Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Еңбек құқығының түсінігі, пәні және әдістері




Қазіргі қазақстандык құкық салаларының ішіндегі еңбек құқығы басты орындардың бірінде, өйткені ол қоғамдық еңбек қатынастарын реттейді.

Еңбек құқығының пәні деп ұжымдық еңбекті ұйымдастырудағы өндірістік катынастарды және оған тығыз байланысты қарым-қатынастарды айтады.

Еңбек құкығының пәніне жататын қоғамдық қарым-қатынастардың түрлері туралы қазіргі қолданыста жүрген ғылыми басылымдардағы, оқу құралдарындағы пікірлер алуан түрлі, өйткені нарықтық экономика жағдайында өмірге прогрессивтік жаңа еңбек қатынастары келеді. Бұл қоғамдық қарым-қатынастардың пайда болуы олардың бір-бірімен байланысы еңбекті ұйымдастырудағы ерекшеліктеріне, оның мазмұнына байланысты. Қазіргі кезде еңбек құқығының қатынастары бұрын-ғыдай тек жұмыскер мен мемлекеттік кәсіпорын, мекеме, ұйым арасындағы қатынастар емес, жаңа жағдайда заңға сәйкес меншік түріне байланысты занды тұлғалар мен жеке адамдар арасындағы еңбек катынастары.

Жаңа жағдайда пайда болған барлық еңбек құқығының қатынастары мынадай топтарға жіктеледі:

Бірінші топқа бұрыннан қалыптасқан мемлекет меншігіне байланысты пайда болған еңбек қүқығы қатынастарын жатқы-зуға болады. Мұндағы ерекшелік, еңбек ұжымдары заң жүзінде кәсіпорынның мүлкіне меншік иесі бола алмайды, бірақ бұл жағдайда енбек ұжымы кәсіпорынды басқарудан мүлде шеттетілді деуге де болмайды, өйткені олар кәсіпорынды, оның кұрылымдарын жалға немесе ұжымдық меншікке айналдыра алады.

Мемлекеттік кәсіпорындардағы еңбек қатынастарын құқықтық реттеудегі басты қағида ол мемлекет тарапынан басқаруды еңбек ұжымының өзін-өзі басқаруымен және кәсіпорын әкімшілігінің жеке-дара басқаруымен тығыз бай-ланыстыру.

Екінші топқа кооперативтік, акционерлік занды ұйымдар-дың меншігіне негізделген еңбек қатынастары кіреді. Бұл еңбек катынастарының өзіндіігерекшеліктері бар, оның тараптары: бір жағынан - меншік иесінің ұжымы, оның өкілдері (баскарма, бастық); екінші жағынан әрбір меншік иесі (өзі еңбеккер болуы мүмкін), жалдамалы жұмысшы болып саналады, ал кәсіпорынды басқару - өзін-өзі толық басқаруға негізделген.

Кооперативтерді ұйымдастыру, олардың шаруашылық жағ-дайы Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы шык-қан «Өндірістік кооператив туралы» заң күші бар Жарлығы негізінде және кооперативтің жалпы жиналысында қабылдан-ған жарғысы бойынша анықталады. Еңбек қатынастарының субъектісі ретінде кооператив өздігінен еңбекті ұйымдастырып, жұмыс күнінің ұзақтығын, демалыс беру тәртібін, жалақы төлеу жүйесін белгілейді.

Акционерлік қоғамдағы еңбек қатынастарының субъектісі болып жеке еңбеккер, оның ішінде акция ұстаушы және өз атынан жалдау шартын жасаушы акционерлік қоғам болып табылады.

Меншіктің әр түріне негізделген шаруашылық серіктес-тіктер акционерлік қоғамдардың моделімен жұмыс істейді, бұлардың құрылтайшылары мемлекеттік, кооперативтік, қоғам-дық кәсіпорындар, шетелдік фирмалар мен азаматтар болады, сондықтан бүл саладағы еңбек қатынастары нормативтік кұқықтық актілермен, кәсіпорын жарғысымен және құрылтай құжаттарымен анықталады. Еңбек қатынастарына түсуші та-раптардың кұқықтық жағдайы жеке еңбек шарттарында (контрактілерінде) қарастырылып, толықтырылады.

Азаматтардың өз меншігінен пайда болған еңбек қатынастары үшінші топты қүрайды.

Мұны екі түрге бөлуге болады: жеке іскерлік және еңбек шаруашылығы түріндегі үжымдық іскерлік. Біріншісі - жеке адамның өз еңбегіне негізделген, сондыктан бұл жағдайда еңбек қатынастары тумайды, оны азаматтық және салық заңдары реттейді. Екіншісі — меншік иесі өз меншігінен табыс алуды көздеп отбасы мүшелерінің еңбегін біріктіреді және жұмыс күшін жалдайды.

