МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ…………………………………………………………………….......ХХ
1 МЕМЛЕКЕТТІК НЕСИЕ ТҮСІНІГІ, НЫСАНДАРЫ МЕН СЫНЫПТАМАСЫ
1.1 Мемлекеттік несие түсінігі және оның экономикалық мәні……………………………………………………………….………………ХХ
1.2 Мемлекеттік несиенің түрлері, нысандары және әдістері…….. …….. …ХХ
2 Мемлекеттік несие көрсеткіштерін талдау
2.1 2013-2015 жылдардағы мемелкетіік несие көрсеткіштерін талдау………..
2.2 Халықаралық мемлекеттік несие…………………………………………….
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК НЕСИЕНІ БАСҚАРУ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
3.1 ҚР мемлекеттік несиені басқарудағы проблемалары мен оны шешу жолдары………………………………………………………………………….ХХ
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................ХХ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................ХХ
КІРІСПЕ
Мемлекеттік несие – жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және кредит қатынастарының жиынтығы, бұл қатынастарда мемлекет несиегердің де, қарыз алушының да, гаранттың да рөлінде көрінуі мүмкін.
Мемлекеттік кредиттің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мерзімділігінде және ақылығында. Алайда, бұл қатынастарда банк несиесімен шатастыруға болмайды. Мемлекеттік кредиттің көмегімен жұмылдырылған қаражаттар көбінесе экономиканы қаржыландыруға бағытталатындықтан оның өндірістік сипаты болуы тиіс. Мемлекеттік кредит жөніндегі қатынастар мына негіздерде қаржы қатынастарына кіреді:
1) мемлекеттік несие жолымен жұмылдырылатын қаражаттар әр түрлі қажеттіліктерді — өндірістік, өндірістік емес, сол сияқты стратегиялық, оперативтік қажеттіліктерді қаржыландыруға бағытталатын мемлекеттің қаржы ресурстары ретінде қаралады;
2) алынған және берілген кредиттер үшін есеп айрысулар, олар үшін пайыздар төлеу бюджеттердің – үкіметтің қарыз алулары кезінде орталық немесе биліктің жергілікті органдарының қарыз алулары кезінде жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен жүргізіледі. Бюджет кірістерінің негізі және тұрақты бөлігін салықтық түсімдер құрайтындықтан қарыздар арқылы жұмылдырылатың қаражаттар «антиципацияландырылған салықтар”, яғни мерзімінен бұрын өндіріп алынған салықтар деп салынады.
Қаражаттың басқа бір көзі- бұл бюджеттің барлық шығындық баптары бойынша қатаң үнемдеу және аса қатал қаржы тәртібі. Осыны ескере отырып Үкіметке республикалық бюджет шығындарын оңтайландыруды және апта сайынғы мониторинг режимінде бюджеттік қаражаттың жұмсалуын жіті бақылауды тапсырамын. Осыған сондай-ақ біздің депутаттарды да шақырамын.
Қауырт өсу кезеңінде үйреншікті болып кеткен ысырапқорлық ойлы тұтынумен және үнемдеумен ауыстырылуы тиіс. Ашығын айтайық, бізге ақша пайда болған осы жылдары сұраныс көбейіп, штаттар қампиып кетті және іссапарлар саны, әрқилы ауқымды мәдениет күндерін өткізу ұлғая түсті. Осы мәселеде баршаның ойланғаны керек.
Қаржы тәртібін бұзушыларға дағдарыс уақытының заңы бойынша қатал сұраныс қойылуы тиіс. Барлық басым емес шығындар- әкімшілік, инвестициялық және басқа шығындар- нолге теңестірілуі тиіс. Бұл жергілікті бюджеттерге де қатысты» [1, 2 б.].
Несие—қарыз капиталының қозғалысы, несие беру мүмкіндігі ақысын төлеу, қайтарып беру және мерзімдік приңциптеріне құрылған. Экономикалық категория ретінде несие құл иеленушілік қоғамда өсімқорлардың ақшаны қарызға беруінен басталып, өзінің айтарлықтай даму дәрежесіне буржуазиялық қоғамда қарыз капиталын пайдалану арқылы жетті. Несие нарықтық экономика тұсында маңызды қызметтер атқарды.
Біріншіден, тарихи тұрғыдан несие қоғамдық өндірістің шеңберін айтарлықтай кеңейтті.
Екіншіден, несие қайта бөлу қызметін атқарады. Осының арқасында жеке жинақтар, кәсіпорындар пайдасы, мемлекет табысы қарыз капиталына айналып, халық шаруашылығының кіріс келтіретін салаларына жұмсалады. Мысалы, АҚШ-та жинақтың ірі көзі (басқа елдердегі сияқты) жеке адамдар (отбасы, халық). 2014 жылы АҚШ экономикасының бұл секторында таза жинақтар (жалпы жинақтан берешекті шығарып тастағанда) 198 млрд. доллар болды. Бұл қаржының үлкен бөлігі мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуға жұмсалды.
Үшіншіден, несие айналым шығындарын үнемдеуге көмектеседі. Оның дамуы барысында банктік есеп-шот пен салымдар (несие карточкілері, әр түрлі есепшоттар, депозит сертификаттары) қолма қол ақшасыз айналымға түседі, сөйтіп ақша ағымы жеделдейді.
Төртіншіден, несие капиталдың орталықтануы мен шоғырлануын тездету қызметін атқарады. Несиені бәсекелік күресте жиі пайдаланады, ол фирмалардың бірігуі мен бірін-бірі жойып жіберуіне ықпал етеді.
Бюджеттік тапшылықтарды қаржыландырудың басты жолы мемлекеттік несие. Мемлекеттік несие қаржы — экономикалық қатынастардың жиынтығы, мұнда мемлекет заем немесе кредитор — несие беруші рөлін атқарады. Егер әңгіме бюджеттік тапшылықты толықтыру жайында болса, онда мемлекеттің қызметі бізді заем беруші ретінде қызықтырады. Осы жоғарыда айтылған мәселер тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Курстық жұмыстың мақсаты- мемлекеттік несиенің түсінігін, мәнін, қызметтерін ашу. Қазақстан Республикасындағы және халықаралық мемелекеттік несиенің проблемаларын зерттеп, оны шешу жолдарын іздестіру.
Курстық жұмыстың міндеті- несие түсінігін, нысандары мен сыныптамасын, басқару проблемаларын қарастыру. Халықаралық мемлекеттік несие мен Қазақстанның мемлекеттік несиесінің арасындағы айырмашылықтырды зерттеп, отандық мемлекеттік несиенің проблемасының шешу жолдарын іздеу. Мемлекеттік несиенің мәнін ашу, әдістемелік сыныптамасын қарастыру.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттерден тұрады.
Бірінші бөлімде, мемлекеттік несиенің түсінігі, нысандары, сыныптасасы, түрлері қарастырылған.
