Лекции.Орг


Поиск:




Антикалық әлем мәдениетінің негізінде адамгершілікке тәрбиелеу




Жеке тұлғаның адамгершілік деңгейіне мінездеме: адамгершілігі мол тұлға дегеніміз-бойында жауапкершілігі бар, қоршаған ортаға, өзіне сыйластықпен қарайтын, өз қызығушылығын басқаның қажетімен байланыстыра алатын, яғни өз мүддесін әлеумет мүддесімен теңестіре білу қабілеті бар адам, яғни адамгершілік қасиет дегеніміз – тұлғаның өз мүддесін әлеумет мүддесімен теңестіре білуі. Бұл мінездеме салыстырмалы түрде және адами құндылықтардың деңгейлік көрсеткіші түрінде көрінеді.

Тұлғаның адамгершілік деңгейін өлшеу көрсеткіштері: өзіндік түйсігі, отбасылық түйсігі, ұлттық түйсігі, жалпыадамзаттық түйсігі, әлемдік түйсігі, құзырлылығы.

Ұлы педагогтар атап өткендей, жеке тұлғаны адамгершілікке тәрбиелеуде оған әсер етудің қағидалары мынадай:

- Балаға жүрегіңді сыйла;

- Өзіңнің бала болғаныңды ұмытпа;

- Баланың өз тәрбиесіне өз еркімен қатысуына жағдай жаса;

- Балаға қарым-қатынасың қуаныш сыйласын;

- Мұғалімнің сөзі мен ісі жасанды емес, шынайы болуы шарт;

- Баланың сенімін сақтау керек;

- Балаға сыйлы болам десең, баланы өзің сыйла;

- Баланың жан дүниесімен санас;

- Көптің көзінше баланың кемшілігін бетіне баспа. Сеніп айтқан сырын шашпа. Кемшілігінің себептерін түсіндіріп, ар-намысына тимей, келеңсіздікті жой;

- Әр баланың артықшылығын біліп, жетілдіріп, шығармашылығын мадақта;

- Әр күні бала жетістігін жина. Ешқайсысының үлгермеуші болуына жол берме;

- Жетістікке жеткізетін нық қадам жасауға үйрет.

Бала тәрбиесі жолында мұғалім еш мойынсынбай, әдепкіде ойы жүзеге аспаса да

алдағы уақытта жағдайды түпкілікті өзгертетін күш болатынына сеніп, талпынуы қажет.

Канаданың балалар демалыс лагері тәрбиешілері өз тәжірибесінде жеке тұлғамен жұмыс жасағанда ескеретін негізгі шарттар мыналар:

- Егер баламен достық қарым-қатынас жасаса, олар адамгершілікке үйренеді;

- Егер баланы қолдаса, ол сыйлауды үйренеді және ұстазды бағалайды;

- Егер бала адалдықта өмір сүрсе, ол әділ, шыншыл болады;

- Егер бала қауіпсіздікте өмір сүрсе, ол адамдарға сенеді;

- Егер баланы мұғалім қолдап отырса, ол өзіне сенуді үйренеді;

- Егер баланы мақтаса, дұрысын дұрыс деп отырса, мұғалімді құрметтейді;

- Егер баланы келеке етсе, ол тұйық болады;

- Егер баланы үнемі сынап отырса, ол жек көруді үйренеді;

- Егер балаға көп қысым жасалса, ол қатыгездікке үйренеді. – десе, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) «Сенімен қарым-қатынасты үзгенге өзің бар, сенен пана іздегенге қамқор бол, саған зұлымдық жасағанды кешір.» - деп, нағыз адамгершілік қасиеттерді уағыздайды.

Адам бойындағы табиғи сезімдердің баршасы қарым-қатынас барысында туындайтын алуан ықпалдарға байланысты көрініп, түрлі рең алатыны, әдебиет пен өнер шығармасында соған сәйкес өзіндік көрінісін табатыны мәлім.

