Мақаланыжазуға байланысты мынадай талаптардың орындалғаны жөн:
· Басты талап: мақала қарастырған тақырыпқа қатысты барлық мүмкін ақпаратты (дәйек, дәлел, пікір, қайнаркөз, сын, мақтау) қамтуы тиіс.
· Келітірілетін барлық ақпарат нақты болуы тиіс, яғни тексерілетін болуы міндетті. Болжамдап, шамалап айтуға болмайды.
· Таңдаулы мақала - ғылыми ортада қалыптасқан көзқарасқа негізделуі керек. Көтерілетін мәселе даулы болмауы және мазмұны бейтарап болуы тиіс.
· Мақала заманауи ғылыми еңбектерге сүйенгені абзал. Қайнар көздердің барынша мол болғаны және беделді болғаны дұрыс.
· Мақалада грамматикалық және мағыналық қателер болмауы тиіс.
· Мақаланың көлемі қарастыратын тақырыптың ауқымына қарай болуы керек. Қажет жағдайда жеке тақырыптар арнайы бөлек мақала ретінде шығарылуы қажет.
· Мақаланың құрылымы нақты және түсінікті болуы керек.
· Таңдаулы мақала ешбір жерден көшірілмеуі тиіс. Яғни, дайын материал авторлық құқық тұрғысынан қорғалмаған жағдайда да редакторлар өз сөзімен жазуы қажет. Алайда мақаланың мазмұны еш жерде жарияланбаған жаңа туынды (зерттеу жұмысы) болмауы керек.
Негізгі қағидаларды ұстанған жөн.
- қысқалық;
- сауаттылық;
-дәлелділік
Жазу алдында оның неден басталып, қалай аяқталатынын, негізгі бөлімде қандай мәселе айтылатынын белгілеп алыңыз. Егер жоспар құратын болсаңыз, мақаланың қай бөлімінде композициялық қате барын, қай бөліміндегі деректі толықтыру керектігін біле алатын боласыз. ғылыми мақалада ақпаратты ауызекі сөзбен жеткізе алмайсыз. Бұл үшін аудиторияның жасы мен көңіл-күйіне назар аударыңыз. Мәтінді аяқтағаннан кейін міндетті түрде бастан аяғына дейін тексеріп шығып, бүкіл қате кеткен жерлерді түзетіп алуды ұмытпаңыз.
Мақаланы жариялау алдында мынаны тексерген жөн:
- тақырып мақаланың мазмұнын көрсетеді;
- мақалада кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерінің болы;
- әдебиеттерге сілтеменің болуы;
- плагиаттың болмауы;
- ғылыми стильдің сақталы;
- мақаланың тиісті нысанда жасалуы.
Ылыми мақаланың стандарттық нысаны
1) тақырыбы;
Абстракт;
Кіріспе
Дебиеттерге шолу
Концептуалдық модель
Ылыми әдістемелік зерттеу
Практикалық тәжірибе
Орытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Мақаланың тақырыбы сол мақаланың мазмұнын көрстуі және оқырмандардың қызығушылығын оятуы тиіс. Мақаланың тақырыбына қойылатын басты талаптарға оның қысқалығы мен айқындылығы жатады. Тақырып әрі кетсе 10-12 сөзден аспауы тиіс. Абстракт мақаланы біреулер шолу ретінде пайдалануға арналған қысқаша мазмұндау. Ол оқырманға мақала не туралы екенін түсіндіруге көмектеседі және оның көмегімен адамдар нақты жұмысты таба алады. Абстрактта мақалада зерттелетін проблема, мақаланы жазу барысында қолданылған әдістер, анализ (заңи тұрғыда қарастыру), қаржыландыру көзі көрсетілуі тиіс. Абстрактта ең көп дегенде 10-12 сөйлем не 200 сөз жазылады. Кілттік сөздер – мақаланы ашуға көмек беретін, осы сөздер арқылы оқырман өзіне қажет мақаланы тауып алады. (10 cөз)
Кіріспе бөлім мақалаға қатысты бастапқы анықтамалық ақпарат беруге бағытталады және зерттеудің қандай мақсатпен жүзеге асырылғандығын көрсетеді. Кіріспені жазу барысында автор ең алдымен зерттеудің жалпы тақырыбын жариялауы тиіс.Одан кейін мақаланың теориялық және практикалық маңыздылығын немесе өзектілігін анықтау керек. Кіріспе бөлімде қызықты фактілер мен оқиғалар, ғалымдардың зерттеулерінің қысқаша анықтамасы (ФИО, еңбектің аты, жылы), зерттеу құбылысы (ешкім зерттелмеген проблематиканы табу, жаңа мәселелерді табу), жұмыстың құрылымы көрсетіледі. Концептуалдық модель бөлімі ғалымдардың теориялары, идеалары, гипотезалары, зерттеу нәтижелері толық түрде көрсетіледі, өзіңнің қарастырып жатқан мәселеңе қайта оралу, зерттеудің мақсатын көрсету, алдыңа қойған міндеттерді айқындау жүзеге асырылады. Алдына қойған міндеттерді ашу мақсатында жүргізілген зерттеулердің түрлері,зерттеу барысы, олардың нәтижелері ғылыми әдістемелік және практикалық тәжірибе бөлімінде көрініс табады. Қорытынды зерттеудің қысқаша тұжырымдамасын қамтиды. Онда мақаланың негізгі бөлімінің басты түйіндері сығылғын түрінде жазылады. Қайталанған ойларды басқа, жаңа сөз тіркестерімен ауыстырған жөн. Қорытынды бөлімде автордың негізгі жетістіктері тезистік нысанда көрсетіледі.Мұнда қаралған мәселелердің болашақта дамуын болжауға әрекеттерді қамтуға болады.