Лекции.Орг


Поиск:




азақстандағы су тазарту




Қазақстанда жоғарыда аталған су тазарту әдістерінің ішінен тек қана механикалық әдіс пайдаланылады. Республикада жүздеген су тазарту қондырғылары тұрғызылған. Бұлардың жұмысын үнемі қадағалап отырмаса - олардың тиімділік көрсеткіштері төмен болып қала береді. Ал, химиялық және биологиялық тазарту әдістері әлі тәжірибеге енген жоқ.

51.Бөгендердің лайлануы

Лайлық — өзеннін, көлденең қимасында, ұзына бойы-на әрі мерзімдік аса құбылмалы көрсеткіш. Лайлықтың арнаның көлденең кимасында таралуы аса кұрделі си-патқа ие. Әдетте лайлықтың ең көп шоғырланатын жері судың түбі мен жағалаура жақын жерлер, тасындылар-дың қүрамында неғұрлым ірі бөлшектер көп болса олар-дың вертикал таралуы солғұрлым ретсіз келеді.

52.Өзеннің бастауы, жоғарғы, орта және төменгі агысы

Кез келген өзеннің басталатын жері, яр-ни бастауы болады. Өзеннің бастауы жер астынан қай-йап шығатын бұлақ, батпак, көл, мұзарт немесе екі саланың қосылатын орны болуы мүмкін.

Көлден басталатын өзендердің басталуының айқын көрінісі бар. Бүған Байкал көлінен бастау алатын Ангара өзені немеее Ладогадан басталатын Нева өзені мысал бола алады.

Жазық аудандарда өзендер әдетте батпақтардан бастау алады. Оған Пин батпақтарынан ағып шығатын Днепр мен Висла өзендерінің салалары жатады. Екі өзеннің қосылу жағдайында бастау болып үлкен өзен, ал екі өзеннің ұзындығы тең болса, онда бастау ретінде сол жақ саласы кабылдануға тиіс. Әдетте ірі өзендерді жоғары, орта және төменгі ағыс үлескілеріне бөледі. Бұ.л бөлу ағын судың молдығына, жердің орографиялык, жағдайына, ағыс жылдамдығына, көліктік-шаруашылық пайдаланылуына және басқа да сипаттарына қатысты жүргізіледі.

Өзендердің жоғарғы ағысы ағынның үлкен еңістігімен және жылдамдығымен, тайыздығымен, айтарлықтай жуып-шаю және тасымалдау әрекетімен сипатталады.

Өзендердің орта ағысында олардың арнасы ұлғайып, ені кеңейеді, үлкен салаларының есебінен суы молаяды, еңістігі мен ағыс жылдамдығы кемиді, сонымен бірге жуып-шаю әрекеті нашарлайды.

Ал, төменгі ағыста өзеннің жуып-шаю әрекеті нашарлап, еңістігі кемиді, арнасы кеңейеді. Еңістігінің кемуіне байланысты төмендегі ағыста жуып-шаю шикізатының шөгіндегі.түсуі күшейеді, осылардың бәрі өзен арнасының кең атырауға бөлінуіне әкеп соғады.

Өзеннін басқа өзенге: көлге (бөген) немесе теңізге құятын жерін өзенніқ сагасы деп атайды. Өзендердің сағаларында көл, теніздердің өзендермен өзара әсерінің нәтижесінде жер бедерінің күрделі формалары мен тарамдары (жеңдер), яғни атырау пайда болады.

53.Өзен жүйесінің ұзындығы, ауданы қалай анықталады

Өзеннің ұзындығы деп оның карта бойынша өлшенген бастауы мен сағасының ара қашықтығын айтамыз. Өзеннің ұзындығын ірі масштабты карта бойынша немесе аэрофото түсірімдер арқылы өлшеу керек және өлшемді орын болғандықтан, сағасынан бастауына қарай жүргізу керек. Өзеннің ұзындығы төмендегі формула бойынша анықталады:

L = Lө ·Ки (2.2)

Мұндағы Lө —өзеннің өлшенген ұзындығы.

Өзеннің ұзындығы ағын су өзінің арнасы мен жағалауын жуып-шаюының арқасында үнемі өзгеріп тұрады.

