Лекции.Орг


Поиск:




Кәсіптік практиканың жиынтық мәліметтері 10 страница




«0506000 - Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік білім беретін оқу бағдарламалары
Біліктіліктері: 050601 2 – Шаштараз-модельер*
050602 2 – Косметолог*
050603 2 – Визажист*
050604 2 – Педикюр бойынша шебері*
050605 2 – Маникюр бойынша шебері*
050607 2 – Шаштараз стилист

Оқытудың нормативтік мерзімі:
негізгі орта білім базасында 2 жыл 10 ай
Оқытудың нормативтік мерзімі:
жалпы орта білім базасында 10 ай

Индекс Пәндердің оқулық циклдары мен кәсіби модульдері Пәндер атаулары мен кәсіби модульдердің атаулары Қалыптасатын компетенция коды
ЖБП 00 Жалпы білім беру пәндері    
ЖГП 00 Жалпы гуманитарлық пәндер    
ЖКП 00 Жалпы кәсіптік пәндер    
ЖКП 01 Пәндер циклын оқу нәтижесінде оқушы білуі тиіс: - құрылыс сызбаларының элементтерін; - құрылыс сызбаларының түрлерін; - үш жазықтықта геометриялық денелерді проекциялау ережелерін; - жасай білуі тиіс: - сызбаларды сызудың негізгі ережелерін қолдануды; - екі және үш жазықтықтарда тік және жазық фигуралардың бөліктерін, нүктелерін проекциялауды; - сызбалардағы бөліктер мен түйісулерді орындауды; - әр түрлі схема және графиктерді құрауды және орындауды. Сызу Сызбаларды графикалық бейнелеу: форматтар, масштабтар, сызба сызықтары,шрифтілер, сызбалардағы жазулардың орындалуы. Геометриялық сызу. Проекциялық сызу: аксонометриялық проекциялар. Техникалық сызу: құрылыс сызбаларының элементтері; мекеме орнының кесінділері мен жоспарын құру; сызбаларды орындаудың жалпы ережелері. Түйісетін және түйіспейтін бірігулердің сызбалары. КҚ 1 КҚ 2
ЖКП 02 Пәндер циклын оқу нәтижесінде оқушы білуі тиіс: - адам денесінің сүйектерін, адам басын; - қол және аяқ анатомиясын; - бұлшық ет механизмдерін, қызметтерін, сол сияқты формаларын; бұлшық еттердің тыныштықтағы жағдайы мен жұмыс кезіндегі өзгеруін; - терінің құрылысын, қызметтерін және пластикалық мәнін; - адам басының пропорциясын; - жасай білуі тиіс: - адам қаңқасын және адамның бас сүйегін әр түрлі жағынан кестелеп бейнелеуді; - адам басының суретін салуды; - анатомиялық құрылысын ескере отырып, әртүрлі жағынан адам басын кестелеп бейнелеуді. Пластикалық анатомия және физиология негіздері: Сүйек туралы ұғым: адам қаңқасының пластикалық анатомиясы; бас сүйек – бастың сүйекті негізі. Бұлшық еттер туралы ұғым: мойын бұлшық еті және мойын пластинасы; бастың бұлшық еттері; қол және аяқ бұлшық еттері. Бет бөлшектерінің пластикалық анатомиясы және олардың конструктивті құрылысы: көз, мұрын, құлақ, ауыз, терінің пластикалық анатомиясы. Анатомиялық негізінде бастың құрылысы: бастың пропорциялары; бастың пішіндері; бастың қозғалуы. КҚ 2 АҚ 2
