Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Математикадан дидактикалық материалдарды қолданудың педагогикалық және психологиялық негiздерi




Жоспар

1.Математиканы оқытуда басшылыққа алынатын әдістемелік принциптер

2.Бастауыш сыныптарда көрнекi құралдарды қолданудың ерекшеліктері

1.Принцип (латын сөзi) - басшылыққа алатын идея, негiзгi талап, қағида. Дидактикалық принциптер - оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерiн, əдiстерiн оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесi. Оқыту принциптерi дидактиканың категорияларына жатады. Оқыту принциптері - мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер. Сондықтан ол барлық пәндерді оқытқанда қолданылады. Оқыту принциптерінің жүйесін тұңғыш ұсынған Я.А.Каменский. Ол адам табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, оқыту да табиғат пен адам тәуелді болатын заңдарға байланысты екенін дәлелдейді. Сондықтан оның пікірінше, оқытудық ең басты принципі - табиғатқа сай болу принципі. И.Г.Песталоцци оқытудың көрнекілік принципін ерекше бағалап, оны логикалық ойлауды дамытатын маңызды құрал деп санаған. К.Д.Ушинский оқытудық халықтық сипатына баса назар аударып, оқытудың принциптерін психологиялық тұрғыдан қараған. Ы.Алтынсарин оқыту ережелерін қазақ мектептеріндегі білім берудің ерекшеліктеріне байланысты қолдану керектігін айтқан.

Сонымен, ең негiзгi, ғасырлар бойы педагогтар қауымы мойындаған дидактикалық принциптер жүйесi:

- ғылымилық,

- саналылық пен белсендiлiк,

- көрнекiлiк,

- жүйелiлiк пен бiрiздiлiк,

-берiктiлiк,

- тиiмдiлiк,

- теория мен тəжiрибенiң байланыстылығы.

Осы принциптердi талдаудан алдын принциптер мен ережелер байланысына тоқталайық. Педагогикалық ереже - жалпы принциптерге негiзделген белгiлi жағдайдағы белгiлi мақсаттағы педагогтық қызметтiң бейнеленуi. Ережелер оқыту принциптерiн қолданудың тəжiрибелiк жақтарын көрсетедi, теориядан тəжiрибеге көшу жолдарын айқындайды. Заңдылықтармен, принциптермен салыс-тырғанда ережелер мұғалiмге нақты педагогтық жағдайда қандай нақты шараларды пайдалану қажеттiлiгiн ұсынады. Осы жерде айта кететiн жайт: ережелердi қатаң, мүлтiксiз орындау ұстаздың қолын байлап қояды; ережелерге немқұрайлы қарау оқыту сапасын төмендетедi. Сондықтан, əрбiр мұғалiм дидактикалық ережелердi типтiк, стандарттық жағдайларда тиiмдi пайдаланса, күрделi педагогтық жағдайларда дидактикалық принциптерге сүйенiп шығармашылық танытса қойылған мақсатына жетерi сөзсiз.

Ережелер принциптерге сүйенедi, принциптер ережелер арқылы жүзеге асады. Ережелер педагогтық тəжiрибенiң қорытындысы ретiнде дидактика принциптерiн қолдану құралы болады. Сонымен, педагогтар оқытудың принциптерiне сай қалыптасқан белгiлi ережелерге сүйенiп мақсат-мiндеттерiн iске асырады. Бiздiң оқулықта арнайы қарастырылмаған принциптер көп, мысалы, мұғалiмнiң басшылық ролi; ынталандыру; проблемалық оқыту; дамыту, оқыту жəне тəрбиелеу бiрлiгi; iзгiлендiру; жас жəне дара ерекшелiктерiн назарға алу; кiрiктiру принциптерi.

Ендi принциптер мен ережелердiң мəнiн ашу жолдарын қарастырайық.