 

 

Адамгершілік тәрбиелеу – қоғам дамуының стратегиялық қоры. Қазіргі ашық қоғам туралы түсінік. Адамгершілік пен эстетикалық сана-сезімдіктің өзара әрекет жасау.

Жас ұрпақтың адамгершілік тәрбиесі – қоғам дамуының маңызды стратегиялық қоры. Қазақстанда ашық қоғам даму барысында білім берудің басты мақсаты жоғары адамгершілікті тұлғаны қалыптастыру мәселесі болып табылады. Мұндай тұлға құруға ұмтылу мен дамыған жауапкершілік сезімін игерген және өзгеріп жатқан ортада өзін-өзі анықтау мен өнерге қабілетті болу тиіс. Білім беру әрекетінің жүйесіндегі тәрбиелік міндеттерін шешу басым бағыты «Білім туралы» Қазақстан Республикасының заңында айқын белгіленген, онда білім «мемлекет, қоғам, адам назарындағы оқу мен тәрбиелеудің мақсатты бағытталған үрдіс» болып анықталған.

Жас шағында өмірлік құндылықтар жүйесінде терең өзгерістер болады: иллюзиядан бас тарту, түсініктердің өзгеруі, сонымен қатар жаңа баға, сенім және көзқарастар пайда болады. Бұл үрдістер тұлғаның қоғамдық процесстеріне кіру аясында іске асырылады. Өкінішке орай, әлеуметтендіру қарқыны соңғы онжылдықта төмендеп барады. Осыған орай келесі жағымсыз қасиеттер кең тарау алды: апатия, селқостық және жастардың әлеуметтік оқшаулануы. Өмірге аяқ басып келе жатқан көптеген жас адамдар өмір қиыншылықтарынан қашу; қоғамдық жұмыстарға жайбарақаттық; өз еліне қадірлеуіне, оның идеал мен құндылықтарының жағымды көзқарасына, жағымды адамгершілік ұстанымдарға негізделген белсенді азаматтық позициясының жоқ болуы сияқты сипаттама алған.

Мұндай адамдар мәнсіз өмір сүреді. Олардың моральдік орнықтылығы әлсіз немесе нөлге тең. Рухани жұтандық заңға қайшы әрекеттерге ғана емес, сонымен қатар қылмыстыққа жол ашады. Психиканың тұрақсыздылығы мен адамгершілік бағдардың жоқ болуы өзін-өзі бекітуге ұмтылатын жас балаларды анықсыз идеялармен, патриоттық немесе рухани-адамгершілік мақсаттарымен жасырынған әрқандай формалдық емес, өз бетінше әрекет жасау жастар ұйымдарына түрткілейді. Қоғамның жаңару үрдісін жас ұрпақ әр азаматтың жеке ісі ретінде емес, абстракттік мемлекеттік құбылыс сияқты қабылдайды. Жас адамның адамгершілік бағдарына қарай болашақта ол моральге тұрақты, өз парызын орындауға қабілетті, ашық қоғам әлеуметтік-саяси тұрақтылығының жетуіне жолсерік бола ала ма деген көптеген факторлар байланысты.

Өмірдің қазіргі ырғағы, әлеуметтік-қоғамдық өмірдің әр-түрлі саласындағы кез келген қиыншылықтар біздің елімізде орын алған өзгерістердің есептеуімен тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үрдісін қарастыру қажеттілігін анықтайды.

Ашық қоғам туралы қазіргі түсініктер үш ұстанымға сүйенеді:

- халық еркісінің құқықтылы;

- азаматтық бостандық, азаматтық және ұлттық теңдестің қамтылуы;

- әлеуметтік әділеттің көрсетімдік емес, нақты реалийді жүзеге асыру.

