Білім негізі – бастауышта десек, бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның тұлға ретінде қалыптасуына септігін тигізу, білімге деген ынтасын нығайту, қызығушылығын арттыру. Бастауыш сынып оқушысы зейінінің шашыраңқылығымен, көп нәрсені білуге құштарлығымен, аңғалдығымен, ойын баласы болғандықтан әртүрлі қызықты тапсырмаларға, түрлі-түсті нәрселерге ден қоюымен ерекшеленеді. Сондықтан да бастауыш сынып оқушысы тіршілігінің негізгі үш тірегі болып еңбек, ойын және оқу есептелген. Ол балалар үшін кәмелетке келгенше жүріп өтетін өмір сатысы.
Адамзаттың көптеген жылдар бойғы ойнау тәжірибесі ойынның білімдік құндылығын дәлелдеді. Ойынның шығу сырын ғалымдар жүздеген жылдар бойы зерттеп келеді. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер бар.
Ойын өмірде пайдасыз көрінгенмен аса қажетті көрініс - құбылыс. Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері - мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатпен тыңдап, жемісті, сапалы меңгеруіне сенімді көмекші бола алады. Өйткені, кіші жастағы оқушылар жас ерекшеліктеріне байланысты ойынға өте ынталы келеді. Балалар тез сергіп, тапсырмаларды тез, әрі қызығып орындайтын болады.
Ойын балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін, қызығушылығын арттырудағы басты құрал. Ойын барысында балалардың белсенділігі, шығармашылығы дамиды. Ал мұғалімнің міндеті - балаларды ойынға өз қызығушылығымен, ынтасымен қатысуын қамтамасыз ету.
Ойын мен адам мәдениетінің өзара байланысы ғылыми түрде анықталды. Олардың тұлғаны дамытудағы маңызы анықталды, оның психологиялық және әлеуметтік факторлармен келісімі жөнінде кең қарастырылуда. Ойын технологиялары әлі де білім беру саласында жаңа инновация болып табылады.
Педагогикалық технология ұғымы түрлі педагогикалық ойын түрлерін педагогикалық процесте әдістер мен тәсілдердің кең көлемді топтарын біріктіреді, оның жалпы ойындардан ерекшелігі оқытуда нақты мақсатының қойылуымен және оның оқу-танымдық бағыты сипатталған, негізі салынған педагогикалық нәтижесіне сай анықталады.
Ойын технологиясы балалардың айналасын тану қызметіндегі белсенділігі мен шығармашылығының қалыптасуына жолды кең ашатын табиғи құбылыс. Атақты педагогтар В.А.Сухомлинский, Н.К.Крупская, К.Д.Ушинский ойынның балалардың ой өрісін дамытуда, шығармашылық қабілетін көрсете білуде, дүние танымын қалыптастыруда практикалық маңызы зор екенін атап көрсеткен. Қазақ халқының ұлттық ойындарының педагогикадағы ролі туралы Ә.А.Диваев, М.О.Әуезов сынды ғалымдарымыз алғашқы пікірлерін айтқан болатын. Ойын әрекетінің балалардың бағалы өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ маңызы зор. Халық жасаған мұралардың бірі де бірегейі – ұлттық ойындар. Ойынға тек ойын деп қарамай халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қарау керек. Ұлт ойындары отбасы тәрбиесінен бастап, мектептегі жеке пәндерді оқыту барысында қосымша материал ретінде, баланың сол пәнге қызығушылығын арттыру үшін пайдалануға болады.
Адамдар ойынды ежелден-ақ оқыту әдісі ретінде, алдыңғы ұрпақтың жастарға беретін тәжірибесі ретінде қолданып келген. Мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерде, мектепте ойын кең көлемде қолданылады. Қазіргі оқу ісін күшейту мен оқушылардың белсенділігін арттыру жұмысын алға қоятын мектептерде ойын мынандай жағдайларға қолданылады:
- тақырыптарды, тіпті оқу пәнінің бөлімдерін, мағлұматтарды меңгеру үшін өзіндік технология ретінде;
- жалпы технологияның элементі ретінде;
- сабақ немесе оның бөлігі ретінде (кіріспе, бақылау);
Сыныптан тыс жұмыс технологиясы ретінде.