Екінші бөлімде, Қазақстан Республиикасының мемлекеттік несиені басқару проблемалары мен халықарлық мемлекеттік несиенің проблемалары мен оны шешу жолдары ашылған.
1 МЕМЛЕКЕТТІК НЕСИЕ ТҮСІНІГІ, НЫСАНДАРЫ МЕН СЫНЫПТАМАСЫ
1.1 Мемлекеттік несие түсінігі және оның экономикалық мәні
Бюджеттік тапшылықтарды қаржыландырудың басты жолы мемлекеттік несие. Мемлекеттік несие қаржы — экономикалық қатынастардың жиынтығы, мұнда мемлекет заем немесе кредитор — несие беруші рөлін атқарады. Егер әңгіме бюджеттік тапшылықты толықтыру жайында болса, онда мемлекеттің қызметі бізді заем беруші ретінде қызықтырады.
Мемлекеттік несие жеке адамның несие беруінен айтарлықтай ерекше. Соңғы жағдайда ол өңдірістік мақсаттарға бағытталады. Бұл несие бойынша процесс өңдіріс процесіндегі құнның өсуімен байланысты. төленеді. Бюджеттік дефицитті жоюға бағытталған мемлекеттік несие көп жағдайда ендірістік қызметпен байланысты емес. Сондықтан мемлекет өзінің борышын негізінен бюджетке келіп түскен төлемдердің есебінен төлейді. Мемлекеттік қаржы ресурстары негізінен түрлі мемлекеттік заемдарды шығару есебінен жиналады. Олар банктің сақтандыру және өнеркәсіп компанияларының уақытша бос ақшаларын пайдаланады. Ақша айналымы мен жалпы экономикалық қызмет істеу үшін оған қажетті ресурстарды мемлекет қандай кездерден алады? Егер казначейлік міндеттемелері жеке секторларға орналасса, онда ақша ресурстары уақытша жеке адам иелігінен мемлекетке қайта бөлінеді. Ол үшін үкімет өзінің қағаздарын жоғары процентпен, капитал иелерін қызықтыратындай етіп шығаруы тиіс. Мемлекеттік борышты процентпен төлеу бюджет шығыстарының басты бөлігін алады. АҚШ-тың федералдық шығындарының ішінде 2013 жылы 8,9 проценттен 2014 жылы 14,5 процентке өсті. Мемлекеттік қарыздарды жеке секторда орналастыру өз кезегінде бюджеттік шығындардың одан әрі ұлғаюына жол береді. Бірақ үкімет өзінің казначейлік міндеттемелерін тек жеке секторда ғана орналастырып қоймай, орталық банктердің (ақша шығаратын) есебінде де ұстайды. Үкіметтің казначейлік міндеттемелерін есептей отырып, банк айналысқа көптеген қосымша төлем қаржыларын шығарады, бірақ олардың нақты тауар көлемдерімен еш байланысы жоқ. Мұндай жағдайда мемлекеттік бюджет ақша айналысына тікелей инфляциялық ықпал жасайды. Ақша көлемінің өсуі қоғам байлығын шын мәнінде ұлғайта алмайды. Мұндағы "мемлекеттік борыштың монеттенуі" көптеген елдерге тән жағдайды білдіреді, шексіз мемлекеттік шығындарды қаржылаңдыру ақша айналысын тұрақсыздандырудың тікелей себебі болады.
Мемлекеттік несиенің дамуы мемлекеттің қарызын басқарудың құрылымын жасауды қажет етеді. Мұндай шаралардың негізгілеріне жаңа заемдардың көлемін шығарудың уақытын, казначейлік міндеттеме бойынша проценттің мөлшерін, оларды орналастыруды анықтау жатады. Мемлекеттік заемдар әр түрлі мерзімге шығарылады, осы белгісіне қарай қысқа, орта және ұзақ мерзімді деп бөлінеді. Олардың айырмашылықтары шартты. Қысқа мерзімді заем, әдетте 1 жылдан 5 жылға, орта мерзімді 3-тен 5, ұзақ мерзімді 5 жылдан ұзақ уақытқа шығарылады.
Қарыз түрлері мерзімінің арақатынасының мемлекеттік борышты басқаруда айтарлықтай маңызы бар. Инфляция күшейген және ақша айналысьшың жалпы тұрақсыздығы жағдайында қысқа мерзімді қарыздың үлесі артады. Ақшаның инфляциялық құнсыздануы кезінде инвесторлар ұзақ мерзімді үкіметтің міндеттемесі бойынша ақша жұмсаудан қашады. Несие берушілер қысқа мерзімді казначейлік міндеттемелерді қалайды, өйткені олардың инфляциялық процестердің әсеріне тап болу қаупі аз. Мемлекеттік қарыздың жүйелі өсуі ұлттық табыстың проценттік төлем ретінде қайта бөлінуіне әкеледі. Мысалы Францияда мемлекеттік борышты процентпен төлеу 1982 жылғы 40 млрд. франктен 2015 жылы 125 млрд. франкке жетті. АҚШ-та федералдық қарыз бойынша таза проценттік төлемдер 1980 жылы 52,2 млрд. доллардан 2015жылы 165,7 млрд. долларға көбейді. Мемлекеттік қарыз басқа да берешектер сияқты жалпы ұлттық өнімге қарағанда әлдеқайда жылдам өседі. Мысалы, АҚШ-та 2012 пен 2015 жылдар арасында ЖҰӨ 1,6 есе артты. Ал сол аралықта халықтың, мемлекет пен финанстық емес корпорациялардың берешегі 2,2 есе өсіп, 10 триллион долл, яғни жалпы ұлттық өнімнен 2 есе көп болды. 90 жылдардың басында халықтың борышы 3,7 трлн. долл. финанстық емес корпорациялардың 3,5 трлн. долл. ал федералдық қарыз 3 трлн. долл. жақындады. Ірі бюджет тапшылығы және мемлекеттік міндеттемелер бойынша төлемдердің проценті өскен жағдайда казначейліктер берешекті төлеудің уақытын кейін ығыстырады. Осы мақсатпен мемлекет заемдарды конверсиялау тәжірибесін кеңінен қолданады. Мұндай ашаралардың мәні заемдарды жабуды кейінге қалдыру, мүмкін болғанынша мемлекет міндеттемелерін қысқа мерзімнен орта және ұзақ мерзімге айналдыру. Казначейліктер, инвестордың келісімімен өздерінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орта, ұзақ мерзімді қарыздарға ауыстырады. Осымен қатар ол өзінің қысқа мерзімді заемдер міндеттемелерін жоғары процент негізінде жаңа ұзақ мерзімді заемдар шығару арқылы сатып алады. Мұндай шаралар тез тиімділік беріп, үкіметтің финанс жағдайын жеңілдетеді. Бірақ олар бюджетті айтарлықтай тұрақтандыра алмайды, өйткені ол ставка процентінің одан әрі өсуіне әкеледі, ең соңында жалпы борыштың сомасын көбейтеді.
