Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Шөл туралы жалпы түсінік. Шөлдер классификациясы. Шөлдердің пайдаланылуы




Қалыптасуы және дамуы жер бетінде ылғалдылық пен жылудың таралуының біркелкі еместігіне бағынатын температура және атмосфера қысымының аймақтық таралуы желдің бағытын, атмосфераның жалпы айналымын анықтайды.

М.П. Петров (1975) бойынша шөлге климаты өте құрғақ территориялар жатады. Жауын-шашын мөлшері жылына 250 мм-ден аз, булану мөлшері жауын-шашын мөлшерінен артық, егін шаруашылығы қолдан суарылмаса мүмкін емес.

1977 жылы ЮНЕСКО жасаған картада төрт биоклиматтық аймақ көрсетілген. Египет экологы М. Кассас континенттердегі шөлдерді (аридті және жартылай аридті) климат ерекшеліктеріне байланысты аудандарын есептеген. Бірақ та әдебиеттердегі мәліметтер әртүрлі болғандықтан біз оны келтірмедік.

 

1. Аса құрғақ (экстра-арид) аймақ

Жауын-шашын мөлшері № 13 кестеде келтірілген, өсімдік жабыны жоқ, тек су ағатын жылға бойларында эфемерлер және кейбір бұталар болуы мүмкін. Егін және мал шаруашылығымен айналысу мүмкін емес. Тек оазистерде (мәдени алқап) болмаса.

Экстра-арид аймағы бір жыл немесе бірнеше жыл құрғақшылық болатын шөл. Африкадағы Орталық Сахара, Азиядағы Такла-макан.

 

Рғақ аймақ Такла-макан шөлі Батыс Қытайда Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданында

Жауын-шашын мөлшері жылына 50-75 мм. Өсімдіктер жабыны өте сирек, кедей. Негізінен көпжылдық және біржылдық суккуленттер. Суарусыз егін шаруашылығы мүмкін емес. Бұл аймақта көшпенді мал шаруашылығымен айналысуға болады.

 

3. Жартылай құрғақ аймақ

Жауын-шашын мөлшері 150-250 мм. Өсімдік жабыны бұталардан олардың араларында кейде шөптер болуы мүмкін. Суарылмайтын ауыл шаруашылығы дақылдарымен және мал шаруашылығымен айналысуға болады.

 

4. Субгумидті (ылғал жеткіліксіз) аймақ

Жауын-шашын мөлшері жылына 250-400 мм. Бұл аймаққа кейбір тропикалық Саванналар, Жерорта теңізіндегі кейбір қауымдар (Маквис және Чапарал), қара топырақты далаларды жатқызуға болады.

Бұл картадағы мәліметтер бойынша құрғақ территориялар көлемі 48 млн. шаршы км яғни құрылықтың 1/3 бөлігін алып жатыр. Шөлдерді бұлай бөлу әрине шартты түрде ғана.

Шөлдер классификациясы

А. Топырақ типіне байланысты шөлдерді бірнеше типтерге бөледі:

1. Құмды (песчаные) - борпылдақ шөгінділерде

2. Сары топырақты (лессовые) - сары топырақты шөгінділерде

3. Сазды топырақты

4. Саз балшықты (глинистые) - тақырлар

5. Саз балшықты

6. Майда тасты және құмды

7. Майда тасты гипстенген

8. Тасты

9. Кебірлі

Б. Жауын-шашынның динамикалығына байланысты:

1. Жағалаулық-ыстық жағалаулардың суық теңізбен шекаралас жерлері (Намиб, Атакама) жауын-шашыны мүлде жоқ, тіршілік те жоқ деуге болады.

2. Орталық Азиялық типтес (Гоби, Бетпақдала) жыл бойында аз да болса жауын-шашын тұрақты болады. Сондықтан тіршілік бар.

3. Жерорта теңіздік типтес (Сахара, Қарақұм, Австралиядағы үлкен құмды шөл).

Жауын-шашын мөлшері алғашқыдағыдай, бірақ та жауын-шашын жыл бойы емес, бір-екі апта ішінде жауып өтеді. Сол кезде әртүрлі эфемерлер қысқа уақыт болса да қарқынды өседі. Сосын келесі жылға дейін латенттік күйге ауысады.

 

13 кесте

Шөлдердің негізгі географиялық сипаттамасы (117)

Аты Ауданы мың шаршы км Абсолюттік биіктігі, м Абсолюттік max температурасы, 0С Абсолюттік min t 0С Орташа жылдық жауын-шашын, мм
           
Орта Азия және Қазақстан
Қарақұм   100-500 +50 -35 70-100
Үстірт және Маңғышлақ   200-300 +42 -40 80-150
Қызылқұм   50-300 +45 -32 70-180
Арал маңындағы Қарақұм     +42 -42 130-200
Бетпақдала   300-350 +43 -38 100-150
Мойынқұм   100-660 +40 -45 170-300
Орталық Азия
Такла-Макан   800-1500 +37 -27 50-75
Алашань   800-1200 +40 -22 70-150
Бэйшань   900-2000 +38 -24 40-80
Ордос   1100-1500 +42 -21 150-300
Цайдам   2600-3100 +30 -20 50-250
Гоби   900-1200 +45 -40 50-200
Иран таулы өлкесі
Деште-Кевир   600-800 +45 -10 60-100
Деште-Лут   200-800 +44 -15 50-100
Регистан   100-1500 +42 -19 50-100
Аравия жарты аралы және Таяу Шығыс
Руб-Эль-Хали   100-500 +47 -5 25-100
Үлкен Нефуд   600-1000 +54 -6 50-100
Дехна     +45 -7 50-100
Сирия шөлі   500-800 +47 -11 100-150
Солтүстік Африка
Сахара   200-500 +59 -5 25-200
Ливия шөлі   100-500 +58 -4 25-100
Нубия шөлі   350-1000 +53 -2  
Оңтүстік Африка
Намиб 100-150 200-1000 +40 -4 2-75
Калахари 600-900   +42 -9 100-500
Карру   450-750 +44 -11 100-300
Жартылай арал Индостан
тар   350-450 +48 -1 150-500
тхал   100-200 +49 -2 50-200
Солтүстік Америка  
Үлкен бассейн   100-1200 +41 -14 100-300  
Маохаве 30-35 600-1000 +56,7 -6 45-100  
Сонора   400-1000 +44 -4 50-250  
Чиуауа   900-1800 +42 -6 75-200  
Оңтүстік Америка  
Атакама   300-2500 +30 -15 10-50  
Патагония   600-800 +40 -21 150-200  
Австралия  
Үлкен құмды шөл   400-500 +44 +2 125-250  
Гибсон шөлі 155-240 300-500 +47 - 200-250  
Үлкен шөл Виктория 350-424 200-700 +50 -3 125-250  
Симпсон шөлі 170-300 0-200 +48 -6 100-150  
                           




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1309 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Надо любить жизнь больше, чем смысл жизни. © Федор Достоевский
==> читать все изречения...

2299 - | 1987 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.