Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Фитоценоздағы өсімдіктердің бір-біріне әсер ету жолдары 3 страница




3. Диффузиялы қауым.

Диффузиялы қауымның алғашқылардан айырмашылығы - ол популяциялардың /ең болмағанда үстем түрлердің/ азды-көпті біркелкі таралуы. Фитоценоздың және битоптың қалыптасуы кезінде биотоптық немесе фитоценотикалық іріктеу басталады. Фитоценотикалық /биотоптық/ іріктеу экотоптық іріктеуден көп жағдайда қаталдау болады. Фитоценоздың қалыптасуымен қатар биоценоз қалыптасып биогеоценоз дербестенеді.

Клементс /Миркин, Розенберг бойынша, 1983/ фитоценоздың қалыптасуында мынандай фазаларды ажыратты:

1. Өсімдіктер бастамаларының бос субстратқа миграциясы;

2. Эцезис, немесе мигранттардың өніп, тамырланып жаңа жерде орнығуы;

3. Агрегация, немесе мигранттардың аналық особьтарының айналасында ұрпақ топтарының пайда болуы;

4. Инвазия, немесе мигранттардың бір тобының екінші топтарға араласып енуі;

5. Стабилизация, немесе өзін-өзі реттеуге қабілетті, тұрақты структура жасау.

Бұл процестердің барлығы да ортаның өсімдікке және өсімдіктің ортаға әсер етуімен, ал агрегация ортаның өсімдікке және өсімдіктің ортаға әсер етуімен, ал агрегация және инвазия фазаларында өсімдіктердің бір-біріне әсер етуімен қатар жүріп отырады.

Қолдан өсірілген мәдени өсімдіктердің фитоценоздары туралы, Клементс былай деп түсінік береді: Адам миграцияны өзі жасайды, эцезисті реттейді, инвазияға кедергі жасайды, сондықтан мұндай жағдайда фитоценозды тұрақтандыру мүмкін емес. Дәл осы қасиетімен агрофитоценоздар орман, шалғындық шөл және дала қауымдарынан ерекшеленеді. Сондықтан, Клементстің ойы бойынша, агрофитоценоздарды фитоценоздардың ерекше тобы деп қараған дұрыс. Көпжылдық жайылымдықтар мен шабындықтар қолдан жасау үшін, үйінділерін, терриконды / француз сөзі - жер бетіндегі бос тау жыныстарының үйіндісі/ және де тағы басқа өндірістік субстраттарды көгалдандыру үшін фитоценоздың қалыптасу заңдылықтарын білу қажет.

Фитоценозға кіретін әр өсімдік, биологиялық және морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты, қоршаған ортаға өзінің белгілі әсерін тигізеді. Фитоценоз компоненттерінің бір-біріне әсер етуі оның негізгі белгілерінің бірі болып табылады. Бұл белгі әлі фитоценоз ретінде қалыптаса қоймаған басқа өсімдік топтарынан фитоценоздың негізгі айырмашылықтарының бірі болып табылады. Егер де өсімдіктер өздерінің жер үсті немесе жер асты мүшелері арқылы тұтасып байланысқан болса, ондай учаскелерді өсімдіктер қауымы /фитоценоз/ деп санауға қабылданған.

Өсімдіктердің бір-біріне әсерлері әр алуан, олардың классификациясын үш тұрғыдан /Миркин, Розенберг, 1978/ қарауға болады: 1. бір-біріне әсер ету жолдары; 2. өсімдіктердің бір-бірне әсер етуін көрсететін нәтижелері; 3. өсімдіктердің бір-біріне әсер етуінің онтогенез процесінде өзгеру ерекшелігі.

 

Фитоценоздағы өсімдіктердің бір-біріне әсер ету жолдары

Өсімдіктердің бір-біріне әсер ету жолдарының толық классификациясын В.Н. Сукачев /1974/ жасады /4 сурет/.

Суретте көрсетілгендей фитоценозда бірге өмір сүретін өсімдіктердің бір-біріне әсер етуінің негізгі үш формасы бар:

1. тікелей немесе түйіскен /контактные/;

2. трансбиотикалық немесе жанама /орта арқылы, жанама/;

3. трансбиотикалық.

Енді осы өсімдіктердің бір-біріне әсер етуінің үш формасына қысқаша тоқталып өтелік.

