Лекции.Орг


Поиск:




Кәсіптік практиканың жиынтық мәліметтері 6 страница




Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 10 шілдедегі
№ 268 бұйрығына 6-қосымша

0111000 - «Негізгі орта білім беру» мамандығы 011109 3 - «Негізгі мектептің информатика мұғалімі» біліктілігі бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік білім беретін оқу бағдарламалары

Негізгі орта білім беру базасында
Оқытудың нормативтік 3 жыл 10 ай

Қысқартылған пәндер циклының атауы (коды) Кәсіптік модульдер және оқу пәндері циклы Кәсіптік модульдің бөлімдері және пәндер атауы Қалыптастыратын құзыреттілік коды
ЖБП 00 Жалпы білім беретін пәндер    
ЖГП 00 Жалпы гуманитарлық пәндер    
ЖГП 01 Пәндер циклін оқу нәтижесінде білім алушы білуі тиіс: - орыс тілін, қажетті лексикалық және грамматикалық минимумды (2300 лексикалық бірлік); - тілдік нормаларды; - фонетикалық, сөзжасамдық жүйесі, морфологиялық, синтаксистік құрылымды; - іскерлік құжаттарды; - кәсіби терминдерді; меңгеруі тиіс: - іскерлік қарым-қатынас (іскерлік әңгіме, кеңес т.б.) дағдыларын; - түрлі жанрда жазбаша мәтін құрастыруды; - өзін-өзі бақылау, грамматикалық және сөйлеу қателіктерін түзетуді; - кәсіби бағыттағы іскерлік қағаздарын, мәтіндерді өңдеу, жетілдіруді. Кәсіби орыс тілі:Лексика-грамматикалық материал (2300 лексикалық бірлік) Синтаксис. Тіл дамыту. Терминология. Кәсіби-бағытталған мәтіндерді аудару техникасы (сөздікпен). Іскерлік құжаттар. Кәсіби құжаттар. Кәсіби терминдер. Кәсіби қарым – қатынас. Іс жүргізу. БҚ 1,2,5, 6,8 КҚ 3,6,7 АҚ 2
ЖГП 02 Пәндер циклін оқу нәтижесінде білім алушы білуі тиіс: - үйретілетін тілді; - мамандығы бойынша лексикалық сөз топтарын, грамматикалық материалды, сөйлем құрылымын, тақырыптық сөз топтарын; меңгеруі тиіс: - іскерлік әңгімелесуді; - диалог мазмұнын әңгіме түрінде жазбаша беру және керісінше әңгімені диалог түрінде беруді; - берілу ретін сақтай отырып, - іскерлік құжаттарды өңдеуді; - Интернет жүйесін, факс жіберуді және электронды поштаны қолдануды. Кәсіби шетел тілі: Лексикалық-грамматикалық материал (2300 лексикалық бірліктер) Мамандық бойынша кәсіптік тілдің негізі, кәсіби лексика, фразеологиялық құрылымдар және терминдер. Кәсіби қарым-қатынас. БҚ 1,2,5, 6,8 КҚ 3,6,7 АҚ 2
ЖГП 03 Пәндер циклін оқу нәтижесінде білім алушы білуі тиіс: - «Өзін-өзі тану» пәнінің теориялық негіздерін; - студенттің азаматтық мәртебесін; - рухани-адамгершілік құндылықтарды білуі; - өзін-өзі бақылай, бағалай; - өз жетістіктері мен кемшіліктерін; - өмірлік ұстанымын қалыптастыра; меңгеруі тиіс: - адамның қарым-қатынастарын үйлесімді құруды; - табиғи, әлеуметтік, әрекеттесу жүйесіндегі тепе-теңдік күйді сақтауды; - өмірлік көзқарасын анықтауды; - өмір мамандығын таңдауды; - кез келген жағдаятта өз бетінше шешім қабылдауды. Өзін-өзі тану: Жаңа қауымдастық. Ересектер ойын ойнай ма? Пікірлесе білу - баға жетпес байлық. Көкжиектің ар жағында не бар. Құндылық. Ғұмыр ұзақтығындай жол. БҚ 1,2,3,5,6 КҚ 3,6 АҚ 2
ЖГП 04 Пәндер циклін оқу нәтижесінде білім алушы білуі тиіс: - қауіпсіздік техникасы ережелерін; - спорт түрлері бойынша ережелерді; - гимнастикалық жаттығуларды орындау, жүгіру, граната лақтыру, шаңғымен жүру, спорттық ойындар, қозғалмалы ойындар, туристің жеке жабдықтарын пайдалану техникасын; меңгеруі тиіс: - дене жаттығуларын дұрыс орындауды; - волейбол, баскетбол ойнау, снарядта гимнастикалық жаттығулар орындау, шаңғымен жүру, туристік жорықтарға қатысу, компасты пайдалану, азимут пен жорық жолбағытын анықтауды. Дене тәрбиесі: Теориялық мәліметтер. Жеңіл атлетика. Гимнастика. Туризм. Шаңғы дайындығы. Жүзу. Спорттық ойындар. Қимылды ойындар. БҚ 9 КҚ 2, 3,5,6. АҚ 2
ӘЭП 00 Әлеуметтік–экономикалық пәндер    
ӘЭП 01 Пәндер циклін оқу нәтижесінде білім алушы білуі тиіс: - алғашқы қауымдық мәдениет кезеңдерін; - Ежелгі Үндістан, Қытай, Месопотамия, Грекия, Рим мәдениетінің негізгі кезеңдерін; - Ортағасырлық Шығыс елдерінің ұлы ғалымдарының, ақындарының, Қайта өрлеу дәуірі ғұламаларының әлем мәдениетіне қосқан үлесін; - реализм, символизм, натурализм және импрессионизм бағыттарының ерекшеліктерін; - ХХ ғ. мәдениетін; меңгеруі тиіс: - мәдениеттану пәнінің ғылым ретіндегі мәнін ашуды; - Беғазы - Дәндібай мәдениеті ерекшеліктерін көрсетуді; - Ежелгі Үндістан, Вавилон, Ассирия, Иран, Ежелгі Грекия, Рим елдерінің ең ірі мәдени ошақтарының тарихи құндылығын талдауды; - Ортағасырлық Батыс Европа және Қазақстанның сәулет өнерін, Қайта өрлеу дәуірі өкілдерінің еңбектерін сипаттауды; - Ортағасырлық Шығыс поэзиясын сараптауды; - ХҮІІ, ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ. өнер стильдерін салыстыруды; - ХХ ғ. мәдениетіне сипаттауды; - мәдениет пен діннің арақатынасын ашуды. Мәдениеттану: Мәдениет теориясы Ежелгі дәуір мәдениеті (Үндістан, Қытай, Месопотамия, Грекия, Рим). Ортағасыр мәдениеті (Ортағасырлық Шығыс. Ортағасырлық Батыс). Жаңа дәуір мәдениеті (ХҮІІ–ХІХ ғ.ғ.) ХХ ғ. мәдениеті. Мәдениет және дін. БҚ 2,3, 4,6,7 КҚ 2,3, 6.