Мемлекеттік несиені басқарудың күрделі механизмін пайдалана отырып, казначейліктер бюджеттік тапшылықты жою үшін үлкен көлемде қаржы ресурстарын қолданады. Бюджеттік және қаржы — ақша саясаты макроэкономикалық реттеудің кең көлемдегі мәселелерін шешуге бағытталған. Олардың қатарына антициклдық саясатты жүргізу, жұмыспен қамту, төлеу қабілеті бар сұраныс дәрежесін және жалпы іскерлік белсенділікті реттеу жатады.
Бюджеттік шығыстарды ұлғайту мен салықтарды азайту шаралары сұраныстың және экономикалық белсенділіктің жалпы төмендеу кезінде, экономикалық дағдарысқа ұшырау қаупі төнгенде жүргізіледі. Мемлекеттің шығыстарын қаржыландыру жиынтық сұраныстың жалпы көлемін ұлғайтады. Салықтың төмендеуі күрделі қаржының, әсіресе орта ұсақ компаниялардың көбеюіне қолайлы жағдай жасайды. Салықтың төмендеуі жағдайында мемлекеттік шығындардың артуы мемлекеттік бюджеттердің тапшылығын ұлғайтып, инфляциялық процестердің күшеюіне әкеледі. Шығыстардың кірістен осындай артық болуы активті бюджеттік дефицит деп аталады. Сонымен қатар экономикалық белсенділіктің төмендеуі себепті мемлекеттік табыстардың қысқаруы пассивті дефицит деп аталады.
Тапшылықты қаржыландыру концепциясы неокейнсиандық бағыттағы экономистердің теориялық құрылымында берік орын алды. Оның негізгі ерекшеліктерін соғыстан кейінгі жылдары батыс экономистері экономиканы мемлекеттік реттеу үлгілерін жасауға кеңінен енгізді, ал үкімет басшылары оны тәжірибеде қолданды. Алайда тәжірибе барысында "дефицитті қаржыландыру" идеясы күткен нәтижесін бермеді. Бұл концепцияның ең әлсіз жері оны қолдану 60—70 жылдарда анық көрінген экономиканың инфляциялық тұрақсыздануын күшейтті. Белсеңді бюджеттік дефицит қарыздың монеттенуіне ақша массасының бақылаусыз көп ұлғаюына және ұлттық валютаның құнсыздануына әкелді. Сөйтіп, ұзақ мерзімді жоспарда активті бюджеттік дефициттер белгілі жағдайда халықтың сатып алу қабілеті мен мемлекеттік шығыстардың экономикаға ықпалының себебі болмақ. Мұндай мемлекеттік реттеудің ең басты бір проблемасы экономиканы "суыту" "инфляциялық қызып кету" дегенмен күресу.
Дефляциялық (инфляцияға қарсы) шаралардың күрделілігі мынада: оны жүзеге асыру мемлекеттік шығындарды азайтуды, несиенің қымбаттауына жол бермеуі ақша көлемін тығыздауды, қысуды қажет етеді. Мұның бәрі өз кезегінде жиынтық сұранысты тежейді, күрделі қаржыны азайтады, іскерлік белсенділікті төмендетіп, жұмыссыздықты көбейтеді.
Сонымен мемлекеттің несие проблемасы ақша айналасының күрделі кешенімен, бюджет саясатымен, мемлекеттің экономикалық белсенділік ықпалымен және әлеуметтік процестермен тікелей байланысты. Сыртқы қарыз. Шаруашылық өмірді жаппай интернационалдандыру процесі халықаралық кредиттің (несиенің) жедел дамуымен жүреді. Қажетті финанс қаржыларын шоғырландыру үшін мемлекет ұлттық шекарадан тыс жерлердегі ақша көздерін де кеңінен пайдаланады. Мұның нәтижесінде сыртқы борыш пайда болады, ол жоғарыда айтылған ішкі қарыздан айтарлықтай өзгеше. Халықаралық несие қызметінің басты қатысушылары жеке компаниялар, трансұлттық корпорациялар мен банктер әр түрлі қорлар және т.б. Бірақ соңғы кездерде халықаралық капитал рыноктарында операцияларға үкімет органдары қатысып заемщик, кредитор рөлін атқарады. Мемлекет финанс қаржыларын қарыз капиталының ұлттық рыноктарынан (жеке кредиторлардан немесе ресми органдардан) сонымен қатар "еврорыноктан", яғни қарыз капиталын ұлттық рыноктан тыс та алады. Ұлттық рыноктарда сыртқы заем жеке банктің өкілеттігі немесе мемлекетаралық келісімдер арқылы орналастырылады. Мемлекетаралық заемдар әр түрлі валюта арқылы орналасады, бірақ, әдетте шығарылған тұста бекітілген валюта паритетін сақтайды. Экономикалық өмірдің интернационализациялануының қазіргі кезеңі халықаралық несиенің тез өсуімен, осының негізінде сыртқы қарыздың ұлғаюымен сипатталады. Соңғы онжылдықта дамушы елдердің қарызы жоғары қарқынмен өсті, 2010 жыл ол 126,5 млрд. долларға жетті. Алайда сыртқы берешектіктің өсуі өнеркәсібі дамыған елдерге де тән, Мысалы қазір ірі нетто — қарыз, елі АҚШ. Өткен онжылдықта жоғары процент ставкасы нәтижесінде АҚШ американ банкілеріне ірі шет ел капиталының ағылуын қамтамасыз етті. Бұл капиталдың едәуір бөлігі федералдық үкіметтің бағалы қағазына айналып, бюджеттің дефицитін қаржыландыруға жұмсалды. Алайда АҚШ-тың жалпы сыртқы экономикалық позициясы өзгерді. Егер 80-жылдарда АҚШ нетто кредитор болса, 2014 жылы оның таза борышы 540 млрд. доллар. (ЖҰӨ-нің 11%) болды. Үстіміздегі онжылдықта бұл көрсеткіш 1 трлн. долл. жетпек. Халықаралық несиенің тез өсуі, шаруашылық өмірдің интернационалдануы елдер арасында капитал миграциясының аймақтар мен елдердің экономикалық өзара тәуелдігінің тереңдеуінің нәтижесі. Халықаралық несие финанс ресурстары жеке сектордың қажетін өтеуге де, мемлекеттік бюджеттің дефицитін жоюға да мүмкіндік береді. Сонымен қатар сыртқы борыштың өсуі айтарлықтай проблема туғызды. Оның ең бастысы несие беруші елдер мен дебитор елдердің экономикасының сыртқы факторларға тәуелділігі [2, 236-242 бб.].
Несие—қарыз капиталының қозғалысы, несие беру мүмкіндігі ақысын төлеу, қайтарып беру және мерзімдік приңциптеріне құрылған. Экономикалық категория ретінде несие құл иеленушілік қоғамда өсімқорлардың ақшаны қарызға беруінен басталып, өзінің айтарлықтай даму дәрежесіне буржуазиялық қоғамда қарыз капиталын пайдалану арқылы жетті. Несие нарықтық экономика тұсында маңызды қызметтер атқарды.