 

Тікелей /түйіскен/ әсер ету

 

Тікелей әсер етуді механикалық және физиологиялық деп екіге бөледі:

Механикалық тікелей /түйіскен/ әрекеттестікке /екі жақтың өзара қатынасы/ - жай жанасудың әсері, үйкелу, қысым және орынның бос еместігінің салдары жатады. Әр өсімдік фитоценозда орын алғанда, ол басқа өсімдіктердің осы жерге келіп орналасуына механикалық кедергі жасайды. Шынында, орманда ағаштардың бір-біріне қысым жасайтынын байқауға болады. Соның нәтижесінде ағаштардың діңінің /ствол/ формасы өзгеріп, кейде тіпті олар үстірт бірігіп кетеді. Тамырлар түйіскен кезде олардың бір-біріне және кейбір астық тұқымдас өсімдіктердің түптері өскенде, көрші өсімдіктерге қысым туғызатынын атап айтуға болады.

Физиологиялық тікелей әрекеттестікке - бір өсімдіктің екінші бір өсімдік ұлпасына еніп кетуі немесе олардың өткізгіш ұлпаларының бірігіп өсуі жатады. Физиологиялық тікелей әрекеттесуге паразитизмді, симбиозды және өсімдікпен оның үстінде өмір сүретін эпифиттер арасындағы қарым-қатынасты жатқызуға болады. Өсімдік «паразит» және өсімдік «қожа» бір-біріне әсер етеді. «Паразит» өзінің «қожасын» қоректік зат алатын орта есебінде пайдаланады. Ал өсімдік-қожа паразитке өзінің қоректік затпен қамтамасыз ету мүмкіншілігінің жеткілікті немесе жеткіліксіз екендігімен әсер етеді. Паразитизм - өсімдіктер арасындағы қатынастың бір формасы есебінде кең тараған құбылыс. Көптеген паразиттік саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустар бар. Тіпті жоғары сатыдағы өсімдіктер арасында да паразиттер және жартылай паразиттер аз емес /мысалы паразиттер - Cuscuta, Orobanche, жартылай паразиттер – Rhinanthus, Euphrasia, Odontites, Viscum тағы с.с./.

Симбиоздың кең тараған түрлерінің бірі - микориза. Микориза /гректің myces - саңырауқұлақ және rhiza - тамыр/ дегеніміз - жоғары сатыдағы /күрделі/ өсімдіктер тамырының саңырауқұлақтар жіп шумағымен селбесіп тіршілік етуі. Микоризаны эндотрофты және экзотрофты деп ажыратады. Эндотрофты микоризада саңырауқұлақтардың жіпшумақтары өсімдік тамырының клеткаларының ішіне кіріп оның көмірсуларымен қоректенеді. Ал өсімдік тамырының клеткалары саңырауқұлақтың жіп шумақтарын өлтіріп, оның бөлшектерін сіңіреді. Соның нәтижесінде, жоғары сатыдағы өсімдіктер саңырауқұлақтан қосымша құрамында азот және фосфор бар қоректік заттар алады. Экзотрофты микоризада саңырауқұлақтардың жіп шумақтары тамыр клеткаларының ішіне кірмей, бірақ тамырды сыртынан тығыз қоршап алады немесе кейде аздап клеткааралықтарына кіреді. Бұл жағдайда саңырауқұлақтардың жіп шумақтары тамырдан бөлініп шыққан органикалық заттарды пайдаланады, ал тамырлар топырақтан суды және қоректік заттарды жақсырақ сорып алады. Демек, микоризада бір-біріне физиологиялық әсер етуі және бір-біріне үйреніп өмір сүру бар. Күрделі /жоғары сатыдағы/ өсімдіктердің ішінде міндетті түрде /облигатты/ микротрофты, яғни тек микоризалық саңырауқұлақтар бар кезде ғана дұрыс қоректеніп, дамуға мүмкіншіліктері болатын өсімдіктерге айналғандары бар. Мысалы, орхидея / Orchis Z/, вереск / Calluna S./, алмұртшөп / Pyrola Z/ және кейбір астық тұқымдастары.


 

4 сурет Өсімдіктер қауымындағы түрлердің өзара әсерінің үлгісі

 

Күрделі өсімдіктердің ішінде толық микротрофты қоректенуге көшкен сапрофиттер де бар. Оларға ең алдымен, шырша шөптер / Hypopitys monotropa Crant/ және сабынкөктер / Lathrula sguamaria / тұқымдастары жатады.

