ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚҚА АРНАЛҒАН НҰСҚАУ
Маман жалпы медицина: общая медицина
Пән акушерлік іс: акушерлік іс
Кафедра: акушерлік іс және гинекологии
Курс 4
Тақырып №4, блок 4 Қауіпсіз босану
Орындаған: Сахипова Г.Ж.
Должность: ассистент
Ғылыми дәрежесі: м. ғ.к.
должность, _________________________
Актобе – 2010 г.
Обсуждено на заседании кафедры
«______»_________2010г
Утвержден
на заседании кафедры
Протокол № _____
от "____" _________ 2010 г.
Руководитель кафедры: _______________________Тусупкалиев А.Б.
К.м.н., доцент
Тақырып: Кауіпсіз босану
2. Сабақтың мақсаты: қауыпсыз босанудын ерекшіліктерін тәліпкерлерге ұйрету.
3.Оқытудын мақсаты:
Тәліпкерлер білуі қажет:
1) қауыпсыз босанудын тұсініктемесін
2) босанудын кезеңдерін жүргізу ерекшіліктерін,
3) қаупсыз босанудын артықшылықтырын
Тәліпкерлер істей білуі қажет:
1) бірінші кезеңде позиция таңдау туралы ангіме жұргізу
2) екіншіі кезеңде позиция таңдау туралы ангіме жұргізу,
3) ұшінші кезеңде тактика таңдау туралы ангіме жұргізу
4)ұшінші кезеңде жұргізу
4. Тақырыптың маңызды сұрақтары;
1. қауыпсыз босанудын тұсініктемесін
2. таза босану дегеніміз не
3. босанудын кезеңдерін жүргізу ерекшіліктерін,
4. ұшінші кезеңдін жұргізу тактикалары
5.Өқытудын және сабақ жұргізудін әдісі Үйымдастыру бөлімі - 3мин. Бастапқы білім уеңгенін бағалау (тесты) - 8мин. ТӨЖ (ситуациалық есептерді шығару) 45мин. презентация және дискуссия түрінде сабақ жұргізіледі. Тақырып бойынша презентация көрсетіліді. Содан соң босану бөлімінде босануды студентер жүргізеді - 20 мин. Қортынды бағалау-8мин. Білімді жалпы бақылау-3 мин. өзбетімен жұмыс бойынша тапсырма-3 мин.
6. Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Раисова А.Т. Акушерия жэне гинекология / А. Т. Раисова, Р. Г. Нуркасымова. - Алматы: Асем-Систем, 2006. - 296 б.
2. Укiбасова Т.М. Акушерия бойынша фантомдык курс: оку куралы / Т. М. Укiбасова, А. Б. Тусiпкалиев. - Актобе, 2008. - 172 б.
3. Акушерияга кіріспе / Х. Н. Нуржанов. - Алматы: Каз УМУ, 2002. - 92 б.
4. Бейсембаева Р. Акушерия / Р. Бейсембаева. - Алматы: Білім, 2004, 2006.
7. Тексеру (вопросы, тесты, задачи и пр.)
1. Қайталап босанушы Б., 29 жаста, күшену 1-2 минут сайын 40-45 секунд, күші жеткілікті. Ұрық басы жарып шығуда. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ырғақты, 148 рет минутына. Алдыңғы босануларда аралықты тілу және жыртылыстар болмаған. Диагноз. Қандай көмек көрсетуіңіз керек?
2. Қайталап босанушы Е., 26 жаста, босану үйіне күні жеткен жүктілікпен және 14 сағат бұрын басталған толғақпен келіп түсті. Ұрықтың орналасуы ұзына бойы, арқасы сол жақта, басы үлкен сегментімен кіші жамбас кіреберісінде. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ырғақты, 148 ретминутына. Толғағы 2-3 минут сайын 40 секундтан, орташа күшті, күшенуге өтумен. Жамбас өлшемдері 25-28-32-21 см. Іш айналымы 94 см. Жатыр түбі биіктігі 38 см. Ішкі қарау мәліметтері: қынабы босанған әйелдікі, жатыр мойны жазылған, жатыр ернеуінің ашылуы толық. Қағанақ көпіршігі жоқ, ұрық басы үлкен сегментімен кіші жамбас кіреберісінде. Мүйіске қол жетпейді. Диагноз. Ұрықтың болжам салмағын, позициясы мен түрін анықтаңыз. Босануды жүргізу жоспарын құрыңыз
3. Қайталап жүкті болушы, қайталап босанушы 26 жаста, босануда 8 сағат. Толғағының күші жеткілікті, 2-3 минут сайын 35-40 секунд. Ұрықтың болжам салмағы 3200,0г. Ұрықтың орналасуы ұзына бойы, бірінші позиция, алдыңғы түр. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ырғақты, 140 рет минутына. Ішкі қарау кезінде: жатыр мойны тегістелген, жатыр ернеуінің ашылуы 7-8 см. Қағанақ көпіршігі бүтін, ұрық басы кіші сегментімен кіші жамбас кіреберісінде. Мүйіске қол жетпейді. Диагноз. Шүйдемен келудің алдыңғы түріндегі босану биомеханизмін айтып беріңіз?
4. Қайталап босанушы 26 жаста, II кезең – 20 минут, ұрық басы үлкен сегментімен кіші жамбас кіреберісінде, ұрық басының жылжуы жоқ. Ұрықтың болжам салмағы 4000,0-4200,0. Қандай патология туралы ойлау керек?
5. Қайталап босанушы, анамнезі ерекшеліксіз – босануда 12 сағат, шаршады, толғағы әлсіз: не істейсіз?
6. Қайталап жүкті болушы 24 жаста, жүктіліктің 39-40 аптасында қағанақ суы кеткеннен 5 сағаттан кейін және босану қызметі басталғаннан 3 сағаттан кейін келіп түсті. Диагноз?
7. Жүкті әйел К., 27 жаста, босануға дейінгі бөлімде күні жеткен жүктілікпен және ісіктерге байланысты емделуде, тексеру кезінде цитологиялық жұғынның 4 типі және оң маммарлы тест анықталды. Осы белгілер бойынша жүкті әйел организмінің босануға дайындығы туралы айтуға болады ма? Жуық арада босану қызметі өздігінен басталуы мүмкін бе?
8.Жүкті әйел Л., 24 жаста, қабылдау бөліміне ішінің төменгі бөлігіндегі ауырсынуға шағым айтып келді. Жүктілік мерзімі 40-41 апта. Диагноз:
9.Жүкті әйел А., жүктіліктің 39 аптасында ішінің төменгі бөлігінде тартып ауырсыну, жыныс жолдарынан аздаған кілегейлі бөліністер пайда болды, ұрық қимылының сирегенін анықтады. әйелмен сөйлесу кезінде жауап беру кезінде аздаған тежелгендік білінді. Жүктілігі асқынусыз өткен.
10. 24 жастағы қайталап босанушы қағанақ суы кеткеннен 1 сағаттан кейін келіп түсті. Дәрігер тактикасы?