Анықтамалар бойынша, еңбек дауы дегеніміз - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келiсiмдердiң, еңбек шартының және ұжымдық шарттың, жұмыс берушi актiлерiнiң талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелерi бойынша қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасындағы келiспеушiлiктер.
Еңбек дауларын шешу 175-бап бойынша былай делінген: Келiсу комиссиясы отырысқа қатысып отырған комиссия мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусымен шешiм қабылдайды. Өтiнiш берушiнiң немесе комиссия мүшелерiнiң бiрiнiң талап етуi бойынша дауыс беру жасырын өткiзiледi.
Келiсу комиссиясының шешiмiнде: ұйымның (бөлiмшенiң) атауы, комиссияға жүгiнген қызметкердiң тегi, аты, әкесiнiң аты, лауазымы, кәсiбi немесе мамандығы; комиссияға жүгiнген күн мен дауды қарау күнi, даудың мәнi; комиссия мүшелерi мен отырысқа қатысқан басқа да адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты; шешiмнiң мәнi және оның негiздемесi (заңға, өзге де нормативтiк құқықтық актiге сiлтеме жасай отырып); дауыс беру нәтижелерi көрсетiледi.
Келiсу комиссиясы шешiмiнiң тиiсiнше расталған көшiрмелерi шешiм қабылданған күннен бастап үш күн iшiнде ұйымның қызметкерi мен басшысына берiледi.
176-бапта: Келiсу комиссиясының шешiмi онда белгiленген мерзiмде орындалуға тиiс.
Комиссияның шешiмi белгiленген мерзiмде орындалмаған жағдайда қызметкер немесе жұмыс берушi еңбек дауын шешудi сот тәртiбiмен жүзеге асыруға құқылы екендігі айтылған.
Еңбек даулары тараптардың келісімі бойынша немесе сот тәртібімен қаралады. Тараптардың келісімі бойынша еңбек даулары жоғары органдарда қаралуы мүмкін. Талап коюшылық сипаты бар жеке еңбек дауларын шешудің мынадай түрлерін бөліп көрсетуге болады:
· а) еңбек дауының келістіру комиссиясында немесе сотта қаралуы мүмкін — бұл жалпы тәртіп. Бұл тәртіп дауды шешудің рәсімін бір жақтың қалауын қарайды. Екі жақтың келісіміне қол жеткен жағдайда еңбек дауын келістіру комиссиясының қарауы мүмкін. Еңбек дауының сот тәртібімен шешілуі бұған балама болып табылады.
· ә) қызметкерлердің белгілі бір топтарының еңбек даулары белгіленген арнаулы іс жүргізу ережелері арқылы қаралатын айрықша тәртіп.
Екі жақтың келісімі бойынша еңбек даулары келістіру комиссиясында қаралуы мүмкін. Келістіру комиссиясы екі жақтың бірлескен шешіміне орай, жұмыс беруші мен қызметкерлердің саны тең өкілдерінен теңдік жағдайында құрылады. Жұмыс берушінің өкілдерін ұйымның басшысы тағайындайды және ол тиісті бұйрықпен бекітіледі. Қызметкерлердің өкілдері келістірукомиссиясына ұйымның жалпы жиналысында (конференцияда) сайланады. Келістіру комиссиясы өз құрамынан комиссияның төрағасы мен хатшысын сайлайды.
Келістіру комиссиясы еңбек дауын қызметкердің арызы келіп түскен күннен бастап уш күн мерзім ішінде қарайды. Белгіленген мерзім арыз түскен күннің ертеңінен бастап есептеледі. Қызметкердің арызын қарау нәтижесі бойынша келістіру комиссиясы шешім қабылдайды және ол шағымданушыға беріледі. Шағымданушының талаптарын қанағаттандырған келістіру комиссиясыньщ шешімін қарсы жақ үш күн мерзім ішінде орындайды. Егер комиссияның шешімі қызметкердің талаптарын қанағаттандырмаса, онда еңбек дауы com тәртібімен қаралады. Аудандық (калалық) соттар қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасындағы келіспеушіліктерді шешу үшін шағымдана алатын еңбек дауларын қарау жөніндегі дербес органдар болып табылады.
Еңбек дауы жөніндегі келістіру комиссиясының шешімін қайта қарау өкілеттігі сотқа берілмеген.
Сотта тікелей көсіпорындар (ұйымдар) қызметкерлерінін; арызы бойынша келістіру комиссиясында алауыздықтар қаралмаған еңбек даулары, сондай-ақ шаруа қожалықтарында жеке еңбек шарттары бойынша жұмыс істейтін адамдардың арыздары бойынша еңбек даулары қаралады. Соттар жұмыс берушінің қызметкерлердің кәсіпорынға (ұйымға) келтірген зияндарының орнын толтыру жөніндегі арызы бойынша дауларды қарауды тікелей өз іс жүргізуіне қабылдайды. Соттар сондай-ақ шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік ұйымдардың (заңды тұлғалар), шетелдер қатысатын ұйымдардың еңбектік құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар бойынша талаптарды да қарайды.