Микориза болмаса да, өмір сүре алатын, бірақ егер де микориза болса, жақсырақ дамып өсетін факультативті /міндетті түрде емес/ микротрофты өсімдіктер өте көп. Мысалы, И.А. Селиванов /1981/ 1053 туыстарға және 160 тұқымдастарға жататын 3449 өсімдіктер түрін зерттеп, оның 2697 түрінің микротрофты екенін дәлелдеді. Сондықтан, биогеоценозда микросимбиотрофизм құбылысын жоғары сатыдағы өсімдіктермен саңырауқұлақтар арасындағы консортивті байланыстың тұрақты формасы деп санауға болады.

Физиологиялық тікелей әсер етуге ағаштар мен оның үстінде өмір сүретін эпифиттер /гректің epi - үстінде және phyton - өсімдік/ арасындағы қарым-қатынасын да жатқызуға болады. Мысалы, ормандардағы ағаштарға эпифиттер /қыналар және мүктер/ ризоидтары немесе өздерінен бөлініп шығатын қышқылдар арқылы әсерін тигізіп, олардың қабығын бұзады. Ағаштар да эпифиттерге өздерінше әсерін тигізеді. Оны ағаштың әр түрінің діңдерінде қыналардың біркелкі тармағынан байқауға болады.

Трансбиотикалық әсер ету

 

Трансбиотикалық немесе жанама /орта арқылы/ әсер етудің /сурет 4/ екі формасы бар: 1. өсімдіктердің бір-біріне биогенді орта арқылы әсері; 2. аллелопатия.

1. Өсімдіктердің бір-біріне биогенді орта арқылы әсері. Фитоценоздағы күрделі және қарапайым өсімдіктер ортамен зат алмасуының арасында фитоценоздың ішкі ортасына - фитоортасына әсер етіп оны өзгертеді. Ал, өсімдіктердің өздері де өзгерген ортаның - фитоортаның әсеріне душар болады. Сонымен, фитоценоздағы өсімдіктердің бір-біріне әсері олардың тікелей түйісуі арқылы емес, ол өзгерген орта арқылы болады. Фитоценоздағы әрбір өсімдік суды, N, P, K және т.б. сору және жарықты ұстап қалу арқылы олардың қорын осы учаскедегі басқа өсімдіктер үшін азайтады. Керекті заттардың қоры фитоценозға кіретін барлық өсімдіктерге бірдей жетпейді. Соның нәтижесінде өсімдіктер арасында қоректік заттар үшін бәсеке басталады. Бәсеке немесе күрес түрішілік және түраралық болып бөлінеді.

Өсімдіктер өздерінің жер үстіндегі мүшелері арқылы көршілес орналасқан өсімдіктерге көлеңкесін түсіреді. Бұл құбылысты әсіресе орманда жақсы байқауға болады. Көлеңкесін түсіру арқылы бір өсімдік екінші өсімдіктің жарық, су, жылу режимдеріне және қоректік заттармен қамтамасыз етілуіне өзгерістер енгізеді.

Өсімдіктердің тамыр жүйелері топырақ қабаттарын тесіп өтіп, оның физикалық және химиялық қасиеттерін өзгертеді, оның қаттылығын, су, ауа, және жылу өткізгіштігін өзгертеді. Тамырлары арқылы өсімдік топырақтағы судың, ауаның, тұздардың белгілі бір мөлшерін пайдаланып, басқа өсімдіктер үшін олардың ресурсына әсерін тигізеді. Тамыры тереңге бармайтын өсімдіктер тамырлары топырақтың терең қабаттарына дейін кіретін өсімдіктермен бірге өседі /5 сурет/.

Соның нәтижесінде, тамыры тереңге бармайтын өсімдіктер шық, ылғал және жауын-шашынның нәтижесінде жиналып топырақтың төменгі қабаттарына сіңіп бара жатқан суды пайдаланып тамыры тереңге тарайтын өсімдіктер үшін ылғал мөлшерін азайтады. Ал тамыры тереңге тарайтын өсімдіктер де жоғары көтеріліп бара жатқан топырақтың төменгі қабаттарындағы суларды пайдаланып тамырлары қысқа өсімдіктерге әсерін тигізеді.

 

 


 

5 сурет Шалғындағы, қабыршақты-сортаңдау кебірдегі қараматаулы-кермек қауымының вертикалды көрінісі. 1. Artemisia semiarida (Krasch et Lavr) Filat II. Petrosimonia brachiata (Pall) Bge. III. Camphozosma monspeliacum L. IV/ Limonium Gmelinii (Willd) Ktze (Мухитдинов, 1980).