ӘЭП 02 Пәндер циклін оқу нәтижесінде білім алушы білуі тиіс: - ғылыми-философиялық үрдістің қалыптасуын; - материя ұғымын және оның негізгі формаларын; - диалектиканың негізгі заңдары мен категорияларын; - қоғамның экономикалық саяси, әлеуметтік сфераларын; меңгеруі тиіс: - философияның басқа ғылымдар жүйесіндегі алатын орнын айыруды; - философияның басты мәселесінің мәнін ашуды; - философиялық ойдың даму тарихын сипаттауды; - дүниенің болмысын және оның түрлерін сипаттауды; - диалектиканы әрі жеке ғылым, әрі философияның таным үрдісінде қолданатын әдісі ретінде сипаттауды; - философиядағы гносеологияның даму заңдылықтарын ашуды; - қоғамның экономикалық базисі мен идеологиялық қондырмасы туралы және олардың қарым-қатынасын сараптауды; - ғылыми-техникалық революцияның адамзатқа әкелген табыстары мен зиянды жақтарын сараптауды; - ғаламдық проблемаларды талдауды. Философия негіздері: Философия пәні, оның қалыптасуы және даму тарихы. Философия – теория мен методологияның бірлігі. Әлеуметтік философия мәселелері. БҚ 1,2 КҚ 1,3 АҚ 2
ӘЭП 03 Пәндер циклін оқу нәтижесінде білім алушы білуі тиіс: - саясаттану ғылымның дербес пәні ретінде пайда болуы мен дамуын; - саясат объектісі мен субъектісін және атқаратын қызметтерін; - саяси жүйе ұғымы, құрылымы, қызметін; - саяси партиялардың қалыптасуы мен дамуын; - қоғам ұғымы, құрылымы, қызметін; - қоғамдық ойдың даму тарихын; меңгеруі тиіс: - ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі саяси ой тарихы кезеңдерін сипаттауды; - Қазақстандағы саяси ахуалға өз көзқарасын білдіруді; - саяси режимдердің (тотаритарлық, авторитарлық, демократиялық) мәнін ашуды; - мемлекеттің пайда болуы, белгілері мен қызметтерін, себептерін ашуды; - Қазақстандағы қоғамдық қозғалыстары мен саяси партияларының қоғам өміріндегі атқарып жатқан іс - әрекеттерін бағалауды; - саяси процестердің мәні мен құрылымын сипаттауды; - социология ғылымының қалыптасу үрдісіне үлес қосқан ойшылдардың өмірі мен көзқарастарын сипаттауды. Саясаттану және әлеуметтану негіздері: Саяси ой тарихы және қазіргі саяси мектептер. Қазақстандағы қоғамдық ой. Саясат түсінігі. Саяси билік. Саяси жүйе. Мемлекет. Саяси партиялар. Қоғамдық ұйымдар және қозғалыстар. Саяси процестер және саяси өзгерістер. Әлеуметтану пәні, оның қоғамдағы орны мен рөлі. БҚ 1,3,6 КҚ 3,6 АҚ 2
ӘЭП 04 Пәндер циклін оқу нәтижесінде білім алушы білуі тиіс: - экономикалық теория пәнін, қоғамдағы экономиканың рөлін; - экономикалық ойдың даму тарихын және қазіргі бағыттарын, мектептерін; - тауар және қызметке сұраныс және ұсыныс түсінігінің айырмашылығын және бағаның тепе-теңдігін; - дүниежүзілік экономика дамуының бағыттарын; - өтпелі кезеңде макроэкономикалық тұрақтылықтың қажеттілігін; меңгеруі тиіс: - экономикаға ғылым ретінде толық анықтама беруді; - экономикалық жүйенің типтері мен модельдерін талдауды; - нарықтың мәнін, негізгі факторларын, қызметін және түрлерін түсіндіруді; - биржаның қалыптасу себебін және қазіргі экономикадағы мәнін ашуды; - экономикалық өсудің негізгі факторларын, деңгейлері мен түрлерін сипаттауды; - қазіргі ғалам проблемаларының экономикалық аспектілерін түсіндіруді; - нарықтың әлеуметтік-экономикалық теорияның мәнін талдауды. Экономика негіздері: Экономикалық теорияға кіріспе. Микроэкономика. Макроэкономика. Дүниежүзілік экономика. Өтпелі экономиканың теориялық негіздері. БҚ 2,3 КҚ 1,2,3 АҚ 2
ӘЭП 05 Пәндер циклін оқу нәтижесінде білім алушы білуі тиіс: - мемлекет пен құқықтың қалыптасуына әсер еткен қоғамдық тарихи жағдайларды; - ҚР Конституциясын, ҚР заңдарын; - Қазақстандағы сайлау жүйесі, азаматтардың сайлауға қатысуын; - әкімшілік құқық бұзушылықтар мен әкімшілік жазаларды; - еңбек келісім шарты, ұжымдық шарт, еңбек ақы, еңбек тәртібін; - қоғамды демократияландыру, құқықтық мемлекет құру ісін; меңгеруі тиіс: - мемлекеттің негізгі заңын, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу сезімін қалыптастыруды; - азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын пайдалануды; - құқық бұзушылық фактілерін талдауды; - қылмыс заңына, қылмыс құрамына анықтама беруді; - нормативтік-құқықтық актілерді қолдануды; - құқықтық тәрбиелеу әдістерін таңдау мен дұрыс қолдануды; - құқықтық құжаттар мазмұнын талдауды. Құқық негіздері: Мемлекет және құқық негiздерi. Конституциялық құқық негіздері. Азаматтық құқық, меншік құқығы, отбасы құқығы, әкімшілік құқық, қылмыс құқығы, еңбек құқығы негіздері. Экологиялық құқық негіздері. Еңбекті қорғау туралы жалпы түсінік. БҚ 4,7 КҚ 3,6. АҚ 2.
