Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


ЛогикалыҚ тест тапсырмалары




Оқушылардың шығармашылығын дамытудың тиімді жолдары мен әдіс тәсілдері

 

«Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» білімді өзі бетімен ала алатын және оны түрлі жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңарған әдіс-тәсілдеріне көшу талабын қойып отыр. Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық "жаңалық” ашуы шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек.

Оқушылардың шығармашылығын дамытуда тиімді әдістер деп өз республикамызда ғалымдар Ә.Қоңыратбаев, С.Тілешова шығарма жаздыру, В.Д.Чернов факультативтер мен үйірмелер арқылы қабілетті шығармашылық деңгейге көтеру жолдарын қарастырса, К.Ә.Жамалбаева көркем шығармалар арқылы, М.Мұхамедин ойын әрекеті арқылы шығармашылық қабілеттерді дамыту жолдарын айқындайды. Ал Б.Тұрғынбаева шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдарын ұсынады, ол шығармашылық тапсырмалар мыналар: жұмбақ құрастыру, өлең құрастыру, мақал-мәтел құрастыру, әңгіме жаздыру, ертегі жаздыру, сөзжұмбақ құрастыру, шығарма жаздыру, мінездеме жаздыру [25].

Шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыруда, яғни шығармашылық тапсырмаларды іріктеуде қойылатын әдістемелік талаптар:

- Шығармашылық тапсырмалар мазмұны танымдық сипатта, яғни оқушының ой-өрісін, қиялын, т.б. дамытатындай, соған байланысты іс-әрекеттің түрлі амалдарын қолдана алатындай білік қалыптастыру көзделуі қажет.

- Шығармашылық тапсырмаларды құрастыруда оқушының дара ерекшелігін, әдебиетке құштарлығын есепке алу қажет.

- Шығармашылық жұмыстарды орындау нәтижесі оқушының пәнінен алатын білімін тереңдетуге, пәнге қызығушылығын арттыруға бағытталуы тиіс.

- Шығармашылық тапсырмалар негізінде оқушылардың сөздік қорын байыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру, мектептердің алдында тұрған үлкен міндет.

Оқушының шығармашылықпен айналысуына қоршаған ортасы, ата-ана, мектеп қолайлы жағдай туғызуы керек. Мұғалімнің міндеті шығармашылық бағыт-бағдар беріп отыру. Шығармашылықпен жеке, дара оқушы емес, сыныптағы барлық оқушылар айналысу үшін мүмкіндік керек. Мұндай іске белгілі бір тақырыпта пікірсайыстар өткізудің маңызы зор. Күнделікті сабақта өтілген тақырып бойынша оқушының ойын білу, сол тақырып бойынша көзқарасын білдіруі, шығарманы талдауы – шығармашылық қабілетті арттырудың бір жолы. Шығармашыл қабілетті дамытуды ең алдымен, қарапайым нәрселерді суреттей білуден бастаған жөн. Бала күнделікті өмірде өзі көріп жүрген оқиғаларды баяндай білуі, оған өз түйсігімен қарап, өз жүрегімен сезініп, ішкі жан дүниесіндегі тебіреністі әңгімелей білуге үйрету керек.

Б.П.Есиповтың пікірінше, оқушының шығармашылық жұмысы мұғалімнің міндеттерді шешуіне, атап айтқанда:

а. Оқушының білімді игеруі мен түсінігін кеңейтуге;

ә. Оқу бағдарламасында көрсетілген дағды мен іскерлігінің дамуына;

б. Алған білімін өмірде, қоғамға пайдалы еңбекте, өндірісте қолдана білу;

в. Олардың танымдық белсенділігін арттыруға;

г.Ақыл-ой мәдениеті мен дене еңбегі мәдениетін дамытуға;

ғ. Оқушының өз бетімен жұмыс орындай алуына көмектеседі.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда логикалық тапсырмалардың да маңызы зор. Логикалық тапсырмалар оқушыларды белсенділікке тәрбиелеуге, өз бетінше іздене білуге дағдыландыру, икемділік пен шеберлікке баулу мақсатында пайдаланылады.