ЖКП 03 Пәндер циклын оқу нәтижесінде оқушы білуі тиіс: - мемлекеттік экономикалық құрылымын, ҚР экономикасының жағдайы мен дамуын; - қызмет көрсету кәсіпорындарының ұйымдастырылу қағидаларын; - кәсіпорынның жұмысын жоспарлау негіздерін; - кәсіпорынның бизнес-жоспарын; - кәсіпорынның қызметін басқару жүйесі ретіндегі маркетингті; жасай білуі тиіс: - еңбек өнімділігінің көрсеткіштерін есептеуді; - еңбек төлемдерінің әр түрлі формасындағы жалақыларды есептеуді; - шығын сметаларын құрауды; - кәсіпорын жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткіштерін есептеуді; - маркетингтік зерттеулер жүргізуді. Нарықтық экономика негіздері Нарықтық жүйесіндегі кәсіпорын: ҚР-ның қызмет көрсету сферасындағы экономикалық дамудың негізгі бағыттары, кәсіпорын – экономиканың негізгі буыны, кәсіпорынның негізгі қорлары, айналым құралдары; тұрғындарға қызмет көрсету ұйымдары, еңбек өнімділігі, еңбекті ұйымдастыру, еңбекті нормалау, кәсіпорын кадрлары. Кәсіпорын қызметін жоспарлау және болжау: жылдық жоспардың негізгі бөлімдері мен көрсеткіштері. Бағаның құралуы: салықтар мен басқа да міндетті төлемдер. БҚ 9 КҚ 4 КҚ 5 АҚ 6
ЖКП 04 Пәндер циклын оқу нәтижесінде оқушы білуі тиіс: - инфекциялар және ауру тудыратын микробтар түрлерін; - тері, тырнақ және шаш ауруларының басты себептерін; - терілердің іріңді, саңырауқұлақ тудыратын, туберкулез ауруларын; - қан тоқтататын құралдар түрлерін; - дезинфекциялаушы құралдар түрлерін; - таңдап алынған процедураларды қолдану және қолдануға болмайтын жағдайлар. жасай білуі тиіс: - инфекцияларға қарсы шаралар өткізуді; - салонда тері, шаш, тырнақ іріңді және саңырауқұлақ тудыратын ауруларының алдын алу шараларын өткізуді; - қызмет көрсетушілердің жұмысқа байланысты гигиеналық талаптарды сақтай білуді; - шаштараз құралдары мен жабдықтарды пайдаланудағы санитарлық ережелерді сақтай білуді; - құрал-жабдықтарды және құралдарды дезинфекциялау және стерилизациялауды жүргізу; - қатерлі жағдайларда алғашқы медициналық көмек көрсетуді. Санитария және гигиена Жұқпалы аурулар жайлы жалпы мәліметтер және олардың алдын алу шаралары; микробиология; эпидемиология; иммунитет туралы жалпы түсінік. Тері, шаш, тырнақ аурулары және олардың алдын алу шаралары; тері ауруларының себептері; туа біткен ерекшеліктері; бактериялар тудыратын тері аурулары; кәсіби және басқа да аурулар, олардың шашқа және теріге әсері; сифилис, гонорея берілетін жолдары, белгілері; ЖИТС; өндірістік санитария және гигиена; құралдар мен жабдықтарға санитарлық-гигиеналық талаптар; шаштараз салондары мен шаштараз құралдарына қойылатын санитарлық талаптар; дезинфекциялық құралдар; салондағы еңбек гигиенасы; қауіпті жағдайдағы: жарақаттанғанда, кесіп алғанда, қан тоқтамай қойғанда, күйгенде, талып қалғанда, тоқ ұрғанда алғашқы көмек. БҚ 3 КҚ 3 КҚ 6 КҚ 7 АҚ 3 АҚ 4
ЖКП 05 Пәндер циклын оқу нәтижесінде оқушы білуі тиіс: - еңбек заңдылықтарының негізгі баптарын; - еңбек қорғау саласындағы мемлекеттік және қоғамдық бақылау түрлерін; - жұмыстың қауіпсіздігі туралы нұсқаулардың түрлерін; - жарақаттану мен қауіпті жағдайлардан қорғанудың негізгі құралдарын; - еңбек жағдайының адам ағзасына әсерін; - ҚР қоршаған ортаны қорғау туралы құжаттарын; жасай білуі тиіс: - алғашқы медициналық көмек көрсетуді; - қауіпті жағдайлар мен жарылыстардың, өрттердің