ЖКП 00 Жалпы кәсіптік пәндер    
ЖКП 01 Пәндік циклды оқып үйрену нәтижесінде білім алушы білуі тиіс: - психологияның мазмұнын, міндеттерін, әдістерін, ми және психиканы, жеке тұлғаның психикалық қасиеттерін; - жеке адамның таным процестерінің, эмоциональдық – еріктік процестердің ерекшеліктерін; - жас ерекшелік психологиясының негіздері, жеткіншек және жасөспірім балалардың дамуындағы психологиялық ерекшеліктерін; - мұғалім тұлғасының сапалары мен педагогикалық қабілеттері, оқу – тәрбие процесінің педагогикалық негіздерін; - меңгеруі тиіс: - жеке тұлғаның психологиялық қасиеттерін тануды және зерттеуді, мидың релекторлық іс-әрекетін талдауды; - оқушылардың таным процестерінің ерекшеліктерін және дамуын анықтау және сипаттауды; - оқушылардың психикалық және анатомиялық, физиологиялық ерекшеліктерін ажырата білуді; - оқу үрдісінде оқушылардың жеке ерекшеліктерін диагностикалау және ескеруді. Психология: Психология пәніне кіріспе. Таным, эмоциональдық – еріктік процестер. Жас ерекшелік психологиясының негіздері. Педагогикалық психологияның негіздері. БҚ 1,2,3,5,6 КҚ 1,2,3,4 АҚ 1,2
ЖКП 02 Пәндер циклін оқу нәтижесінде білім алушы білуі керек: - педагогика пәнін, негізгі ұғымдарын, әдістерін; - білім беру жүйесінің даму тарихын, кезеңдерін; - тәрбиенің міндеттерін, мазмұнын, бағыттарын; - сынып жетекшінің міндеттерін, функциясын; - дидактикалық ұғымдарды, оқыту түрлерін, принциптерін, әдістерін, формаларын; - педагогикалық кеңес, әдістемелік бірлестік жұмысы туралы; - мектепішілік бақылау әдістерін, басшылық стилдерін; - озат педагогикалық тәжірибе және инновацияны; - этнопедагогиканың пәні, мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістерін; - этнопедагогикалық идеялардың тарихын және қалыптасуын; - ақыл-ой, еңбек, эстетикалық, елжандылық, экологиялық тәрбиенің мазмұны, құралдарын; - қазақ отбасындағы бала тәрбиелеу дәстүрлерін. - педагогикалық шеберлік элементтерін: ізгілендіру бағыты, кәсіптік білім, педагогикалық қабілет, педагогикалық техника; - педагогикалық техника компоненттерін; - мұғалімнің дидактикалық, ұйымдастыру, коммуникативтік біліктерін; - педагогикалық қарым-қатынас ұғымын, қызметін, құрылымын, стильдерін; - сендіру мен әсер ету тәсілдерін; - ынтымақтастық педагогикасын; меңгеруі тиіс: - педагогикалық зерттеу әдістерін қолдануды; - Қазақстан Республикасының білім туралы мемлекеттік құжаттарын өз жұмысында қолдануды; - білім беру жүйесі туралы ақпараттарды жүйелеуді; - оқушыға, сыныпқа сипаттама беруді; - тәрбие әдістерін, құралдарын, формаларын қолдануды; - оқыту мазмұнын, әдістерін, формаларын оқыту принциптеріне сүйене отырып жоспарлауды; - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларын бақылау және бағалау формаларын қолдануды; - қазақ халқының тәрбиесі туралы ақпараттар жинауды; - отандық педагогтардың этнопедагогикалық зерттеулерін оқу-тәрбие жұмысында қолдануды; - ұлттық тәрбиені жоспарлауды, ұйымдастыруды, өткізуді; - педагогикалық шеберлікті жетілдіру, өзін-өзі тануға қажеттілікті қалыптастыруды; - оқушыларды танымдық жұмысқа жұмылдыру, ұжыммен және жеке тұлғамен қарым-қатынас орнату, бақылау жүргізу, ұжымды ұйымдастыруды; - оқушылармен өзара әрекет орнатуды; - ынтымақтастық педагогикасы негізінде оқушылардың танымдық қызметін белсендіруді. Педагогика: Педагогиканың жалпы негіздері: педагогика пәні және міндеттері, зерттеу әдістері, Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі, жеке тұлғаның даму факторлары, қалыптасуы. Тәрбие теориясы: тәрбиенің мақсаты, міндеттері, мазмұны, әдістері, тәрбие бағыттары. Дидактика. Мектептану негіздері. Қазақ этнопедагогикасы: теориясы және ғылыми-әдістемелік негізі. Этнопедагогикалық идеялардың қысқаша тарихы. Халық педагогикасындағы тәрбиенің түрлері: дене, еңбек, эстетикалық, ақыл-ой, елжандылық, экологиялық. Халық педагогикасындағы отбасы тәрбиесі. Білім беру жүйесіндегі қазақ этнопедагогикасы. БҚ 1,3,5 КҚ 1-7 АҚ 1,2,4,5,6,7
ЖКП 03 Пәндер циклін оқу нәтижесінде білім алушы білуі керек: - мектептегі тәрбие жұмысының мақсатын, міндеттерін, бағыттарын; - тәрбие әдістерін, тәсілдерін, құралдарын; - тәрбие жұмысын жоспарлау ерекшеліктерін; - сынып жетекшісінің міндеттерін және функцияларын; меңгеруі тиіс: - тәрбие жұмысын жоспарлауды және өткізуді; - тәрбиенің алуан түрлі әдістерін, тәсілдерін, құралдарын қолдануды; - сыныптық, сыныптан тыс, мектептен тыс шаралардың алуан түрін қолдануды; - сынып жетекші жұмысын жүзеге асыруды; - тәрбие жұмысын жоспарлауды; - отбасымен жұмысты ұйымдастыруды. Тәрбие жұмысының әдістемесі: Тәрбие жұмысының негізгі бағыттары, әдістері, тәрбие формалары, сынып жетекшісінің іс - әрекеті, сыныптан тыс тәрбие жұмысын жоспарлау. Сынып сағаттарын жоспарлау және өткізу. БҚ 1,2,3, 8,9 КҚ 1,2,3,4 АҚ 2,4,5,6,7
ЖКП 04 Пәндер циклін оқу нәтижесінде білім алушы білуі тиіс: - білім алушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарын; - педагогикалық зерттеу әдістерін: - бақылау, сұрау әдістері, эксперимент; - зерттеудің логикасын және құрылымын; - педагогикалық тәжірибені зерттеу және енгізу процесін; меңгеруі тиіс: - зерттеу мақсатын, міндеттерін қоюды; - бақылау жүргізуді, сауалнама, шағын эксперимент өткізуді; - педагогикалық тәжірибені зерттеудің әдіс-тәсілдерін; - ғылыми жұмыс нәтижелерін безендіруді. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі: Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы, зерттелетін мәселенің жағдайына талдау, зерттеу әдістері: бақылау, педагогикалық тәжірибе, педагогикалық эксперимент. Сұрау әдістері. Білім беру саласындағы алғашқы құжаттар: кітаптар, мақалалар, тезис-баяндамалар, энциклопедиялар, анықтамалық кітаптар, есептер мен диссертациялар, нормативті-техникалық құжаттар. Ақпараттардың құжаттық көздерін аналитикалық-синтетикалық өңдеу. Екіншілей құжаттар: аннотация, реферат және шолулар. Библиографиялық және реферативті басылымдар (реферативті журналдар). Зерттеу жұмыстарының логикасы және құрылымы, ғылыми жұмыстың нәтижелерін безендіру. БҚ 3,5,10 КҚ 1,2,3,5,7 АҚ 1,2,5, 6,7.