Оқушылардың тапқырлығы мен ой ұшқырлығын байқау үшін өзіміз құрастырған логикалық тест сұрақтарын өткіздік. Тесті 3-4- сыныптарда өткіздік.

ЛОГИКАЛЫҚ ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ

1. Бірінші сөздің жалғасы, екінші сөздің бастауы болатын үш әріптен тұратын сөзді тап.

Кес (...) дік, жұ(...) ық, дәп (... тер ) ме, ой (... мақ ) тау.

2. Барлық сөздің мағынасы шығатындай етіп, ортақ жалғауды тап.

Бі

ше

көй (... лек)

ті

ә

3. Төменде берілген әріптерден комбинация әдісімен кем дегенде 10 сөз (зат есім болсын) тауып жаз. Т, Ж, А, Н, Р, Қ, У.

4.Бірінші сөздің жалғасы, екінші сөздің бастауы болатын жұрнақты тап.

Ба быс

қал мақ

жо (... та ) лант

ұс маша

бал бақ

5. Анаграмманы шеше отырып, артық сөзді тап.

МАҚҰҒЫЗЛАҚТО (

ХАШТАМ (шахмат)

МЫЛҒЫ (ғылым)

РАНЫД (дарын)

6.Барлық сөздің мағынасы шығатындай етіп, алғашқы буынды тап.

лем

(... кі) тап

сен

ріс

7. Түсіп қалған әріптерді тауып қойыңыз.

 

 


8. Екі-екіден әріптер берілген. Бұл сөз тіркесіндегі сөздердің бас әріптері болғандықтан одан тез арада сөз тіркестерін құрап жаз. Мысалы:

ДА – дана адам. ТО, АҚ, ЖБ, АТ, ШЖ.

9. Нүктенің орнына жақша сыртындағы сөздермен мағыналас сөзді қой.

Саусақ (...) тырнақ, құлып (...) есік, құпия (...) бояу.

10. Неге бұлай? Себебін түсіндіріп жаз.

ҚАСҚЫР БҮРКІТ ИТМҰРЫН
Ж Қ ?

Осындай әдіс-тәсілдерді үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Бала бойындағы қабілетті ашу – оқушыны шығармашылық бағытта дамуына жете мән беруі болып табылады [26[.

Шығармашылықпен айналысқан оқушының ойы жүйрік, тұғыры биік азамат болып қалыптасады. Сөзбен жүргізілетін жұмыс түрлері сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі. Сөздік жұмысы оқушыны бір жағынан ойлауға жетелесе, екінші жағынан қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады. Мысалы:

1. Берілген сөздердің ішінен солдан оңға қарай оқығанда жаңа сөз шығатын сөздерді теріп жаз:

Қыран қала Дархан

Мұз бұлақ есек

Қысым сүт киім

2. «Ал» буынынан басталатын бірнеше жеміс атауларын жазып, төрт сөйлем құра: Ал ма,.........

3. Қандай сын есім жазылғанын табыңдар:

Зықыл (қызыл) рыса (сары)

Ыңқал (қалың) ікби (биік)

Анжу (жуан) рат (тар)

Бұл жұмыстар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға зор үлесін тигізеді. Оқушыны шығармашылыққа баулу, өз еңбегінің нәтижесін көруге, оны бағалауға бағыттау – өте күрделі үрдіс. Оқушының шығармашылық мүмкіндігі оның жеке тұлға ретінде қалыптасу үрдісінде пайда болады. Егер шығармашылық оқушының жас кезінде бағалы бағдар болып қалыптаспаса онда болашақта да оның қалыптасуы екіталай. Сондықтан да бүгінгі жас ұрпаққа жан-жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Олай болса, қазіргі ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу.

