұйымдарының, үй-жайлары мен көлік құралдарының ведомстволық тиесілігін, сондай-ақ құпия көмекшілердің жеке басын шифрлайтын құжаттарды пайдалануға;

5) қажетті ғылыми-техникалық немесе өзге де арнайы білімі бар лауазымды адамдар мен мамандардың көмегін пайдалануға;

6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, басқа ұйымдардан жедел-іздестіру қызметінің міндеттерін шешу үшін маңызы бар ақпаратты өтеусіз алуға және пайдалануға;

7) Қазақстан Республикасының аумағында жедел-іздестіру қызметі мен жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыруға құқығы бар басқа да органдардың күші мен қаражатын жекелеген іс-шаралар жүргізу үшін осы органдармен келісу бойынша тартуға;

8) осы Заңның 11-бабында көзделген жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу мақсатында ғана тәуліктің кез келген уақытында ұйымдардың аумағына және үй-жайларына, ал, күзетуді әскери жарғыларға сәйкес әскери қызметшілер, сондай-ақ, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың қызметшілері жүзеге асыратын әскери бөлімдер мен басқа да режимдік объектілердің аумағына – олардың басшыларымен не құрамында режимдік объектілері немесе әскери бөлімдері бар орталық мемлекеттік органдар басшыларымен келісу бойынша кедергісіз кіруге;

9) жедел-іздестіру іс-шаралары барысында анықталған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы мәліметтерді оларды растайтын материалдарды қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тіркеуге және (немесе) тергелуі бойынша беруге құқығы бар.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

1. Белгібеков, Е.С. Жедел іздестіру қызметінің негіздері.- Талдықорған: ЖМУ баспасы, 2013.- 267 б.

2. Сысалов, М.П.    Оперативно-розыскная деятельность [Учебник..- Алматы: Юридическая литература, 2004. С. 338

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2018-10-14; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 406 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Два самых важных дня в твоей жизни: день, когда ты появился на свет, и день, когда понял, зачем. © Марк Твен
==> читать все изречения...

2279 - | 2104 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.