Quot;Ойындық педагогикалық технологиялар" ұғымына кең көлемді әдістер мен әртүрлі педагогикалық ойындар формасындағы педагогикалық процестерді ұйымдастыру тәсілі енеді. Жалпы ойыннан педагогикалық ойынның айырмашылығы, ол оқу-танымдық бағыттылықпен сипатталады және нақты қойылған оқыту мақсаты мен оған дәлелденген педагогикалық нәтижелерге сәйкес келетін маңызды белгілер тән болады. Оқудың ойындық формасы сабақтарда оқу ісіне талаптандыру, ынталандыру құралы ретінде ойын түрлерінің, әртүрлі ситуациялардың көмегімен іске асады.
Лы Абайдың «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болама ма?» - деген пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады. Ал ертедегі ұлы ойшылдар Ж.Ж.Руссо мен И.Г.Песталоцци ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керектігін білген [30].
Ойындар оқушылардың ой - өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер береді.
Ойын арқылы оқушы нені меңгереді
1. Оқушылар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.
2. Оқушылар тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді өз бетінше шеше білуге үйретеді.
3. Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.
4. Оқушы әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.
5. Уақытты үнемдеуге үйретеді.
6. Оқушылар үшін психологиялық жағымды.
7. Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.
8. Оқушылар үшін қауіпсіз.
9. Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады.
10. Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек.
11. Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі.
12. Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде оқушылар ата-аналарымен, өзге балалармен, мұғалімдермен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өз бетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді. Ойын әрекетінің балалардың бағалы өмірінің алғашқы күндерінен бастап-ақ маңызы зор.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқу– тәрбие жұмысының негізгі саласы сабақ. Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. Сабақ барысындағы ойын әдістері оқушыларды оқу қызметіне ынталандыру құралы ретінде ойын әдістері мен жағдайларының көмегі арқылы құрылады.
Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни окушыға берген біліміміздің қайтарымын көру. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет. Бес саусақ бірдей емес, яғни әр оқушының сабаққа қызығушылығы, дүниетанымы, даму ерекшеліктері әртүрлі. Сондықтан оқушылардың осы топтарына әртүрлі деңгейде талап қоюға тура келеді. Ал ойын элементтері кез-келген оқушының қызығушылығын тудырады. Тіпті нашар оқитын оқушының өзі ойын арқылы берілген тапсырмаларды асқан қызығушылықпен, белсенділікпен орындайды. Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі - дидактикалық ойындар.
Ойын элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады. Атап айтқанда, мұғалім ойын жағдаяттарын туғыза отырып, әртүрлі заттарды қолдану арқылы сұрақтар қойып, затты көрсетіп, түсіндіріп ойын сюжетін құрастырады.
Бастауыш сыныптардың тіл сабақтарында дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдалануға болады. Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын баласы, сондықтан мұғалім оларды жалықтырмай әртүрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізуге тырысуы қажет.
Ойын – балалардың шынайы және ойлап тапқан шындығына тез, еркін енуіне, өзіндік «Менін» қалыптастыруға және шығармашылыққа, белсенділікке, өзін-өзі дамытуға мүмкіндік береді. («Мен оқушымын», «Мен және менің отбасым», «Мен жолаушымын», «Біз жолаушымыз», «Адамдардың кәсібі», «Мен кәсіпкермін», «Біз қонақтамыз») Мұндай ойын түрлерінің ерекшелігі - жоғары көңіл-күйде ойналатын рөлдер шынайы сезімге, ойға, ниетке толы болады және бала үлкендер сияқты дәрігер, эколог, жол көрсетуші болғысы келеді. Бұл ойындарда балалардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттері реттеледі. Ойын іс-әрекетінің мотивациясы: еркіндікті, таңдау мүмкіндігін, қажеттілігін, өз-өзіне сенімін, өзін-өзі дамытуын қамтамасыз етеді. Сонымен, ойын арқылы келесі маңызды міндеттер: баланың қоғамдық қатынастарға бейімделуі, жалпыадамзаттық мәдени құндылықтар мен әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениеттерін меңгеруі; баланың шынайы адамгершілік коммуникацияға енуіне мүмкіндік беретін коммуникативті іс-әрекеттердің көрініс табуы жүзеге асырылады.