Оқушы шығармашылығы практикалық әрекеттер, ізденімпаздылық арқылы дамиды. Бастауыш сынып оқушыларында жаңа, өзі білмейтін іске деген қызығушылық басым болады. Ондай істер баланың бар ақыл-ойын, ішкі күштерін жұмылдырады және ерекше қуат береді. Ал, сол баланы шығармашылыққа үйрету үшін мынадай жағдайларды ескеру тиіс:

- мұғалім ең алдымен, сыныпта шғармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назарын бір нәрсеге бағыттауы керек;

- әрбір шығармашылық тапсырманы ұсынудың мазмұны баланың жас ерекшелігіне, қызығушылығына үйлесу керек;

- қолайлы жағдай жасау;

- шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, сапалы түрде қалыптастырып отыру;

Мұғалім оқушы үшін тек ұстаз ғана емес, сенімді досы болмағы ләзім. Егер мұғалім шығармашылықпен айналысатын болса, балалармен пікір алмасатыны заңды. Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар: біріншісі – «сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан еш нәрсе келмейді» деген тыс қорғаныш сезімі, екіншісі – өзіне-өзі тым риза болмаушылық сезімі, үшіншісі – жалқаулық. Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолы жағдай жасау, қолдау және дұрыс бағыт беру. Бастауыш мектепте шығармашылық қабілеттіліктері оқу әрекетінде көрінеді. Оқу әрекетінде мұғалім мен оқушы тығыз байланыста болуы керек. Ол үшін мұғалім бар күш-жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы қажет. Бастауыш сыныптарда шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренген оқушы жоғарғы сыныптарда шығармашылық жұмыстың қай түріне болсын бейім болады және дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге тырысады. Оқушы не нәрсені болса да білуге құмар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді.

Мұғалім оқушыларға шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру мақсатында түрлі танымдық тапсырмалар дайындауда мынадай талаптар қойылады:
- шығармашылық тапсырмалардың түрлі деңгейде болуы;

- кезекті тапсырма бұрын берілген тапсырмамен байланыста және бір жүйеде болуы;

- білім мен біліктерін жетілдіретіндей болуы;

- тапсырмалардың қарапайымнан күрделіге өзгеруі;

- оқушының жеке қабілетін ашатындай болуы;

Шығармашылық дербестік жеке тұлғаның тұрақты сапалық белгісі ретінде оқушының жан-жақты дамуына жағымды ықпал етеді, ақыл-ой және адамгершілік қуаты оның ерік-жігерін, ойлау, елестету қабілетін, эмоциясын белсендіретін қызықты интеллектуалдық іс-әрекетінде көрініс табады. Ол жеке тұлғаның қоғамда беделін көтеруде және оның өз-өзіне баға бере білуіне ықпал етеді.

Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: “Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай, тұлпарды есекке айналдырып құртып тынады”. Міне, ұстаз осындай келеңсіздікке жол бермеуі керек.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:
1. Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;

2. Сабақты түрлендіріп өткізу;

3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;

4. Техникалық құралдарды тиімді қолдану;

5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.

Сондықтан әр бала бойындағы шығармашылық қабілеттерін бағыттап, тәрбиелеу қазіргі таңдағы ата - ана мен мұғалімнің тарапынан қолдау тауып отыруы қажет [27].

Негізінен, бастауыш сынып оқушыларының қиялы әдеттегіден тыс, ерекше. Олар естіген әңгімелер, ертегі желісімен өзі де оларды құрастыра алады. Сондықтан мұғалім ертегіні немесе әңгімені бастап беріп, оны аяқтауды оқушыға тапсыратын болса, балалар оны аяқтаудың түрлі жолдарын қарастырады. Соған байланысты балалардың шығармашылығын арттыруда мынадай әдістерді пайдаландым:





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-14; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1108 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

В моем словаре нет слова «невозможно». © Наполеон Бонапарт
==> читать все изречения...

2172 - | 2117 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.