I.3. ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
Мақсаты:жоғары медициналық білім беру жүйесінде патологиялық физиология пәнінің маңызы туралы түсініктерді қалыптастыруу
Дәріс жоспары:
1. Патологиялық физиология курсына кіріспе.
2. Патофизиология ғылым және оқу пәні ретінде жоғары медициналық білім беру жүйесіндегі орны мен маңызы, оның басқа ғылымдармен байланыстылығы.патологиялық физиологияның негізгі міндеттері
3. Патологиялық физиологияның әдістері. Медициналық-биологиялық тәжірибені құрудың жалпы ұстанымдары. Адам ауруларын зерттеуде жануарларда дерттік үрдістерді үлгілеу және эксперименттік емдеу мүмкіндіктері мен маңызы. Медицинада тәжірибенің және басқа да үлгілеу әдістерінің шектеулігі және оған қол жеткізу жолдары.
Дәрістің тезистері
Патофизиология (грекше Pathos – ауру, дерт, physis – табиғат, қызмет, logos - ғылым) – ауруға шалдыққан организмнің қызметі туралы ғылым.
Патофизиология аурулардың пайда болуы, дамуы және аяқталуының негізгі заңдылықтарын зерттейді.
Патофизиологияның міндеттері
· Жалпы этиология сұрақтарын зерттеу
· Патогенез сұрақтарын зерттеу
· Экспериментік емдеу тәсілдерін өңдеу
· Дәрігерлік ойлауды қалыптастыру
Патофизиологияның негізгі тәсілі – патофизиологиялық эксперимент – әртүрлі аурулардың пайда болу, даму тетіктеріің заңдылықтарын зерттеу және емдеу мен алдын алудың жаңа әдістерін өңдеу және тиімділігін анықтау, дәрілік заттарды клиникаға дейін зерттеу.
Патофизиологиялық эксперименттің ерекшелігі: адам ауруларын жануарларда үлгілеу.
Үлгілеуге қойылатын талаптар:
1) Ауруды тудыратын себеп пен жағдайдың сәйкестігі және оны үлгілеуде қолдану
2) Ауру мен оның үлгісінің жүйелік, ағзалық, жасушалық және молекулалық, қызметтік және құрылымдық өзгерістерінің ұқсастығы
3) Типтік асқынуларындағы ұқсастық
4) Бірдей әсерлермен емдеудің тиімділігі
Тәжірибенің артықшылығы:
· Аурудың бастапқы (әйгіленімсіз) сатысын зерттеу
· Аурудың емделмеген түрін зерттеу
· Аурудың кезкелген сатысында ішкі ағзалардың биохимиялық және морфологиялық өзгерістерін зерттеу
· Емдеудің жаңа әдістерін өңдеу және дәрілік заттарды зерттеу
Тәжірибенің кемшілігі:
· Адамның барлық ауруын жануарларда үлгілеу мүмкін емес
· Жануар аурулары адам ауруларынан ерекшеленеді (адам ауруын жануарда толық көлемде алу мүмкін емес)
Қазіргі кезде жануарларда тәжірибе жасау төмендегі негізгі нормативті құқықтық актілермен бақыланады:
· ҚР ДС 2007 жылғы 25 шілдедегі № 442 «Қазақстан Республикасында клиникаға дейінгі, медициналық-биологиялық тәжірибелер мен клиникалық зерттеулерді жүргізу ережелері туралы» бұйрығы.
· Қазақс тан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің 2005 жылғы 14 ақпандағы №51 «Қазақстан Республикасында фармакологиялық және дәрілік заттарды клиникаға дейінгі зерттеу жүргізу бойынша Құрылымды бекіту туралы» бұйрығы
· Қазақстан Республикасының «Зертханалық тәжірибе. Негізгі қағидалары» мемлекеттік стандарты.Қазақстан Республикасы сауда және индустрия Министрлігінің техникалық реттеу және метрология бойынша Комитетінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы №575 бұйрығы.
· ҚР денсаулық сақтау Министрінің қ.а. 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 19 «Медициналық ұйымдардың қалдықтарын жою, сақтау және тасымалдау, залалсыздандыру, қолдану, жинауға санитарлық-эпидемиологиялық талаптары» № 2674 құқықтық-нормативті акті бойынша мемлекеттік регистрде тіркелген бұйрығы.
Бұл құжаттардың мақсаты клиникаға дейінгі және медициналық-биологиялық тәжірибелерді бақылау, құжаттық рәсімдеу, жүргізу, жоспарлауға, сонымен бірге зерттеу барысында алынған ақпараттардың дәлдігі мен парықтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Көрнекті материал:
1. М ультимедиялық дәрістердің электронды түрі (студент кафедрадан алады)
2. Курс лекций под ред. А.Н.Нурмухамбетова: Патофизиология в схемах и таблицах: – Алматы: Кітап, 2004. – ҚазҰМУ кітапханасында және кафедрада электронды түрі
Әдебиеттер:
Негізгі
1. Ә.Нұрмұхамбетулы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 6-22.
2. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 12-17.
3. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1, с.25-61
4. Патологическая физиология: Учебник п/р Н.Н.Зайко и Ю.В.Быця. – 2-е изд. – М.: МЕДпресс-информ, 2004. – С. 18-30.
5. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 1-14.
Қосымша
6. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 3-11.
7. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 25-37.
8. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2001, С. 25-31.
Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
1. Патофизиология нені зерттейді?
2. Патофизиологияның негізгі әдісі
3. Жануарлардағы тәжірибенің артықшылығы мен кемшілігі
4.