алдын алу шараларын жүргізуді. Еңбекті қорғау және экология Еңбек қорғаудың жалпы мәселелері: еңбек қорғау туралы заңдар негіздері, еңбек қорғау жұмыстарын ұйымдастыру, еңбек жағдайларын анализдеу, жарақаттар мен кәсіби аурулардың себептері. Қауіпсіздік техникасы: еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі; өндірістік санитария. Өндіріс орындарының микроклиматы; өрт қауіпсіздігін алдын алу негіздері; өндірістік экология; атмосфералық ауаны, ауа ресурстарын қорғау. БҚ 1 БҚ 2
КП 06 Пәндер циклын оқу нәтижесінде оқушы білуі тиіс: - графикалық бейнелеудің негізгі құралдарын: сызық, штрих, дақ, нүкте; - түстердің негіздерін, түстердің қасиеттерін, түстердің әрекеттесуін, түстердің тұтастығы мен мөлдірлігін; - бас сүйегінің құрылысын, сүйектердің, бұлшық еттердің орналасуын; - адам басын бөлшектеу пропорциясын; жасай білуі тиіс: - түстердің сәйкестілігі мен заттардың материалдарының көмегімен заттардың әр түрлі түстерін бере білуді; - графикалық бейнелеудің құралдарын пайдалануды; - бояуларды араластыруды және әртүрлі түстерді жасауды; - түстердің үйлесімділігін, түстер бірлігін анықтауды; - шаш сәні мен шаш қиюдың формалары мен силуэттерін, үлгінің идеялық көркемдік мәнін бере; - әртүрлі ракурстарда бастың суретін салуды, шаштың төгіліп тұруын бейнелеуді. Арнайы сурет Арнайы сурет негіздері: геометриялық денелерден натюрморттар салу, жұмсақ материалдармен (көмір, соус, сангина) драпировка суретін салу, гризайль техникасымен бір түсті драпировка негізінде 3-4 тұрмыстық заттың натюрморттық суреті, парик суреті, натюрморттың графикалық шешімі (ақ-қара, түсті графика). Түстер туралы жалпы мәлімет, драпировкамен натюрморттың кескіндеу этюді. Парикпен натюрморт салу (аралас графика). Адам басының пропорционалды сызбасы, бас қаңқасының суреті, бет бөліктерінің суретін салу. Үлгілерді шығармашылық өңдеу; «боди-арт» өнері, денелерге сурет салу, берілген тақырып бойынша фантазиялық бейнелер жасау. БҚ 6 БҚ 7 КҚ 1 КҚ 2
АП 00 Арнайы пәндер    
  Біліктіліктері: 050601 2 – Шаштараз-модельер 050602 2 – Косметолог 050603 2 – Визажист 050607 2 – Шаштараз-стилист    
АП 01 Пәндер циклын оқу нәтижесінде оқушы білуі тиіс: косметолог, визажист - терілердің типтеріне сәйкес процедураларды жасау технологиясын (біліктілік бойынша); - терілердің, шаштардың, терілік инфекциялық ауруларының белгілерін; - терілердегі ауытқулардың белгілерін; - косметикалық жетіспеушіліктерді коррекциялау әдістерін; - салондардағы косметикалық процедуралардың әдістерін; шаштараз-модельер, шаштараз-стилист - бас жуудың мақсаттары мен ережелерін; - шаш қию операцияларын; - шаш сәндеудің негізгі элементтерін; - шаш сәндеуге арналған фиксация құралдарын және олардың түрлерін; - қырудың негізгі ережелерін, тәсілдері мен орындалу кезеңдерін; - шаш қию және жатқызу операцияларының негізгі түрлерін; - шашқа арналған бояулардың негізгі топтарын, олардың сипаттамасы мен неге арналғандығын; - химиялық шашты бұйралаудың ерекшеліктерін; - ағымдық