 

 

2. Аллелопатия. Аллелопатия /гректің allelon - өзара және pathes - азап шегу, сынаушы әсер/ - түрлердің тіршілік әрекеті өнімдері /фитонцидтер, колиндер, антибиотиктер тағы с.с/ бөлінуі арқылы бір-біріне ықпал етуі. Бұл терминді 1937 жылы Молиш ұсынды /Работнов бойынша, 1978/. Кейде аллелопатияны бір өсімдіктердің басқа өсімдіктерге зиянды әсері деп, ал кеңірек алып қарағанда, өсімдіктердің әртүрлі ұшпа химиялық заттар болуы арқылы бір-біріне пайдалы немесе зиянды әсер етуі деп түсіндіреді.

Геоботаниктер 1950 жылдарға дейін өсімдіктердің бір-біріне ұшпа химиялық заттар бөлуі арқылы әсер етуіне, яғни аллелопатиялық өзара әсеріне үлкен мән беріп келді. Бірақ ғалымдардың бұл саладағы одан арғы жұмыстары, табиғи жағдайларда өсімдіктер қауымында судың және желдің әсерінен аллелопатиялық заттардың концентрациясының өте төмендеп кеткендігі дәлелденді. Бұл фактордың ролі су, қоректік зат және жарық үшін бәсекеге түсуден төмен екендігіне көңіл аударылады. Т.А. Работнов /1978/ бұл факторлардың ролі эволюциялық бірге дамымаған өсімдіктер арасында жоғары екендігін атап көрсетті.

Г. Грюммер /1957/ ұшпа заттардың классификациясын берді. Ол оларды колиндер /күрделі өсімдіктердің бір-біріне әсері/, фитонцидтер /күрделі өсімдіктердің қарапайым өсімдіктерге әсері/, антибиотиктер /қарапайым өсімдіктердің бір-біріне әсері/, маразминдер /қарапайым өсімдіктердің күрделі өсімдіктерге әсері/ деп бөлді.

Т.А. Работнов /1978/ аллелопатия құбылысын фитоэккрисодинамия /автотрофты өсімдіктердің тірі мүшелерінің метоболиттерінің әсері/ және сапрокринадинамия /өсімдіктердің өлі қалдықтарын пайдаланатын сапрофиттердің метоболиттерінің әсері/ деп ажыратты. Өсімдіктен бөлінетін заттардың мөлшері және құрамы өсімдіктің түріне, мүшесіне, тіршілік ету қабілеттілігіне және өмір сүретін ортасының жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Өсімдіктердің жер үстіндегі мүшелерінен метоболиттерді /газ, су және қатты күйінде/ бөлетін негізінен жапырақтар болып табылады. Жапырақтан кейін аз мөлшерде болса да, метоболиттер бөлетін гүл шоғырлары, жемістері және сабақтар болып саналады. Фитоценоздағы өсімдіктердің жер үстіндегі мүшелері негізінен метоболиттерді газ түрінде бөліп шығарады. Топырақта метоболиттерді өсімдік тамырлары және сапрофиттер бөліп шығарады. Мысалы, бидайдың тамырлары топыраққа әртүрлі органикалық заттарды /қант – 10 түрлі, аминқышқылдары – 19 түрлі, органикалық қышқылдар - 10 түрлі, нуклеотидтер – 3 түрлі, ферменттер – 3 түрлі тағы с.с./ бөліп шығарады.

Топыраққа әртүрлі органикалық заттардың бөлінуі нәтижесінде тамырдың айналасына микроорганизмдер, негізінен бактериялар жинақталады, яғни ризосфера құралады. Ризосфераның организмдері ерекше функционалды организмдер тобы - эккрисотрофтарға жатады. Эккрисотрофтардың күрделі өсімдіктер үшін ролі өте зор, өйткені олар “сүзгі” /фильтр/ құрады. Барлық тамырдан бөлініп шығатын және топырақтан тамырға келіп түсетін заттар сол “сүзгі” арқылы өтеді. Эккрисотрофтар ризосфераға сыртқы ортадан және тамырдан келіп түсетін затттарды усыздандыру /детоксикация/ - жұмысын атқарады. Сонымен, тамырдан бөлініп шығатын заттар, өсімдіктің әрбір түріне ерекше қажетті, ризосфералар организмдерінің комплексін жасауда үлкен рөл атқарады, ал ол өсімдік түрлері арасындағы бәсекеге әсерін тигізеді.