ЖКП 05 Пәндер циклін оқу нәтижесінде білім алушы білуі тиіс: - ағзаның біртұтастығын қамтамасыз ететін, негізгі механизмдерді; - ағза мен қоршаған орта, құрылысы және қызметі арасындағы байланыстарды; - жасуша мен ұлпалардың құрылысы, олардың қызмет ерекшеліктерін; - жүйке жүйесінің негізгі қасиетін, құрылысын, маңызын; - жоғары дәрежелі жүйке әрекетінің типтерін, тежелу түрлерін; - сезім мүшелерінің классификациясын, анықтамасын, олардың құрылысын, жалпы қасиетін; - тірек – қимыл аппаратының құрылысы, қызметін, оның әрбір жас ерекекшелік дамуындағы, физиологиялық өзгерістерін; - ішкі секреция бездерінің құрылысы мен маңызын; - зат алмасудың ағзадағы маңызын, түрлерін; - қан айналым жүйесін, жүректің құрылысын, қызметін, маңызын; - тыныс алу жүйесінің маңызын, құрылысын; - ас қорыту жүйесінің құрылысын, маңызын; - терінің маңызын, құрылысын; меңгеруі тиіс: - антопометиралық өлшемді өткізіп, оны орта статистикалық көрсеткіштермен салыстыруды; - ОЖЖ, және вегетативті жүйке жүйесі, сезім мүшелері, зәр шығару жүйесі құрылысы туралы мылқау таблицамен жұмыс істеуді; - жоғары дәрежелі жүйке әрекетінің түрлерін, жас ерекшеліктерін; - жас ерекшеліктеріне байланысты, жұмыс қабілеттерін ескере отырып, сабақ кестесін құрып, талдауды; - сабақ бөлмесіндегі жылу мен жарыққа қойылатын гигиеналық талаптарды талдауды; - мектеп жасындағы балалардың негізгі зат алмасу көрсеткіштерін анықтауды; - балалар мен жасөспірімдерде туындайтын аурулар, олардың алдын алу жолдарымен жұмыс; - жүрек жұмысының ретін анықтауды; - бауырдың асқорытудағы маңызын анықтауды; - балалар мен жасөспірімдердің тамақтану тәртібін, гигиенасын сақтауды; - ауа, күн сумен шынығудың ережесін құруды; - күю, үсу кезінде алғашқы жәрдем көрсетуді. Анатомия, физиология және мектеп гигиенасы: Кіріспе. Адам ағзасының морфофункциясы. Жүйке жүйесі және тірек қимыл жүйесінің құрылысы, қызметі, гигиенасы. Жоғары дәрежелі жүйке әрекеті. Жүрек – қан тамырлар жүйесі. Тыныс алу жүйесі. Ас қорыту жүйесі. Зат алмасу. Зәр шығару жүйесі. Тері. Ағзаны шынықтыру. Оқушылардың қоршаған ортасына қойылатын гигиеналық талаптар. БҚ 3,6, 9,10. АҚ 2,5,6
ЖКП 06 Пәндер циклін оқу нәтижесінде білім алушы білуі тиіс: - оқыту технологиясының мәні мен құрылымын; - педагогикалық технология түрлерін: ынтымақтастық педагогикасы, жеке ізгілік, проблемалық оқыту, ойын дидактикалық бірліктерді ірілендіру (П.М.Эрдниев) модульдік, компьютерлік, дамыту, деңгейлеп-саралап, оқытудың ұжымдық және топтық тәсілі, Лысенкованың (перспективтік) түсіндіре басқарып оза оқыту т.б. технологиялардың ерекшеліктері мен мазмұнын; - компьютерлік технология негіздерін; - мультимедиа технологиясының принциптері туралы түсінігі; - локальды және глобальді желілер түрлері; - қашықтықтан оқыту және оны ұйымдастыру жолдарын; - интерактивті оқыту технологияларын; - мәліметтер қорын басқару жүйесінің түрлерін; меңгеруі тиіс: - педагогикалық технологияларды жіктеу, талдау, жүйелеуді; - оқу ақпаратын модульдеуді; - сабақтарды жаңа педагогикалық технологиялар бойынша жоспарлауды; - практикада педагогикалық технологияларды қолдануды; - компьютер, интерактивті тақта, планшет, графикалық шланшет, электронды қарындаш, «кері байланыс» тұрақты аппаратын пайдалануды; - оқу мақсатында бақылаушы және тестілеу бағдарламаларын,Интернет, электрондық почта, чат қолдануды. Жаңа педагогикалық технологиялар: Педагогикалық технология түсінігі, түрлері: педагогикалық қарым-қатынаста жеке тұлғаны ізгілендіру және демократияландыруға негізделген, Оқушылардың іс-әрекетін белсендіру және күшейту негізіндегі, әдістемелік білім жетілдіру және дидактикалық қайта құрастыру негізіндегі, оқыту үрдісін басқару және ұйымдастыру негізіндегі, дамыта оқыту, Қазақстандағы авторлық мектептердегі педагогикалық технологиялар. Компьютерлік технология. Мультимедиа технологиясы. Желілік технология, Интернет-технология. Қашықтықтан оқыту технологиясы. Интерактивтік технология Ақпараттық-коммуникациялық технология. Электрондық-әдістемелік жүйе жағдайында мұғалімнің әдістемелік жұмысқа дайындығы. БҚ 3,5,10 АҚ 2,5,6,7
ЖКП 07 Пәндер циклін оқу нәтижесінде білім алушы білуі тиіс: - педагогикалық шеберлік элементтерін: ізгілендіру бағыты, кәсіптік білім, педагогикалық қабілет, педагогикалық техника; - педагогикалық техника компоненттерін; - мұғалімнің дидактикалық, ұйымдастыру, коммуникативтік біліктерін; - педагогикалық қарым-қатынас ұғымын, қызметін, құрылымын, стильдерін; - сендіру мен әсер ету тәсілдерін; - ынтымақтастық педагогикасын; меңгеруі тиіс: - педагогикалық шеберлікті жетілдіру, өзін-өзі тануға қажеттілікті қалыптастыруды; - оқушыларды танымдық жұмысқа жұмылдыру, ұжыммен және жеке тұлғамен қарым-қатынас орнату, бақылау жүргізу, ұжымды ұйымдастыруды; - оқушылармен өзара әрекет орнатуды; - ынтымақтастық педагогикасы негізінде оқушылардың танымдық қызметін белсендіруді. Педагогикалық шеберлік негіздері Педагогикалық техника, мұғалімнің сөйлеуі. Оқушылар мен мұғалімнің қарым-қатынас мәдениеті. Мұғалімнің оқу-тәрбие үрдісін басқарудағы мұғалім шеберлігі. БҚ 1,3, 5,10 КҚ 1,3,5,7 АҚ 2,4,5,6
ЖКП 08 Пәндер циклін оқу нәтижесінде білім алушы білуі тиіс: - менеджмент дамуының бағыттары мен мектептерін; - менеджмент жүйесін, мәнін, функцияларын, деңгейлерін; - басқару және өзін-өзі басқару әдістерін; - микроәлеуметтік басқару принциптерін; - менеджер қызметінің спектрін; - бизнес-жоспар құрылымын; меңгеруі тиіс: - адами қарым-қатынастарды реттеуді; - басқару әдістерін қолдану; - бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етуді; - микроәлеуметтік басқару принциптерін қолдануды; - қызметкерлерге жеке қарым-қатынас табуды; - бизнес-жоспар жасақтауды. Менеджмент негіздері Менеджмент ғылым ретінде. Басқару ойлары теориясының дамуы. Менеджменттің ғылым ретінде дамуының бағыттары мен мектептері. Адамдардың жүріс - тұрысы мен қарым-қатынасы. Басқару ғылымы. Басқару мәдениетін қалыптастыру. Басқару әдістері. Менеджмент жүйесі. Өзін-өзі басқару әдістері. Кәсіпорынды бәсекеге қабілеттікпен қамтамасыз ету. Менеджмент мазмұны, әдістері мен қызметі. Ішкі және сыртқы ортаны басқарудың кешенді жүйесі. Басқару қызметі. Дәстүрден тыс ғылыми басқару. Менеджмент деңгейлері. Басқару аппаратының қызметтік мақсаттары. Микроәлеуметтік басқару принциптері. Кәсіпорын менеджері және басқару тиімділігі. Менеджер басқарушы ретінде. Қызметкерлерге жеке қарым-қатынас. Менеджер қызметінің кең ауқымдылығы. Жоспар құру. Жұмыстың жоғарғы нәтижелілігі. Жоспарлау -кәсіпорынды басқару жүйесі ретінде. Бизнес – жоспар. Бизнес – жоспар құрылымы. Кәсіпорынды басқару жүйесіндегі бизнес – жоспардың орны. БҚ 3,5,10 КҚ 2,5,7.