Жұмыс күшін жалдау ісін жүзеге асырған кезде пайда бо-латын еңбек қатынастары төртінші топқа жатады. Олар еңбек-кер меншік иесі болмағанда, кәсіпорынды басқаруға, түскен түсімді бөлісуге қатысқан жағдайда пайда болады. Жұмыс күшін жалдаудыңреті, жағдайы мемлекеттарапынан бақылауға алынады және занды негізде бекітіледі.

Әрбір құқық саласының өзіне тиісті қоғамдық қарым-қаты-настарын құқыктық негізде реттейтін әдістері болады. Еңбек қүқығы қатынастарын реттеуші тәсілдер жиынтығын әдістер дейді.

Қазіргі еңбек құқығының әдістерін әр түрлі негіздер бойынша бірнеше топтарға бәлуге болады. Кұқықтык маңыздылығы бойынша олар жалпы, салалық, жергілікті және жекеше әсер ететін әдістер болып бәлінеді.

Іс-әрекетіне байланысты еңбек құқығының әдістері «бүйрық беру» және «ынталандыру» болып бөлінеді де, бұлар «әкімшілік» және «экономикалык» әдістерге жатады.

Еңбек қатынастарын айқындайтын құқық әдістері оларды жүзеге асырудағы мақсатқа жету негізі бойынша да мынандай топтарға бәлінеді: өндіріс нәтижесіне жетуді, жеке еңбек шар-тындағы міндеттемелерді орындауды, материалды және басқа ресурстарды үнемдеуді, т.б. көздеген «ынталандыру» әдіс-терінен тұрады.

Қорыта келгенде, еңбек қатынастарын реттеуші әдістердің ерекшеліктері мынада:

1) еңбек құқығы қатынастарын реттеуде келісім әдістерін басым қолдану;

2) жекеше және ұжымдық еңбекті реттеуге негізделген әдістерді қолдану;

3) еңбекте «ынталандыру» мен «міндеттеу» әдістерін тиімді қиылыстырып қолдану;

4) еңбек қатынастары пайда болғанда, жүзеге асырылғанда «келісім» және еңбекті басқаруда «міндеттеу» қағидаларына сүйену;

Еңбек қатынастарын реттеудің басты әдісі — әлеуметтік — әріптестік әдіс, оның мынадай түрлері бар. 1) кәсіпорын деңгейінде - ұжымдық шарт; 2) салалық, жергілікті жер деңгейінде — салалық, жергілікті тарифтік және басқа әлеуметтік-экономикалық келісім; 3) мемлекет деңгейінде — Бас келісімдер.

Қолданыста жүрген заңдармен, басқа да нормативтік актілермен қатар қызметкерлердің меншік иесімен арадағы еңбек катынастарын реттейтін кайнар көз - ұжымдык шарт. Бұл жұмыс беруші мен еңбеккерлердің арақатынасынан туа-тын екі жақты жазбаша келісім. Қазіргі жағдайда ұжымдык шарттың мақсаты — мемлекеттарапынан берілген кепілдіктерді көбейту, өйткені онда еңбекті ұйымдастыру мен акы төлеу жүйесі; жұмыс және демалыс уакытының ұзақтығы; жұмыс-пен қамтамасыз етіп, қайта оқыту, әйелдер мен жастар еңбепн қорғау т.б. секілді еңбеккер мен жұмыс берушінің мүдделерін реттейтін ережелер белгіленеді.

Үжымдық құқық жасаудың нәтижесі деп жыл сайын жаса-латын Кдзақстан Республикасы Үкіметі, Кдзақстан кәсіподак-тарының федерациясы және жұмыс берушілердің республи-калық бірлестіктері арасындағы Бас келісімді атауға болады.

Үжымдық келісімдермен бірге жұмыс беруші мен кәсіп-одақтар жергілікті ішкі жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек тәртібінің ережелерін, ауысым, демалыс беру кестелерін және басқа да құқықтық келісімдер жасайды. Ал Бас келісімдер еңбекақының, зейнетақы, стипендия, әлеуметтік, арнайы жәрдемақылардың ең аз мөлшерлерін, жұмыспен қам-тамасыз ету шараларын, еңбек дауларына, ереуілдерге жол бер-меу жолдарын белгілеп, реттейді.

Еңбектік жеке құқықтар еңбек шарттарымен (кон-трактілермен) белгіленеді. Жеке еңбек шартын жасағанда «заң-мен тыйым салынбайтын іс-әрекеттердің барлығын да жасауға болады» — деген қағида жүзеге асырылады.