Топырақтағы сапротрофтардың бөліп шығаратын метоболиттерінің аллелопатиялық маңызы өте зор. Әсіресе, ол метоболиттердің ішінде ұшпа органикалық қосылыстарының рөлі зор. Оларды ризосфералық организмдер пайдаланып, өсімдіктің тамыры сіңіре алатын заттарға айналдырады.

Табиғи сұрыпталудың нәтижесінде ортаның белгілі бір жағдайында бірге өмір сүре алатын өсімдіктер түрлері сақталып – фитоценоз құралады. Автотрофты өсімдіктердің биоценоздың басқа компоненттерінің улы метоболиттеріне тұрақтылығы сол, метоболиттердің уын дарытпайтын ризосфералық организмдер таңдай білуіне, оған қосымша сол улы метоболиттердің әсеріне душар болатын өсімдік мүшелерінің зат алмасу және өсімдіктің морфологиялық және анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты. Сонымен, организмдердің эволюциялық бірге дамуының нәтижесінде “аллелопатиялық бейтарап системадан” тұратын биоценоздар құралған. Сондықтан өсімдіктің бір түрінің екінші түріне аллелопатиялық әсерін эволюциялық бірге дамымаған, яғни адамның араласуымен пайда болып, бірге өсетін өсімдіктер түрлері арасынан күтуге болады. Бұған мысалдар келтірейік:

1. Грек жаңғағын бұрын өспеген жерлерге отығызғанда /интродукция жасағанда/ оның кронасының астында өсіп тұрған шөптесін өсімдіктерге зиянды әсері болатыны белгілі. Жаңғақтың шөптесін өсімдіктерге зиянын тигізіп, қысым көрсететіні оның жапырақтарындағы гидроюглоннан пайда болатын фенол қоспалары юглонға байланысты екенін дәлелдеді. Жаңғақтың картопқа, томатқа, жоңышқаға, яғни онымен эволюциялық бірге дамымаған өсімдіктерге зиянды әсері болатыны байқалған.

Сонымен қатар, Оңтүстік Қырғызстанда грек жаңғағының орманында шөптесін өсімдіктер тамаша жақсы өсіп тұр. Демек, грек жаңғағы өзімен көптеген жылдар бойы бірге өсетін эволюциялық бірге дамыған өсімдіктерге зиянды әсер етпейді.

2. Оңтүстік Калифорнияға Австралиядан эвкалипт өсімдігін әкеліп өсіргенде оның кронасы астында шөптесін өсімдіктер өте нашар, кейде тіпті өспейтіндігі де сол эвкалиптің аллелопатиялық әсерінен болып табылады. Эвкалиптің өзі табиғи өсетін Австралияда шөптесін өсімдіктерге ешқандай зиянды әсері жоқ. Оңтүстік Калифорнияда эвкалиптің шөптесін өсімдіктерге зиянды әсері оның жапырағындағы фенолды қоспаларға байланысты.

3. Ащы жусан /полынь горькая – Artemisia absinthium L./ өзімен эволюциялық бірге дамымаған өсімдіктерге зиянды әсер етеді, мұны да сол аллелопатиялық құбылысқа жатқызу керек. Мысалы ащы жусанның зиягүлге / Senecio / және басқа өсімдіктерге өте зиянды әсер ететінін жусанның жапырақтарынан жуылып топыраққа түсетін абсинтинге байланысты екені дәлелденген. Жусанның аллелопатиялық қасиеті оның өскен жерінің топырағына, климатына байланысты. Жусан топырақтан көп мөлшерде азотты сіңіріп алып, көршілес өсімдіктерге азот үшін бәсекеде біршама зиянын тигізетіні белгілі.

Бір-біріне трансбиотикалық әсер ету

 

Трансбиотикалық әсер ету деп - өсімдіктің бір түрлерінің басқа түрлеріне басқа бір организмдер арқылы ықпал жасауын айтады. Мысалы, бірге мекендейтін өсімдіктің А, Б, В түрлері болса, А түрінің әсерінен В түрінің тіршілік ету жағдайы өзгерсе, бұл Б түріне әсерін тигізеді. Басқаша айтқанда, екі түрдің бір-біріне трансбиотикалық әсері айнымалы жолмен, үшінші бір түрге әсер ету арқылы болады. Мысалы, фитоценоздағы күрделі өсімдіктің біреуінің паразитті саңырауқұлақтың зақымынан нашарлап, тіпті өліп кетуі мүмкін, мұны көршілес өсімдік пайдаланып, босаған орынға орналасып алады.