КМ 00 Кәсіптік модуль    
АП 00 Арнайы пәндер    
АП 01 Пәндер циклін оқу нәтижесінде білім алушы білуі тиіс: - информатиканың негіздерін; - ақпарат, ақпараттық үрдістерді; - санау жүйелерін; - логиканың негізгі ұғымдарын, логикалық операцияларды; - логикалық түйіндерді; - ақпараттық үрдісті автоматтандыру негізін; - ЭЕМ даму кезеңдерін, элементтік базаларын, жіктелуін; - алгоритмдер теориясының негізін; - ақпараттық жүйе туралы; істей білуі тиіс: - ақпаратты жинақтауды, өңдеуді, сақтауды, таратуды; - ақпаратты өлшеуді, кодтауды; - сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстыруды; - логикалық схема және шындық кестесін құруды; - алгоритм құруды; практикалық тәжірибесі болуы тиіс: - ақпаратты өңдеу тәсілдерінен; - бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне ауыстырудан; - логикалық схема құрудан; - ақпараттық жүйені талдаудан. Информатиканың теориялық негіздері: Информатиканың фундаментальдық негіздері. Ақпарат, ақпараттық үрдістер. Санау жүйелері. Логиканың негізгі ұғымдары. Логикалық түйіндер. Ақпараттық үрдісті автоматтандыру. Пост және Тьюринг машиналары. Цифрлық автоматтар. Алгоритмдер теориясы. Ақпараттық модельдеу. Ақпараттық жүйелер. БҚ 10 КҚ 1,2,4,5 АҚ 1,2,3,6
АП 02 Пәндер циклін оқу нәтижесінде білім алушы білуі тиіс: - информатика пәнін оқыту әдістемесін; - информатика пәнін оқытуды; - ҚР мемлекеттік орта білім стандарты мазмұнын; - мектеп информатикасы пәнінің базалық мазмұнын; - информатика пәнін программалық, ақпараттық, әдістемелік қамтуды; - информатика сабағының құрылымын, оған қойылатын талаптарды; - олимпиада өткізу әдістемесін; - оқытудың техникалық құралдарын, оларды қолдану әдістемесін; - информатика кабинетін жабдықтауға қойылатын талаптарды; істей білуі тиіс: - оқушы мен мұғалімнің жұмыс орнын ұйымдастыруды; - информатикадан оқу үрдісін жоспарлауды; - мектеп информатикасы бағдарламасы мен оқулықтарын талдауды; - информатика сабағын ұйымдастыруды, талдауды; - информатикадан олимпиада өткізуді; - информатикадан сыныптан тыс жұмыстар жүргізуді; - оқытудың техникалық құралдарын қолдануды; практикалық тәжірибесі болуы тиіс: - сабақ жоспарын құрудан; - өз жұмысында ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолданудан; - қолданбалы құралдарды өз жұмысында пайдаланудан; - электрондық программалық жабдықтармен жұмыстанудан. Информатиканы оқыту әдістемесі Информатиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым ретінде. Информатиканы мектепте оқытудың мақсаты мен міндеттері. Информатика оқыту әдістері мен формалары. ҚР мемлекеттік орта білім стандарты. Мектеп информатикасының базалық мазмұны. Мектеп информатикасы бағдарламасы мен оқулықтарын талдау. Информатикадан оқу-әдістемелік кешен. Бағдарламалық қамту. Информатикадан оқу үрдісін жоспарлау. Информатика сабағының құрылымы мен талдау. Оқытудың техникалық құралдары мен қолдану әдістемесі. Оқыту нәтижелерін тексеру және бағалау. Сыныптан тыс жұмыстар. Олимпиада өткізу әдістемесі. Бейіндік курстар. Информатика кабинетін жабдықтау және информатика кабинетінде оқушылардың жұмысын ұйымдастыру. БҚ 10 КҚ 1,2,4,5 АҚ 1,2,3,6
АП 03 Пәндер циклін оқу нәтижесінде білім алушы білуі тиіс: - ЭЕМ ұйымдастыру принципін; - ЭЕМ даму тарихы, кезеңдері мен жіктелуін; - ЭЕМ архитектурасын; - ЭЕМ-нің арифметикалық-логикалық негіздерін; - процессор, жады жұмыстарын; істей білуі тиіс: - ЭЕМ-мен жұмыс жүргізуді; ЭЕМ түрлерін айыруды; - ЭЕМ құрылғыларын басқаруды; - ЭЕМ-мен жұмыстағы қателіктерді анықтауды; практикалық тәжірибесі болуы тиіс: - ЭЕМ құрылғыларын орнатудан; - ЭЕМ-нің жаңалықтарын зерттеу, өз тәжірибесінде қолданудан; - ЭЕМ-мен жұмысты ұйымдастырудан. Компьютер архитектурасы ЭЕМ ұйымдастыру принципі. ЭЕМ даму тарихы, кезеңдері мен жіктелуі. ЭЕМ архитектурасы. ЭЕМ-нің арифметикалық-логикалық негіздері. ЭЕМ функционалдық ұйымдастырылуы. ЭЕМ құрылғыларын ұйымдастыру. Процессорлар. Жады. ЭЕМ жадысын басқару. Микропроцессор жүйесінің архитектурасы. Процессорлық модуль. Негізгі ішкі жүйелер жұмысы. Үзілу. Енгізу/ шығарудың базалық жүйесі. Интерфейстер. Конвейерлер. Параллелизм. ЭЕМ-нің қазіргі даму тенденциялары. Мультикомпьютерлер мен мультипроцессорлар. БҚ 10 КҚ 7 АҚ 3-7
АП 04 Пәндер циклін оқу нәтижесінде білім алушы білуі тиіс: - алгоритм түсінігін, қасиеттерін, берілу тәсілдерін (табиғи, графикалық, алгоритмдік, программалау тілдері), түрлерін (сызықтық, тармақталған, циклдық); - алгоритмдер теориясын, интерпретатор, компилятор, трансляциялау, қосалқы процессор ұғымдарын; - алгоритмдік тілде алгоритмнің жазылу ережелерін; - Кестелік, мәтіндік, графикалық шамалармен жұмыс істеу алгоритмдерін; - Бағыныңқы программалардың көмекші алгоритмдерін; - Basic, Pascal программалау тілдерінің алфавитін; - Basic, Pascal программалау тілдерінде айнымалылар, тұрақты шамалары, сандық берілгендерді жазуды; - Basic, Pascal тілдерінде программалау негіздерін; - Basic, Pascal тілдерінің операторларын; - Basic, Pascal тілдерінде программалаудың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын; - Программалау орталары түсінігін; - Visual Basic программалау ортасында жұмыс істеу принципін; - Visual Basic программалау ортасындағы объектілер, олардың түрлерін; істей білуі тиіс: - алгоритм қасиеттерін ажыратуды; - алгоритмнің табиғи, графикалық, алгоритмдік, программалау тілдерінде берілуін ажыратуды; - алгоритмнің түрлерін (сызықтық, тармақталған, циклдық) ажыратуды; - интерпретациялау, компиляциялау трансляциялауды; - алгоритмдік және программалау тілдерінде алгоритмді жазуды; - алгоритмдік және программалау тілдерінде кестелік, мәтіндік, графикалық шамалармен жұмыс; - Бағыныңқы программалардың көмекші алгоритмдерін пайдалануды; - Basic, Pascal тілдерінде программалау ерекшеліктерін ажыратуды; - Visual Basic программалау ортасында жұмыс; - Visual Basic программалау ортасында объектілерді пайдалануды; практикалық тәжірибесі болуы тиіс: - Кез келген өмірлік жағдайда алгоритм құрудан; - Basic, Pascal программалау тілдерінде есептер шығарудан; - Visual Basic программалау ортасында қосымшалар құрудан және пайдаланудан. Программалау: Алгоритм. Алгоритмдік тіл. Программалау тілдері (Basic, Pascal). Программалау орталары (Visual Basic). БҚ 10 КҚ 7 АҚ 3-7