Бұрынғы КСРО шекарасында ұзындығы 0,5 км-дең кіші өзендерді, бұлақтарды, уақытша ағын су жылғала-рын қосқанда 2963400-дей өзен бар

54.Еңістік дегеніміз не, қалай анықталады

Өзендер планда әрқашан иректі көріністі болып келеді. Өзендердің иректігі олар ағып өтетін жердің жағдайына – өзен арнасы мен аңғарын құрайтын тау жыныстарына, топыраққа және ағыстың динамикасына байланысты болады.

Өзеннің иректігі иректік коэффициентімен сипатталады, ол картадан анықталған өзеннің ұзындығының, L, онын бастауынан сағасына дейін (немесе үлескінің) жүргізілген түзудің ұзындығының l қатынасына тең:

Ки=L/l (2.1.)

Өзеннің ұзына бойына оның иректігі өзгеріп отырады. Сондықтан, алғашында иректік коэффициенттер өзеннің жеке үлескісі үшін анықталып, сонан соң жалпы иректік коэффициенті табылады.

55.Эмпирикалық қамтамасыздық сызығы дегеніз не, қалай тұрғызады

Эмпирикалық қамтамасыздық қисығының ординаталары кесте түрінде жүргізіледі. Кему тәртібімен орналасқан орташа өтімдер мәні бойынша және орташа өтімдердің ықтималдық қамтамасыздығы мәндері бойынша эмпирикалық қамтамасыздық қисығы тұрғызылады. Эмпирикалық қамтамасыздық қисығының дұрыстығын бекіту үшін сонымен қатар теориялық қамтамасыздық қисығының элементтері енгізіледі. Ассиметриялық коэфициент теориялық және эмпирикалық қамтамасыздық қисықтарының сәйкестігіне байланысты табылады.

56.Өзен сағаларының типтері

Өзен сағалары пішіндерінің әр түрлі болып келуі оның өзімен бірге тасымалдайтын тасындылардың көлеміне, құятын бұғаздың пішініне, суының ағу жылдамдығына және жергілікті жер бедерінің ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Кейбір өзендердің сағалық телімі болмайды. Мұндай өзендер негізнен карсты аймақтарға тән, яғни өзен тау жарықтары арқылы жердің астына ағып кетеді де жер асты суын толықтырады. Бірқатар жағдайларда қуаңшылық жылдары кейбір өзендер көлге не теңізге жетпей жолда тартылып қалады. Мыс., Қума өзені суының булануға жұмсалуы және бір бөлігінің құмға сіңуіне байланысты суын Каспийге жеткізе бермейді.

Соңғы кездерде сағалық телімнің болмауы көбінесе адамзаттың іс-әрекетімен байланысты болып отыр. Яғни, өзеннің барлық дерлік суын жерді суаруға және өнеркәсіпте пайдаланады. Оған мысал ретіндеТеджен, Мургаб т.б. Орталық Азияның және Қазақстанның көптеген өзендерін айтуға болады.

Көп кездесетін өзен сағаларының типтері төмендегідей:

1) біртармақты (Риони, Амур т.б.);

2) эстуарий (воронка тәрізді – Обь, Енисей, Хатанга, Мезень, Оңт.Буг, Днепр);

3) аралы (Дон, Печора, Солт.Двина, Индигарка, Яна, Колыма, Нева);

4) қалақша тәрізді (Кура, Орал);

5) көп тармақты (Еділ, Терек, Әмудария);

6) Қоршалған саға, көлтабандық (лимандық) саға (Кубань, Днестр, Батыс Двина)

57.Су режимінің негізгі типтері және олардың қоректену көздерімен байланысы

Су режимі деп су объектілерінің уақытқа байланысты су деңгейінің су шығынының өзгеру ерекшеліктерінің бірлескен жағдайын айтамыз. Бұл анықтаманың кеңірек түсінігі-су объектілерінің гидрологиялық режимі.

Өзеннің-гидрологияық режимі көпжылдық маусымдық және тәуліктік құбылмалылығымен ерекшеленеді: 1) су деңгейі (су деңгейінің режимі), 2) сулылығының (ағынды режимі), 3) мұздық көрсеткіші (мұздық-режим), 4) судың температурасы (термикалық режим), 5) ағыспен тасылатын қатты заттардың мөлшері мен кұрамы (тасындылар режимі), 6) еріген заттардың шоғырлануы мен құрамы (гидрохимиялық режимі), 7) өзен арнасының өзгеруінің (арнадағы процестер режнмі).

