Жоспар
1.Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудағы көрнекіліктер.
2.Балаларда уақыт және кеңістік ұғымын қалыптастырудағы көрнекіліктер
1.Қарапайым түсініктерді қалыптастыру бірінші сынып оқушыларын математиканы оқытуға дайындаудағы қажетті шарт болып табылады.
Қарапайым түсініктерді қалыптастыру міндеттері төмендегіше:
1. Балалардың мектептік өмірге бейімделуіне,ұяң болмауға, тілін дамытуға көмектесу, мектепке дейінгі мекемелердегі дайындықтан өтпеуіне байланысты өз қатарластары және үлкендермен сөйлесуге тарту.
2.Әр оқушының мектепке дайындық деңгейін анықтау.
3.Мектепке дейінгі кезеңде алған білім, білік және дағдыларын айқындау, жүйелеу және толықтыру.
4.10 көлеміндегі заттарды санай алу және сандарды оқытуға дайындық ретіндегі заттардың реттік нөмерін анықтай алу біліктерін қалыптастыру.
5.Теңдік және теңсіздік ұғымдарына дайындық ретінде заттардың екі тобын салыстыру.
6.Қосу және азайту амалдарын оқытып үйретуге, сондай-ақ сан ұғымын анықтауға тірек білім болып табылатын заттардың екі тобын біріктіру және топтан бірнеше затты бөліп алуға үйрету.
7.Шама және сан ұғымдарын оқытуға дайындық ретіндегі заттардың ұзындықтарын салыстыру, заттың, кесіндінің ұзындығын өлшеу және өлшем бірлігі 1-см-ді еңгізу сияқты ұғымдарды меңгеру.
8.Геометриялық фигуралардың қарапайым түрлері, заттардың бір-біріне қатысты орналасуы мен және амалдар мен әрекеттің өту ретімен кеңінен таныстыру.
9.Бүтін және бөлшек ұғымдарына дайындық ретіндефигураны бөліктерге бөлу және оны бөліктерден құрастыру біліктерін қалыптастыру.
10.Дәптермен жұмыс істеу: оның беттерін шамалай алу,жаза білуге дайындық ретінде қарапайым элементтерді жазуға үйрету.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі:
1.Әртүрлі заттарды санауды үйрену және соларға жаттығу.
2.Практикалық жұмыстарды орындау нәтижесінде заттардың тобын салыстыруға үйрету.
3.Заттардың екі тобын біріктіру және топтан бірнеше затты бөліп алу.
4.Заттарды әртүрлі белгілеріне қарай (түсіне, пішініне,өлшеміне) қарай салыстыру.
5.Заттардың ұзындықтарын салыстыру және өлшеу.
6.Геометриялық фигуралармен таныстыру.
7.Кеңістік және уақыт туралы түсініктер қалыптастыру.
Қарапайым түсініктер: заттарды санау, заттардың және олардың тобын салыстыру, сандық және реттік сандар арасындағы байланыс, қарапайым кеңістік және уақыт туралы түсінік.Осы тақырып бойынша оқушылар тақырыпты оқытудың міндеттерін, мақсатын, мазмұнын, қолданатын көрнекіліктерді білуі тиіс.
Қарапайым түсініктерді қалыптастыруда қолданылатын көрнекіліктер:
1. Қалталы полотно –
2. Нәрселердің суреті, (он-оннан);
3. Санау таяқшалары (он-оннан);
4. Геометриялық фигуралар (он-оннан);
5. Кеңістік және уақыт туралы суреттер;
6. Ертегі кейіпкерінің суреті;
Санау таяқшалары – (саны 10) жеке пайдалану үшін ағаштан немесе пластмассадан жасалады. Мұғалім ұзындығы 25-30см-ге тең ашық боялған таяқшаларды дайындайды. Бұл құрал пайдалануда қанша, неше деген деген сұрақтарға жауап беріп, берілген жиындардың элементтердің арасында өзара бір мәнді сәйкестік орнатуға мүмкіндік береді. Мысалы, мұғалім балаларға 3 шыбық алып.оларды оқушыларға санатып қанша деген сұраққа жауап береді.
Сонда неше шыбық болғаны және қалайша 3 шыбық шыққаны анықтайды. Одан кейін тағы бір шыбықты қосады да, сол сұрақтарға жауап береді.
Геометриялық фигуралар – жаңа санды жасауға, сандарды салыстыруға, бір-бірлеп қосу және бір-бірлеп шегеруге, сан тізбектерін құруға, сандарға арифметикалық амалдар қолдануға пайдаланады. Мысалы, 4+1+1 мысалын шығарғанда, геометриялық фигураларды пайдаланып, амалдарды иллюстрациялап көрсету болады. 4 көк квадрат алып қойыңдар, оған тағы 1 сары квадратты жылжытып қойыңдар. Неше квадрат болады? Тағы да 1 сары квадрат қосып қойыңдар, неше квадрат болады? Мысалды жазыңдар: 4+1+1 мысалды қалай шығарғандарыңды түсіндіріңдер. Мұғалім оқушыларға геометриялық модельдерді еңбек сабағында жасауға болады.