Ғылымилық принципi. Оқытудың ғылымилық принципiне орай оқушыларға ғылыми бiлiмдер мен ғылыми əдiстердi меңгерту керек. Бұл принциптiң астарында жатқан заңдылықтар: дүниенi танып бiлуге болады, адам өмiрiнде ғылымның рөлi күннен күнге өсуде, оқытудың ғылымилығы оқытудың мазмұны жəне мұғалiмнiң iс-əрекетi арқылы жүзеге асады. Мысалы, педагог ғылым жаңалықтарын адам үшiн қызмет ететiнiн түсiндiре отырып, оқушыларда дүниеге диалектикалық, ғылыми-материалистiк көзқарас қалыптастырады.

Принциптi iске асыру үшiн педагог орындайтын негiзгi талаптар:

- Бiлiм мазмұнын педагогика, психология ғылымдарының қазiргi даму дəрежесiне сəйкестендiру, жаңа əдiс-темелер мен жаңашыл ұстаздардың тəжiрибесiн қолдану.

- Оқушылардың ғылыми диалектикалық ойлау қабiлетiн дамыту, бастауыш мектептiң өзiнде тек индукциялық ғана емес, дедукциялық оқытуды енгiзу.

-Шəкiрттерге жаңа ғылыми ұғымдарды түсiндiру, жүйелi түрде қайталау, пайдалану, қолдану, iске асыру.

- Оқыту əдiстерi арқылы оқушыларды ғылыми əдiстермен таныстыру, оларды

iзденушiлiкке, шығармашылыққа баулу, зерттеу тəсiлдерiн пайдалану үшiн кiтаппен,

анықтамалармен жұмыс iстеуге ынталандыру.

- Əрбiр ғылымның ашқан жаңалықтарын оқушылар санасына жүйелi түрде қарапайым ұғымдармен берiк түрде жеткiзу мұғалiмнiң негiзгi мiндетi.

- Ғылымдағы жаңалықтардың жан-жақты байланыс-тарын көрсетiп оқушылардың бiлiм деңгейiмен ұштастыру, жаңа пəн сөздердi қолдану.

- Белгiлi ғалымдардың өмiрбаянымен, олардың қосқан үлесiмен оқушыларды таныстыру.

Жүйелiлiк пен бiрiздiлiк принципi. Бұл принциптiң өзектi негiздерi: адам миында сыртқы дүниенi бейнелейтiн өзара байланысты түсiнiктер жүйесi қалыптасқанда ғана, оның бiлiмi толық жəне шынайы болады; оқылатын оқу материалын белгiлi реттiлiкпен оқушыларға жеткiзгенде, олардың санасында ғылыми бiлiмдер жүйесi қамтамасыз етiледi; ғылыми бiлiмдер жүйесi оқу материалының iшкi логикасына жəне əрбiр оқушының таным мүмкiндiктерiне бағынышты; оқушыларды логикалық ойлауға үйрету, дағдыларын жүйелi түрде шынықтыру, олардың тұлғасын үзiлiссiз, кедергiсiз дамыту. Бұл принцип оқытудың ғылымилығы принципiмен тығыз байланыста болғандықтан, ғылыми бiлiмдер негiзiн оқушылардың жүйелi түрде жəне реттiлiкпен ұғынуы сабақтардың мазмұнының негiзгi өзегi болуы тиiс.

Əрбiр мұғалiм сабаққа əзiрлену барысында не сабақ барысында жүйелiлiк пен бiрiздiлiк принципiн жүзеге асыру үшiн келесi ережелердi назарға алады.

- Оқу мiндеттерiн оқушылар түсiнiп, оқу материалын логикалық тұрғыда жүйелi қабылдауы мақсатында кесте, сызба, жоспарларды қолдану.

- Оқу мазмұны мен əдiстерiнiң жүйелiлiгiн сақтау, бастауыш пен орта, орта мен жоғары сыныптардағы оқу мазмұны мен əдiстерiнiң бiрiздiлiгiн қамтамасыз ету.

- Оқу пəнi - ғылымның көшiрмесi болғандықтан оқушы-ларға ғылымның жүйесiн көрсетiп, пəнаралық байланыс-тарды пайдалану.