АП 05 Пәндер циклін оқу нәтижесінде білім алушы білуі тиіс: - компьютерлік графиканың түрлерін, бағыттарын, бағытталуын; - бейнелерді құру принциптерін; - түсті, түстік палитраны, түстік моделдерді; - шешілім түсінігін және оның түрлерін; - графикалық мәліметтердің форматтарын, олардың ерекшеліктерін, артықшылықтары мен кемшіліктерін; - графикалық мәліметтермен жұмыс жасауға арналған аппараттық құрылғыларды, олардың бағытталуын, түрлерін, сипаттамаларын; - Paint, Adobe Illustrator, Image Ready, т.б. графикалық мәліметтерді өңдеу бағдарламалары жөнінде негізгі мәліметтерді; - Adobe Photoshop бағдарламасының бағытталуын, ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін; - Corel Draw бағдарламасының бағытталуын, ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін; - Macromedia Flash бағдарламасының бағытталуын, ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін; істей білуі тиіс: - компьютерлік графиканың түрлері мен бағыттарын ажыратуды; - бейнені құрудың принциптерін анықтауды; - түсті, түстік палитраны, түстік моделдерді қолдану мен таңдауды; - шешілуді анықтауды және беруді, оның түрлерімен жұмыстануды; - графикалық мәліметтердің тиімді форматтарын қолдануды, олардың ерекшеліктерін, артықшылықтары мен кемшіліктерін ескеруді; - бағытталуы мен мүмкіндіктері бойынша графикалық мәліметтерді өңдеудің аппараттық құралдарын машықтық мақсаттарды жүзеге асыруда қолдануды; - күтілетін нәтижеге сәйкес бейнені өңдеуде бағдарламалық құралдарды таңдауды; - Adobe Photoshop және Corel Draw, Macromedia Flash бағдарламаларында жаңа бейнені жасақтауды және дайын бейнені өңдеуде қолдануды; практикалық тәжірибесі болуы тиіс: - электрондық графикалық ақпаратпен жұмыс жасаудан; - түсті, түстік палитраларм ен моделдерді қолданудан; - түпнұсқаның, баспалық бейненің, монитордың шешілулерін баптаудан; - графикалық мәліметтердің форматтарын олардың ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктеріне сәйкес пайдаланудан; - бағытталуы, түрлері мен сипаттамаларына байланысты графикалық мәліметтермен жұмыс жасаудың аппараттық жабдықтарымен жұмыстанудан; - Paint, Adobe Illustrator, Image Ready және т.б. графикалық мәліметтерді өңдеу бағдарламаларымен жұмыс жасаудан; - Adobe Photoshop және Corel Draw, Macromedia Flash бағдарламаларында графикалық файлдарды жасақтау мен өңдеуден. Компьютерлік графика: Компьютерлік графика негіздері (бағыттары, даму тарихы, түрлері, графикалық мәліметтер форматтары, шешілім, түстері, моделдері, палитралары). Adobe Photoshop бағдарламасы: интерфейс, құрал-саймандар, палитралар, әсерлер фильтрлері, файлдармен, бейне оның бөліктерімен, қабатпен жұмыс, коллаж. Corel Draw бағдарламасы: интерфейс, құрал-саймандар, әсерлер, парақтармен, файлдармен, бейнелермен жұмыс. Macromedia Flash бағдарламасы: интерфейс, құрал-саймандар, кадрлар, қабаттар, анимация түрлерін құру. БҚ 10 КҚ 7 АҚ 2,5,6,7
АП 06 Пәндер циклін оқу нәтижесінде білім алушы білуі тиіс: - Ақпаратты сақтау және басқару құралдарының эволюциясын; - Мәліметтер қоры, мәліметтер қорын басқару жүйесі ұғымдарын, олардың құрылымдары мен түрлерін; - Мәліметтер қорын орталықтан басқару ерекшеліктерін; - Реляциялық жүйелер мен модельдер, реляциялық мәліметтер қоры ұғымдарын; - Домен, қатынас, өріс, жазба ұғымдарын және олардың ерекшеліктерін; - SQL тілі негіздерін; - Microsoft Access мәліметтер қорын басқару жүйесінің жұмыс істеу принципін, оның негізгі жұмыс объектілерін; - мәліметтер қорын зерттеу және өңдеудің жаңа бағыттарын. істей білуі тиіс: - Мәліметтер қорының фактографиялық, реляциялық, иерархиялық, желілік түрлерін ажыратуды; - Мәліметтер қорын жобалауды, құруды, басқаруды; - Мәліметтер қорын басқарудағы негізгі компоненттер: мәліметтер, аппараттық және программалық қамсыздандыру, қолданушылар ролін ажыратуды; - Домендер, өрістер мен жазбалармен жұмыс; - Мәліметтер қорына жазбалар толтыруды, іздеуді, жоюды, алмастыруды, қорғауды, кестелерді байланыстыруды; - мәліметтер қоры және мәліметтер қорын басқару жүйелері ұғымдарын айыруды; практикалық тәжірибесі болуы тиіс: - Microsoft Access программасында мәліметтер қорын басқару жүйесін құру бойынша. Мәліметтер қорын басқару жүйесі: Мәліметтер қорының теориялық негіздері. Мәліметтердің ақпараттық модельдері: фактографиялық, реляциялық, иерархиялық, желілік. Microsoft Access мәліметтер қорын басқару жүйесі. Мәліметтер қорын зерттеу және өңдеудің жаңа бағыттарына шолу. БҚ 10 КҚ 7 АҚ 3,6
АП 07 Пәндер циклін оқу нәтижесінде білім алушы білуі тиіс: - есептеу желілері құрылуының негізгі принциптерін; - компьютерлік желінің арналуын, жіктелуін және ресурстарын; - жергілікті және жалпы желіні, түрлерін және оны ұйымдастыруды; - хаттама деген не және ол қалай қолданылатынын; - хабар деген не екенін; - электрондық хабарлармен жұмыс істеу ережелерін; - аппараттық құралдардың негізгі жиынына не кіретінін; - орталық процессор, магистраль, енгізу – шығару құрылғыларының арналуын; - Монитордың сипаттамаларын, арналуын, құрамдас бөліктерін; - пернетақтаның міндеттерін; - арнайы пернелердің негізгі функцияларын; - пернетақтамен жұмыс істеу техникасының ережелерін; - электрондық-есептеуіш техникасының түрлерін; - ЕТ дамуының негізгі кезеңдерін; - Цифрлық есептеуіш машинасының құрылу принциптерін; - ЭЕМ буындары мен олардың элементтік базасын; - ЭЕМ – ді қолдану аумақтарын; - аппараттық жүйелер ұғымын, құру тәсілдерін, түрлерін; істей білуі тиіс: - жергілікті желімен жұмыс; - “Желілік орта” қапшығымен жұмыс; - хабарларды құру, редакциялау, сақтау және ашумен жұмыс; - хабарларды жіберу және қабылдаумен жұмыс; - ауқымды желімен жұмыс; - Интернет ресурстарын пайдалануды; - электрондық адрестер және хабарлармен жұмыс; - Интернет, мультимедиа, желілік технологияларды пайдалануды; - орталық процессор, магистраль, енгізу – шығару құрылғыларымен жұмыс; - Монитордың сипаттамаларын, арналуын, құрамдас бөліктерімен; - арнайы пернелердің негізгі функцияларымен жұмыс; - аппараттық жүйелер ұғымын, құру тәсілдерін, түрлерімен жұмыс; практикалық тәжірибесі болуы тиіс: - желі құрудан; - аппараттық жабдықтамамен жұмыс істеуден - программалық қамтамасыз етуден. Есептеу жүйелері, желілері мен коммуникациялары: Желілік топологиялар. Интернет – технология. Аппараттық жабдықтар (орталық процессор, магистраль, енгізу, шығару, сақтау) Электрондық-есептеуіш техника. Аппараттық жүйелер. БҚ 10 КҚ 7 АҚ 3,5,6.