Заттардың суреттері – жемістер, ойыншықтар, үй мүліктері, хайуанаттар, транспорт түрлері, кесінділер, карточкалар, демонстрациялық материалдар ретінде пайдаланылады. Мұнда заттар ойынының ерекше сипаттамасы екеніне оқушылардың көзін жеткізеді. Заттардың суреттерін мұғалім сандарды санауда және салыстыруда пайдалана алады. Бұл құралдар қарапайым түсініктерді қалыптастыруда, есеп шығарғанда, есептің мазмұнын суретпен түсіндіруде жиі қолданылады. Сонымен бірге суреттер сандарды салыстыруда қолданылады. Мысалы, балалар алмаларға қарағанда алмұрттардың біреуі кем (аз) екенін, ал алмұрттарға қарағанда алмалардың біреуі артық (көп) екенін анықтайды. Мұғалім «алмалар қанша болса, алмұрттар сонша болу үшін не істеу керек?» - сұрайды. (1 алманы алып қою керек деп жауап береді).
Мұнда көрнекілік бойынша теңестіруді түрліше орындауға болытынын ұғыну керек.
Мысалы, сандарды салыстыруға үйретуде үлкен және кіші, сонша қарастырылады.
а) Сандарды салыстыру екі топ заттарын салыстыру арқылы іске асырылады.
Қайсысы кем: немесе? Қайсысы артық? Неге?
3 және 4 сандары туралы не айтуға болады?
3<4 және 4>3.
2.Кеңістік бағдарларын зерттеу олардың бағдарлай білуінің негізгі өз дене мүшелерін айыра білуі екендігін көрсетті.Осы ерекшеліктерді ескеріп балаларды,өз дене мүшелерін,олардың атауларын айқын түрде айыра білуге үйрету және соларға сүйеніп балаларды кеңістік бағыттармен таныстыру өте маңызды.Оң қолы және сол қолын және өз денесінің оң жағымен сол жағын айыра білудің ерекше мәні бар.Балаларға бұл жөнінен едәуір қиындық келеді, егер балаларды екі қолының атауларымен және олардың түрліше функцияларымен бірден таныстырып отырса, ондай қиындықты жеңуге болады; оң қолымен бала қасық,ал сол қолымен - нан немесе тарелка ұстайды; оң қолымен бала қарындаш ұстайды; сурет салады, ол қағаз жылжымау үшін сол қолымен оны үстеп отырады.Осыны есте сақтап және әрқашан балаларға ескерте отырып, тәрбиелі балалардың өз дене мүшелерін айыра бөлуін, заттардың кеңістікте орналасу және кеңестіктегі қимыл-қозғалыс болатын анықты болуын қалыптастырады; алдында - алға қарай, артында артқа қарай оқ жоқтан оңға қарай сол жақтан - солға қарай.
Кеңістік және уақыт түсініктерді қалыптастыруда қолданылатын көрнекіліктер:
қалталы полотно, нәрселердің суреті, санау таяқшалары; геометриялық фигуралар кеңістік және уақыт туралы суреттер «Аңдар-құстар», «Көршіні ата», «Не өзгерді» «Сыйқырлы терезе»ойындары және сағат макеті мен календар.
Сондай-ақ уақыт түсініктерде (таңертең, күндіз кешке, түн) режімдік мезеттерді өткізгенде күнделікті өсмірде қалыптасуы тиіс. Тәуліктің бұл бөлшектеріде, сондай-ақ кішкентайлар мен ересек балалардың іс- әрекетінің өзгеруіне қарай ажыратылады. Бірақ көрсетілген уақыт мезеттерінде ересек балалардың іс- әрекеті түрліше болғандықтан, белгілі бір жердің немесе белгілі бір географиялық болудың өзіне тән ерекшеліктері болатынын ескеру керек. Уақыт мезетін есептеу әр бала үшін нақтылы және толымды болуы тиіс, сондықтан түсіндіргенде көптеген белгілерді пайдалану керек.
Бастауыш мектепте қарастырылатын шамалардың бірі – уақыт аралығы. Уақыт туралы алғашқы түсінікті балалар мектепке дейінгі кезеңде алады. Күн мен түннің ауысуы, жыл мезгілдерінің ауысуы, сағат, минут, апта күндері, жыл, ай, баланың өміріндегі режимдік мезеттердің ауысуы –уақыт жөніндегі түсінікті қалыптастырады.