Мұғалім ойын технологияларын пайдалана отырып, баланың әр қырынан көрінуіне (интеллектуалдылық, шығармашылық, эмоционалдылық, коммуникативтік) және оның мінез-құлқында, қарым-қатынасында, оқуында пайда болатын әртүрлі қиындықтарды жеңуге жағдай жасайды. Мұғалімнің ең басты мақсаты - сабақ мақсаты мен қолданылатын ойынның мақсатын ескере отырып, сабақтар мен сыныптан тыс сабақтарда, оны орынды қолдана білу. Оқушылар мен мұғалімнің ойынға ынтасы болған жағдайда ғана, ойын жүруі мүмкін. Ешқандай ойынды формалды ойнауға болмайды. Әрбір дидактикалық ойынға, бір жағынан дидактикалық жаттығуларды орындау тән, мысалы: затқа немесе құбылысқа жалпы сипат беру, олардың ерекшеліктерін табу сияқты жұмыстар, оқушыларды ұқсастықты, айырмашылықты т.с.с. құбылыстарды табуға, байқауға баулиды.
С.Ф.Занько, Ю.С.Тюнникова және С.М. Тюнниковалардың пікірінше, оқу ойындары және дидактикалық ойындардың айырмашылығы мынада оқу ойындары формасы бойынша ойын, мазмұны бойынша – оқу, ал дидактикалық ойын мектептегі оқуды ұйымдастырудың қалыптасқан түрін тек толықтыру. Оқу ойыны – бұл оқуды ойын арқылы ұйымдастыру. Зерттеулер көрсеткендей, дәстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне қарағанда, оқушылар ойынға қатыса отырып, неғұрлым аз шаршайды, оқу қызметінен жағымды эмоциялар алады.
Дидактикалық ойындар – оқытудың маңызды құралы, оқыту мақсатын жүзеге асыруға арнайы арналған ойындар. Дидактикалық ойындар байқампаздық, елестету, есте сақтау, сөйлеу, ойлау қабілеттерін, сенсорлық бағдарын дамытады. Оның мақсаты: жаңаша білім беру мазмұнына көшу, нақты іс-әрекет жүргізу, ізденушілікпен жұмыс істейтін оқушы тәрбиелеу.
Рөлдік ойындар – тіл дамыту құралы. Бұл тілді үйрену процесіндегі ең белсенді әдістемелік тәсілдердің бірі. Оны тиімді қолдана білген ұстаз оқушыларға білім мен тәрбие беруде табысқа жетеді,сол арқылы шәкірттерінің бойында ойын өзгеге өз бетінше жеткізу қабілеті мен дағдысын қалыптастыруға, монолог түріндегі ойын дамытуға, диалогтық қарым-қатынас негізіндегі сөйлеу тілін бағыттауға ықпал етеді. Бұл тілді үйрену процесіндегі ең белсенді әдістемелік тәсілдерінің бірі. Оны тиімді қолдана білген ұстаз оқушыларға білім мен тәрбие беруде табысқа жетеді, сол арқылы шәкірттерінің бойында ойын өзгеге өз бетінше жеткізу қабілеті мен дағдысын қалыптастыруға, монолог түріндегі ойын дамытуға, диалогтық қарым-қатынас негізіндегі сөйлеу тілін бағыттауға ықпал етеді.
Рөлдік ойын оқыту мақсатында қолданылатын, сөзге араласу жағдайын ұйымдастыратын құрал десекте болады. Оның негізінде өзара рөлдегі және ойындық көріністерді бөліп алып, соған сәйкес оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынас жасаудағы ұйымдастырылған әңгімесі жатады. Рөлдік ойындарда сөзге араласушы жандардың басты назары әңгіменің мазмұнына ауады; рөлдік ойындарда тілді әлеуметтік тұрғыдан қолдануда барынша сезімтал болуға үйретеді; оқушылардың қызығушылығын қалыптастыруға оң әсерін тигізеді; әдеттегі жағдайда қалыптасуға қиын қабілеттерді бойға сіңіруге кең жол ашады; ойындық рөлдерді жүргізу кезінде оқушылардың бойында тілді үйретуге байланысты шығармашылық қабілеті дамиды; ойында оқушылардың барлығы жұмысқа белсене кіріседі, ойын тілді үйретушілердің бір-бірімен және оқушылармен қарым-қатынасқа түсу ынтасын арттырады; әңгімелесушілердің сөзге білімділік қабілетін танытудағы теңдік жағдайын жасайды; жағымды да әсерлі қарым-қатынас тудырады және тағы басқалары. [31]
Рөлдік ойын
Дөңгелек үстел, эксперттік комиссияның отырысы, форум және т.б формада жүргізіледі.
Құрал-жабдығы: Рөлдердің, командалардың, топтардың сілтеме-көрсеткіштері),