Медициналық симуляция сценариі
Клиникалық жағдай: «Ауруханадан тыс төменгі бөліктік пневмония. ТТ 2 дәрежесі».
Ситуациялық есеп: Cіз -Кезекші дәрігерсіз. Қабылдау бөліміне 6 жастағы қыз бала түсті.
Ø Анамнез жинаңыз және науқасқа қарап тексеру жүргізіңіз
Ø Қарап тексеру жоспарын анықтаңыз
Ø Лабораторлы – инструменталды зерттеу нәтижелеріне талдау жүргізу
Ø Диагнозын нақтылаңыз
Ø Емдеу принциптерін анықтаңыз
Соңғы нәтиже (outcomes):
- Сұрастыру жүргізу (толықтығы шағым ерекшелігі ауру және өмір тарихы)
- Тыныс алу жолдарының ауруымен науқасты қараудың орындалуы
- Лабораторлы зерттеу әдістерінің талдауы
- Дифференциалды іздеу, қорытынды диагноз
- Жедел обструктивті бронхитпен науқасты емдеу әдісі, емнің мақсаты
Клиникалық есептің мәтіні:
Ыз бала 6 жаста.
Шағымдары: дем жетіспеу, ентігу, құрғақ жөтел, дене қызуының 39,2°С дейін көтерілуі, іштегі ауру сезімі, жалпы әлсіздік.
Анамнезінде: Қыз жиі ауыратын балалар қатарына кіреді. Осы жылдың ішінде пневмониямен 3 рет ауырды. Ауруханадан шыққаннан кейін дәрігердің берген нұсқауларын толық орындамаған. Бұл ауру дене қызуының 38,0°С тан 39,2°С дейін көтерілуімен басталған.Құрғақ жөтел. Ата-анасы шылым шегеді.Әлеуметтік тұрмыстық жағдайы нашар. Пенициллин тобының антибиотиктеріне аллергиясы бар.
Объективті қарау: 6 жаста, бойы 115 см, дене салмағы 21 кг. ТЖ – минутына 38 рет. ЖСЖ – минутына 128 рет.
Пациент әлсіз, аралас типті ентігу. Тері жабындысы бозарған, периоральды цианоз. Өкпесінің төменгі оң бөлігінде перкуторлық дыбыстың қысқарғанын байқаймыз. Аускультацияда крепитациялы майда көпіршікті сырыл байқалады. Жүрек тоны дұрыс естілмейді, тахикардия, жоғарғы бөлігінде систолалық шуыл естіледі. Бауыры пальпацияланбайды. Ішінің барлық бөлігі пальпацияланады.
Жалпы қан анализы:
Гемоглобин – 90 г/л
Эритроцит - 3,1 х 1012 /л
Түстік көрсеткіш - 0,78
Тромбоцит - 2809/л
Лейкоцит – 22,0 х 109/л
таяқша ядролы нейтрофил – 10 х 109/л
сегмент ядролы нейтрофил – 70 х 109/л
Эозинофил – 3 х 109/л
Базофил - 2 х 109/л
Моноцит – 5 х 109/л
Лимфоцит – 10 х 109/л
ЭТЖ – 25 мм/час
Анизоцитоз ++, пойкилоциитоз +, гипохромия +
Қақырық анализы:
Түсі – сарғыш жасыл
Қоспалар – жоқ
Консистенциясы – қою
Эпителий – 8 – 10 к/а
Лейкоцит – 25 – 30 к/а
Куршман спиралі – теріс
Электрокардиограмма -
Қорытынды: Синусты ритм, вертикальды ЭОС. Синусты тахикардия, Гис аяқшаларының толық емес блокадасы, қарынша миокардының реполяризация қызметінің бұзылысы.
Кеуде қуысының рентгенограммасы:
Қорытынды: Өкпе түбірі кеңейген, оң жағының төменгі бөлігінде инфильтративті көлеңке, өкпе түбірінің структурасының өзгерісі, өкпе суреті күшейген.
