Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Материя, қозғалыс, кеңістік пен уақыт мәселелерін талдаңыз.




Материя дегеніміз – объективті шындықты біздің санамызда бейнелейтін философиялық категория, яғни, ұғым. Соңғы кездегі көзқарастарға келсек, олар біржақты гносеологизмге қарсы, — материяны субстанциялық- аксиологиялық (құндылық) тұрғысынан сипаттағысы келеді. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, материя – тек қана физикалық реалдық емес, сонымен қатар, рух та – мәңгілік материяның көп қасиеттерінің бірі болып есептеледі. Ал енді идеалистік бағытқа келер болсақ, олар өмірдің рухани жағын негізгі деп есептейді. Заттардың субстанциясы (алғашқы негізі) – рухани болмыста жатыр. Идеализмнің дүниеге келуінің алғы шарттарына адамның өмірлік практикалық мүдделері жатқаны сөзсіз. Сондықтан, бұл ағым құндылықтар әлеміне көбірек көңіл бөледі. Егер материализм негізінен сыртқы Дүниені тануға бағытталған философия болса, идеализм, керісінше, адамның ішкі рухани өміріне көбірек көңіл бөледі. Адам, оның өмірі мен бақыты, үміті мен қайғысы т.с.с. сұрақтар идеалистік философияның негізгі мәселелеріне айналады. Философия тарихында объективтік идеализмнің негізін қалаған ұлы Платон болды. Оның ойынша, тек рухани болмыс – шынайы болмыс, ал сезімдік дүние оның бұлдыр, жетілмеген, өтпелі көлеңкесі ғанаОның ойынша, адам — қайшылықты пәнде. Оның денесімен қатар жан-дүниесі бар. Дене – сезімдік әлемге жатса, жанның Отаны – эйдос әлемі, сондықтан, ол –мәңгілік.

Әрине, Платонның философиясы қайшылықты. Бір жағынан біз сезімдік әлем мен эйдос әлемінің арасындағы қайшылықты көрсек, екінші жағынан, дене мен жанның ымыраласпайтынын байқадық.

Эйдос әлемі Құдайдың ойына айналып, адамдардың санасындағы ойлар Құдайдың ойлары жөніндегі адамдардың толғауынан пайда болады. Құдай Дүниені жоқтан жаратқаннан кейін оның ойы зат әлемінің алдында келеді, ал адамның танымында зат алда жүреді. Орта ғасырда жан-дүние ұғымымен қатар рух пайда болады. Бұл идеяларды дамытуға Жаңа дәуірде Р.Декарт өз үлесін қосады. Оның ойынша, жан – материядан бөлек субстанция және оның негізгі қасиеті – ойлауда. Егер материя тек кеңістікте созылатын енжар зат болатын болса, жан өз белсенділігімен танылады. Сонымен қатар, адамның санасында туа біткен қажетті идеялар бар: ол адамның “мендік” идеясы, математикалық идеялар, Құдай идеясы. В.Г.Лейбниц идеалистік философияның жаңа түрін Дүниеге әкеледі Адам өзінің ішкі жан-дүниесінің бар екенін өз тәжірибесінде анықтайтын болса, онда басқа заттардың да жаны бар деп ойлауға болады. Егер Демокрит көзге көрінбейтін атомдарды мойындаса, Лейбниц көзге көрінбейтін өз-өзіне жеткілікті жандарды – монадаларды философияға еңгізеді. Мұндай көзқарастың шеңберінде Құдайдың өзі –монаданың монадасы ретінде қаралуға тиіс.

Қорыта келе, айтайын дегеніміз, материализм мен идеализмнің екеуі де өз дамыған формаларында реализм бағытына толығынан қосылмағанмен, — жақындай түседі. Енді реализмге келер болсақ, бұл бағыт Шындықтың екі жағын да толығынан мойындап, я болмаса, оларды Болмыстың құндылығы жағынан тең екі жағы ретінде түсінеді. Олай болса, бұл бағыт материализм мен идеализмнің біржақтылығын мойындамайды. Философия тарихында алғашқы реалистік жүйе жасаған “бірінші мұғалім” – Аристотель болған-ды. Ол грек философиясының натурфилософиясындағы негізгі жетістіктерді Платонның идеалистік идеяларымен ұштастырып “материя” мен “форманың” екеуінің де тең құндылықтығын айтады. Оның формуласы: “материясыз — форма, формасыз – материя жоқ”. Бұл формуланы нақтылай келе, материяны “мүмкіндік” (dynamіs), форманы “шындық” (energeіa), іске асушылық ретінде түсінеді. Форма мақсатқа лайықтылық арқылы өмірге енеді. Оны ол энтелехия, яғни, рухани күш ретінде қарайды, бұл жағынан ол Платонның “эйдостарына” жақын. Бірақ, Платонның идеялары ерекше Әлемді құрайтын болса, Аристотельдің рухани күштері материямен бірге берілген. Өйткені, Шындық — материя мен форманың бірлігінен туады, соның негізінде жеке заттар мен құбылыстар өмір сүреді.

Жоғарыдағы көзқарас “жан-дүние” категориясын талдауға да үлкен жаңалық енгізеді. Ол Платонның философиясына сәйкес “сезімдік” өтпелі Дүние мен “Эйдос әлемі” екі ортасындағы дәнекер емес, ол – белсенді рухани өмірлік күш-қуат. Реализм өзінің жалғасын Орта ғасырлардағы схоластика ағымында тапты. Бірақ, олар рухани күштің басымдылығын Құдай идеясынан іздеді





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1293 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Есть только один способ избежать критики: ничего не делайте, ничего не говорите и будьте никем. © Аристотель
==> читать все изречения...

2183 - | 2133 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.