Біріншіден, тарихи тұрғыдан несие қоғамдық өндірістің шеңберін айтарлықтай кеңейтті.
Екіншіден, несие қайта бөлу қызметін атқарады. Осының арқасында жеке жинақтар, кәсіпорындар пайдасы, мемлекет табысы қарыз капиталына айналып, халық шаруашылығының кіріс келтіретін салаларына жұмсалады. Мысалы, АҚШ-та жинақтың ірі көзі (басқа елдердегі сияқты) жеке адамдар (отбасы, халық). 2014 жылы АҚШ экономикасының бұл секторында таза жинақтар (жалпы жинақтан берешекті шығарып тастағанда) 198 млрд. доллар болды. Бұл қаржының үлкен бөлігі мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуға жұмсалды.
Үшіншіден, несие айналым шығындарын үнемдеуге көмектеседі. Оның дамуы барысында банктік есеп-шот пен салымдар (несие карточкілері, әр түрлі есепшоттар, депозит сертификаттары) қолма қол ақшасыз айналымға түседі, сөйтіп ақша ағымы жеделдейді.
Төртіншіден, несие капиталдың орталықтануы мен шоғырлануын тездету қызметін атқарады. Несиені бәсекелік күресте жиі пайдаланады, ол фирмалардың бірігуі мен бірін-бірі жойып жіберуіне ықпал етеді.
Несиені жеңіл шарттар бойьшша алған кәсіпкерлер капиталдың тез өсуін қамтамасыз етеді, басқалары несиені ауыр шарттар бойынша алып, бәсекелік күресте ұтылып қалады. Тарихи даму барысында несиелер сан түрлі пішінде көрінеді, олардың негізгілері коммерциялық банктік несиелер.
Коммерциялық несие кәсіпорындардың, бірлестіктердің, өзге де шаруашылық субъектілерінің бір-біріне беретін несиелері. Мұндай несие төлемін кейінге қалдыратын тауарлар түрінде де болады. Көп жағдайларда олар вексель — бағалы қағаз, оны алғандар белгілі уақыттың ішінде вексель иесіне көрсетілген ақша сомасын төлейтіні туралы міндеттеме қабылдайды. Коммерциялық кредиттің жан-жақты дамуына кедергі жасайтын нәрсе оның кредитор кәсіпорындарының резервтік қор мөлшерімен шектеулі. Тауар түрінде берілгендіктен, мысалы оны жалақыға пайдалануға болмайды және ол тек өңдіріс құрал-жабдықтарын өндіретін және оны тұтынатын кәсіпорындарға ғана беріледі. Коммерциялық кредиттің мұндай шектеулерін банктік несиені дамыту арқылы жоюға болады [3, 195-197 бб.].
Банктік несие - қаржы мекемелерінің (банктердің, ассоциациялардың) барлық шаруашылық субъектілеріне жеке кәсіпкерлерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға және т. б, қарыз ақша ретінде беретін несиесі. Банктік кредиттер қысқа мерзімді (1 жылға дейін), орташа мерзімді (5 жылдан жоғары) болады. Бұл несиелер тек тауарлар айналысы ғана емес, сонымен қатар капитал қорлануына да қызмет етеді.
Коммерциялық несие бағыты, мерзімі мен келісім сомасы жөніндегі шектеулігін жоя отырып, банктік несие-кредит қатынастарының негізгі және басым түріне айналды. Кредиттің (несиенің) басқа көп тараған түрлеріне: шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-біріне кәсіпорындар мен ұйымдар шығарған акцияларды, облигацияларды, қатысу кредит билеттерін т.б. бағалы қағаздарды сатуы жатады. Бұл операциялар кәсіпорыңдарды қаржылаңдыру мен несие берудің (облигация, бағалы қағаздар) орталықсыздандырылған түрлері деп аталады.
Тұтыну несиесі жеке адамдарға ұзақ мерзімді тұтыну тауарларын сатып алу үшін 3 жылға беріледі. Ол бөлшек сауда дүкендерінде төлемін кейінге қалдырып тауар сату арқылы жузеге асырылады немесе тұтыну мақсатында банктік қарыз беріледі. Тұтыну несиесін пайдаланғаны үшін, әдетте жоғары процент (30%-ке дейін) төлейді және кредитті қайтару отбасы бюджетіне үлкен салмақ салады. Ипотекалық несие қозғалмайтын (жер, құрылыс, үй) мүліктер орнына берілетін ұзақ мерзімді қарыз. Мұндай қарызды берудің құралы банктер мен кәсіпорындар шығаратын ипотекалық облигациялар. Ипотекалық несие көбіне ауыл шаруашылығының негізгі қорларын жаңартуға пайдаланып, бұл салада капитал шоғырлануына көмектеседі.
Мемлекеттік несие - несие қатынастарының жүйесі. Мұнда мемлекет заем беруші, ал халық пен жеке бизнес қаржылардың кредиторлары. Мемлекеттік несиенің көзі тек орталық үкімет қана емес, жергілікті өкімет органдары да шығаратьш мемлекеттік заем облигациялары болып табылады. Мемлекет несиенің бұл түрін алдымен бюджеттің тапшылығын (дефицитін) жоюға қолданады. Мемлекеттік облигация шығару (эмиссия) және оны тарату нәтижесінде АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 2 трлн. доллардан асып отыр.
Халықаралық несие - қарыз капиталының халықаралық қатынастар саласындағы қозғалысы. Халықаралық несие тауар немесе ақша (валюта) түрінде беріледі. Несие берушілер мен заем берушілер банктер, жеке фирмалар, мемлекет, халықаралық және аймақтық ұйымдар. Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың (жергілікті атқарушы органдардың) қарамағына елдің заңи және жеке тұлғаларының бос ақша қаражаттары да, сонымен бірге, басқа елдердің (үкіметтердің, қаржы-кредит мекемелерінің) және халықаралық қаржы-кредит институттарының ресурстары да несие капиталы ретінде уақытша пайдалануға жұмылдыру үшін және бюджет тапшылығы проблемаларын шешу үшін тартылуы мүмкін. Оларды алудың басты әдісі мемлекеттік кредит болып табылады.
Мемлекеттік несие - жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және несие қатынастарының жиынтығы, бұл қатынастарда мемлекет несиелердің де, қарыз алушының да, гаранттың да (қарыз алушы үшін мемлекеттің кепілгерлігін білдіреді) рөлінде көрінуі мүмкін. Мемлекеттік несиенің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қайтарымдылығында, мерзімділігінде және ақылығында. Алайда, бұл қатынстарды банк несиесімен шатастыруға болмайды.
