Өрт дегеніміз - арнайы жану құрылғыларынан тыс болатын Жану дегеніміз – күрделі физика-химиялық процесс жану кезінде Жанатын заттар қатты, сұйық, газ түрінде кездеседі.
Өрттің шығу себептері
Өрт шығып оның күшею себептері мына жағдайлардан болады:
1. жану зонасында жаңғыш затпен белгілі сандық және сапалық қатынаста болуы керек;
2. жану ортасы мен тұтану көзі өзара түйісу керек;
3. тұтандыру көзінің температурасы жану ортақ өздігінен жану температурасына дейін қыздыру керек.
4. Жаңғыш заттар бар жерде ашық отты абайсыз қолдану;
5. Жылыту жүйесін электр желісін электр қондырғыларын дұрыс пайдалану;
6. Газ, бу, шаң газ баллоны, компрессорлардың жарылуы;
7. Жаңғыш заттардың өздігінен тұтануы;
8. Жанармай, бояу материалдары және басқа жаңғыш сұйық заттарды дұрыс сақтамау;
9. құрал-жабдықтардың қатты қызуы.
Өрт сөндіру үшін қолданылатын материалдар сөндіргіш заттар деп аталады. Өрт сөндіргіш заттар арзан қолданылып, қәуіпсіз материалдар мен бұйымдарға зиян келтірмейтін, аз шығындар мен жоғары сөндіргіш нәтежие беру керек. Негізгі өрт сөндіру заттар: су, су буы, тұздардың су ерітінділері, инертті газдар, минералды ұнтақтар, көбік, құм, топырақ, әр-түрлі жапқыштар.
Су– отты сумен сөндіру ең қолайлы, өте арзан, көп қолданылатын өрт сөндіргіш зат. Оның өрт сөндіргіш қасиеттері жылу сыйымдылығымен булану жылулығы жоғары болғандықтан, бұл өрт ошағын салқындатып, жанған заттың температурасын, оның жану температурасынан төмен азайтады. Суға әр-түрлі бет активті заттарды қосса, оның от сөндіргіш қасиеттері жоғарлайды. Бірақ, ондай суды от сөндіруге көп қолдануға болмайды. Себебі: химиялық реакцияға түсетін заттарды, бағалы бұйымдар мен металлдарды, электр тогы бар қондырғыларды, тез тұтанғыш сұйық заттарды қасиеттерінен айырады.
Экологиялық бөлімі
Саланың экологиялық мәселелері.
Азық-түлік өнеркәсібінің атмосфераға келтіретін зияны - органикалық шаң, көмірқышқыл газы, бензин және басқа да көмірсутектер, отын жағудан шыққан газдар. Тамақ өнеркәсібі атмосфераның негізгі ластаушылар көзі болып саналмайды. Алайда, барлық дерлік тамақ өнеркәсіптері атмосфераға газ бен шаң бөледі, атмосфералық ауа нашарлайды. Шоколад дайындау цехында қалдық ретінде какао-бұрщақтардың қабығы яғни како велла болып табылады және де какао бұрщақтарын үгітіп тазалаған кезде ауаға бөлінетін шаңды айтсақ болады.
Халықтың денсаулығы және генофонды сақтау тамақ шикізаты мен тамақ өнімдерінің қауіпсіздігіне байланысты. Қазіргі уақытта тамақ өндірісінде қолданылатын шикізаттың экологиялық тазалығына көп көңіл бөлінеді. Өндіріс орнының көптігінен бәсекелестік өсіп, табыс табу көзі үшін көптеген кәсіпкерлер тұтынушыны өз тауарына қарату үшін, тауардың сыртқы түріне, пішіміне көп көңіл бөліп, сапасыз ашытқы, бояғыштар қолдануда. Өкінішке орай бұл химикаттардың адам денсаулығына әсер ететінін көбі ойлай бермейді. Барлық кәсіпкерлер алдымен өндіретін өнімдерінің сапасына және адам денсаулығына көңіл бөлулері керек.
Зиянды заттардың бөлуінің көзі болып:
Өндірістік цех, өңделген шикізатты металл фильтрмен тазаланады, негізгі зиан шикізаттың бетінде болады.
Технологиялық желілер жаңа жабдықтармен жабдықталуы керек. Пневмотранспортерден кейін ауаны тазалау тазалау тиімділігі 99,3% металл фильтрлер қолданылады.
Қабылдау бункерлеріндегі шикізаттарды жүктеу, өңделген ауаны тазарту металл фильтр арқылы жүзеге асады.
Уақытқа байланысты, тұрмыстық ішкі, өндірістік және сыртқы ортаның тазалығына көп көңіл бөлінуі керек. Қоршаған ортаның ластануымен күресу- қазіргі кезеңнің актуальді проблемасы. Табиғатты қорғау ешқандай экономикалық және экологиялық тиімділік әкелмейді, сондықтан түрлі салалар және ұйымдар бірігіп міндетті түрде комплекстік шаралар қолдану керек. Қауіпсіз жұмыс шартын, денсаулықты және жоғарғы өндіріс мәдениетін жүзеге асыру үшін кәсіпорынды қаржыландыру қажет. Өндіріс орнын жобалауда санитарлы норма талаптарын қатаң сақтау, халықты зиянды газдардан, булардан, тозаңнан, өндірістік шудан сақтандырады.






