Жаңа заман фил-сы деп XVII, XVIII және XIX ғасырларды қамтитын дәуір. Шартты түрде – жаңа тарихтың басы деп 1640 жылғы ағылшын буржуазиялық революциясын – капиталистік немесе буржуазиялық қатынастардың, индустриалды өркениеттің бастауы болған құбылысты алады. Үш ғасыр бұрын адамзат ежелгі дүниемен қоштасып (антика және орта ғасырлар), «адам – ғаламдағы ең мінсіз тіршілік иесі, эволюцияның тәжі, демек – дүниенің қожасы» деп сенген жаңа рухани пікірді бекіткен философия болды. Жаңа заман, яғни капитализм дәуірі құлдық пен феодалдық-өндірістік қатынастардың формаларын түбірінен жаңартып, қайтадан заттық-тауарлық қатынастарды қалпына келтірді.
Сезім туралы ілімі және білімді алудың жолдарын көрсету арқылы Бэкон жаңа эмпиризмнің немесе снсуализмнің негізін қалады.
Жаңа дәуір философиясындағы эмпиризм – бұл тәжірибелік, сезімдік білімді нағыз шынайы ақиқат білім деп мойындау.
Эмпириктер, эксперименталді жаратылыстануды ғылымның ғылымы деп есептеді. Эмпириктердің негізгі ұраны – Ф.Бэконның «Білім - күш» деген тезисі.
Рационализм (лат. ratіo — ақыл) — болмыстың, танымның, моральдың негізі ақыл деп санайтын философиялық ілім. Рационализм иррационализм мен сенсуализмге қарсы филос. ағым ретінде
17 — 19 ғ-ларда қалыптасты, негізін салушылар Р.Декарт пен Б.Спиноза. Рационализм орта ғасырдағы діни, теологиялық көзқарастарға қарсы болып, әлемді жаратушы құдай жоқ, болмыс, табиғат ақыл-оймен танылады деп атеистік идеяны насихаттады. Философия Рационализмнің туындауы Жаңа дәуірдегі классикалық жаратылыстану ғылымының дамуымен сәйкес келеді. Философия ғыл. білімнің, әсіресе, матем. білімнің жалпыға ортақ және қажетті сипаттарын ашуға тырысты. Спиноза сияқты кейбір Рационализм өкілдері философия мәселелерін “геометриялық методты” қолдана отырып баяндады. Рационализмнің гносеол. оптимизміне орай табиғаттың ашылмайтын құпиясы жоқ. Бұл тұрғыдан Рационализм еур. ағартушылықтың маңызды филос. алғышарты болды. 20 ғ-да Рационализмнің жекелеген қағидалары феноменологияда (Э.Гуссерль),француз неорационализмінде (Г.Башляр), сыншыл Рационализмде (К.Поппер) қайта жаңғырды.
Рационалистердің эмпиристерге қарсы қоятын дәлелдері:
Ақыл сүзігінен өткізілмеген сезім немесе тәжірибе танымға негіз бола алмайды;
Ақыл сезім мен тәжірибенің қатысынсыз-ақ өздігінен жаңа білім мен жаңалық аша алады, ол жаңалықтар кейіннен тәжірибе түрінде дәлелденуі мүмкін.
Моральдық этикалық нормалар мен тәртіп негізінде ақыл-ой жатыр деген түсінік этикалық рационализм деп аталады.
Ф. Бэконның танымдағы объекті, субъекті және экспериментальды тәжірибенің бірлігінің қажеттілігі туралы тұжырымдамасына талдау жасаңыз.
Фр.Бэкон(1561-1626)-философиядағы эмпирикалық бағыттың негізін қалаған ағылшын философы және саяси қайраткері (1620-1621ж.ж)-Ұлыбританияның лорд-канцлері,корольдан кейінгі екінші тұлғасы.
Негізгі еңбектері: «Ғылымдар табысы», «Жаңа Органон», «Жаңа Атлантида».
Фр.Бэконның философиялық идеясының – эмпиризмнің мәні таным негізінде тек қана тәжірибе жататындығында. Жеке адам немесе адамзаттың тәжірибесі көбейген сайын ол ақиқат білімге жақындай түседі. Білім мен тәжірибенің басты мақсаты- экономиканың дамуына, жаңа нәрселердің, адамның өз әрекетінде практикалық жетістіктерге жетуіне, адамның табиғатқа үстемдік етуіне көмектесу. Фр. Бэконның философиялық кредосын бейнелейтін афоризмі-«Білім-күш». Фр. Бэкон «танымның басты әдісі индукция болуға тиіс» деген новаторлық идея ұсынды.
«Танымның басты әдісі-индукция» деп анықтап берген философ таным әрекетә іске асатын нақты жолдарды көрсетеді. Олар «өрмекші жолы», «құмырсқа жолы», «ара жолы».
«Өрмекші жолы»- «таза ақылдан» рационалдық жолмен алынатын білім. Бұл жол нақты фактілердің, практикалық тәжірибенің мәнін төмендетеді немесе ескермейді.Рационалистер, Бэкон пікірінше, шын дүниеден қол үзіп догматизмге салынады, «ой өрнегін өз ойларынан тоқиды».
«Құмырсқа жолы»- тек қана тәжірибеге сүйеніп білім алу жолы немесе догматтық эмпиризм. Бұл әдіс те біржақты «таза эмпириктер» өз назарын практикалық тәжірибеге, түрлі фактілерді, дәлелдерді жинауға аударып, білімнің сыртқы көрінісін, мәселені сыртынан, «қиғашынан» ғана көріп,мәселені ішінен көре алмайды, зерттеліп отырған заттар мен құбылыстардың ішкі мәнін түсіне алмайды.
«Ара жолы»-танымның ең дұрыс жолы.Осы жолды ұстаған зерттеуші философ «өрмекші жолы» мен «құмырсқа жолдарының» жақсы жақтарын алып, олардың кемшіліктерінен арылады. «Ара жолын» ұстана отырып фактілерді жинап, жалпылап, ақыл мүмкіндігін қолданып мәселенің «ішіне» үңіліп, мәнін түсіну қажет. Бэкон пікірінше танымның ең дұрыс жолы-индукцияға негізделетін заттар мен құбылыстардың ішкі мәнін ақылмен түсінудің рационалистік пайдаланатын эмпиризм.
Фр.Бэкон таным процесі өтетін жолдарды көрсетіп қана қоймай, адамзаттың ақиқат білім алуына кедергі болатын себептерді көрсетіп берді.Ол себептерді Бэкон «елестер» н/е «идолдар» деп атап, 4 түрге бөліп сипаттайды.
1.тектік елестер; 2. үңгір елестер; 3. Базар елестері; 4.театр елесетрі.
Тектік ж/е үңгір елестері-дүниені тануда таным табиғаты мен өз табиғатын алмастырудан туатын, адамдардың туа біткен адасушылықтары.
«Тектік елестер»-танымның адам мәдениеті «сүзгісінен» өтіп барып іске асатынын,сондықтан таным нәтижесіне әсер етіп, білімнің ақиқаттығын төмендететінін білдіреді.
«Үңгір елесінің» мәні – нақты адамның тұлғасының таным процесіне әсері, нәтижесінде адамның бұған дейінгі сенім-нанымдары,қағидалары-таным нәтижесінде көрініс беретіндігі.
Танымның 4 түрлі негізгі кедергілерін зерттей отырып, Бэкон аталған «елестерден» барынша алшақ жүріп, олардың ықпалынан жоғары болып, «таза білімге» ұмтылуға кеңес береді.