- Бұрын ұғындырған бiлiмдi жиi қайталау жəне жетiлдiру; қысқа қорытындылауды сабақтың басында, барысында жəне аяғында өткiзу.

- Тек тiл мұғалiмдерi емес, барлық педагогтар барлық сабақтарда оқушылардың ой бiлдiру əдiстерi мен түрлерiн бақылау; үнемi оларды өз қателерiн тауып, талдауға үйрету.

- Əрбiр тақырып, бөлiм, тарау, пəн аяқталғанда қорытын-дылау жəне жүйелеу сабақтарын өткiзу.

- Табиғатына байланысты, шəкiрттер бiрнеше сабақта меңгеретiн материалды бiр сабақта

''айлақорлықпен'' ұғындырмау.

- Оқушылардан əр тарау мен бүкiл бағдарлама бойынша бiлiм, дағды,бiлiк жүйесiн меңгеруiн

талап ету.

Сонымен, жоғарыда сөз болған принцип Я. А. Коменскийдiң ''бүгiнгi оқыту кешегiнi бекiтiп, ертеңгiге жол салады'' өсиетiн нақтылай түседi.

Теория мен тəжiрибенiң байланыстылығы принципi.Бұл принцип философияның ''тəжiрибе - танымның iлкi бұлағы'' қағидасына негiзделген. Оның түбiнде көптеген заңдылықтар жатыр: оқытудың сапасы мен тиiмдiлiгiн тəжiрибе көрсетедi, тексередi, анықтайды; тəжiрибе - ақиқаттың көрсеткiшi; тəрбие өмiрмен, тəжiрибемен тығыз байланысты; теория мен тəжiрибе байланысы оқу мазмұнына, əдiстерiне, түрлерiне тəуелдi; оқушыларды мамандыққа бағдарлау сапасы жоғары болса, олар заманауи өндiрiске тез икемделедi.

Осыған орай мұғалiм орындайтын ережелердi атап өтейiк.

- Оқу - өмiр қажеттiлiгi екенiн оқушыға түсiндiру, сездiру.

- Үнемi теория мен тəжiрибе байланысын көрсету, адамзат тарихындағы ғылыми бiлiмдердiң маңызын ашу.

- Оқытуда оқушылар жалаң теориялық бiлiм алып қана қоймай, сол алған бiлiмдерiн өмiрде қолдана бiлуiн қамтамасыз ету.

- Шəкiрттерге өз бiлiмдерiн тəжiрибеде қолдануды үйрету.

- Оқушыға проблемалық, iзденiс, зерттеу тапсырмаларын орындатып теория мен тəжiрибе бiрлiгiн дəлелдеу, өзiндiк жұмысты орындауға жəне өз бетiмен бiлiм алуды үйрету.

- Əр сабақта оқушыларға политехникалық бiлiм беру, туған жердiң шаруашылығына лайықты мамандықтарға дайындау.

- Оқушының қоғамдық еңбегi тəлiм-тəрбие, оқу мақсаттарына сай болуы керек.

- Тəжiрибелiк сабақтардың көмегiмен оқушылар теория-лық қағидаларды, заңдар мен ережелердi iс жүзiнде тексерiп, ғылыми бiлiмдердi меңгеруге мүмкiншiлiктерiн жасау.

- Оқушылардың тəжiрибелiк əрекеттерi тек мектеп, сынып шеңберiнде қалып қоймай, мектептен тыс өмiрмен, еңбек-пен ұштасып отыруы шарт.

Саналылық пен белсендiлiк принципi. Бұл принципке негiз болатын заңдылықтар: тек өз ақылымен қабылдаған сапалы да, саналы бiлiм адам бiлiмiнiң шынайы өзегi болады; оқушылардың бiлiмдi саналы түрде меңгеруi таным əрекетiнiң белсендiлiгi мен оқуға ынталануына, мұғалiм қолданатын əдiстерге тəуелдi, ғылыми бiлiмдердi меңгеруде саналылық, əрi белсендiлiк танытқан оқушылар ғана оны терең жəне ойларына берiк тоқулары сөзсiз.