Өзен арналарында оның гидрологиялық режимі әсер ететін, гидротехникалық ғимараттардың бар-жоғына қарай реттеліп, табиғи немесе тұрмыстық режимдерге жіктеледі.

58.Өзеннің типтік гидрографы

Өзен ағындысының жалпы теңдестігіндегі әр түрлі қоректену көздерінің үлесінің мөлшері гидрографты (су шығынының жылдық графигі) талдау арқылы бағаланады. Бұл мақсат үшін көпжылдық бақылау нәтижесінде тұрғызылған су шығынының кұбылмалылығының типтік гидрографы немесе жеке сипатты жылдар (көп сулы, орташа сулы және аз сулы) үшін сызылған гидрографтар қолданылады. Типтік гидрограф деп бірқатар жылдардағы гидрографтардың жалпы сипаттарына ие, сонымен бірге әр жылға тән кездейсоқ жағдайы жоқ гидрографты айтамыз.

Типтік гидрографты тұрғызу кезінде бірқатар жылдар үшін жеке өзендердің сипат ерекшеліктерінің ордината (су шығыны) және абцисса (уақыт) көрсеткіштері орташа мәнге келтіріледі (су тасудың басталуы, макси-мумының келуі, су тасудын, соңы және т. б.). Қалыпқа келтірілген тірек нүктелерімен бірқалыпты графикті саламьіз. Типтік гидрограф бойынша аныкталған ағындының көлемі, өлшенген ағындының көпжылдық орташа мөлшеріне тең болуы шарт (4.1а-сурет).

Типтік гидрографта су шығынының мөлшері мен уақыттың құбылмалылығының сипатты нүктелерінің шектері көрсетіледі.

Гидрографты қоректену көздері бойынша талдаудың бірнеше әдістері бар.

Жер асты су ағындысын бөлудің ең карапайым әдісі — ол гидрографтағы көктем басталардағы минимал нүктелерден басқа да минимал нүктелерді бірқалыпты сызықпен қосу аркылы іске асырылады

Гидрографты талдау кезінде мұздық суларымен қоректенетін өзендердің ерекшеліктерін естен шығармау керек, олар:

а) бұл өзендер кыс мезгілінде жер асты (грунт) суымен қоректенсе, ал жазда грунттық қоректену көзі қыс басындағы су өтіміне тең деп алынады;

ә) қар еру басталған уақыттан соңына дейін алаптың ойыс жерлеріне және аласа таулардан өзен қар суымен қоректенеді: қоректенудің бұл бөлігі, оны биік таулардағы қар және мұздық суларынан бөлгенде шамамен алаптың ойыс бөлігіндегі қар еру кезіндегі ағысқа тең бағалануы мүмкін;

б) жылдың жылы кезінде өзендер негізінен жазғы жаңбыр суымен және биік таулардағы қар мен мұздықтардың суымен қоректенеді; қоректенудің бұл бөлігі жекетасқындардың ойыстарын қоеу арқылы талданады.

Қар, жаңбыр, жер асты және мұздық қоректену көздерінің көлемі гидрографта бөлінген аудандардың мөлшерін есептеу арқылы анықталады.

59.Өзендегі термикалық және мұз режимі

Өзендердің термикалық режимі бір жағынан су массасы мен атмосфера аралық жылу алмасу әсерінен қалыптасса, екінші жағынан — өзен арнасының табаны мен жылу алмасу арқылы қалыптасады.

Күн радиациясының тура бағытталған сәулелері атмосфераның жағдайына және Күн мен Жер ара шықтығына байланысты. Сондықтаи таулы аймақтарда Күннің тура радиациясы жазыққа қарағанда әлдеқайда жорары болады. Күннің тура радиациясына бұлт едәуір кері әсер етеді. Осы факторларға тәуелді шашыраңкы радиация болатын болса, айқын тәуліктік зандылыққа бағынышты, әдетте шашыраңқы радиацияның максимумы талтүске тура келеді (жалпы радиацияның 10%-і).

Бұлтсыз күнгі жиынтық радиацияның мөлшері экваторалдық және субэкваторлық ендікте 2,60...1,80, ал тропикте және субтропиктерде — 2,20... 2,60, орташа ендікте— 1,50... 2,20 және арктикалық ендіктерде 1,05— 1,50 кДж/см2 тең.