Өсімдіктің бір түрінің тамырларында әртүрлі бактериялар және саңырауқұлақтар жиналып, оның ризосферасын құрады. Ал бұл ризосферадағы микроорганизмдердің өкілдері күрделі өсімдіктің басқа бір түріне әсер етуі мүмкін, ал бұл әсері тікелей күрделі өсімдіктің бірінші түріне емес, оның тамырында жинақталатын микроорганизмдерге байланысты.

Жайылымдарда өсімдіктің бір түрін малдың жеп қоюы қалған түрлердің көбеюіне мүмкіншілік туғызады.

Демек, мал жейтін өсімдіктермен желінбейтін өсімдіктердің бір-бірімен әсері бұл жағдайда жануарлар арқылы болады.

Мал жейтін өсімдіктер өздерінің қасиеттерімен желінгіштігін қамтамасыз етеді де, желінбейтін өсімдіктердің көбеюіне мүмкіншілік жасайды.

Дәлірек айтқанда, қарым-қатынастың бұл формасы өсімдіктің бір түрлерінің басқа түрлерге әсер етуінің өзгеруі олардың консорттарының ықпалының нәтижесі деп сипаттауға болады. Консорттар арасында өсімдіктерге пайдалы әсерін тигізіп олардың конкуренттік мүмкіншілігін жоғарылататындары /мысалы, атмосфера азотын фиксация жасайтын түйнек бактериялар/ және өсімдіктің өміршендік жағдайын және конкуренттік мүмкіншілігін төмендететіндері /фитофагтар - өсімдікті жейтіндер, паразиттер/ болуы мүмкін. Консорттардың осы топтарының арақатынасына байланысты өсімдіктер түрлерінің арасындағы қарым-қатынасы өзгеріп тұруына мүмкіншілік бар.

Жайылымдарда мал жемейтін немесе нашар желінетін өсімдік түрлерінің жақсы желінетін өсімдіктер түрлеріне қарағанда, басқа жағдайлары бірдей болғанда конкуренттік мүмкіншіліктері жоғары болады.

Екі организмнің бір-біріне әсер етуінің нәтижесіне негізделген классификацияны Г. Кларк /Воронин бойынша, 1973/ ұсынды /1 кесте/.

 

1 кесте

Организмдер арасындағы қарым-қатынастар классификациясы

 

Түр А Түр Б Қарым-қатынасы
+ + Мутуализм Симбиоз Комменсализм
+  
    Бейтараптылық, төзімділік
  - Антибиоз
+ - Пайдалану/паразитизм мен жыртқыштықты қоса Антоганизм Конкуренция
-   - -   -

 

Шартты белгілер «+» қарым-қатынас нәтижесі пайдалы, «-» зиян, «0» - айқын әсердің жоқтығы.

Организмдердің бір-бірімен қарым-қатынасы олар бір-бірімен түйіскенде немесе белгілі бір қашықтықта орналасса да бола береді. Ол қарым-қатынастар өмір бойы тұрақты немесе қысқа, уақытша болуы мүмкін.

Егер бір-бірімен түйіскен әртүрлі түрлерге жататын организмдердің қарым-қатынастары сол екі организмге немесе біреуіне пайда әкелсе, ал екіншісіне ешқандай зиян болмайтын болса оны біз симбиоз деп атаймыз. Егер симбиоз екі организмге де пайда әкелетін болса - комменсализм деп атаймыз. Егер әртүрлі түрлерге жататын организмдер арасындағы қарым-қатынас нәтижесінде бір организм екінші организмге зиянын тигізсе /мысалы, екінші организмге зиянды зат бөліп шығаруы арқылы/ және өзі ешқандай пайда көрмесе оны антибиоз деп атаймыз.

Б.М. Миркин, Г.С. Розенберг /1978/ өсімдіктердің бір-біріне әсерін және оның онтогенез процесі кезінде өзгеруінің мынадай класификациясын береді:

А. Бейтараптық – антибиоз;

Б. Бейтараптық – антибиоз-антогонизм;

В. Симбиоз – бейтараптық – антибиоз - антогонизм тағы с.с.

Бейтараптық және симбиоз өсімдіктердің ювенильді особтары арасында, ал антогонизм мен антибиоз жасы ұлғайған особтар арасындағы су және минералды тұздар үшін бәсеке кезінде болуы мүмкін. Антогонистік қарым-қатынасқа антибиоз, паразитизм, жыртқыштық және конкуренция сияқты бір немесе екі организмге де зиян келетін қарым-қатынастары жатады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2026 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Самообман может довести до саморазрушения. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2487 - | 2330 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.