Саналылық пен белсендiлiк принципiн жүзеге асыру үшiн мұғалiм оқыту процесiнде төмендегi оқыту ережелерiн басшылыққа алады.

- Оқушы алдында тұрған мақсат пен мiндеттердi анық түсiнуi саналы оқытудың шарты боларын назарға алу.

- Оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, олардың мəн-мағынасын терең түсiнуiн қамтамасыз ету.

- Əр бiр сөздiң, сөйлемнiң, ұғымның мəнiн түсiндiру үшiн оқушылардың бiлiмi мен тəжiрибесiн негiзге алу.

- Оқушылардың бiлiм алуға деген ынтасын, белсендiлiгiн арттыратындай тиiмдi əдiстердi үнемi қолдану, бүгiнгi белсендi шəкiрт ертеңгi белсендi қоғам мүшесi екенiн ұмытпау.

- Оқу материалын саналы түрде меңгерту үшiн əлi бейтаныс мағлуматтарды бұрыннан белгiлi ақпаратпен ұштастыра бiлу.

- өз бетiмен оқуды үйрету, таным əрекетiнiң тиiмдi əдiстерiмен таныстыру.

- Бас жəне қосалқы оқу материалын ажыратуды үйрету, назарларына негiзгi ойларды алу.

- Оқушыларды ойлауға үйретiп, ''неге'' сұрағын жиi қоюға дағдыландыру.

- Əрбiр оқушы тұлғасына қамқорлық жасау, оны оқу пəнiн игеретiн субъект ретiнде қалыптастыру.

- Оқушы бiлiмдерiн тəжiрибеде қолдануына көмектесу.

Көрнекiлiк принципi.Оқыту жүйесiнде Я. А. Коменский көрнекiлiк принципiн оқу материалын меңгеру құралы ретiнде қарастырып, дидактиканың алтын ережесi деп атаған. Оқушылардың дүниетанымы негiзiнен көрнекiлiк арқылы жүзеге асырылады: олар заттардың өзiн немесе бейнесiн, көлемiн тiкелей көрiп, байқап таниды. Бұл принциптi соңғы ғылыми жетiстiктер де дəлелдедi. Мысалы, көру органдары миға есту органдарымен салыстырғанда 5 есе, сипалау органдарымен салыстырғанда 13 есе көп ақпарат өткiзедi екен. Көз арқылы алған мəлiметтердi адам жеңiл, тез, берiк есте сақтайды.

Көрнекiлiк принципiн жүзеге асырып, оқушылардың бiлiм көлемiн тереңдету, қызығушылығын арттырып жəне есте сақтау қабiлетiн шыңдау үшiн мұғалiм өз ойын оқушыларға нақтылы жеткiзуi үшiн қолданатын ережелердi атап өтейiк.

- ''Алтын ереже'': көруге болатынды - көрсету, есiте алатынды - естiрту, сезiне алатынның бəрiн -оқушылар-дың сезiм мүшелерiне сездiрту, түйсiк туғызу.

- Оқушылар заттың немесе құбылыстар мен оқиғалардың бейнелерiн, көлемiн, түр-түстерiн сөзбен емес көру арқылы əрi жеңiл, əрi тез есте сақтайтынын қамтамасыз ету.

- Қолданылатын көрнекi құралдардың өмiрмен байланысын қамтамасыз ету.

- Оқушылар тiкелей түйсiну, көру, есту мүшелерi арқылы əртүрлi заттардың формасын, түсiн, көлемiн, бейнесiн көрiп, дыбысын естуi негiзiнде оларда ой пайда болады.

- Көрнекiлiк - көрсету мақсатында емес, логикалық ойлауды дамыту құралы ретiнде

пайдаланылады.