маусымға арналған шашты бұйралаудың қазіргі заманғы әдістерін; жасай білуі тиіс: косметолог, визажист - клиенттерге бет терісінің күтімі туралы кеңес беруді; - терілердің типтеріне қарай косметикалық құралдарды қолдануды; - нұсқаулар бойынша аппараттар мен құралдарды пайдалануды; - косметикалық процедураларды жасауда қазіргі заманғы дезинфекциялық құралдарды пайдалануды; - терілердің ауытқуындағы косметикалық жетіспеушіліктерді коррекциялауды; - шаштараз-модельер, шаштараз-стилист - шаштың құрылысына қарай жуатын құралдарды таңдауды; - басты еңкейте және шалқайта жууды; - бастың шашты бөлігіне массаж жасауды; - шаш қию операцияларын қолданып, ерлер және әйелдер шаш қиюларын орындауды; - шаш қию операцияларын қолданып, модельді және классикалық шаш қиюларды орындауды; - бигудилерді қолданып және бигудисіз шаштарды жатқызуды орындауды; - электр фендері мен электр қысқыштарын қолданып, шаштарды жатқызуды орындауды; - шаш бояудың әр түрлі техникасын қолдануды; - химиялық бұйралаудың әр түрін орындауды. Арнайы технология (біліктілігі бойынша) Саланың бағыттарының даму тарихы. Кабинеттің орны мен жабдықтары. Қауіпсіздік техникасы. Құралдар, аппаратуралар мен оларға қажетті нәрселер. Келушілерге қызмет көрсетудегі дайындық және қорытынды жұмыстар. Жұмыстардың технологиясы (біліктілік бойынша). БҚ 4 БҚ 8 КҚ 1 КҚ 2 КҚ 5 КҚ 6 АҚ 4 АҚ 5 АҚ 7
АП 02 Пәндер циклын оқу нәтижесінде оқушы білуі тиіс: - парфюмериялық-косметикалық өндірістегі қолданылатын шикізаттың негізгі түрлерін; - косметика өндірісіндегі майларға және балауыздарға қойылатын талаптарын; - рН мәнін; - консерванттарға, бояғыш заттарға қойылатын талаптарды; - шаштараз практикасындағы сутегі асқын тотығының ролін; - шашқа арналған лактардың және басқа материалдардың құрамы мен қасиеттерін; жасай білуі тиіс: - әр түрлі компоненттердің сәйкестілігін, ерігіштігін, еру температурасын анықтауды; - синтетикалық, өсімдік және жануарлардан алынған хош иісті ерітінділердің үлгілерін дегустациялауды; - препараттардың сабындарды, су сабындарды, косметикалық кремдерді сапасына қарай топтастыруды; - иіссу иістерін анықтап, олардың шыдамдылығын тексеруді шығын нормаларын есептеуді; - өндірісте шашқа арналған бояу топтарының түрлерін қолдануды; - сәндік косметика үшін құралдарды пайдалануды; Материалтану (біліктілігі бойынша) Парфюмериялық-косметикалық өндірістің шикізат базасы; косметикалық шикізаттың химиялық табиғаты туралы қысқаша мәліметтер; парфюмериялық-косметикалық препараттарды дайындауға арналған шикізат. Парфюмериялық-косметикалық препараттар: бастың шаш бөлігін және шашты күтуге арналған препараттар; жуғыш құралдар; иіс су және лосьондар; шашқа сәндік күтім жасауға арналған құралдар; мойын және бет терілерін күтуге арналған құралдар; сәндік косметика құралдары; парфюмериялық құралдар; аяқ-қолды күтуге арналған құралдар; дезинфекциялық және қан тоқтатқыш құралдар; көмекші материалдар. БҚ 5 КҚ 1 КҚ 4 КҚ 5 КҚ 6 АҚ 3 АҚ 4 АҚ 9