АП 08 Пәндер циклін оқу нәтижесінде білім алушы білуі тиіс: - жиын ұғымын; - нақты сандар және оның қасиеттері, геометриялық кескіндеу; - математикалық индукция тәсілін,бірігу және Ньютон биномы формуласын; - сандық тізбектер; - функция ұғымын, - функция шегі, функция шегі туралы теоремаларды; - туынды ұғымын және анықтамасын; - дифференциал ұғымын; - дифференциалдау ережесін, күрделі функцияны, - жоғарғы ретті туындысын есептеуді; - дифференциалдың негізгі теоремаларын; - алғашқы функция ұғымын; - анықталмаған және анықталған интегралдың негізгі қасиеттерін және әртүрлі тәсілдерін; - анықталған интегралдың физикалық және геометриялық мағынасын; - меншіксіз интеграл анықтамасын; - бірнеше айнымалыдан тұратын функция ұғымын және геометриялық бейнеленуін; - дербес туындылар, дифференциалдану, қос интегралдың анықтамасын; - сандық қатар, дәрежелік қатардың анықтамасын істей білуі тиіс: - нақты сандарға, жиындарға амалдар қолдануды; - математикалық индукция тәсілін практикада қолдануды; - тізбектің, функцияның шегін есептеуде анықтаманы, тамаша шектерді қолданып, түрлендіруді; - туындыны анықтама, кесте бойынша есептеуді; - дифференциалдаудың негізгі ережелерін қолдануды; - анықталған, анықталмаған интегралды есептеуді, интегралдау тәсілдерін тиімді қолдануды; - меншіксіз интегралдың жинақталуын (жинаталмауын) дәлелдеуді; - бірнеше айнымалыдан тұратын функция ұғымын және геометриялық бейнеленуін практикада қолдануды; - екі айнымалы функцияның шегін анықтайды; - дербес туындыны, қос интегралды практикада қолданады; - қатар ұғымын практикада пайдаланады; практикалық тәжірибесі болуы тиіс: - функциялар анықтамасын және қасиеттерін, шегі туралы теоремалардан; - дифференциалды есептеудің негізгі теоремаларын және, практикада қолданудан; - интегралдаудың әр түрлі тәсілдерін есептер шығаруда қолданудан Математикалық талдау: Бір айнымалы функцияның математикалық талдауы. Дифференциалдық есептеу. Интегралдық есептеу. Бірнеше айнымалысы бар функцияның математикалық талдауы. Қатарлар. БҚ 10 КҚ 1,2,4,5 АҚ 1,2,3, 5,6,7
АП 09 Пәндер циклін оқу нәтижесінде білім алушы білуі тиіс: - логика тарихынан қысқаша мәліметті, терминдер, заттың атауы, - логикалық форма, логикалық заң туралы ұғымды; - ұғым ойлау формасын, - үйлесімді және үйлесімсіз ұғымдар анықтамасын; - гинетикалық, анықтамаларды; - ұғымдарды бөлу ережелерін; - қарапайым пікірлер, пікірлердің ақиқаттылығын, құрылымын, түрлерін; - дедукция, индукция, аналогия, қорытындыларын; - аргументация дәлдік ұғымы, логикалық дәлелдеу мәнін; - дәлелдеудің логикалық құрылымын; істей білуі тиіс: - ойын жүйелі, логикалық түрде айтуды; - теориялық логиканы машықпен байланыстыруды, - терминдер мен заттың аталуын ажыратып, қатынастарды қасиеттер арқылы өрнектеуді; - ұғым құрудың логикалық тәсілдерін практикада пайдалануды; - пікірдің логикалық мәні мен құрамына, пікірлер арасындағы ақиқаттық қатынастарға амалдар қолдануды; - ой қорытынды туралы жалпы түсініктерін айтуды, - түрлерін (дедукция, индукция, аналогия) ажырата білуді; - дұрыс ойлай білудің негізгі белгілерін, заңдарын қолдануды; - аргументация дәлдік ұғымы, практикалық тәжірибесі болуы тиіс: - ұғым түрлерін анықтаудан; - қарапайым пікірді күрделі пікірден айырудан; - предикат ойқорытынды құрылымын, заңдарын қолданудан; - аргументация, ғылыми таным логикасы, дәлелдеудің логикалық құрылымын, софизм, факт, проблема, гипотеза, ғылыми теориясын практикада қолданудан. Математикалық логика: Логика пәні және маңызы. Ұғым. Пікір. Ой қорытынды. Аргументация. БҚ 10 КҚ 1,2,4,5 АҚ 1,2,3, 5,6,7
АП 10 Пәндер циклін оқу нәтижесінде білім алушы білуі тиіс: - негізгі ұғымдарын, оқиғалар алгебрасын және кездейсоқ шамалар түрлерін; - ықтималдықтар теориясының аксиоматикалық негіздерін; - кездейсоқ оқиғалардың түрлері, ықтималдықтың классикалық және «геометриялық» анықтамаларын; - ықтималдықтың статистикалық анықтамасын, оқиғаның салыстырмалы жиілігін; - есеп шешуде комбинаторика элементтерін қолдануды; - шарты ықтималдық, тәуелді оқиғалар ықтималдықтарын көбейту теоремасын; - ықтималдықтар теоремасын, оқиғаларды, толық оқиға мен Бейес формуласын; - дифференциалдық таралу функциясының анықтамасын және ықтималдық мағынасын; - бірнеше кездейсоқ шамалардың жүйесін; - екі кездейсоқ шаманың сандық сипаттамаларын; - корреляциялық момент туралы; - корреляциялық коэффициент, таңдау әдістері, шартты варианттардың эмпирикалық таралымын, ассимитрия және экцесс құрылымдарын; істей білуі тиіс: - негізгі ұғымдарын, оқиғалар алгебрасын және кездейсоқ шамалар түрлерін анықтамасын мысалдар шешуде қолдануды; - оқиғалардың толық жүйесін, шарты ықтималдық, тәуелді оқиғалары ықтималдықтарын көбейту теоремасын практикада пайдалануды; - интегралдық және дифференциалдық таралу функциясының анықтамасын пайдаланып кесте құруды; - екі кездейсоқ шаманың сандық сипаттамаларын мысалдарды шешуде қолдануды; - математикалық күту, диссперсия, орташа квадраттық ауытқу формулаларын қолдануды; - корреляциялық момент және корреляциялық коэффицент, таңдау әдістерін практикада қолдануды; практикалық тәжірибесі болуы тиіс: - комбинаторлық есептерді шешу тәсілдерінен, шартты түрлерінен, таралу заңдылықтарынан, математикалық күту, диссперсия, орташа ауытқу формуласынан; - екі кездейсоқ шаманың сандық сипаттамаларын; - ықтималдықтарды көбейту теоремасын, Чебышев теңсіздігін, корреляция элементтерін табуды пайдаланудан, құра білуден. Ықтималдық теориясы және математикалық статистика: Кездейсоқ оқиғалар. Негізгі ұғымдар. Оқиғалар алгебрасы. Кездейсоқ оқиғалардың түрлері. Кездейсоқ шамалар. Дискретті кездейсоқ шамалардың сандық сипаттамалары Үлкен сандар заңы. Кездейсоқ шамалар ықтималдықтарының таралу заңдылықтары. Бірнеше айнымалыдан тәуелді кездейсоқ шамалар. Корреляция коэффициенті. Математикалық статистика элементтері. БҚ 10 КҚ 1,2,4,5 АҚ 1,2,3
