10 Қосымша жалғасы
Р Е Ц Е Н З И Я Т Е К С Т І ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Рецензенті ________
(атағы, жұмыс орны, тегі, инициалдары)
«________» _______________________ 20__ж. қолы ____________________________
14. Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.
Дербес компьютерді пайдаланушылардың қатарында компьютерлік графикамен айналысатындардың саны күн санап артып келеді. Қазіргі кез-келген мекемеде кей уақытта газеттер мен журналдарға жарнамаларға тапсырыс беру немесе жарнамалық парақшалар мен буклеттер басып шығару қажеттілігі туындайды. Олардың кейбіреулері осындай жұмыстарды арнайы дизайнерлік бюролар мен жарнамалық агенттіктерге тапсырса, кейбіреулері қолда бар программалық құралдарын пайдаланып, өз күштерімен жасауға тырысады.
Қазіргі танымал программалардың ешқайсысы компьютерлік графикасыз жұмыс істемейді. Статистикаға сүйенсек, жаппай қолданыста жүрген программаларды жасап шығарушы программистік ұжымның қызметкерлері өз жұмыстарының 90 % уақытын осы графикамен шұғылдануға жұмсайды екен.
Графикалық программаларды кең көлемде қолдану қажеттілігі Интернеттің және бірінші кезекте миллиондаған интернет парақтарын бір «өрмекпен» байланыстырған World Wide Web қызметінің пайда болуынан туындады. Өйткені компьютерлік графикасыз безендірілген web-парақтың бүкіләлемдік желіде басқалардың көзіне түсіп, танымал болуы екіталай.
Қазіргі компьютерлік графика тек көркемдеу мен безендірумен үшін ғана емес, ғылым мен медицинаның барлық саласында, коммерциялық және әкімшілік қызмет орындарында алуан түрлі ақпаратты көрнекі түрде көрсету үшін сызбалар, графиктер, диаграммалар жасау үшін қолданылады.
Конструкторлар автомобильдің немесе ұшақтың жаңа үлгілерін құрастырған кезде олардың соңғы көрінісін алу үшін үшөлшемді графикалық объектілерді қолданады. Архитекторлар монитор экранында болашақ ғимараттың кең көлемді кескінін жасап, оның жер бедерімен қалай жанасатынын алдын-ала болжай алады.
Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:
Ғылыми графика. Алғашқы компьютерлер тек ғылыми және өндірістік есептерді шығару үшін қолданылды. Есептерден шыққан нәтижелерді дұрыс түсіну үшін оларды графикалық тұрғыда өңдеп, графиктер, мен диаграммалар, сызбалар тұрғызған. Машинадағы алғашқы графиктерді символдық режимде басып шығаратын. Кейін сызбалар мен графиктерді қағазға қаламұштың көмегімен сызатын арнайы құрылғылар – графиксалғыштар (плоттерлер) пайда болды.
Қазіргі заманғы ғылыми компьютерлік графика әр түрлі есептеу тәжірибелерін жүргізіп, олардың нәтижесін көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді.
Біз сіз(дер)ден бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелер бойынша мазмұнды және әр түрлі тақырыптағы мақалалар мен зерттеулерді күтеміз.
Мақалаларды рәсімдеу үшін: ӘОЖ (әмбебап ондық жіктеу), мақаланың тақырыбы (барлығы бас әріптермен), авторлар туралы мәлімет, аннотация және түйін сөздер (курсив), мақаланың мәтіні, әдебиеттер тізімі, түйіндемелер болуы қажет.
Мақалаларды жазу мен рәсімдеу тәртібін сақтау үшін журнал редакциясы авторлардың төмендегі ережелерді сақтауын сұрайды.
Мақала материалдары баспадан шығу үшін Microsoft Word редакторында терілген 4-7 беттік мақаланың қолжазбасы А4 форматты қағазға 1 дана шығарылып, қазақ немесе орыс тілінде тапсырылады. Мақала материалының электронды нұсқасы міндетті түрде болуы қажет. Баспаға ұсынылатын мәтінді рәсімдеу тәртібі: қазақ және орыс тілдерінде жазылған мәтіндер үшін – Times New Roman, шрифті – 12, жоларалық интервал – 1. Параметрлері барлық жағынан – 2см.