АП 03 Пәндер циклын оқу нәтижесінде оқушы білуі тиіс: - жабдықтар және құралдардың тағайындалуын, құрылымы мен қызмет принциптерін; - техникалық қолданудың, электр және өрт қауіпсіздігі ережелерін; жасай білуі тиіс: - құралдар мен электр жабдықтарын қолдануды; - жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыруды; - электр құралдары мен аппаратурасының қарапайым бұзылуларын жөндеуді. Жабдықтар және құралдар (біліктілігі бойынша) Жабдықтар мен құралдар (біліктілік бойынша); сипаттамасы мен топтастырылуы. Жабдықтарды орналастыру және жоспарлау. Электрлік аппараттар: тағайындалуы, техникалық сипаттамасы, құрылымы. Қауіпсіздік техника мен өртке қарсы шаралар. БҚ 5 КҚ 4 КҚ 5 КҚ 8 АҚ 1 АҚ 2 АҚ 4 АҚ 9
АП 04 Пәндер циклын оқу нәтижесінде оқушы білуі тиіс: - шаш сәндерінің топтастырылуы мен негізгі элементтерін; - бет келбетінің типтерін, бет келбетінің типтерін коррекциялауға ұсыныстарды; - бет келбетінің кемшіліктерін, оны коррекциялау мүмкіндіктерін; - бас пішіндерін, шаштың құрылысын, тұлғаның түрлерін; - модельдеудің негізгі кезеңдерін; - шашты жеңілдетудің түрлерін; - шаштың өсу сызығы ерекшеліктерін; - шаш өрудің түрлерін; - шаш сәніне қосымшалар мен безендірулерді; - арнайы шаш сәндерін; жасай білуі тиіс: - шаш сәндерінің әр түрлі элементтері мен эскиздерін жасауды; - әр түрлі әдістермен шаш қиюларын орындауды; - шаш сәндерін орындауда қосымшалар мен сәндік безендірулерді қолдануды; - арнайы шаш сәндерін, әр түрлі жастағы балаларға арналған шаш сәндерін, жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп шаш сәндерін үлгілеуді орындауды Шаш сәнін үлгілеу және көркемдеу Пәннің жалпы сипаттамасы: сыртқы көріністегі шаш сәнінің ролі, шаш сәндерінің даму кезеңдері. Шаш сәндер туралы жалпы мәлімет: стиль және сән, шаш сәндерінің топтастырылуы, шаш сәндерінің негізгі стильдері; сәнге байланысты шаш сәндерінің түрлері. Шаш сәндерінің негізгі типтері. Дизайн және шаш сәні. Шаш сәндерін және шаш қиюларды үлгілеу және көркемдеу: шаш сәндерін құрастыру; шаш үлгілеудің негізгі принциптері; композиция. Элементтерді таңдаудың ерекшеліктері: градуировка әдісін қолданып шашты қию; шашты жеңілдету жолдары; шаш өсуінің сызығы; шашты өру; шаш сәндерінің безендірілуі және оған қосымшалар; арнайы бағыттағы шаш сәндерін үлгілеу. Қазіргі маусымдағы шаш сәндерінің бағыты: шаш сәндеріндегі сән бағытының ерекшеліктері. БҚ 4 КҚ 1 КҚ 3 КҚ 5 КҚ 7 АҚ 1 АҚ 5 АҚ 6 АҚ 7 АҚ 8
АП 05 Пәндер циклын оқу нәтижесінде оқушы білуі тиіс: - гримнің даму тарихын; - гуммозды жапсырмаларды қолдану технологиясын; - гримдердің түрлерін; - макияждың бейнелеу және техникалық құралдарын; - түстің үйлесімін; - беттің бөлшектері мен пішіндерін, пропорцияларын; - макияж түрлерін, олардың тағайындалуын; - макияждағы сән бағытын; жасай білуі тиіс: - кескіндеу және мүсіндік көлемдік әдістермен гримдеуді; - әр түрлі техникамен гримдерге арналған заттарды дайындауды; - сәндік косметика құралдарына қарай тазалайтын құралдарды таңдауды; - бет және мойын массаждарын жасауды; - тағайындалуына байланысты косметикалық маскалардың әр түрін қолдануды; - қас пен кірпіктерді бояуды; - «бетті оқу» техникасын қолдануды; - қарапайым және күрделі макияж технологиясын қолдануды; - сәндік косметиканың көмегімен әртүрлі бет пішіндеріне коррекция жасауды. Сәндік косметика және грим: Сахналық грим негіздері; терінің гигиеналық және профилактикалық күтімі; макияж техникасы; макияж технологиясы. КҚ 5 КҚ 6 КҚ 7 АҚ 2 АҚ 4 АҚ 5 АҚ 6 АҚ 7 АҚ 8