Ұжымдық еңбек дауларын шешудін, сондай-ақ ереуілге шығу құқығын іске асырудың тәртібі мен әдістерін реттеудің құқықтық негіздері Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 8 шілдедегі "Ұжымдық еңбек даулары және ереуілдер туралы" Заңында белгіленген. Еңбек ұжымының ұйымдардағы еңбек жағдайларымен еңбекке ақы төлеуді белгілеу және өзгерту, ұжымдық шарттар мен өзге де келісімдерді жасасу, оларға өзгерістер енгізу және орындау мәселелері жөніндегі талаптары осы ұжым мүшелерінің жалпы жиналысында (конференцияда) қалыптасады және ұжым мүшелерінің не конференция делегаттарының кепшілік дауысымен қабылданып, бекітіледі. Ұжымның талаптары жазбаша түрде баяндалып, жұмыс берушіге жіберіледі. Еңбек ұжымының мүдделерін олар өкілеттік берген өкілдер немесе орган қорғайды. Егер бұл керсетілген талаптарды бірнеше еңбек ұжымдары қоятын болса, онда олардың мүдделерін де ездері өкілеттік берген органдар қорғайды. Салалық немесе аумақтық кәсіподақ органдары өкілетті органдар міндетін атқара алады.
Жұмыс беруші, еңбек ұжымы қойған талаптарды оны алған күннен бастап уш күнтізбелік күннен кешіктірмей қарауға және даулы мәселелер бойынша келісімге келуге тырысуы керек, ал келісімге келе алмаған жағдайда — белгіленген мерзімде өзінің шешімі мен ұсыныстарын жазбаша түрде еңбек ұжымына жеткізуге және дауды одан әрі қарау үшін қатысатын өз өкілдерінің құрамын көрсетуге міндетті. Екі және одан да көп еңбек ұжымдарының біріккен не бірлескен талаптары жұмыс берушінің (кәсіпкерлер) тиісті органдарына жіберіледі, олар оны алған күннен бастап жеті күнтізбелік күн ішінде қарап, өз шешімдері жөнінде еңбек ұжымдарьшың біріккен өкілді органына хабарлауы тиіс.
Еңбек ұжымының талаптары келістіру рәсімі тәртібімен қаралады, яғни ұжымдық еңбек дауы кезектілік тәртібімен алдымен келістіру комиссиясында қаралады, келісімге келе алмаған жағдайда — еңбек сараптау комиссиясында қаралады. Еңбек туралы заңдық және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді қолдану жөніндегі еңбек даулары (оларды орындамау не бұзу жөніндегі) тараптардың біреуі өкілінің арызы бойынша сотта қаралады. Ұжымдық еңбек дауын шешудің ең ақырғы шарасы ереуіл болып табылады. Ереуіл деп еңбек ұжымының жұмыс беруші мен ұжым арасындағы өздерінің әлеуметтік-экономикалық және кәсіби талаптарын қанағаттандыру жолындағы күрес шаралары түсініледі. Ереуіл еңбек ұжымы мүшелерінің белгілі бір мерзімге немесе жұмыс берушінің еңбек ұжымының талаптарын қанағаттандырған мерзіміне дейін жұмысты толықтай не ішінара тоқтатуы (жұмысқа шықпау, еңбек міндеттерін орындамау). Ереуілге шығу жөніндегі шешім — еңбек дауын келістіру рәсімдерінің көмегімен шешуге мүмкін болмаған жағдайда қабылданады. Сонымен, еңбек даулары дегеніміз — қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы бұрын реттелмеген еңбек дауларын шешу туралы заңды қолдану жеке еңбек және ұжымдық шарттар талаптарының орындалуы жөніндегі келіспеушіліктер.
Жеке еңбек даулары жұмыс берушіге өздерінің бұзылған еңбек құқықтарын тану немесе қалпына келтіру жөнінде талап коюшы жекелеген қызметкерлердің бастамасы бойынша туындайды. Ұжымдық еңбек даулары өкілді орган қызметкерлері өкілеттік берген еңбек ұжымдары мен жұмыс беруші немесе басқарудың салалық (сала-аралық) органдары арасында еңбек туралы пайдаланылып жүрген заңды қолдану, қызметкерлердің қазіргі әлеуметтік-экономикалық еңбек және түрмыс жағдайларын өзгерту немесе жаңа жағдайлар жасау жөнінде ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасу және олардың шарттарын орындау жөніндегі мәселелер бойынша туындайды.
Еңбек дауларын тараптардың келісімі бойынша немесе сот тәртібімен қарайтын белгіленген тәртібі болады. Еңбек дауларын қарайтын органдар — келістіру комиссиясы және сот