Сурет- 1 Мемлекеттік несиенің жекеше несиеден айырмашылығы
Қайнар көзі: Альмагамбетова Г.А. Кредитная политика коммерческих банков// Банки Казахстана. Алматы: Экономика, 2009.- 5-6бб.
Мемлекеттік несиенің көмегімен жұмылдырылған қаражаттар көбінесе экономиканы қаржыландыруға бағытталатындықтан оның өндірістік сипаты болуы тиіс. Мемлекеттік несие жөніндегі қатынастар мына негіздерде қаржы қатынастарына кіреді:
1) мемлекеттік несие жолымен жұмылдырылатын қаражаттар әр түрлі қажеттіліктерді — өндірістік, өндірістік емес, сол сияқты стратегиялық, оперативтік қажеттіліктерді қаржыландыруға бағытталатын мемлекеттің қаржы ресурстары ретінде қаралады.
2) алынған және берілген несиелер үшін есеп айырысулар, олар үшін пайыздар төлеу бюджеттердің — үкіметтің қарыз алулары кезінде орталық (республикалық) немесе биліктің жергілікті органдарының қарыз алулары кезінде жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен жүргізіледі. Бюджет кірістерінің негізгі және тұрақты бөлігін салықтық түсімдер құрайтындықтан қарыздар арқылы жұмылдырылатын қаражаттар "антиципацияландырылған салықтар", яғни мерзімінен бұрын өндіріп алынған салықтар деп саналады.
Мемлекеттік несие ақша қаражаттарын (оларды кейін қайтару шартында) қайта бөлу функциясын орындайды. Бұл халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырумен байланысты. Бұл функцияда мемлекеттік кредит жинақ ақшаны ұйымдастыру нысандарының бірі болып табылады. Несиенің көмегімен біршама азғантай, орташа жинақ ақша мемлекетте шоғырландырылады және оның қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталады. Бұған халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында орналастырылатын мемлекеттік қарыздардың облигацияларын шығару, мемлекеттің бағалы қағаздарының басқа түрлерін (қазынашылық міндеттемелерді, қазынашылық бондарды, сертификаттарды) шығару арқылы қол жетеді. Бұл функция іс-әрекетінің объективті нәтижелері ұлғаймалы ұдайы өндірістің ауқымын арттыру және оның қарқынын тездету болып табылады. Ағымдағы кезеңде пайдаланылатын қаражаттар несиегерге ондаған жылдардан кейін, яғни келешектегі ұрпақтардан өндіріп алынатын салықтар есебінен қайтарылуы мүмкін болғанда мемлекеттік кредиттің қайта бөлгіштік функциясы сондай-ақ оның мерзімінен бұрын төлену қасиетінде көрінеді. Сөйтіп, келешектегі ұрпақтардың қаражаттарын бүгінгілердің пайдасына қайта бөлуге қол жетеді ("уақытқа қарай қайта бөлу").
Мемлекеттік несиенің екінші функциясы — реттеуші функциясы. Бірінші кезекте мемлекет несиелік пайыздың мөлшеріне ықпал жасай отырып, ақша ағындарын реттейді: несие капиталының рыногында қаржыгер бола отырып, ол бұл капиталға деген сұранымды арттырады, мұның нәтижесінде несие капиталының нормасы артады. Сөйтіп, мемлекет бұл рыноктағы бәсекеге араласады, одан жеке инвесторларды ығыстырады ("ығыстыру әсері"). Бұл олардың бизнестің белгілі бір түрлерін инвестициялауын шектеуді тудырады. Бір мезгілде мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу кезінде айналыстағы ақшаның (қолма-қол ақшаның және қолма-қолсыз ақшаның) қысқаруына жеткізеді, мұның өзі ақша эмиссиясының зардаптарын жою үшін тиімді болуы мүмкін.
Мемлекеттік несие рөлі халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың уақытша бос қаражаттарын жұмылдырудағы мүмкіндіктеріне және олардың мемлекеттің кезек күттірмейтін мұқтаждарын қаржыландыруға бағыттауға саяды.
Мемлекеттік несие түрлері бойынша ішкі, сыртқы, шартты болып ажыратылады.
Ішкі несиеде мемлекеттік несие қатынастары жан-жақты тұрғыда: қарызгер кезінде де, несиегер ретінде де елдегі үкіметтің, биліктің жергілікті органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың арасында пайда болады.
Халықаралық несиелік қатынастарға бір жағынан, үкімет, биліктің жергілікті органдарды, екінші жағынан басқа мемлекеттердің үкіметтері, банктері, компаниялары, сондай-ақ халықаралық қаржы-банк ұйымдары араласады. Кредит беруші тарап мемлекет-донор немесе ұйым-донор, ал кредит алушы ел реципиент-ел деп аталады.
Шартты мемлекеттік несие отандық қарызгерлер: кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар, жергілікті билік органдары алған қарыздарына басқа елдердің несигерлеріне берілген кепілдіктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретінде болады. Қарыз шарттары орындалмаған жағдайда үкімет отандық қарызгердің уақыты келген міндеттемелері бойынша қарызгердің мүлкінен немесе басқа активтерінен бюджет қаражаттары есебінен қарыздың сомасын төлейді.
Мемлекет қарыз алушы ретінде ғана емес, сонымен бірге несиелер ретінде де бола алады.
Мемлекеттік несиелендірудің негізгі сферасы - күрделі жұмсалымдар: басым өндірістерді қаржыландыру; тұрғын-үй құрылысын қаржыландыру; экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылым салаларын қаржыландыру.
Несие капиталдары рыногында мемлекет гарант ретінде бола алады. Төлемдердің кідірісі бойынша тәуекелдіктер; банкроттық; саяси және басқадай себептер жағдайында бұл мемлекеттік несиелендірудің ерекше нысаны.
Мемлекеттік несиенің көздері — кәсіпорындарда, банктерде, зейнетақы қорларында, сақтық қорларында, халықта пайда болатын уақытша бос қаражаттар.
Мемлекет несие ресурстарын:
1) бюджет тапшылығын қаржыландыру;
2) ұлттандырылған және аралас кәсіпорындарға жұмсалатын күрделі жұмасымдарды қаржыландыру;
3) биліктің жергілікті органдарының шаруашылық органдарын қаржыландыру;
4) Елдің айналасын реттеу үшін пайдалану [4, 5-6 бб.].
1.2 Мемлекеттік несиенің түрлері, нысандары және әдістері
Мемлекеттік несие түрлері бойынша ішкі, сыртқы, шартты болып ажыратылады. Ішкі несиеде мемлекеттік кредит қатынастары жан-жақты тұрғыда: қарызгер кезінде де, несиегер ретінде де елдегі үкіметтің, биліктің жергілікті органдардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың арасында пайда болды.
Халықаралық несиеде қатынастарға бір жағынан, үкімет, биліктің жергілікті органдарды, екінші жағынан басқа мемлекеттердің үкіметтері, банктері, компаниялары, сондай-ақ халықаралық қаржы-банк үйымдары араласады. Кредит беруші тарап мемлекет-донор немесе ұйым-донор, ал кредит алушы ел реципиент-ел деп аталады.