Жалпы радиация су көздеріндегі термикалық режимнің құбылмалылығын анықтаушы болып табылады және оны су көзінің жылу теңдестігі арқылы көрсетуге болады:

К = LЕ + Р+В, (6.5)

Мұндағы К — радиациялық теңдестік; LЕ — жылудың булануға және конденсацияға жұмсалуы; Р — су беті мен атмосфера аралык, жылу алмасу; В — су көзіндегі жылу жиынтығы.

Өзендердің мұздық-термикалық режимінің жылдық циклінде екі кезең айқын көрінеді: мұз қатқан мерзім мен мұздан ашық су бетінің кезеңдері. Судың мұздан бос, ашық кезінде өзендердегі судың температурасы ауаның температурасына сәйкес келеді. Жылдың жылы кезінің бірінші жартысында ауаның температурасы су бетінің температурасынан жоғары, ал екінші жартысында—төмен болады. Судың температурасының максимумы ауаның температурасының максимумынан кейін келеді.

Мәңгі қарлар мен мұздықтардың суымен қоректенетін тау өзендерінде судың температурасы жылдың барлық жылы мезгілінде ауаның температурасынан төмен болады. Ал, екінші, мұз қатқан кезде судың температурасы әдетте тұрақты және 0°С жақын болады.

Өзендегі судың турбулентті араласуының әсерінен судың «тірі» қимасында судың температурасы біртектес болады. Сонымен қатар, өзеннің ені мен тереңдігінде температураның құбылмалылығында бірқатар ерекшеліктер кездесетінін айтып өткен жөн. Қөптеген өзендерде көктемде жағалаудағы судың температурасы, оның ортасындағы судың температурасынан жоғары болса, ал күзде — керісінше. Жазда — күндіз су бетінің темпера-турасы түбіне қарағанда жылырақ болса, ал түнде су түбінде температура біршама жоғары болып келеді. Негізгі өзенге келіп құятын салалардың әсерінен, егер ондағы су басты өзенге карағанда жылырақ немесе суығырақ болып келген жағдайда, өзеннің көлденең қимасында айтарлықтай температуралық құбылмалылық (8—9°С-ға дейін) болады. Мысалы, Ангара өзенінің сол жақ саласы болып келетін Иркут өзенінің құятын жеріндегі температуралық айырмашылық Ангара өзенінің ортасындағыға қарағанда 9,3°С жетеді.

Судың температурасы өзеннің ұзына бойында біркелкі емес, ол қоректену жағдайына, кұятын салаларына, ағып өтетін табиғат белдемдерінің температуралық режиміне және т. б. көптеген жағдайларға тәуелді.

Оңүстіктен солтүстікке карай ағатын өзендерде (Сібір өзендері, Ертіс, Тобыл...) жоғарғы ағыстарында судың температурасы орта ағысымен салыстырғанда суығырак, орта ағысында температура көтеріледі де, ал төменгі ағысында судың температурасы (терістікте) қайтадан төмендейді. Ал, солтүстіктен оңтүстікке карай ағатын өзендерде, оның бастауынан сағасына дейін судың темпера-урасы үздіксіз көтеріліп отырады. Бұл заңдылық тек температуралық режимі өзгеше салалары құятын үлескілерде бұзылады. Ендік бағытта ағатын өзендерде температуралық режим әдетте аса өзгеріске ұшырамайды. Көлдерден бастау алатын өзендердің температура-лық режиміне көл суының үлкен әсері бар. Көл неғұрлым үлкен болса, бұл әсер солғұрльш алысқа кетеді. Мысалы, Байкал көлінің салқын суының Ангара өзеніне әсері (онда бөгендер салынғанға дейін) 1170 шакыръмға жететін.

Өзендердің жеке үлескілерінде термикалық режимі ондағы адамның шаруашылық әрекетіне тәуелді. Өзендерге құйылып жатқан өнеркәсіптің, тұрмыстық жылы сулар табиғи температуралық режимді бүзады.

Суды 0°С-ге дейін салқындатудың және одан кейінгі су бетіндегі жылуды атмосфераға берудің әсерінен өзенде мұз қату процесі — өзен кысқы режим фазасына өтеді. Өзеннің мұз қату процесімен байланысты өмірін негізгі үш сипатты кезеңге бөлуге болады: күзгі мұз жүру кезеңін қоса есептегендегі мұз қалыптасу, тұтас мүз және мұздың бұзылуы.

