Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Жұмысты орындау реті. Қажетті материалдар мен құрал-жабдықтар: сулы циркуляционды термостат, механикалық секундометр




Қажетті материалдар мен құрал-жабдықтар: сулы циркуляционды термостат, механикалық секундометр, 0 ден 100 ºС дейінгі өлшеу диапазоны бар техникалық шыны сұйық термометр, электрлік кептіру шкафы, тұрмыстық электроплитка, № 29 шлифтті мөлшері 100 см3 шыны колба, химиялық стакандар мөлшері 50, 100 см3, цилиндрлі өлшеу колбалары мөлшері 100 см3, ФГ типті тамақ өнімдерін орауға арналған алюминді фольга.

Сынаманы 2 сағ суалудан кейін жүргіземіз. 60 ± 5 см3 сүтті таза құрғақ мөлшері 100см3 колбаға құяды. Моншада су температурасы (85 ± 5) ºС болуы керек.

Сүт үлгісімен калибрленген термометрмен пастерлеу температурасын бақылап тұрамыз. Сынама температурасы 72 ºС жеткенде 30 с кейін оны су моншасынан алып, (37 ± 2) ºС дейін салқындатады.

Сүттің дәмі мен иісін сынамадан кейін, сақтаудан және тасымалдаудан кейін 4 сағат аралығында анықтайды 4 ± 2 ºС температурада анықтайды. Анализденген сынамаларды ақауы жоқ 5 баллды сүт көрсеткішімен салыстырады. Содан соң 20 ± 2 см3 сүтті құрғақ таза стаканға құйып, оның дәміне баға береді. Сүттің дәмі мен иісін бағалауды 1 кестеге сәйкес 5 балдық шкаламен жүргізеді.

 

 

Кесте 1 – Дәмі мен иісін бағалау

 

Дәм мен иіс Сүтті бағалау Баллдар
Таза, жағымды, аздап тәтті Жеткіліксіз көрсетілген, бос Әлсіз жемдік, әлсіз қышқыл, әлсіз нанды, әлсіз липолизді, әлсіз таза емес Көрсетілген жемдік, с. қ. сүтке ащы дәм беруші сарымсақ, пияз және т.б. шөптер, нанды, тұзды, қышқылтым Ащы, ашыған, көгерген; мұнай өнімдерінің дәмі мен иісі, дәрілік, жуғыш, дезинфекциялық заттардың және т.б. химикаттар Өте жақсы Жақсы Қанағаттанарлық     Нашар   Нашар  

Нәтижені өңдеу: 5 бағасы бар сүтті «экстра» сортына жатқызады, 5 және 4 балды жоғары, бірінші және екінші сортқа басқа да көрсеткіштеріне қарай жатқызылады. Ол ГОСТ 13264 бекітілген. 3 балды сүтті қыс-көктем айларында 2 сортқа жатқызады, ал қалғаг кезеңдерде сортсыз болып саналады.

Бағаның дәлділігіне көз жеткізу үшін анализденетін үлгілерді салыстыру арқылы сүттің дәм мен иіс ақауларын анықтайды (2 кесте).

 

 

Кесте 2 – Дәм мен иіс кемістіктерін салыстыруға үлгілерін дайындау әдістері

Дәм мен иіс Салыстыру үлгілерін дайындау әдістері
Жемдік Дистилляционды әдіс Күмәнді жем мен суды 1:2 қатынасында алып, оның көлемінен аспайтындай колбаға салады. Колбаны тесігі бар тығынмен жауып, онда шыны трубканы орналастырамыз. Трубкаға шланг жалғап, оның екінші аяғын сүтке салады. Суспензияны қыздыру кезінде ұшқыш компоненттер су моншасымен 50 см3 сүтке ақау анықталғанша айдалады. Экстракционды әдіс Әр түрлі көлемдегі жем мен су қоспасын араластырып, фильтрлеп, ақауды анықтауға арналған фильтратты 50 см3 сүтке араластырады. Химиялық реактивтерді пайдаланып жасалатын әдіс а) «Жемдік» композицияны салыстыруға арналған үлгі. 50 см3 сүтке араластырып 1,0 см3 «жемдік» ерітіндісінің композициясын қосады. б) «Сүрлемдік» композицияны салыстыруға арналған үлгі.
Тұзды 50 см3 сүтке араластырып 0,6 см3 «сүрлемдік» ерітінді композициясын қосады.
Ащы 50 см3 сүтке араластырып 0,5 см3 хлорлы натрий ерітіндсін массалық үлесі 10 % етіп қосады.
Қышқылданған: қағаздық 50 см3 сүтке араластырып 1,0 см3 тұз қышқылды хинин ерітіндісін массалық үлесі 0,1 % етіп қосады.
Металдық   50 см3 сүтке араластырып 1 см3 темір күкірт қышқыл ерітіндісін массалық үлесін 0,3 % етіп қосады.
Липолиздік   250 см3 сүтке 0,2 см3 мыс күкірт қышқылын, массалық үлесі 1 % қосып, мұқият араластырып, тоңазытқышта 5 ºС температурада 24-48 сағат аралығында сақтайды.
Ашыған   100 см3 сүтке микропипеткамен 0,02 см3 майлы қышқылды қосып, араластырады.
Борсыған Шыны бюксте 0,01 г капрон қышқылын аз мөлшердегі (37±5) ºС дейін қыздырылған сүтпен араластырады да 200 см3 мөлшердегі колбаға таңбаға дейін жеткізіп құяды. Содан соң осы колбаға микропипеткамен кезекпен 0,01 см3 майлы қышқылды, 0,01 см3 капрон қышқылын қосып, тығынмен жауып, мұқият араластырады. 1. 50 см3 сүтке араластырып 2,5 см3 капрон қышқылын массалық үлесі 0,5 % етіп қосады. 2. 50 см3 сүтті ашық стаканда эксикаторға орналастырамыз да онда зеңнің қырнамасы жүреді. Түнге қалдырып, оны тоңазытқышқа (4±2) ºС температураға орналастырамыз. Содан соң 0,5 см3 полиспонин ерітіндісін массалық үлесі 4 % және 1,25 см3 капрон қышқылынын массалық үлесі 0,5 % қосамыз.
Көгерген     50 см3 сүтті ашық стаканда эксикаторға орналастырамыз да онда зеңнің қырнамасы жүреді. Содан соң тоңазытқышта (4±2) ºС температурада ұстайды.
Нейтрализаторлар: Аммиак содасы   50 см3 сүтке араластырып 0,5 см3 көмірқышқыл нартий ерітіндісін массалық үлесі 9 % етіп қосады. 50 см3 сүтке араластырып 0,5 см3 кальций хлорноватистоқышқылды фильтрат ерітіндісін массалық үлесін 10 % қосады.
Дезинфектанттар 50 см3 сүтке 0,13 араласқан массалық үлесі 10% аммиак қосылады
Мұнай өнімдері 100 см3 сүтке араластыру арқылы 0,1 см3 жарықтандырылған керосин немесе бензин қосып, 10 см3 қоспаны 90 см3 таза иісті және дәмді сүтке араластырады. Процедураны қайталайды. Келесі араластыру 0,001 см3 керосин мен 100 см3 сүтке жүргізіледі. Бұл салыстыру үлгісінде қолнанылады.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-04-04; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 583 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Настоящая ответственность бывает только личной. © Фазиль Искандер
==> читать все изречения...

2363 - | 2084 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.