Шартты мемлекеттік несие отандық қарызгерлер: кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар, жергілікті билік органдары алған қарыздарына басқа елдердің несиегерлеріне берілген кепілдіктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретінде болады. Қарыз шарттары орындалмаған жағдайда үкімет отандық қарызгердің уақыты келген міндеттемелері бойынша қарызгердің мүлікінең немесе басқа активтерінең бюджет қаражаттары есебінен қарыздың сомасын төлейді.
Мемлекеттік кредиттің негізгі нысаны кредит қатынастары болып көрінетің мемлекеттік қарыздар болып табылады, бұл қатынастарда мемлекет негізінең қарызгер ретінде болады.
Мемлекеттік қарыздар – нәтижесінде мемлекет белгілі бір мерзімге және белгілі бір ақыға ақша қаражаттарының белгілі бір сомаларын алатын мемлекет пен заңи және жеке тұлғалар арасындағы қарыз қатынастары.
Мемлекттік қарыздар (займдардың) келесідей түрлерге бөлінеді:
ü өтеу мерзімі бойынша
ü орналастыру орны бойынша
ü орналасу әдісі бойынша
ü займ валютасы бойынша
ü эмитент бойынша
ü кіріс түрі бойынша
Мемлекеттік займдар өтеу мерзімі бойынша бөлінеді:
§ қысқа мерзімді (1 жылға дейін)
§ орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін)
§ ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары)
Орналастыру орны бойынша қарыздар ішкі және сыртқы қарыздар болып бөлінеді. Ішкі қарыздардың облигацияларын шетел азаматтары мен қоғамдар сатып ала алады.
Орналастыру әдістері бойынша:
Ø еркін айналатын
Ø жазылу бойынша орналастырылатын
Ø мәжбүрлеме
Эмиетентке байланысты займдар бөлінеді:
v орталық үкімет займдары
v жергілікті билік органдары займдары
Кіріс түрі бойынша:
• пайыздық, қарыз берушілер жыл сайын бекітілген мөлшерлеме бойынша тұрақты табыс алып отырады.
• Лотереялық немесе ішкі ұтыс облегациялары шығарылады.
Қысқа мерзімді қажеттіліктерді жабуға қажетті ақашалай қаражаттар көлемі аз
болған жағдайда мемлекеттік қазынашылық міндеттеме секілді (МҚМ) несие түрі шығарылады. МҚМ 3 айдан 1 жылға дейін заңды тұлғаларға беріледі. Мемлекеттік несиенің нысандары кезінде – мемлекеттік банктердің депозиттік ресурстарының қалдықтарын пайдалану мемлекеттік шығындарды қаржыландыру барысында қолданылады. Мемлкееттік несиенің келесі нысаны – мемлекеттік орталық эмиссиялық банкінен қаражаттарды тарту болып табылады. Осының нәтижесінде айналыстағы ақша массасы құнсызданатындықтан, мемлекет бұл несиенің нысанын көп қолданбайды. Мемлекеттік несиенің келесі нысаны – заңды және жеке тұлғаларға мемлекеттік (қазынашылық) ссудаларды ұсыну. Ол кәсіпорындар мен ұйымдарға қаржылық дағдарыс жағдайында беріледі
Мемлекеттік несиенің әдістері- әр түрлі және келтірілген сәйкес нысандарға сай болады. Мемлекеттік займдардың – табысты алу және анықтау әдістері, іске ену уақыты әдісі, орналасу әдістері бар. Мемлекеттік несиенің әдістеріне сонымен қатар мемлекеттік қарызды басқару әдісі (конверсия, консолидация, унификация, қайта қаржыландыру)де жатады.
Мемлкеттік несиенің әдістері банктік несиенің әдістеріне ұқсас.
Сурет- 2 Қарыздардың салықтардан айырмашылығы
Қайнар көзі: Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Алматы: ИздатМаркет, 2010.- 238-250 бб.
Қарыздар өтеу мезгілі, орны, орналастыру әдістері, қарыз валютасы, эмитенттер, табыстылық түрлері бойынша ажыратылады, өтеу мезгілі бойынша: қысқа мерзімді (бір жылға дейін), орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін), ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) болып ажыратылады. Орналастыру орны бойынша қарыздар ішкі және сыртқы қарыздар болып бөлінеді. Ішкі қарыздардың облигацияларын шетел азаматтары мен қоғамдар сатып ала алады. Орналастыру әдістері бойынша: еркін айналатын, жазылу бойынша орналастырылатын және мәжбүрлеме қарыздар болып ажыратылады. Мемлекеттік қарыздар, әдеттегідей ақша нысанында шығарылады, бірақ қажет болғанда заттай нысаны да болады.
2. МЕМЛЕКЕТТІК НЕСИЕ КӨРСЕТКІШТЕРІН ТАЛДАУ
2.1 2013-2015 жылдардағы мемлекеттік несие көрсеткіштерін талдау
Мемлекеттік несие нәтижесінде мемлекеттік борыш түзіледі. Ол несиенің түрі тәрізді ішкі, сыртқы, күрделі мемлекеттік борыш болып бөлінеді. Курстық жұмыста борыштың өсуі кезеңіндегі экономикаға тигізетін ықтимал жағдайлары және борыштан сақтану жолдары талданды. Бұған мысал ретінде Республикамыздың қазіргі кезеңдегі борыш көлемі көрсетілді. Мемлекеттік несиедегі себеп-салдарлық өзара байланыстар сызба арқылы көрсетілді. Сондай-ақ мемлекеттік емес қарыз алу, мемлекеттік кепілдіктер, мемлекеттік борышқа қызмет көрсету, борышты өтеу, қайта қаржыландыру, жаңғырту, мерзімді ұзарту, сәйкестендіру мәселелері жеке-жеке талданды.
Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың қарамағаны елдің заңи және жеке тұлғаларының бос ақша қаражаттары да сонымен бірге, басқа елдердің және халықаралық қаржы кредит институтттарының ресурстары да несие капиалы ретінде уақытша пайдалануға жұмылдыру үшін жеке бюджет тапшылығы проблемаларын шешу үшін тартылуы мүмкін.
Мемлекет аясында қолданылып жүрген, жүзеге асырылып келген мемлекеттік несие мен мемлекеттік борыш бір-бірімен қатар жүріп келеді.
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі қарастыратын мемлекеттік несие мен мемлекеттік борыштың атқаратын қызметтері мен экономикаға тигізіп жатқан әсерлері жайында көптеген жайлар атқарылып жатыр. Мемлекеттік несие мен мемлекеттік борыштың атқарып жатқан қызметтерінің ең бастысы-экономиканың көтерілуін, сонымен қатар экономиканың тиімділігі мен жан-жақтылығын қамтамасыз етіп келеді.