  Біліктері: 050604 2 – Педикюр шебері 050605 2 – Маникюр шебері    
АП 00 Арнайы пәндер    
АП 01 Пәндер циклын оқу нәтижесінде оқушы білуі тиіс: - жеке гигиена және еңбек шарттарына қойылатын талаптарды; - маникюрдің (педикюрдің) қазіргі заман түрлерін; - тырнақ аурулыраның белгілерін; - маникюрдің (педикюрдің) барлық түрлерін орындау технологиясын; - проблемалы тырнақтармен жұмыс істеу технологиясын; - қолға (табанға) массаж жасау технологиясын; - парафинотерапия технологиясын; - тырнақ сервисіндегі қазіргі заманғы әдістерін; жасай білуі тиіс: - жұмыс орнын ұйымдастыруды және жабдық, құралдарды дайындауды; - стерилизация тәртіптерін сақтауды; - маникюрдің (педикюрдің) барлық түрлерінің технологиялық процедураларын орындауды; - қолға (табанға) массаж жасауды; - парафинотерапия процедураларын жүргізуді; - проблемалы тырнақтармен жұмыс істеу технологиясын сақтауды; - жасанды тырнақтармен жұмыс істеу технологиясын сақтауды; - орындалатын жұмыстардың сапасын қамтамасыз етуді - қызмет көрсетуде уақыт мөлшерін сақтауды Арнайы технология (біліктілігі бойынша) Саланың бағыттарының даму тарихы. Кабинеттің орны мен жабдықтары. Қауіпсіздік техникасы. Құралдар, аппаратуралар мен оларға қажетті нәрселер. Келушілерге қызмет көрсетудегі дайындық және қорытынды жұмыстар. Жұмыстардың технологиясы (біліктілік бойынша). БҚ 5 КҚ 1 КҚ 4 КҚ 5 КҚ 7 АҚ 1 АҚ 2 АҚ 3 АҚ 4 АҚ 5 АҚ 6
АП 02 Пәндер циклын оқу нәтижесінде оқушы білуі тиіс: - тырнақ сервисіндегі қолданылатын қазіргі заман материал мен препараттардың негізгі түрлерін; - материал және препараттардың құрамы мен қасиеттерін, олардың тағайындалуын; - кәсіби препараттардың тері мен тырнақтарға әсер етуі; - нейл-артқа арналған материалдар мен аксессуарлардың сипаттамасын; - қызмет көрсетудің түріне байланысты материал және препараттардың шығын нормаларын. жасай білуі тиіс: - әртүрлі концентрациялы дезинфекциялық құралдарды дайындауды; - дезинфекциялық құралдармен жұмыс істеуде қауіпсіздік техника ережелерін сақтауды; - қызмет көрсетудің түріне байланысты материал және препараттарды таңдауды; - тері және тырнақ күтіміне арналған құралдарды пайдалануды; - препараттар және материалдардың шығын нормаларын есептеуді; Материалтану (біліктілігі бойынша) Тырнақ сервисіндегі қазіргі заман материал мен препараттардың құрамы және қасиеттері, олардың тері және тырнақтарға әсер етуі. Дезинфекциялық құралдардың құрамы және концентрациясы. Дезинфекциялық құралдардың тағайындалуы және қолдану ережелері, қауіпсіздік техника ережелері. Нейл-арт арналған материалдар және аксессуарлар. Қызмет көрсетудің түріне байланысты материал және препараттардың шығын нормалары. КҚ 5 КҚ 6 КҚ 7 АҚ 6