Қоғамның шындыққа, әділетке және жалпы адами адамгершілік категорияларымен басқаруына ұмтылуы ашық қоғамның гумандік болашағын сипаттайды. Алайда адамгершілік қоғам білімді, гумандік пен әділет идеяларында тәрбиеленген адамдарысыз мүмкін емес. Осыған орай жоғары адамгершілікке, ерікке ұмтылу тәрбиесісіз; өткен және осы шақтың мәдениет және интеллектіне біздің қоғамымыздың әр мүшесінің, сонымен қатар мұғалімнің қызығушылығысыз біздің қоғамымыздың болашағы жүзеге асыра алмайды.

Ашық қоғам қазіргі дамуының негізіндегі білім мен тәрбие оқушылардың тұлғалық қасиеттеріне жаңа талаптарының генетикалық талдауын жоспарлайды. Демократиялық өзгерістердің әлеуметтік іс-тәжірибесі әр халықтың прогрессивтік дәстүрлерін сақтау және мирасқор туралы, ұлттық мәдениеттер нақты өзара байыту туралы, адамгершілік тұрақтылық, әлеуметтік жауапкершілік, әділет, адалдық және мәдениет туралы әңгімесін құрған. Оқушы тұлғасының жаңа эталоны өзінде келесі қасиеттерден тұрады: адамгершілік идеяларына шынайы берілгендігі, ұлттық сезімдерді қоғамның ұлтаралық құлшынысымен байланыстыру білігі, эмпатиялық сипат сезімдері. Оқушыларды осы қасиеттерінің тәрбиелеу маңыздылығын өзектеу отырып, ашық қоғам дамуының қазіргі кезеңінде оқушы тұлғасының осы эталонын бекіту қажеттілігін анықталған өзгерістерді белгілеуге болады.

Біріншіден, шынайы қоғамның демократиялық стильге ұмтылуы өзінің нақты міндеттерін анықтап отыр.

Екіншіден, өткен жылдардың волюнтаризм кезеңдерімен жиналған адами ерекшеліктің құлдырау сипаттары барлық қоғамның көз алдында адамгершілік тұрақтандыру, рухани дербестік және ұлттық дәлелділікке, жалпы адами моральдің өзгермейтін ұстанымдарының қайта туу ұмтылысына айналып жатыр.

Үшіншіден, өндіріс күштері мен өндіріс қатынастардың және олардың өзара әрекет жасау барысы нақты диалектикасының қажеттілігі туралы концепциясының қоғамдағы бекітілуі оқушыларға идеялық-тәрбиелік әсерін күшейту жолымен біз үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелеу саласында табысқа жете аламыз деген бағыттардың қателік екенін түсінуге көмектесті.

Қазіргі ашық қоғамның демократиялық өзгерістерінің нәтижесінде тәрбиенің жалпы әдіснамалық проблемаларында, оқушының тұлғасына моральдік талаптарының мазмұнында радикалдық өзгерістердің бірқатары пайда болды. Дербес тұлғаның дамуына, оның табиғи қабілеттеріне, бірдей емес тұлғалардың көп болуына мақсатталған жаңа идеялар (өзара еңбек жасау педагогикасы, өзіндік басқару ұстанымдары, мектептің гуманизациясы және гуманитаризациясы) пайда болды. Осындай жағдайда болған технократизм адамгершілікпен, гумандікпен ауысады, қоғамда дидактиканың гегемониясы жойылады, басымдық тәрбиелік гегемониясына беріледі. Ұлттық мектептің дамуына көптеген мүмкіндіктер пайда болады, оқушыларда өзінің және жанындағы өмір сүріп жатқан халқыларының ұлттық дәстүрлерін, отбасылық тұрмысын, ұлттық-этникалық ерекшеліктерінің білу қажеттілігі өсе бастайды. Оқытудың репродуктивтік-ақпараттық тәсілінің орнына мұғалімнің тұлғалық ықпалы, өз оқушыда ойын, шындыққа, мейірімділікке ұмтылуын, өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі оқыту қабілеттерін ояту білігі келеді. Жаңа мектепте оқытудың монологиялық тәсілімен емес, барлық оқу-тәрбиелік үрдісінің диалогизация проблемаларын басшылыққа алу тиіс, мұғалім мен оқушы – оқу-тәрбиелік үрдісінің субъекттері екені оқушылардың естеріне салу тиіс.