Мемлекеттік несие мен мемлекеттік борыш экономикада қатар жүреді, олардың атқаратын қызметтері де ерекше орын алады.Мемлекеттік несие мен мемлекеттік борыш-Қазақстан Республикасының алдағы уақытта өркендеуі мен дамуына игі ықпал жасай алады.
Зерттеу заты сияқты несие құрылым бір-бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субьектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субьектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады.
Қарыз беруші-қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз беруші-бұ уақытша пайдалануға қарыз беруші субьектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шаруашылық субьектілері және халық жатады. Қарыз алушы-бұл несиені алушы мен және қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір-бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әртүрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ бұл жерде ешқандайда несиелік қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты ғана емес, сондай-ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды.
Сурет 3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышы, мемлекет кепілгері бойыншаборышы
Қайнар көзі: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің ресми сайты
3 суретте көріп отырғанымыздай, мемлекеттік борыш 2013-2015 жылдар аралығында 1 млн. 889 мың 124 теңгеге өсіп отыр, яғни 2013 жылы мемлекеттік борыш 3 млн. 818мың 310 теңгені құраса, 2015 жылы 5 млн. 708 мың 124 теңгені құраған, 3 жылдағы мемлекеттік борыштың өсімі 5 млн. 708 мың 124 теңге - 3млн. 828мың 310теңге = 1 млн. 889 мың 124 теңге. Қазақстан Республикасының Үкіметінің борышы 2013 жылдың 1-ші қаңтарында 3 млн. 626 мың 717 теңге болса, 2015 жылдың 1-ші шілдесінде 5 млн. 692 мың 629 теңге, өсіп отырған борыш көлемі 2 млн. 065 мың 912 теңге. Барлығы мемлекетік және мемлекеттік кепілдік берген борыш, мемлекет кепілгерлігі бойынша міндеттемелер (І+ІІ+ІІІ) 2013 жыл 3 млн. 875 мың 840 теңге – 2015 жыл 5 млн. 851 мың 553 теңге = 1 млн. 975 мың 713 теңге.
2.1 Халықаралық мемлекеттік несие
Өзінің шығындарын жабуға мемлекет шетелдік кредиттерді де тартады. Сыртқы экономикалық байланыстардың қарқындап өсуі халықаралық мемлекеттік кредиттің тез дамуына жеткізіп, соның негізінде сыртқы берешектердің шапшаң өсуіне себепкер болып отыр. Мемлекетгер өзіне қажет қаржы ресурстарын жұмылдыру үшін ұлттық шекарадан тысқары жерлердегі бос ақша көздерін барған сайын белсенді пайдалануда. Компаниялар, банктер, сондай-ақ, әр түрлі елдердің мемлекеттік органдары кредит мәмілелерінің қатысушылары болып отыр.
Халықаралық мемлекеттік несие — халықаралық экономикалық қатынастар сферасында елдердің материалдық ресурстарының қозғалысы, мемлекет дүниежүзілік қаржы рыногында борышкер немесе несиегер ретінде болатын қатынастардың жиынтығы. Бұл қатынастар мемлекеттік сыртқы қарыздар нысанын қабылдайды және ішкі қарыздар секілді олар да қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық жағдайында беріледі. Алынған сыртқы қарыздардың сомасы есептелген пайыздармен бірге елдің мемлекеттік борышына қосылады. Мемлекеттік сыртқы қарыздар ақша және тауар нысанында беріледі. Несие субъектісі мемлекеттік уәкілетті органдар арқылы елдер болып саналады.
Халықаралық несие — бірқатар елдер мемлекеттерінің, банктерінің, сондай-ақ басқа заңды және жеке тұлғаларының басқа елдердің мемлекеттеріне, банктеріне және өзге де заңи және жеке тұлғаларына берілетін қарыздары. Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына байланысты халықаралық кредит сферасында мына валюта-кредит ұйымдары барған сайын маңызды орын алып отыр: Халықаралық Валюта Қоры, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі және оның ұйымдары — Дамудың Халықаралық Ассоциациясы, Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігі, Халықаралық Қаржы Корпорациясы, Европа Қайта Құру және Даму Банкі, Азия Даму Банкі, Ислам Даму Банкі және басқалары. Халықаралық Валюта Қоры валюта бағамдарын реттеу нормаларын белгілеу және оларды сақтауға бақылау жасау, қатысушы-елдер арасында валюталық шектеулерді жою, оларға төлем баланыстарын реттеу үшін қаражаттар беру арқылы халықаралық сауда мен валюталық ынтымақтастыққа жәрдемдеседі.
Дүниежүзілік банк пен оның ұйымдары елдердің экономикалық дамуын оларға техникалық көмек көрсету мен елдердің экономикалық әлуетін іске асыруға қабілетті жобаларды қаржыландыру арқылы қолдап отырады.
Өзінің мәні жағынан халықаралық мемлекеттік кредит ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз ету құралдарының бірі болып табылады, бірқатар жағдайда дамушы елдерге экономикалық көмек көрсетудің құралы болып саналады.
Халықаралық несиенің қажеттігі экономикалық заңдардың бүкіл жиынтығымен айқындалады.
Халықаралық кредиттің дамуы мына факторларға байланысты болады:
- еңбектің халықаралық бөлінісі мен экономикалық бірігу;
- өндірістің мамандандырылуы, қауымдасуы;
- елдердің табиги ресурстарымен және жұмыс күшімен әр түрлі қамтамасыз етілуі;
- жеке елдердің экономикалық дамуының біркелкі еместігін жеңіп шығудың қажеттігі;
- дамушы елдерге экономикалық көмек көрсетудің қажеттігі;
- дамушы елдердің дамыған елдермен сауда-экономикалық ынтымақтастығы.
Халықаралық кредитке берілетін мемлекеттің кредит ресурстары:
- қорланым қорларына жататын мемлекеттік бюджеттердің қаражаттарынан;
- ұжымдық несие қорларынан (ұлттық және халықаралық
банктердің меншікті және тартылынды (тартылған) қаражаттары);
- мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаражаттарынан тұрады.
Ақша нысанындағы халықаралық несие ұлттық валюталарда және еркін айырбасталымды валюталарда беріледі.
Халықаралық несиенің функциясы мемлекеттердің сыртқы экономикалық қызметі процесінде тауар және ақша ресурстарын қайта бөлу болып табылады.
Халықаралық несиені пайдалану экономиканың дамуын тездетуге, экономикалық дамудың деңгейлерін теңестіруге, сыртқы сауданың өсуіне, экономикалық бірігуді тездетуге жәрдемдеседі.