- Оқушылар заттарды қолымен ұстап, көлемiн, түр-түсiн байқап, көзiмен көруге жəне əр түрлi дыбысын естуге жағдай туғызу.

- Көрнекiлiк заттар мен құбылыстардың өзiн тiкелей көрсетуге мүмкiндiк болмаған жағдайда да қолданылады.

- Көрнекiлiктер оқушының құбылыстарды байқауға, қабылдауға деген ынтасын оятып, iзденiс дағдыларын қалыптастырады.

- Көрнекiлiк бақылай бiлуге, салыстыру, қатар қоя бiлуге, абстракты ұғымдарды дамытып, жетiлдiруге жол ашады. - Көрнекiлiктi оқытудың белгiлi мақсатына сай қолдану.

- Көрнекiлiк құралдарын қолдану барысында алғаш оны бүтiндей, кейiн бас жəне қосалқы бөлшектерiн, соңында тағы бүтiндей көрсету керек.

- Көрнекiлiктi оқушылармен бiрiгiп жасау.

-Көрнекi құралдарын оқу пəндерiнде нақтылы өз орнында оқушылардың жас, таным ерекшелiктерiн ескере отыра пайдалану. - Көрнекiлiктердi қолдануда сан емес сапасына көңiл аудару.

Беріктік принципі. Оқытудың тиiмдiлiгiн, сапасын жақсарту үшiн оқушылардың бiлiмдерiнiң берiк болуы даусыз. Бұл принцип көптеген тəжiрибелiк жəне теориялық заңдылықтарға сүйенедi: оқушылардың бiлiм мазмұнын меңгеруi мен танымдық дамуы, оқу процесiнiң өзара байланысты екi жағы; бiлiм берiктiгi оқушының мұғалiмге, оқу пəнiне, жалпы оқуға деген субъективтi қатынасына тəуелдi; оқушылардың бiлiм берiктiгi оқытудың ұйымдастырылуы, түрi, əдiстерi, уақыты арқылы қамтамасыз етiледi; қызықты жəне маңызды материал ұзақ əрi берiк есте сақталады.

Осы принциптi iске асыру үшiн мұғалiм бiрнеше ережелердi орындауы қажет.

- Оқушылар бiлiмдерiн сабақтар барысында; тақырып, тарауды оқыту аяқталған жағдайда; тоқсан мен оқу жылының басында, соңында қайталауды үнемi ұйымдастыру.

- Қазiргi мектеп жаттаудан ойлауға көшуiне байланысты оқушылардың жадын зорламай, бiлiмдi санасы мен сезiмдерiмен қабылдауды үйрету.

- Жақсы түсiнбегендi оқушының есiнде сақтауына жол бермей, тек саналы бiлiмдi жадында сақтату.

- Басты, негiзгi идеялар мен ұғымдарды есте сақтауды қамтамасыз ету үшiн оқушыларды анықтамалармен, энциклопедиялармен жұмыс iстеуге машықтандыру.

- Оқыту жүйесiнде түрлi (ауызша, жазбаша, лабора-ториялық-практикалық жұмыстары) жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру.

- Оқуға, бiлiмге ынта-ықылас, қызығушылық, мұғалiмнiң өзiне сенiмi болса, оқушылардың оқу-таным əрекетi ерiктi, қуанышты болып, бiлiмдерi ұзақ уақытқа дейiн сақталады. - Бiлiмнiң берiктiлiгiне кедергi жасайтын сабаққа кешiгу, келмеу, сабақ кезiнде бос не басқа нəрселермен шұғыл-данып отыру, жалқаулыққа жол бермеу.

- Логикалық түрде берiлген, алынған, қайталанған бiлiмдер мен бiлiктер байланыссыз ақпаратпен салыстырғанда берiк екенiн ұмытпау.

- Оқушылардың ерiктi жəне ерiксiз зейiнiн тиiмдi пайдалану: тiкелей ұсыныстың орнына қызықты тапсырма, тəртiпке шақыру орнына мысал, мақал-мəтелдердi қолдану.