Редакцияға келіп түскен материалдардың сол саланың жетекші мамандары берген сынпікірі болуы керек. Пікір беруші мақалалардың сапалылығына жауап береді. Ғылыми дәрежесі жоқ авторлар үшін ғылым докторларының немесе ғылым кандидаттарының пікірі болуы тиіс. Мақалаларды жариялау үшін пікір берушілердің ұсынысы жеткіліксіз. Соңғы шешімді редакция ұжымы қабылдайды. Қазақ тіліндегі мәтін үшін – орыс және ағылшын тілдеріндегі түйіндеме, орыс тіліндегі мәтін үшін – қазақ және ағылшын тілдеріндегі түйіндеме, автордың түйіндемесі: тегі, аты, әкесінің аты, қызметі, жұмыс орны, үй және жұмыс телефондары, e-mail берілуі керек. Түйіндеме кемінде 100 сөзден кем болмау керек. Жазылған мақала көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда басылымға жіберілмейді. Авторлар өз еңбектерінде берілген негізгі мәліметтер мен дәйексөздерге, нақты дәлелдерге жауап береді, қолжазбалар авторларға қайтарылмайды.
Журналға жазылған автор өз еңбектерін кезексіз шығарып отыруға мүмкіндік алады.
16. Кіріспенің бөлімдері: Кіріспе (1-2 бет)
Кіріспеде таңдалған тақырыптың өзектілігі, мақсаты, зерттеу есебі, зерттеудің пәні және объектісі, курстық жұмыстың құрылымы көрсетіледі. Кіріспенің көлемі. тәртібі мынадай болмақ: І. Кіріспенің бөлімдері:
Тақырыптың өзектілігі (2-3 абзац).
Жұмыстың мақсат-міндеттері (3-4 сөйлем).
Жұмыстың теориялық-әдіснамалық негіздері (1-2 сөйлем). Мұнда қандай еңбектерді бастамаға алғаныңызды жазасыз.
Зерттеудің әдістері (жүйелеу, баяндау, салыстыру т.б.) Жұмыстың теориялық-практикалық маңызы. (Яғни, нәтижелерді, жаңалықтарды қай жерде пайдалануға болатындығы жазылады).
Кіріспенің жалпы көлемі 3 беттей болуы керек.
17. әдебиеттерге шолу жасау
Әдебиеттер тізімі дегеніміз - құжатты жасау кезінде пайдаланылған немесе ішінен сілтемелер жасалған көздердің тізімі және ол әдетте құжаттың соңында орналасады. Microsoft Word 2010 бағдарламасында құжат үшін берілген көз туралы ақпаратқа сүйене отырып әдебиеттерін автоматты түрде жасап шығаруға болады.
Әрбір жаңа қайнар көз жасалған сайын, қайнар көз туралы ақпарат компьютерге сақталады және жасалған кез келген қайнар көзді тауып, пайдалануыңызға болады.
Қалаған әдебиеттер тізімі мәнерін таңдауға және жаңа әдебиеттер тізімі мәнерлерін қосуға болады. Пайдаланылған деректер тізімі. Тізім курстық жұмысты жазу барысында алынған ақпараттардың тізімін қамту керек. Пайдаланылған деректер тізімін жазғанда, мынандай кезектілікті сақтау керек:
· Заң шығарушы және нормативтік актілер
· Жалпы теориялық экономикалық деректер
· Арнайы экономикалық деректер
· Статистикалық көрсеткіштер мәліметі
· Периодтық деректер
· Ведомствалық-әдістемелік ақпарат.
Деректер тізімі алфавит бойынша, фамилиясы, автордың аты-жөні, шығарылған жылы, орны көрсетіледі.