60.Өзен режимдеріне антропогендік әсерлер

Өзен алаптарының шегінде ағындыға аданың шаруашылық іс-әрекетінің көптеген факторлары ықпалын тигізеді, өзен ағындысының сандық сипаттамаларына әсер ету тұрғысынан келгенде, мыналар олардың ішіндегі бастылары болып табылады: арналық ретеу, суғармалау, ағындыны басқа алапқа әкету, өнеркәсіпті, коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерді сумен қамту, батпақты және батпақтанған жерлерді құрғату, орманды отау және отырғызу, агроорманмелиоративтік шаралар, урбандалу, карьерлер қазу және шахталардан су әкету, өзендер арнасын үйме жалдау және түзету, өзен арналарынан топырақ қазып алу.

Су ресурстарына және гидрологиялық режиге әсер ету сипаты бойынша шаруашылық іс-әрекеттің барлық факторларын үлкен бес топқа біріктіруге болады.

1. Өзен желісінен (көлдерден, бөгендерден) тікелей су алумен, осы суларды су тұтынушылардың пайдалануына және пайдаланылған суларды қайтадан су объектілеріне жіберуге байланысты факторлар. Бұл топқа коммуналдық шаруашылықтың, өнеркәсіптің, жылу энергетикасының қажеттіліктерін өтеу үшін су тұтыну, ауылшаруашылығын сумен қамту, транспорт; ағындының бір бөлігін алаптан тыс жерге әкету және т.б. жатады. Аталған факторлардың гидрологиялық сипаттамаларға және судың сапасына тигізетін ықпалының ауқымы өзеннің табиғы ағындысына немесе көлдің табиғи көлеміне қатысты су тұтынудың негізгі сипаттамаларымен (су алу көлемі, қайтымсыз су тұтыну, ақаба сулардың немесе су әкету көлемімен) анықталады. Аталған қатынастың шамасына қарай шаруашылық іс-әрекеттің бұл факторлары кіші және орташа өзендерге, ал кейбір жекелеген жағдайларда үлкен өзендерге де айталықтай әсерін тигізеді. Бұл жағдайда алапта ағындының қалыптасу жағдайы өзгеріске ұшырамайды. Өзенге қайта жіберілген ақаба сулардың көлемі немесе су бұрып әкету көлемі табиғи сулардың ластануын және сапасының өзгеруін бағалау үшін аса қажетті маңызды сипаттамалар екендігін айта кету керек.

2. Өзен алабының арналық желісінде жүргізілген түрлендірулерге қатысты шаруашылық іс-әрекет факторлары: бөгендер мен тоғандар тұрғызу және пайдалану, судың жайылуын болдырмас үшін арнаны үйме жалдау, арнаны түзулеу, өзендер арналарынан топырақ қазып алу және т.с.с.

3. Өзен алабында жүретін булану процесін және алапта ағынды қалыптасу жағдайын өзгертетін өзеннің су жинау алабының жамылғы бетінің түрленуіне қатысты шаруашылық іс-әрекет факторлары. Оларға мыналар жатады:

- жер жырту, агротехникалық шаралар кешенін жүргізу, шалғынды жерлерді жайылымға пайдалану және т.с.с; әдетте кіші және орташа өзендердің гидрологиялық режиміне, ең аз және ең мол ағындыға, жылдық ағынды үлестіріміне әсерін тигізеді, жылдық ағындығы әсері соншалықты үлкен болмайды, тасындылар ағындысына және табиғи сулардың сапасына айтарлықтай ықпалын тигізеді;

- батпақты және батпақтанған жерлерді құрғату; негізінен кіші және орташа өзендердің гидрологиялық режимінің сандық сипаттамаларына, жылдық ағындыға әсерін тигізеді, өзен суларының сапасына әсері аздау болады;

- орманды отау және қалпына келтіру (табиғи және жасанды жолдармен); негізінен кіші және орташа өзендердің су теңдестігінің барлық негізгі құраушыларын, гидрологиялық режимді, судың сапасын өзгертеді; әсер ету дәрежесі орманның типіне, жасына тәуелді және аталған шаралар жүргізілгеннен кейін ондаған жылдар бойы осы шаралардың ықпалы жалғаса беруі мүмкін;

- урбандалу; өзендердің су теңдестігінің және ағындының, жер асты суларының барлық сипаттамаларын, судың сапасын өзгеріске ұшыратады; негізінен кіші өзендерге ықпалы үлкен болады, ал орташа өзендерге урбандалудың әсері соншалықты үлкен болмайды.