- Оқушылардың алған бiлiмдерiнiң берiктiлiгiн нығайту-дың əр түрлi əдiс-тəсiлдерiн (сезiмге толы əңгiме, заманауи көрнекiлiктер, техникалық құралдар, оқу ойындары, пiкiр таластар) iске асыру.

- Жаттығуларды орындаған кезiнде оқушылар шаршауының алдын-алу.

- Жаңа оқу материалын ескi, таныс ақпаратпен байланыстыру.

- Оқушыларды өз бiлiмiн алу мен тексеруге бейiмдеу.

Оқытуды аталмыш ережелерге бағындыру - оқушылар бiлiмiнiң ұзақ уақыт бойы есте сақталуын, сол бiлiмдi өз өмiрiнде пайдалануын қамтамасыз ету.

Сəйкестік принципі.Бұл принцип ғасырлар бойы жинақталған педагогтық тəжiрибеге негiзделiп, оқушыларға жеке-дара қарауды талап етедi.

Демек бұл оқушының бойында бар бiлiм, бiлiк, дағдылар деңгейiне сай жаңа ақпаратты ғана меңгере алады. Сəйкестiк принципiн дəлелдейтiн заңдылықтар: оқыту жас жəне дара ерекшелiктерге, оқу процесiнiң ұйымдастырылуы мен əдiстерiне тəуелдi; ақыл-ой дамуы мен алғашқы бiлiмдерi жетiк оқушы жаңа материалды тез меңгередi, оқудағы қиыншылықтарды жою баланың мiнез-құлқына, қабiлеттерiнiң қалыптасуына, бiлiмiнiң сапасы мен нəтижелiлiгiне оң /дұрыс/ ықпал етедi.

Сəйкестiк принципiн жүзеге асыру үшiн орындалатын ережелер:

- Оңайдан қиынға, таныстан бейтанысқа, жеңiлден күрделiге көшiп оқыту.

- Бiлiм беруде оқушы əрқашан дара, өзiнше ерекше екенiн ұмытпау.

- Балалардың ақыл-ойы, қабiлеттерi мен мүмкiндiктерi əртүрлiлiгiн ескере оқыту.

- Оқуда барлық оқушылар табысқа бiрдей жетуiн талап етпеу, алдыңғы дайындық деңгейiне сүйену.

- Оқушының жас ерекшелiктерiне сəйкес əдiстердi анықтау.

- Оқушылардан мүмкiн еместi талап етпеу, тапсырма өте жеңiл де, өте қиын да болмауын

ойластыру.

- Оқыту жылдамдығы озат оқушыны тоқтатпай, əлсiз оқушыны iлгерi тарту мақсатын көздеу.

- Жаңа күрделi материалды өткенде озат оқушыға, қайталағанда орташа жəне нашар оқушыға сүйенiп оқыту.

- Ең күрделi бiлiмдi игерту үшiн аналогия, салыстыру, теңдестiру, қарсы қоюды пайдаланып оқушы ойын қоздыру.

- Жалпы заңдар мен заңдылықтарды түсiндiру қиын болғандықтан, əртүрлi пəнаралық байланыстар арқылы сол заңдылықтардың көрiнiсiн айқындау, методологиялық бiлiмдердi сiңiрту.

Əрбiр мұғалiм оқыту процесiне байланысты бiлiм беру, тəрбиелеу жəне дамыту қызметiнде үнемi дидактикалық принциптердi басшылыққа алуы шарт.

Бекіту сұрақтары:

3. 4. Жүйелiлiк пен бiрiздiлiк принципi деген не?

Үйге тапсырма:

Әдебиеттер:

1.С.Б.Бабаев, Ж.К.Оңалбеков. Жалпы педагогика.Алматы-2005ж

2.Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. Педагогика. - Алматы, 2000. 213-2206.

3. Т.Сабьфов. Оқыту теориясының негіздері. - Алматы, 1993. 21-366.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1206 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Самообман может довести до саморазрушения. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2477 - | 2319 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.