Клиникалық жағдайды бағалау парағы(chek-list)
« Ауруханадан тыс төменгі бөліктік пневмония. ТТ 2 дәрежесі »
Емтихан тапсырушының коды_________________________ Емтихан күні________________
Емтихан қабылдаушы __________________________________________________________
№ | Қадам бойынша бағалау критерийлері | Балмен баға | ||
Дұрыс орындады | Ескертумен орындады | Орындамады | ||
Шағым жинау, анамнез жинау. | 1,0 | 0,5 | ||
Берілген клиникалық симуляция жағдайында симптомдарының нәтижелерін дұрыс анықтау | 1,0 | 0,5 | ||
Негізгі симптом мен синдромдарды анықтады | 1,0 | 0,5 | ||
Болжам диагнозын негіздеу және тұжырымдау | 1,0 | 0,5 | ||
Қарап тексеру жоспарын дұрыс тағайындау | 1,0 | 0,5 | ||
ЖҚА, қақырық анализы нәтижелерін талдау | 1,0 | 0,5 | ||
Кеуде қуысы ағзаларының рентгенограммасы нәтижелерін талдау | 1,0 | 0,5 | ||
ЭКГ нәтижелерін талдау | 1,0 | 0,5 | ||
Қорытынды диагнозын негіздеу және тұжырымдау | 1,0 | 0,5 | ||
Емдеу принциптері | 1,0 | 0,5 | ||
Жалпы балл саны | 5,0 |
Клиникалық жағдайға байланысты жауап эталоны
« Ауруханадан тыс төменгі бөліктік пневмония. ТТ 2 дәрежесі »
Қадамды бағалау критериі | Жауап эталоны | |
Негізгі шағымдарын анықтау. Ауру анамнезін жинау. | Шағымдары:дем жетіспеу, ентігу, құрғақ жөтел, дене қызуының 39,2°С дейін көтерілуі, іштегі ауру сезімі, жалпы әлсіздік. Анамнезінде: Қыз жиі ауыратын балалар қатарына кіреді. Осы жылдың ішінде пневмониямен 3 рет ауырды. Ауруханадан шыққаннан кейін дәрігердің берген нұсқауларын толық орындамаған. Бұл ауру дене қызуының 38,0°С тан 39,2°С дейін көтерілуімен басталған.Құрғақ жөтел. Ата-анасы шылым шегеді.Әлеуметтік тұрмыстық жағдайы нашар. Пенициллин тобының антибиотиктеріне аллергиясы бар. | |
Берілген клиникалық симуляция жағдайында симптомдарының нәтижелерін дұрыс анықтау | Пациент әлсіз, аралас типті ентігу. Тері жабындысы бозарған, периоральды цианоз. Өкпесінің төменгі оң бөлігінде перкуторлық дыбыстың қысқарғанын байқаймыз. Аускультацияда крепитациялы майда көпіршікті сырыл байқалады. Жүрек тоны дұрыс естілмейді, тахикардия, жоғарғы бөлігінде систолалық шуыл естіледі. Бауыры пальпацияланбайды. Ішінің барлық бөлігі пальпацияланады. | |
Негізгі симптом мен синдромдарды анықтады | Пациентте тыныс тапшылығы симптомы, интоксикация белгілері бар, баланың ауырлық жағдайын дұрыс бағалады | |
Болжам диагнозын негіздеу және тұжырымдау | Ауруханадан тыс пневмония,оң жақты төменгі бөлікті, жедел ағымды | |
Қарап тексеру жоспарын дұрыс тағайындау | ЖҚА, қақырық анализы Кеуде торының рентгенографиясы ЭКГ | |
ЖҚА, қақырық анализы нәтижелерін талдау | ЖҚА:қабыну белгілері:лейкоцитоз, нейтрофилез, ЭТЖ жоғарылауы. Темір тапшылықты анемияның 1 сатысының көрінісі; Қақырық анализы: Эпителий – 8 – 10 к/а Лейкоцит – 25 – 30 к/а болуының себебі бактериальды қабыну белгісінің бар екенінің дәлелі. | |
Кеуде қуысы ағзаларының рентгенограммасы нәтижелерін талдау | Өкпе түбірі кеңейген, оң жағының төменгі бөлігінде инфильтративті көлеңке, өкпе түбірінің структурасының өзгерісі, өкпе суреті күшейген. | |
ЭКГ нәтижелерін талдау | Синусты ритм, вертикальды ЭОС. Синусты тахикардия, Гис аяқшаларының толық емес блокадасы, қарынша миокардының реполяризация қызметінің бұзылысы. | |
Қорытынды диагнозын негіздеу және тұжырымдау | Ауруханадан тыс пневмония,оң жақты төменгі бөлікті, жедел ағымды. ТТ 2 дәрежелі | |
Емдеу принциптері | Көп мөлшерде жылы су ішу және тамақтану Қызба симптомдарын жою (> 38,5°С) – парацетамол 10 – 15 мг/кг күніне 4 рет; Антибактериалды ем – Цефотаксим 100 мг/кг көк тамырға 6 сағат сайын; Цефуроксим 100 мг/кг көк тамырға 8 сағат сайын; Сульперазон 40 – 80 мг/кг/тәулігіне 2-4 рет енгізу; Амикацин 15 мг/кг/тәулігіне 1-2 енгізу. | |
Жалпы балл: |
Симуляциямен қамтылу:
1. Тапсырмамен парақша, волонтер ролі (науқас), бағалау критерийлері
2. Анализдер: ЖҚА, ЖЗА, б/х анализі, копрограмма, кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы
3.Тонометр, фонендоскоп
Әртіс - науқас
Жағдай: оқу бөлмесі – дәрігер кабинеті
Кушетка– 1
Аспапқа арналған үстел – 1
Құрастырушы: доцент Ксетаева Г.К., ассистент Сагимова Р.Ш.,
Рецензент: Тажимбетова А. М., №2БҚКБ пульмонология бөлімінің меңгерушісі, жоғары санаттағы дәрігер.
№1балалар ауруы кафедрасының отырысында талқыланып, бекітілген (31 тамыз 2016 ж, №1 хаттама)
БА бойынша ББК отырысында талқыланып, бекітілген (15 қазан 2016ж, хаттама №2)