4. Өзен ағындысына арналық желіден су алудың, сонымен қатар, су жинау алабының жамылғы бетін түрлендірудің (суармалау, жер асты суларын пайдалану және т.б.) нәтижесінде әсер ететін шаруашылық іс-әрекет факторлары. Аридті және субаридті зоналарда кең таралған суармалау кіші, орташа және үлкен өзендердің ағындыларының барлық сипаттамаларына, суларының сапасына айтарлықтай үлкен әсерін тигізуі мүмкін.

Жер асты суларын пайдалану өзенге келетін жер асты суларына тікелей әсер етеді. Ыза суларының деңгейі төмендеген жағдайда су жинау алаптарында булану және ағындының қалыптасу жағдайы өзгеріске ұшырайды. Негізінен кіші және орташа өзендердің ағындысына ықпалын тигізеді.

5. Аумақтың су теңдестігіне, су ресурсына және гидрологиялық режиміне жалпы метеорологиялық және климаттық сипаттамалардың өзгеруі арқылы әсер ететін шаруашылық іс-әрекет факторлары. Бұл өзгерістер түрлі физикалық процестермен айқындалады, әсер ету қарқындылықтары бойынша және қамтитын аумағы бойынша әртүрлі және төмендегілерден тұрады:

- адамның өсімдік жамылғысына әсер етуінің, урбандалу көлемінің артуы, бөгендер тұрғызу, суармалы және құрғатылатын жерлердің ұлғаюы нәтижесінде аймақтық климаттың және метеорологиялық жай-күйдің өзгеруі; аталған шаралар жүргізілетін аудандарда жер бетінің шағылдыру қабілеті (альбедо), топырақтан булану және топырақтың ылғалдылығы, жер бетінің аэродинамикалық кедір-бұдырлығы және метеорологиялық режимнің басқа да сипаттамалары өзгеріске ұшырайды, бұл кіші және орташа өзендердің су теңдестігінің және гидрологиялық режимінің түрленуіне әкеліп соқтырады.

- тұшы суларды үлкен масштабта пайдаланудың нәтижесінде болуы мүмкін ғаламдық климат және ылғал айналымының өзгерісі; шаруашылық қажеттіліктерді өтеу үшін қайтымсыз пайдаланылған судың есебінен атмосфераға көтерілген қосымша ылғал қосымша жауын-шашынның түсуіне және қосымша су ресурстарының қалыптасуына мүмкіндік туғызады; бұл эффект аса үлкен аумақтың шегінде (континент шегінде) су теңдестігін қарастырған кезде орын алуы мүмкін;

- атмосфераға қосымша жылудың келіп түсуінің, СО2 шоғырлануының өсуі, кіші газ құраушыларының (фреон, азот тотықтары, метан және т.б.), атмосфералық аэрозолдің келіп түсу нәтижесінде адамның атмосфераның құрамына әсері; климаттың және су ресурстарының ғаламдық өзгеруіне атмосферада көмір қышқыл газының СО2 көбеюі үлкен рөл атқарады. Бұл әлемде күн санап ұлғайып отырған отын ресурстарын жағудың салдарынан болып отыр. Бұл процес ауаның төменгі қабатының жылынып, атмосфералық циркуляцияның өзгеруіне, жауын-шашынның түсуінің, булану және аймақтық және ғаламдық су ресурстарының өзгеруіне әкелмей қоймайды.

Үлкен өзендердің алаптарында бірмезгілде осы жоғарыда аталған, әртүрлі топтарға жататын және гидрометеорологиялық элементтердің табиғи айналымына қарай, суды пайдалану сипатына және аумақтың түрлендірілуіне, жергілікті жердің физикалық-географиялық жағдайына және жамылғы бет факторларына байланысты су режиміне әртүрлі әсерін тигізетін шаруашылық іс-әрекеттердің басым көпшілігі жүргізіледі.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 911 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Самообман может довести до саморазрушения. © Неизвестно
==> читать все изречения...

1034 - | 884 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.