АП 11 Пәндер циклін оқу нәтижесінде білім алушы білуі тиіс: - АКТ құралдарының жасақтау мен пайдаланудың дидактикалық негіздерін; - АКТ құралдарының даму тарихын; - білім берудегі АКТ құралдарының әдістемелік аспектілерін, бағыттары мен пайдалану перспективаларын; - білім берудегі АКТ құралдарының сапасына қойылатын талаптарды; - білім берудегі АКТ құралдарының жіктелуін; - білім берудегі АКТ құралдарының орнын, түрлік ерекшеліктерін, артықшылықтары мен кемшіліктерін; істей білуі тиіс: - білім беруде АКТ құралдарын жасақтауды және пайдалануды; - білім берудің күтілетін нәтижелеріне байланысты АКТ құралдарын қолданудың перспективаларын анықтауды; - білім берудегі АКТ құралдарының сапасына қойылатын талаптарды орындауды; - білім берудегі АКТ құралдарының негізгі түрлерін, артықшылықтары мен кемшіліктерін ажыратуды; практикалық тәжірибесі болуы тиіс: - АКТ құралдарын жасақтау мен пайдаланудан; - білім беруде АКТ құралдарын пайдаланудың әдістемелік аспектілерін, бағыттары мен перспективаларын анықтаудан; - білім берудегі АКТ сапасының құралдарына қойылатын талаптарды жүзеге асырудан; - білім берудегі АКТ құралдарының негізгі түрлерін, олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстыру мен анықтаудан; білім берудегі нақты мақсаттарға сәйкес тиімді құралдарды таңдаудан. Білім берудегі ақпараттық және коммуникациялық технологиялар: АКТ құралдарын жасақтау мен пайдалану негіздері. АКТ құралдарының даму тарихы. Білім беруде АКТ пайдаланудың әдістемелік аспектілері, бағыттары және қолдану перспективалары. Білім берудегі АКТ құралдарының жіктелуі және түрлері. БҚ 10 КҚ 5 АҚ 1,3,5,7
АП 12 Пәндер циклін оқу нәтижесінде білім алушы білуі тиіс: - материалдық нүкте мен қатты дене динамикасын, сақтау заңдарын; - сұйық заттар мен газдар механикасын, қозғалысын; - молекулярлық-кинетикалық теориясын; - термодинамиканың І, ІІ заңдарын; - электр тоқтың және электр өрістің негізгі заңдарын; - атом мен ядроның құрылуын; - кристаллдың физикалық қасиетімен зоналық теориясын; меңгеруі тиіс: - физика заңдарын есеп шығарылуы қолдануды; - физикалық тәжірибе өткізуді; практикалық тәжірибесі болуы тиіс: - алған білімін есеп шығаруға қадалау білуден; - практикалық жұмыстармен лабораторлық жұмыстарды жасаудан; - электр білімін пайдаланым электр тізбектерді құрудан; Физика Координат жүйелер, уақыт түсініктер, қатты денемен, материалдық нүктенін кинетикасы. Сақталу заңдары, қатты дене динамикасы. Лоренц өзгелері, тербеліс қозғалысы, сұйық пен газ механикасы, ортадағы толқындар. Молекулярлық қозғалыс, температура мен қысым, Броундық қозғалыс термодинамиканың 1 және 2 заңы. Молекулярлық әсерлі газдар мен сұйықтар. Кулон заңы. Кирхгоф заңдары. Тұрақты тоқ заңдары. Конденсатор. Әрі-түрлі электр тізбектегі электр тоқ. Электр тоқтың жұмысы мен қуаты. Электр генераторлармен қозғауыштардың принциптері. Тұрақты электр өріс, диэлектриктер, электр өткізгіштер, тұрақты магнит өріс, магнетиктер, электр-магниттік индукция. Электр магниттік толқыңдардың тарауы, жарықтың сынуы, шағылуы, геометриялық оптика, физикалық оптика, жарық генерациясы, отикадағы сызық емес құбылыстар. Атомдық, кванттық түсініктер, дуализм, газ бен плазмадағы элементарлық процестер, атомдық ядросындағы негізгі қасиеттер, радиоактивтік, ядролық реакциялар, ядроның бөлінуі мен қосылуы. Ядролық модельдер. Ядролық сәулелер мен заттардың әсерлеуі. Кристалл тордың динамикасы. Қатты деңелердің жылуын ылғалуы. Кристалл электр өткізгіштігі. Деффект және қоспалардың кристалдарға физикалық қасиеттеріне әсері. БҚ 10 КҚ 1,2 АҚ 1,2
АП 13 Білім алушының таңдау пәні    
АП 13.1 Пәндер циклін оқу нәтижесінде білім алушы білуі тиіс: - жиын ұғымын және жиындарға амалдар қолдану заңдарын; - қатыс және сәйкестік ұғымдары мен қасиеттерін; - есепті шешу процесі және оның кезеңдерін; - теріс емес бүтін сандарға қолданылатын амалдардың алгоритмдерін; - математикалық ұғым және сөйлем, ұғымның негізгі мәндерін; - сан ұғымының кеңеюін; - бастауыш класта математиканы оқытудың мақсат-міндеттері мен мазмұнын, басқа пәндермен байланысын; - бастауыш сынып математикасының оқу-әдістемелік топтамасын; - бастауыш сынып математика сабағының мақсат-міндеттерін, қолданылатын әдіс-тәсілдер мен оқыту құралдарын, сабақты



Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-04; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 570 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Лучшая месть – огромный успех. © Фрэнк Синатра
==> читать все изречения...

772 - | 737 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.