АП 03 Пәндер циклын оқу нәтижесінде оқушы білуі тиіс: - жабдықтар және құралдардың тағайындалуын, құрылымы мен қызмет принциптерін; - жабдықтар мен құралдармен техникалық қолданудың ережелерін; - жабдықтар мен құралдарды дезинфекциялау ережелерін; - қауіпсіздік техникасы, электр және өрт қауіпсіздігі ережелерін; жасай білуі тиіс: - құралдар мен электр жабдықтарын қолдануды; - қызмет көрсету үшін кәсіби жабдықтармен құралдарды таңдауды; - жабдықтармен құралдарды дайындауды; - электр құралдары мен аппаратурасының қарапайым бұзылуларын жөндеуді. Жабдықтар және құралдар (біліктілігі бойынша) Тырнақ сервисіндегі жабдық және құралдардың түрлері, олардың сипаттамасы. Арнайы құрал, жабдықтарды тағайындалуы және қолдануы бойынша нұсқаулар. Қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы шаралар. КҚ 3 КҚ 7 АҚ 1 АҚ 6
АП 04 Пәндер циклын оқу нәтижесінде оқушы білуі тиіс: - тырнақтарды үлгілеу және көркемдеуге арналған құралдардың сипаттамасын; - табиғи тырнақтарды көркемдеу технологиясын; - қазіргі заманғы әр-түрлі құралдар көмегімен жасанды тырнақтарды үлгілеу және көркемдеу технологиясын; - жасанды тырнақтар профилактикасының технологиясын. жасай білуі тиіс: - тырнақ пластинасы ерекшіліктерін және элементтердің күрделілігін ескертіп табиғи тырнақтарды көркемдеу тәсілдерін орындауды; - жасанды тырнақтарды үлгілеуге және профилактикасына арналған құралдарды таңдауды; - клиенттің табиғи тырнақ пластинасының жеке формасын ескеріп жасанды тырнақтардың формасын таңдауды; - әр-түрлі құралдар көмегімен жасанды тырнақтардың үлгілерін жасауды; - жасанды тырнақтардың тырнақ пластинасының профилактикасын орындауды; - қызмет көрсетуден кейін клиенттің қолдарының (аяқтарының) эстетикалық жағдайына сипаттама беруді; - клиентке жасанды тырнақтарды күту жөнінде ұсыныстар беруді. Тырнақтарды үлгілеу және көркемдеу Пәннің жалпы сипаттамасы. Тырнақтарды үлгілеу және көркемдеуге арналған құралдар. Табиғи тырнақтарды үлгілеу және көркемдеу. Акрил және типстермен; акрил және формалармен; гель және типстермен; гель және формалармен қолдану арқылы жасанды тырнақтарды үлгілеу және көркемдеу технологиясы. Жасанды тырнақтардың профилактикасы. Клиенттің қолдарының (аяқтарының) эстетикалық жағдайларын бағалау. КҚ 6 КҚ 7 АҚ 5 АҚ 6 АҚ 7
БҰАП 00 Білім беру ұйымы анықтайтын пәндер    
БҰАП 01 Пәндер циклын оқу нәтижесінде оқушы білуі тиіс: - пәннің мақсаттары мен міндеттерін; - іс-қағаздарын жүргізу және корреспонденциялау туралы түсініктерді; - құжаттарды жасау тәсілдерін; - топтастырылуын, тағайындалуын, құрамдас бөлімдерін, құжаттардың дұрыс толтырылуын; - іс-қағаздарын компьютерлеудің негізгі қағидаларын, құрамдас бөліктерін; жасай білуі тиіс: - құжаттармен, құжаттар айналысымен, құжаттар ағымымен жұмыстарды ұйымдастыруды; - толтырылған құжаттарды тіркеуді, есеп жүргізуді, сақтауды және оларға бақылау жүргізуді. Мемлекеттік тілде іс жүргізу: Оргтехника құралдарына жалпы сипаттама, олардың қолданылуы және кәсіпорынға ұйымдастыру мен басқару үрдістерін енгізу; құжаттардың қызметтері мен оларды жасау тәсілдері, топтастырылуы, құрамдас бөліктері, құжаттарды рәсімдеу ережелері; құжат айналымы, құжат ағындары, олардың түрлері; тіркеу, есептеу, сақтау және құжаттардың толтырылуын бақылау; іс-қағаздарын компьютерлеу. КҚ 1 КҚ 2 АҚ 8