Еңбек құқығыньщ жүйесі деп құқықтық нормалардың маз-мұнды негізде реттеліп, бөлінуін айтады.

Барлық қүқық салалары құкықтық нормаларды— жалпы және ерекше деп аталатын екі бөлімге бөледі.

Еңбек құқығының түсінігі, әдістері мен қайнар көздері, еңбек қатынастары, еңбек құқығының кағидаттары (прин-циптері), еңбек құқығының субъектілері, ұжымдық шарттар жалпы бөлімде зерттеледі.

Ерекше бөлімде жұмыспен қамту; жеке еңбек шарты; жұмыс уақыты мен демалыс уақыты, жалақы, еңбек тәртібі; матери-алдық жауапкершілік, енбекті қорғау, еңбек даулары қарас-тырылады. Жалпы және ерекше бөлім өзара тығыз байланыс-ты, осы екі белімнің жиынтығы еңбек құқығын құрайды. Жал-пы белімнің ережелері мен институттары Ерекше болімдегі накты нормаларды қолданғанда негізгі басшылыкқа алынады.

Еңбек құқығы кұқық саласының жеке саласы болуымен бірге ол басқа құқық салаларымен тығыз байланысты. Сонымен бірге еңбек құқығы өзінің аткаратын рөлі, мәні, құқықтық реттеу әдісінің ерекшелігіне байланысты басқа құқық салала-рынан оқшауланып, ажыратылады.

Еңбек кұқығы азаматтық, әкімшілік және әлеуметтік қам-сыздандыру кұқыктарымен тығыз байланысты.

 


 

Меншік құқығы

 

Субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Меншік құқығы мәміле жасалған кезде болған барлық жүктемелерімен басқа адамға беріледі. Меншік иесінің өз мүлкін иелену құқығы, пайдалану құқығы және оған билік ету құқығы болады. Меншік құқығының мерзімі шексіз. Мүлікке меншік құқығы Азаматтық кодексте көзделген негіздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкін.

Меншік Құқығы:

1. Мүлікті меншіктенуге қатысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жүйесі;

2. Заңнамалық тұрғыдан жан-жақты қамтамасыз етіліп, меншігіне бекітілген мүлікті меншіктенушінің өз қалауы мен мүддесіне орай иелену, пайдалану және оған билік ету мүмкіндігі, сондай-ақ өз шаруашылығының үстемдік аясына өзгелердің араласуына жол бермеу мүмкіндігі.

Бұл мүмкіндіктер заңға қайшы келмейтін және өзгелердің заңды құқықтары мен мүдделерін таптамайтын кез келген әрекет арқылы жүзеге асады. Бұл тұрғыда меншік құқығы үш түрлі бөліктен тұрады:

1. Иелену хақысы – меншіктенушінің мүлікке деген шаруашылық үстемдігі. Яғни мүліктің иесіне заң жүзінде бекітілуі;

2. Пайдалану хақысы – мүлікті іске асырып, пайдаға жарату;

3. Билік ету хақысы – құқықтық әрекеттер жасау арқылы мүліктің тағдырын белгілеу.

Азаматтардың меншік құқығы жеке меншік құқығы түрлерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады. Азаматтардың меншік құқығы азаматтар меншігінің экономикалық санатын көрсетеді. Біз меншікті иемденуді алып қоғамдық қатынастар ретінде қарастырып отырғандықтан, азаматтардың меншіктері жеке дара иемдену тұрғысынан алғанда қоғамдық қатынастар болып табылады. Сонымен, азаматтардың меншіктері экономикалық санат ретінде жеке дара иемденудің барлық формаларын қамтиды. Азаматтық заңнама мүлікті азаматтар меншігіне айналдыру, олардың бұл мүлікті иемдену, пайдалану, оған билік ету және сол мүлікті қорғау жөніндегі қатынастарды реттейді. Қатынастардың бұл түрін реттейтін нормалар жиынтығы азаматтардың меншік құқығын құрайды, басқаша айтқанда бұл- объективтік мағынадағы меншік құқығы. Субъективтік мағынадағы меншік құқығы дегеніміз, ол- азаматтың өзіне тиесілі мүлікті өз қалауы бойынша иемдену, пайдалану және билеу жөніндегі, заңнамамен танылған және қорғалған құқығы. Тиісінше, қатаңырақ формада алғанда, азаматтардың меншік құқығы дегеніміз- материалдық игіліктерді жеке дара иемдену тұрғысынан алғандағы құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар.

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2500 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Большинство людей упускают появившуюся возможность, потому что она бывает одета в комбинезон и с виду напоминает работу © Томас Эдисон
==> читать все изречения...

2491 - | 2164 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.013 с.