18. Қорытындының құрамдас бөліктері.Қорытындыға аты айтып тұрғандай диплом жұмысының тобықтай түйінін жазасыз. Ашқан жаңалығыңызды, нәтижелерді барынша қысқа әрі түсінікті етіп жазып шығу қажет. Жұмыстың жалпы көлемін кафедра бекітеді. Соңында жазған жұмысыңыз белгіленген межеге жетпей қалмас үшін, жазу ретін жақсылап сұрап біліңіз. Диплом жұмысы тәмәмдалғанда жетекшіңізге көрсетесіз. Ол сізге артық тұстарын қысқартып, толықтыру керек мәселелерді көрсетіп береді. Сондықтан, жұмысты барынша ерте көрсетуге тырысыңыз. Соңында жетекші толықтай бекітісімен, диплом қорғау жиынына арналған сөзіңізді дайындайсыз. Және жетекшіңіз ұсынған маманнан жұмыс туралы пікір аласыз.
19. Жалпы қорытынды дегеніміз - логикалық тұрғыдан алғанда кейбір бастапқы ұсыныстардан жаңа ұсыныстарға көшу арқыла жүзеге асатын пайымдау процесі. Ғылыми жобаның қорытындысын алатын болсақ, тақырып толық ашылғаннан кейін, онда не туралы айтылғаны, қандай нәтиже бергені қорытындылап жазылады. Қорытынды бұл тақырыптың, мәтіннің соңғы бөлігі, сөздің соңы деуге болады. Қорытынды бүкіл ғылыми жобаның қысқаша мазмұнын көрсетеді. Қорытынды кіріспеге ұқсайды, алайда кіріспе ол жобаның бастамасы болса, қорытынды оның соңғы бөлігі болып табылады.Қорытындының негізгі көлемі 2-3 беттей болуы қажет, сонымен қатар негізгі ой-қорытындылар мен қысқаша түсініктер қамтылуы тиіс. Қорытынды бөлім бірнеше бөліктен тұрады: жоба мәселесінің өзектілігі, деректерді салыстыру, гипотезаның дұрыстығын айқындау, негізгі идеяларды толықтыру, теориялық бөліктерінің мазмұны ж.т.б.
20. Абстракт - жұмысқа немесе мақалаға қысқаша шолу болып табылады. Онда ол эксперименттік нәтиже көрсететін ғылыми мақала болсын не теориялық түйіндеме болсын тақырыптың тек қана қысқа да нұсқа мазмұны түсіндіріледі. Абстракт оқырманға мақала не туралы жазылғандығын түсіндірумен қатар, оның алда белгілі бір нақты жұмыс тауып және оның алдағы мақсаттары үшін маңыздылығының бар жоғын шешеді. Абстрактыны сипаттамалы және ақпараттық деп 2-ге бөліп қарастыруға болады. Сипаттамалы абстрактының түрі: - гуманитарлық және әлеуметтік ғылыми еңбектердің психологиялық эсселер үшін пайдаланылуы; -оқырман жобаның негізгі мәселелерін сипаттайды; - 50-100 сөз көлемінде жазылады. Ақпараттық абстрактының түрі: -ғылымдар инженерлік немесе психологиялық баяндамалар үшін пайдаланылады; -негізгі мәселелер оқырмандарға хабарландырылады; -200-ге жуық сөздер қамтылады.
21. Абстракт - оқырманға материалдар ауқымын көру және оның ғылыми зерттеу жұмыстарына арналған тиісті ақпаратты таңдауға мүмкіндік беретін ғылыми жобаның қысқаша мазмұны болып табылады. Ғылыми жобаның абстрактысының жазылуының бірнеше жалпы ережелері бар: -абстрактының бетін тақырып бетінен кейін бірден орналастыру керек; -беттің ортасына бас әріптермен АБСТРАКТ деп жазылуы керек; -негізгі жазбаша жұмыстың көлеміне байланысты, 50-300 жуық сөз жазу керек және ол негзгі жұмыстың создер санынан 10%-нан аспауы тиіс; -айқын және қысқа стилді пайдалану керек және жоба мәтінінің мәнін ашатын кілтті сөздер мен сөз тіркестерін қолданған жөн. Ғылыми жобаның абстрактысын жазу барысында ғылыми мәселелер мен зерттелініп отырған себептері ашып көрсетілуі тиіс. Негізгі жұмыс компоненттері қарастырылып, олардың сипаттамалары енгізілуі қажет. Бұл зерттеудің заты немесе оның қатысушысы болуы мүмкін.