Халықаралық несиенің негізгі нысаны сыртқы қарыздар болып табылады. Қарыз қаражаттары сыртқы сауда мәмілелерін жүзеге асыру немесе экспорт пен импортқа жәрдемдесу - сыртқы сауданы несиелендіру үшін пайдаланыладың сыртқы сауданы несиелендіру кезінде кредиттерді беру, пайдалану және өтеу елдердің тиісті бағдарламалары мен бюджеттерінде қарастырылады, мұның өзі оларға өздерінің міндеттемелерін толық әрі бөгетсіз орындауына мүмкіндік береді.
Халықаралық несие нысандарында экономикалық дамуды қолдау мақсатымен шетел мемлекеттері мен көпжақты ұйымдар беретін дамуға ресми көмек ерекшеленеді. Көмек беру мақсаттарының коммерциялық емес сипаты болады, яғни көпжақты валюта-кредит ұйымдары өздерінің пайдасын барынша көбейтуге ұмтылмайды, керісінше құрылымдық жаңғыртуды және экономикалық өсуді қамтамасыз ететін сфераларды қаржыландырады. Мысалы, Халықаралық валюта қорының несиелері Қазақстанға макроэкономикалық тұрақтандырудың және құрылымдық реформалардың бағдарламаларына, теңгенің бағамын қолдауға беріледі, мұның өзі басқа халықаралық ұйымдар қарыздарының елге түсу шарттарының бірі болып табылады.
Халықаралық экономикалық қатынастар практикасында сондай-ақ, экспорттық немесе "байланыстырылған кредиттер " нысаны қолданылады. Мұндай кредиттерді беру қарызгер-елге нақтылы тауарларды сатып алуға берілетін кредит олардың жеткізілімімен "байланыстырылады". Әдетте байланыстырылған кредиттер жеңілдік жағдайда беріледі, мұның өзі өз еліндегі жеткіліксіз сұранымды тауарларды басқа елдердің рыноктарында қорғаудың қажеттілігінен туады [7, 39-46 бб.].
Экспорттық несиелері пайдаланудың елдің сауда балансына ықпал жасайтын зардабы болады. Қосымша қаржыландырудың есебінен импорт өседі, ал бұл сауда балансының тапшылығын тудырады немесе көбейтуі мүмкін. Бұдан басқа, экспорттық кредиттер реципиент-елдегі экономикалық өсуге ықпал жасайды, өйткені, біріншіден, тиісті қаражаттарды өндірістік сфераға салуға мүмкін болар еді және болашақта ағымдағы қажеттіліктерді мезеттік қанағаттандырудың орнына табыс өкелер еді, екіншіден, импортталатын тауарлар неғұрлым сапалы және арзан тауарлар ретінде отандық тауарларды ығыстырады немесе оларды өндіруді жаншиды.
Қазіргі жағдайда жабдықты, материалдарды, азық-түлікті сатып алу кезінде дамыған елдерде сыртқы сауда ұйымдары мен сыртқы экономикалық банк контракттар мен келісімдер, соның ішінде өтемдік келісімдер негізінде бұл елдердің банктері мен фирмаларынан алатын банк және коммерциялық кредиттерді пайдаланады. Өтемдік келісімдер - бұл сыртқы сауда келісімдерінің түрі, бұл келісімдер кезінде тауарды сатып алушы оның құнын басқа тауарлар жеткізілімімен телейді. Өтемдік келісімдер, әдеттегідей, шетел банктерінен ұзақ мерзімді кредиттер алуды қарастырады, бұл кредиттердің есебінен шетелдік фирмаларға белгілі бір объектіні салу үшін олардан сатып алынатын тауарлар төленеді. Жеткізілімнің құны салынған объектілер өнімінің экспорты есебінен өтеледі.
Несиені өтеу қабілетін бағалау үшін рейтинг агенттіктері елдің несие рейтингін әзірлейді, бұл орайда мына аспектілерге назар аударылады:
1. Демократиялық саяси жүйені жасаудағы прогресс; мұны демократиялық саяси институттардың тиімділігі, шешімдер қабылдау процесінің ашықтығы, экономикалық реформаларды жүргізуге саяси жолды ұстаушылық және оларды практикалық жүзеге асыруға қабілеттілік деп түсінеді.
2. Қаржылық тұрақтылыққа және экономикалық өсуге жетудегі жетістіктер. Олар өзіне мыналарды кіріктіреді: фискалдық және монетарлық саясаттың тиімділігі, ұлттық валютаның тұрақтылығы мен айырбасталымдығы кезінде инфляцияның төменгі деңгейін ұстап тұру.
3. Нарықтық экономикаға көшудегі професс: экономикадағы жеке меншік сектордың рөлі (мемлекеттік секторды жекешелендірудің дәрежесі, жеке меншік компаниялардың жетістіктері, кәсіпорындардың құрылымын өзгерту, корпорациялық басқарудың тиімділігі, қоғамның салық салуға қатысындағы өзгерістер және төлем тәртібі, экономикалық қызметті ырықтандыру (баға белгілеудің еркіндігі, жаңа отандық және шетелдік
компаниялар үшін рыноктардың ашықтығы, сыртқы сауда мен
инвестициялық қызметтегі ашықтық), қаржы секторының ахуалы (банк секторының дамуы және оны реттеу, қаржы делдалдығының дамуы, қор рыногының және банктік емес қаржы мекемелерінің дамуы), нарықтық институттардың дамулығы (тиімді инфрақұрылым мен заңнаманың болуы).
4. Сауда ағындарын қайта бағдарлау. Экспорт пен импорттың өсу серпіні мен құрылымы, халықаралық экономикалық сауда ұйымдарына қатысу, қаржыландырудың көзі ретіндегі шетелдік тура инвестициялардың рөлі, менеджменттің деңгейі, технологияларды беру арқылы бағаланады.
Сонғы жылдары Қазақстан Республикасы шетелдерден едәуір кредиттер алды. Сондықтан валюта қаражаттарын ұтымды, үнемді жұмсаудың маңызы арта түсуде. Олар бірінші кезекте тұтынуға арналған тауарларды шығаратын кәсіпорындарды құру және жаңғырту және басым өндірістерді, яғни экономиканы сауықтыру үшін белгіленген құрылымдық саясатты ескере отырып дамыту үшін пайдаланылуы тиіс.
Халықаралық несие несиегер ретінде мемлекет, банк, басқа елдердің жеке және занды тұлғалары алға шығатын халықаралық экономикалық қатынас саласындағы ссудалық капиталдың қозғалысын білдіреді. Осылайша, халықаралық несие - қайтару, мерзімді және ақылы шарттарынын негізінде елдер арасындағы ссуда капиталының қозғалысына қызмет ететін несие қатынасын әр түрлі формаларымен субъектілері бойынша біріктіретін үлкен ұғым. Халықаралық несие жаңа техника, технология, тауар мен қызмет көрсету импортын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ол төлем балансынын тапшылығын (экспорт пен импорттың арасындағы айырмашылықты) жабудың құралына және жинақтаудың (қорланудың) қосымша көзіне айналады.
Шетелдік инвесторлар үшін халықаралық несие басқа елдерге, әсіресе,