БҰАП 02 Пәндер циклын оқу нәтижесінде оқушы білуі тиіс: - психология туралы жалпы мәліметтерді; - кәсіби этика мен кәсіби іс-әрекеттерді; - қызметкердің клиенттермен қарым-қатынас мәдениеттерін; - бүліктерді шешу тәсілдерін; - еңбек ұжымындағы қарым-қатынас этикасын; - жарнаманың әлеуметтік, экономикалық, эстетикалық мәнін; - кәсіпорын мен жұмыс орны интерьерінің сыртқы безендірілуінің эстетикасын; жасай білуі тиіс: - қызмет көрсету сферасында кәсіби этиканы қолдануды; - қызметкердің сөйлеу мәдениетін, клиенттермен қарым-қатынас мәдениетін сақтауды; - қызмет көрсету сферасындағы кәсіпорынның мүмкіндіктері туралы қажетті ақпараттарды беруді; - қызмет көрсету сферасында қызметкердің сыртқы бейнесіне қойылатын эстетикалық талаптарды сақтауды; - байланыс зонасындағы қызметкердің этикетін сақтауды; - еңбекті ұйымдастыруды жетілдіруді; - қызмет көрсетудің прогрессивті формаларын қолдануды; - қызмет көрсетудің жаңа түрлерін енгізуді. Кәсіби этика және қызмет көрсету мәдениеті: Қызмет көрсету мәдениетінің психологиясы; психология туралы негізгі мәліметтер; қызмет көрсету психологиясы; жеке тұлғаның психологиясы. Қызмет көрсету мәдениетінің этикасы; қызмет көрсетудің этикалық мәдениеті туралы ұғымы; кәсіби іс-әрекет. Кәсіби этика; қызметкерлердің клиенттермен қарым-қатынас мәдениеті; клиенттермен болатын бүліктер және шағымдар. Еңбек ұжымындағы қарым-қатынас этикасы; оқыту үрдісіндегі этика. Эстетикалық мәдениет. Техникалық эстетика және дизайн; тұрмыстық бұйымдардың (қызмет) және жарнамалардың эстетикасы; қызметкердің сыртқы түрінің эстетикасы; байланыс зонасындағы қызметкердің этикеті; қызмет көрсету сферасының маркетингі мен қызмет көрсетудің прогрессивті түрлері. БҚ 7 КҚ 1 КҚ 6 КҚ 8 АҚ 5 АҚ 7 АҚ 8 АҚ 9
КП 00 Өндірістік оқыту мен кәсіби практика    

1.2 Жоғарғы деңгейдегі «0506000 - Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандығы бойынша техникалық және кәсіби білім беру оқу бағдарламасының құрылымы
Біліктіліктері: 050601 2 – Шаштараз-модельер*
050602 2 – Косметолог*
050603 2 – Визажист*
050604 2 – Педикюр бойынша шебері*
050605 2 – Маникюр бойынша шебері*
050607 2 – Шаштараз-стилист





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-04; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 815 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студенческая общага - это место, где меня научили готовить 20 блюд из макарон и 40 из доширака. А майонез - это вообще десерт. © Неизвестно
==> читать все изречения...

945 - | 897 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.