 

 

3 Алғашқы қауымдық мәдениет - тарихи-мәдени типология бойынша адамзат мәдениетінің алғашқы сатысы. Көне, ежелгі, архаикалық мәдениеттер ұғымдарымен жақын мағынада қолданылады. Антропология ілімінде кейінгі палеолит дәуірінде (30 - 40 мың жыл бұрын) "нағыз адам" пайда болуымен, қару-жарақтар мен қарапайым еңбек құралдарын қолдана бастауымен және экзагамияның нәтижесінде отбасы және рулық қауымның қалыптасуымен, діннің, өнердің, рәміздік салт-дәстүрдің алғашқы нышандары өріс алуымен түсіндіріледі. Ауызекі тіл қарымқатынастық, сабақтастық функцияларын атқара бастайды. Осының негізінде мифтік сана пайда болды. Алғашқы қауымдық мәдениет адамдық қарым-қатынастарды реттеудің дәстүрлік жүйесін қалыптастырады. Еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі, магиялық, тотемдік, аниматикалық, фетишистік сенім-нанымдардың алдымен политеистік, кейін монотеистік діндерге ауысуы, жазбаша тілдің, қалалардың, колөнердің пайда болуы Алғашқы қауымдық мәдениеттен ежелгі өркениеттерге өту мүмкіндігін туғызды. Алғашқы қауымдық мәдениет қазіргі өркениетті халықтардың "архетиптік жадында" сақталып қалған. Алғашқы қауымдық мәдениет — тарихи-мәдени типология бойынша адамзат мәдениетінің алғашқы сатысы. Көне, ежелгі, архаикалық мәдениеттер ұғымдарымен жақын мағынада қолданылады. Антропология ілімінде кейінгі палеолит дәуірінде (30 — 40 мың жыл бұрын) «нағыз адам» пайда болуымен, кару-жарақтар мен карапайым еңбек күралдарын қолдана бастауымен және экзагамияның нәтижесінде отбасы және рулық қауымның калыптасуымен, діннің, өнердің, рәміздік салт-дәстүрдің алғашқы нышандары өріс алуымен түсіндіріледі. Ауызекі тіл карымқатынастық, сабақтастық функцияларын атқара бастайды.Осының негізінде мифтік сана пайда болды. Алғашқы қауымдық мәдениет адамдық қарым-қатынастарды реттеудің дәстүрлік жүйесін қалыптастырады. Еңбектің коғамдық жолмен бөлінуі, магиялық, тотемдік, аниматикалық, фетишистік сенім-нанымдардың алдымен политеистік, кейін монотеистік діндерге ауысуы, жазбаша тілдің, қалалардың, колөнердің пайда болуы

Алғашқы қауымдық мәдениеттен ежелгі өркениеттерге өту мүмкіндігін туғызды. Алғашқы қауымдық мәдениет қазіргі өркениетті халықтардың «архетиптік жадында» сақталып қалған.

Мәдениет ұғымы тарихи қалыптасудың ұзақ даму жолын өтті. Алғашқы қауымдық құрылыс адам баласының өсіп дамуындағы, адамдық жолға түсе бастауының ең алғашқы кезеңі болды және оның жүздеген мыңжылдықтарға созылғаны ақиқат. Оған басты дәлел ретінде адамдардың ең алғаш еңбек құралдарының пайда болғанына 2,5 млн. Жылға жуық уақыт өткендігін айтсақ та жеткілікті.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 539 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наука — это организованные знания, мудрость — это организованная жизнь. © Иммануил Кант
==> читать все изречения...

1318 - | 1172 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.